М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан



бет58/165
Дата10.02.2023
өлшемі0,67 Mb.
#66983
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   165
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы УМКД

3 Май алмасу


Кептеген ауру-сырқаулар, патологиялық процестер май ал-масуының бұзылуынан болады. Май жəне май тəрізді қосынды-лар липидтер деп аталады. Адам (жануар) денесі үшін май — негізгі энергия кəзі. Е.ресек адамда тəулігіне 70—100 г мал майы (тоң май, сары май мен есімдік майы) керек. 1 г май тотықса, 9,3 ккал (38,39 кДж) жылу бөлінеді, сондықтан да май көбінесе энергия ретінде жұмсалады. Май клетка протоплазмасының яд-росы мен мембранасының құрамыма кіреді (құрылыс материалы). Дененің кейбір жерлефіне 'жиналған май бірқатар ағзалар-ды (бүйрек, өкпе т. б.) ұрылу-соғылудан, букіл денені суық тию- ден (жылу өткізбейді) қорғайды. Шелінде майы қор болып жи-налатың жануарлар (тюлень, қит т. т.) суыққа шыдамды келеді. Майда еритін витаминдер (А, Д, Е, К, Ғ), тұздар майға ілесіп денеге тез сіңеді. Май — су қоры. Өркеш майын түйе су кезі ре-тінде пайдаланады.
Май денеге негізінен тағаммен бірге келіп түседі, аз мелшер-де бауырда көмірсу мен белокта да түзілуі мүмкін. Май 12 елі ішекте өттін қатысуымен эмульсияға айналады да, липаза əсері-нен ыдыраған кезде моноглицерид, май қышқылы мен глицеринге айналады. Май жəне басқа липидтердің ыдырау өнімдері негізі-нен лимфаға сіңеді. Эмульсияға айналған май тамшыларының (диаметрі 0,5 мкм) біразы гидролизденбей-ақ ішек қабырғасынан өте береді. Моноглицерид, май қышқылдары, өттің қатысуымен ішек эпителиіне етеді. Өт қүрамындағы қышқылдардың тұздары мен фосфатидтер май қышқылдары мен моноглицеридтерді кор-шап, гидрофилдік қабық құрады, өте ұсақ мицеллаға айналады. Жеке мицелла ең ұсақ эмульсия тамшысынан 106 есе кіші. Ми-целлалар судағы ерітінді күйінде ж^ай, диффузия жолымен энер-гия жұмсамай-ад, не пиноцитоз арқылы ішек эпителиіне өтеді. Мұнда мицелла ыдырап, одан босап шыққан өт қышқылдары канға сіңеді, оның 2,8—3,5 г бауыр арқылы ішекке қайта оралып бір тəулік ішінде ішек-қарынға келіп түскен (70—100 г) майдың сінуін қамтамасыз етеді. Эпителийге өткен моноглицеридтер мен май қышқылдары, ондағы ретикулумдар (торлы құрылымдар) аз уакыт кідіреді де олардан адамға тəн майлар түзіледі. Май мен холестерин, белок молекулалары хиломикрон құрып, эпителий түбіндегі мембранадан өтеді де лимфаға сіңеді. Ішекте майдың ыдырауынан пайда болған суда еритін глицерин мен құрамында өзара қысқа байланысқан кеміртегі бар іиай қышқылдары қанға сіңеді де қақпа венасымен бірге бауырға өтеді.
Лимфаға сіңген басы артық май екпе тканіндегі шелде қор бо-лып жиналады. Адам ұзақ уақыт майдың бір түрімен қоректенсе, осыдан қордаланған майдың құрамы өзгеруі мүмкін. Мəселен, адам аспен бірге кокос м,айын көбірек жесе, оның шелінде жинал-ран май, құрамы мен қасиеті жағынан кокос жаңғағы майына ұқсайды.
Май энергия қоры ретінде клеткада да сақталады.
Май алмасуының реттелуі. Май алмасуын реттейтін арнайы орталық гипоталамуста орналасқан. Осы орталықтың төменгі — ішкі ядросы зақымданса, адам (жануар) семіріп кетеді, ал төмен-гі — сыртқы ядросы зақымда-нса, керісінше, азады (кахексия). Гипоталамус денеге вегетативтік жүйке жүйесі мен.ішкі секреция бездері арқылы əсер етеді. Симпатикалық жүйке жүйесі денеде-гі май қорының жұмсалу жəне тотыру қарқынын күшейтеді. Бұл үй қоянына тəжірибе жасау арқылы дəлелденді. Оның майы əдет-те жауырын астына жиналады. Жүйке сегментінің бір жағында-ғы симпатикалық жүйкелерді кесіп тастап (десимпатизация) жа-нуарды ашықтырса, денедегі барлық май жұмсалғанмен, симпа-тикалық жүйке кесілген жердегі май көпке дейін сақталады (жұмсалмайды). Парасимпатикалық жүйке жүйесі май алмасу- ына керісінше əсер етеді. Гипоталамустағы орталыққа, оныңқыз-метіне жоғары жүйке жүйесі жəне эмоция тудыратын лимбиялық жүйе ықпал етеді. Ішкі секреция бездерінің гормондары да май алмасуын реттеуге қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет