1 Лифманың түзілуі мен ағзадағы орны
2 Лимфа жүйесінің эволюциясы мен морфологиясы 3 Лимфаның құрамы мен қасиеттері
Құрамында лимфа ткані бар ағзалар: тимус(айыршықбез),көкбауыр.
Лимфа тамырлар жүйесі, қан тамырлар жүйесімен қатар,, адам мен жануарлар денесінде сан қилы заттар тасуға қатыса-тьің кең ауқымды күрделі қүрылым, оның қызметі де алуан түрлі.
Лимфа жүйесі — тканьаралық сұйықтық құрамындағы су, тұз белок липид, алмасуы кезінде пайда болған əртүрлі заттардың, микроб, денеге енген бояу т. б. қан арнасына, дəл айтсақ, вена жүйе-сіне өтуін қамтамасыз етеді, яғни косымша дренаждық қызмет атқарады. Ол сондай-ақ, интерстициялық сұйықтықтан түзілгеіг лимфа ағысын қамтамасыз етеді. Лимфа — адам денесіндегі екінші сұйық орта. Сонымен, қан айналысы, əсіресе микроцирку-ляция, лимфа түзілуі, ағуы бір-бірімен тығыз байланысқан өте-кҮрделі процестер.
Лимфа жүйесіне қарағанда қан жүйесі, оның морфологиясы мең физиологиясы анағұрлым жақсы зерттелген. Сондықтан да болар қазіргі таңда тасымал жүйесі туралы əңгіме болғанда ал-Дьімен қан айналысы, оның реттелуі еске алынады. Дегенмен, соңғы 20 жылдың ішінде лимфа жүйесінің морфологиясы, физио-логиясы жəне патологиясы туралы ғылым, жаңа материалдар. мен, деректермен толықтырылды. Ғылыми- практикалық маңызьі бар сол деректер қəзіргі таңға сай жан-жақты зерттеу əдістерің қолдану нəтижесінде жиналды. Лимфа жүйесінің физиологиясы мен лимфология туралы түсінік тереңдеді. Қан айналысы мең
.лимфа айналысының қызметі жағынан өзара байланысы, түрлі аурулар кезінде тасымал жүйесінің қызметі қаншалықты жəне қалай өзгеретіні анықталды. Ауруды анықтау оны емдеу мақсат-тарымен клиникада лимфа жүйесіне əсер ету əдістері кеңінен пайдаланыла бастады. Мəселен, тірі организмнің лимфография-сы, лимфаға əртүрлі дəрі-дəрмектер жіберу, көкірек лимфа тамы-рын сырттан дренаждау, эндо- жəне экзотоксикоз (іштей жəне сырттай улану) кездерінде улы заттардың уытын қайтару (деток-сикация) мақсатымен лимфосорбция жасау.