М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан



бет56/165
Дата10.02.2023
өлшемі0,67 Mb.
#66983
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   165
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы УМКД

Белок алмасуы


Белок — денеге- қажет аса маңызды қоректік зат əрі клетка негізін құратын құрылыс материалы. Қоректік заттар түзілуі, ыдырауы ферменттердің қатысуымен өтеді. Ал ферменттер түгел-дей белоктардан тұрады. Қанда газдар (СЬ, С02) тасымалдай-тын гемоглобин де белокқа жатады. Адамның жүріп-тұруы, бір жерден екінші жерге жылжуы ет құрамындағы белоктар миозин мен актин талшықтарына байланысты. Адам денесін індеттен қорғайтын, гуморальдық иммунитет құрылымдар негізін құратын антидерелер де белоктан тұрады. Қан ұюына қатысып денені қансыраудан сақтайтын плазмалық фибриноген де — белок. Де-не қызметің қан арқылы реттейтін гормондардың көбі 'белок. Бе-лок — қуат коры. 1 г. белок тотьгқса, денеде 4,1 ккал, яғни 17,17 килоджоуль жылу пайда болады. Демек, белоксыз тіршілік жоқ, яғни белок — тіршілік көзі деген ұғымның дұрыс екенін керсете-ді. Белок құрамында 20 амин қышқылы бар, олардың 12- сі адам (жануар) денесінде тузіледі, ал 8-і сырттан келіп түседі. Алғаш-. қылары — орны .толар, соңғылары

  • орны толмас амин қышқыл-дары. Лейцин, изолейцин, валин, метионин, гистидин, аргинин, трифтофан, лизин, треонин, фенилаланин адам (жануар) денесін-де түзілмейді. Бұл орны толмас амин қышкылдары аста жеткі-ліксіз болса, жас организм өспей қалады, жүдейді, оның өмірі қысқарады. Осы қышқылдардан туратын белоктар аса бағалы құнарлы, ал құрамында мұндай қышқылдары жоқ белоктар құнар-сыздау деп аталады: Ддамның күнделікті тамағында белоктың жалпы мөлшері жеткілікті болуға тиіс, мұнымен бірге сондағы құнарлы белок мөлшері 30%-тен кем болмағаны жен. Ет, сүт, жұмыртқа, балық уылдырығы қүрамындағы белок қүнарлы бола-ды. Аспен бірге асқазанға келіп түскен белоктар ас қорыту жо-лында протеаза ферменттерінің əсерімен амин қышқылдары мен пептидтер сатысына дейін ыдырайды. Амин қышқылдары, ащы ішектен қанға сіңіп қақпа венасы арқылы бауырға жетеді. Бау-ыр клеткаларында амин қышқылдарынан, қан белоктары (глобу-лин, альбумин, фибриноген) жəне өз клеткаларына қажет белоктар түзіледі. Мұнымен катар аздап белок қоры сақталуы мүмкін. Амин қышқылдарының артығы бауырдан қанға өтеді. Əр клетка қаннан езіне керекті амин қышқылдарын таңдап алады да, олар-дың езіне .ғана тəн арнайы белоктар түзеді. Əрбір ағзаның қан-нан езіне қажет амин қышқылын іріктеп алатынын тəжірибе жү- зінде дəлелдеуге болады. Белгілі бір ағзаға келіп түскен арте-риялық қанды сол ағзадан шыққан вена қанымен салыстырса, кай амин қышқылдың венада азайғанын байқауға болады. Бұл жерде еске салатын бір мəселе сол ағзада түзілген белоктар жан-жануардың əр түрінде əртүрлі, олардың арнайы қасиеттері де əр жануарда əркелкі, мұнымен бірге тек осы ағзаға ғана тəн арнайы қасиеттер де болады. Белгілі бір жануар ағзасына ғана тəн белок басқа жаңуарда ішектен тыс (парэнтеральдық) жол-мен тікелей қанға не тері астыва, ет ішіне енгіеілсе, сол белокқа дененің сезімталдығы артады, ал келесі жолы сол белок қайта- лап енгізілсе, оған қарсы бағытталған антидене пайда болғаны байқалады. Демек, белоктардың ағзалық жəне жануардьщ тү-ріне тəн (түрлік) қасиеттері болады. Клеткаларда белоктар тү-зілуімен қатар тотығу процесі жүріп жатады.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет