М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан


Газдардың қан арқылы тасымалдануы



бет71/165
Дата10.02.2023
өлшемі0,67 Mb.
#66983
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   165
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы УМКД

Газдардың қан арқылы тасымалдануы


Тірі организмде тіршілікке қажет газдар өкпеден тканьге, тканьнен өкпеге қанмен жеткізіледі (тасылады). Оттегі мен кө-мір қышқыл газ, сондай-ақ азот қанға атмосфералык, ауадап енеді. Алғашқы аталған екі газдың мөлшері артерия мен венада бірдей емес артерияда оттегі, ал венада кемір қыш-кыл газ көбірек. Өкпеде оттегі ауадан қанға қарай, көмір қыш-қыл газ қаннан альвеолаға етеді. Ал тканьде керісінше, оттегі каннан тканьге, көмір қышқыл газ тканьнен қанға көшеді (ауы-сады). Азот — газ алмасуына қатыспайтын бейтарап газ. Оның көлемі (1%) артерия мен вена қанында бірдей болады.
Газдардың қай-қайсысы да қанда химиялық қоспа жəне бос ерітінді күйінде кездеседі.
  1. Оттегінің қан арқылы тасымалдануы


Оттегі кебіне гемоглобинмен қосылып оксигемоглобин түрінде тасымалданады.
Қандағы газдардың, əсіресе еріген газдардың жалпы көлемі олардың атмосферадағы меншікті қысымына байланысты. Отте-гінің меншікті қысымын əдейі жоғарылатса, ол қанда əсіресе еріген оттегі) кебейе түседі. Ал капилляр эндотелиінен тек еріген газ өтетіні белгілі, осыған орай оттегі тканьге де көбірек өтеді. Оттегінің бұл қасиеті медицинада емдеу мақсатымен кеңінен колданылады (гипербарлық оксигендеу, яғни оттегін қанға қьі-сыммен енгізу). Адам оттегіне толы қысым камерасына кіргізіледі де оттегінің қандағы меншікті қысымы көбей-тіледі. Мұның нəтижесінде канда гемоглобин оттегімен əрекет-тесіп, түгелдей оксигемоглобшге айналады, еріген оттегінің көлемі де арта түседі, сөйтіп қан əбден оттегіне қанығады. Гемо-глобиннің толық оксигемоглобинге айналуы, яғни 100 мл қандағы оттегінің мейлінше (максимум) көбеюі қанныц оттегіне қаныгу сыйымдылығы деп саналады. Əдетте бір литр қанның оттегіне деген сыйымдылығы 180—200 мл. Оттегі артерия қанынан тканьге түгелдей етпейді, оның біра-зы рена қанында қалып қояды. Оттегінің артерия қанынан тканьге келіп сіңген бөлігін отте-гін сіңіру (пайдалану) коэффициенті деп атайды. Мұны білу үшін артерия қанындағы оттегі мен вена қанындағы оттегі сыйымды-лығы арасындағы айырмашылық есептеп шығарылады да, бұл артерия қанының оттегі сыйымдылығына бөлініп, 100-ге көбейті-леді. Осылай шығару арқылы оттегінің сыйымдылығы артерия қанында 200 мл/л-ге, венада 120 мл/л-ге тең екені анықталды. Демек, оттегін сщіру коэффициенті (200— 120): 200x100=40%. Əдетте тыныш отырған адамда ол 30—40%; қара жұмыс істеп кеп күш жұмсаған адамда 50—60%-ке жетеді. Зор қаркынмен қызмет атқарған ағзаның оттегін сіңіру коэффициенті əдеттегіден əлдеқайда жоғары болады. Демек, оттегінің сіңіру коэффициенті ағзалар мен тканьдердің қызмет қарқынының көрсеткіші.
Қан айналы-сының үлкен шеңбері капиллярларында оксигемоглобин ыдырап, оттегін беліп шығарады. Бөлініп шыққан оттегі сол арадағы тканьге өтеді. Оксигемоглобиннің түзілуі мен ыдырауы қандағы оттегінің кернеу (меншікті) күшіне байланысты.
Көмір қышқыл газының тасымалдануы
Қан айналысының үлкен шеңберіндегі капиллярларын жай-лаған көмір қышқыл газы тканьнен қанға өтеді. Оның кəлемі артерия қанында 52%, венада 58% жетеді. Мұның 4,5%-і карбоге-моглобин, 2,5%-і жəй еріген газ, 51% химиялық қосынды (көмір кышқылы, оның тұздары — МаНСОзКНСОз).
Қан айналысының кіші шеңбері капиллярларындағы артық көмір қышқыл газ (6%) альвеолаға етіп, ондағы ауамен бірге сыртқа шығады. Вена қаны артерия қанына айналады. Көмір қышқыл газдың қан арқылы
тасымалдануы, қызыл қан түйір-шіктері — эритроциттерден қан плазмасына ауысуы сол қанда-ғы оттегінің алмасуымен тығыз байланысты
Қлеткада үздіксіз түзілетін кемір қышқыл газ алдымен плаз-маға, одан əрі эритроциттерге өтіп, осмостық қысымын жоғарыла-тады да плазмадан оған су өтеді. Эритроцитке карбоангидраза .ферментінің қатысуымен көмір қышқылы түзіледі:
СО22О->Н3СО3
Плазмада карбоангидраза ферменті болмайды, сондықтан он-да кемір қышқылы түзілмейді. Эритроциттегі кемір қышқылы тез ыдырай бастайды:
Осыған орай эритроцитте көмір қышқыл ангидриді көбейіп кетеді, ал плазмада аз, сондықтан артық көмір қышқыл ангид-риді эритроциттен плазмаға ауысады. Қатиондар мен аниондар тепе-теңдігін сақтау үшін С1
~ анионы N3+ ионынан босап шығып, эритроцитке өтеді. Плазмада көмір қышқылының натрий тұзы (ЫаНСОз) түзіледі, сөйтіп сілті қоры (резерві) арта түседі. Онда К+ ионының тепе-теңдігі де сақталады. Эритроциттерде көмір қышіқылының калий тұзы (ҚНСОз) көбейіп кетеді, өйткені гемоглобин қышқыл реакциялы қосынды, ткань капиллярларын-да оксигемоглобиннің калий тұзынан (ол өкпеде түзіледі) оттегі босап шығадьг да гемоглобинтң калий тұзы түзіледі. КНв02-> — >-КНв + О2, гемоглобиннің калий түзы көмір қышқылымен əре-кеттесіп, дезоксигемоглобин (ННв) жəне көмір қышқылының калий тұзы түзіледі.
Көмір қышқылы гемоглобиннен қышқылдау, сондықтан ол КНв-нен К+ ионын ығыстырып, өзіне қосып алады. Сонымен қанда көмір қышқыл газдың көбеюі эритроцитте көмір қыш-қылының калий тұзының (КНСО3), плазмада оның натрий тұзының (МаНСОз) кебеюіне əкеліп соғады. Қорыта келгенде С02 тканьнен өкпеге кемір қышқылының калий, натрий тұздары ретінде тасымалданады.
Өкпеде оттегі тіікелей ауадан қанға етеді. Гемоглобин оттегі-мен қосылып оксигемоглобин түзеді (Нв + 02-
^НвО2). Оксигемо-глобин көмір қышқылынан қышқылдау екені жоғарыда айтыла-ды, сондықтан ол калий ионын көмір қышқылының калий тұзы-нан ығыстырып өзіне қосып, оксигемоглобиннің калий тұзы жə-не көмір қышқылының ангидридін түзеді.
НвО3 + КНСО3-> КНвО2 +НСС'
Көмір қышқыл ангидриді (НСО^) ондағы сутегімен қосылып көмір қышқылын құрады: Н++НС03-*НЛСО3
Карбоангидраза ферментініқ қатысуымен көмір қышқылынан көмір қышқыл газ бен су бөлініп шығады. Н8С03->СО2-һН3О
Олар эритроциттен плазмаға, плазмадан альвеоладағы ауаға ауы-сады. Эритроцитте көмір қышқыл ангидридінің азаюына байланыс-ты плазмадағы ангидрид эритроцитке өтеді де СІ ~ анионы қайта-дан эритроциттен плазмаға ауысады. Мұнымен қатар эритроцит-тегі карбогемоглобин ыдырап, дезоксигемоглобин мен көмір қыш-қыл газы бөлінеді.
ННвС03-^ННв+СО2
Өкпеде көмір қышіқыл газдың кернеу күші қандағыдан төмен болғандықтан ол қаннан екпеге өтеді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет