Еуропалық трансферт (аудару) және кредиттер жинақтау жүйесі (ECTS) студенттің шетелде алған кредиттерін өзі оқитын білім беру
ұйымына оралғанда дәреже алу, сондай-ақ білім беру
бағдарламасы шеңберінде кредиттер жинау үшін есептелетін
кредиттерге аудару тәсілі.
Оқу пәніне жазылу білім алушылардың оқу пәндеріне алдын ала жазылуы.
Жеке оқу жоспары білім беру бағдарламасы мен элективті пәндер каталогы
негізінде эдвайзердің көмегімен әр оқу жылына дербес
құрастырылған студенттің оқу жоспары.
Инклюзивті білім беру ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін
ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуға тең қол
жеткізуін қамтамасыз ететін үдеріс.
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау тиісті білім деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартына сәйкес білім беру бағдарламасында көзделген оқу
пәндерінің және (немесе) модульдерінің көлемін және оқу
қызметінің басқа түрлерін білім алушылардың игеру дәрежесін
анықтау мақсатында өткізілетін процедура.
Элективті пәндер каталогы зерттеу мақсатын, қысқаша мазмұнын (негізгі бөлімдер) және
зерттеуден күтілетін нәтижелерді (студенттердің алатын білімін,
іскерлігін, дағдысы мен құзыреттерін) көрсете отырып, пәннің
қысқаша сипаттамасын қамтитын таңдау компоненттері
бойынша барлық пәндердің жүйеленген аннотацияланған
тізбесі.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының классификаторы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды
даярлау бағыттарын жүйелеуді және кодтауды белгілейтін және
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыру үшін пайдаланылатын құжат.
Құзыреттілік оқыту үдерісі кезінде алған білім, іскерлік және дағдыны
кәсіптік қызметте практикалық тұрғыдан қолдана білу қабілеті.