М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан



Pdf көрінісі
бет6/56
Дата02.03.2023
өлшемі1,63 Mb.
#71073
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Академиялық демалыс білім алушылар (студенттер, интерндер, магистранттар, 
тыңдаушылар, докторанттар) Қарулы Күштерде қызмет 
өткеруіне, жүктілігі мен босануы және 3 жасқа дейінгі баланы 
күтуге байланысты медициналық көрсеткіштер бойынша өз 
оқуын уақытша үзетін кезең. 
Академиялық кезең 
үш нысанның бірінде білім беру ұйымы өз бетінше белгілейтін 
теориялық оқыту кезеңі: семестр, триместр, тоқсан. 
Білім 
алушының 
академиялық рейтингі 
аралық аттестаттау нәтижелері бойынша жасалатын білім 
алушылардың оқу бағдарламаларымен (немесе) модульдерді 
және оқу қызметінің өзге де түрлерін меңгеру деңгейінің сандық 
көрсеткіші. 
Белсенді 
үлестірмелі 
материалдар 
тақырыпты шығармашылықпен табысты меңгеруге білім 
алушының уәждемесі үшін оқу сабақтарында таратылатын 
көрнекі иллюстрациялық материалдар (дәріс тезистері, 
сілтемелер, слайдтар, мысалдар, глоссарийлер, өз бетінше 
жұмыс істеуге арналған тапсырмалар). 
Академиялық сағат 
академиялық сағат - оқу сабақтарының көлемін немесе оқу 
жұмысының басқа түрлерін өлшеу бірлігі, 1 академиялық сағат 
50 минутқа тең, академиялық күнтізбені (оқу процесінің 
кестесін), оқу сабақтарының кестесін жасау кезінде, өткен оқу 
материалын жоспарлау және есепке алу кезінде, сондай-ақ 
педагогикалық жүктемені жоспарлау және оқытушының 
жұмысын есепке алу кезінде пайдаланылады. 
Академиялық адалдық жазбаша жұмыстарды (бақылау, курстық, эссе, дипломдық, 
диссертациялық) орындау кезінде, емтихандағы жауаптарда, 
зерттеулерде, өз ұстанымын білдіруде, академиялық персоналмен, 
оқытушылармен және басқа да білім алушылармен өзара қарым-
қатынаста, сондай-ақ бағалауда білім алушының адалдығын 
білдіретін құндылықтар мен ұстанымдар жиынтығы. 
Апелляция 
білімнің объективті бағаланғанына күмән болған жағдайда білім 
алушының бастамасы бойынша өткізілетін процедура. 
Бакалавр 
жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген 
адамдарға берілетін дәреже. 


7
Бакалавриат 
тиісті білім беру бағдарламасы бойынша кемінде 240 
академиялық кредитті міндетті түрде игере отырып, «бакалавр» 
дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары 
білім деңгейі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет