М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан



бет83/165
Дата10.02.2023
өлшемі0,67 Mb.
#66983
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   165
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы УМКД

Екінші топтагы, яғни пойкилотермді (салқын қанды) жануарда дене .температурасы құбылмалы сырттағы температураға тəуелді. Мəселен, қыс пен жаз аралығында олардың температурасы 10°-тен 40— 50°-қа дейін өзгереді. Олардың, əсіресе микроорганизмдердің тіршілік шегі ,өте кең. Мəселен, микроорганизмдер Камчаткадан да, яғни мұз-ды аймақтан да' (0°-тан 50° аязға дейін) табылған. Микробтар тіпті температурасы 170° ыстық бұлақ — гейзерлерде де кездесе-ді. Өзбекстан ғалымдары метеориттен де тірі микроорганизмдер тапқан. Қосмоста температура өте салқын абсоліоттік О-ге жа-қын, ал метеорит атмосфераға кірген сəтте өте ыстық (металдар балқиды).
Жаңа туған нəресте — гомойотермді: оның денесі тез қызып, тез суиды. Дегенмен, . го-мойотермді организмдердің температурасы күні бойы аз да болса өзгеріп отырады (тəулігіне 0,5—0,9°), кешкі 16—18 сағатта ең жоғары, таңғы 3—4 сағатта ең төменгі деңгейде болады. Ұйықтап жатқанда төмендеп, қара жұмыс істеген кезде 1—2° көтеріледі. Екіқабат жəне босанған əйелде дене.температурасы əдеттегіден сəл жоғарылау. Лектордың, артистің, емтихан тапсырып отырған студенттің температурасы да сəл жоғарырақ, эмоция салдарынан олардың қан айналысы аз мөлшерде күшейіп, қызуы көтеріледі.
Адам денесіндегі əртүрлі ағзалар мен олардың жеке бөлікте-рінің, температурасы зат алмасуының деңгейіне байланысты өзге-реді.

Бауырда 37,8—38°С, тері сыртында 29,5—33,9°С, тік шекте 37,2—37,5°, қолтықта 36,0—36,9°С.


Дене температурасының тұрақтылығы жылу өндірг мен жылу шығару процестерінің тепе-теңдігі арқылы қамтамасыз етіледі. Мұның негізі — белгілі физиологиялық жүйе механизмдерінің қызметі.

Жылу реттелуі физикалық жəне химиялық реттелу болып екі-ге бөлінеді.





  1. Физикалық реттелу жылу шығару деңгейін өзгерту арқылы,

  2. химиялық — жылу өндіру процесін күшейту не əлсі-рету арқылы, яғни зат алмасу қарқынын өзгерту арқылы іске асы-рылады.

Жылу органикалық заттар тотыққан кезде пайда бола-ды. 1 г белок не көмірсу тотыққанда 4,1 ккал, 1 г май тотыққан-да 9,3 ккал жылу пайда болады.

Денедегі тканьдердің қай-қайсысында да тотығу процестері (диссимиляция, катаболизм) бір тоқтамастан ұдайы жүріп жа-тады. Бұл эктотермальдық (сыртқа жылу шығару) процестер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет