М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан



Pdf көрінісі
бет13/56
Дата02.03.2023
өлшемі1,63 Mb.
#71073
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   56
Кәсіби стандарт 
кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік және құзыреттілік 
деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына 
қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт. 
Білім 
алушыларды 
аралық аттестаттау 
 
білім алушылардың оқу пәнінің және (немесе) модульдің
сондай-ақ оларды зерделеу аяқталғаннан кейін кәсіптік 
модульдердің бөлігін немесе барлық көлемін меңгеру сапасын 
бағалау мақсатында емтихан сессиясы кезеңінде өткізілетін 
процедура. 
Оқу 
жұмыс 
бағдарламасы (silabus) 
оқылатын пәннің сипаттамасын, пәннің мақсаттары мен 
міндеттерін, оның қысқаша мазмұнын, тақырыптарын және оларды 
зерттеу ұзақтығын, өзіндік жұмыс тапсырмаларын, кеңес беру 
уақытын, білім алушылардың білімін тексеру кестесін
оқытушының талаптарын, білім алушылардың білімін бағалау 
критерийлерін және әдебиеттер тізімін қамтитын оқу бағдарламасы. 
Оқу жұмыс жоспары
 
мамандық бойынша үлгілік оқу жоспары мен студенттердің 
жеке оқу жоспарлары негізінде білім беру ұйымы дербес 
әзірлейтін оқу құжаты. 
Аралық бақылау 
білім алушылардың оқу жетістіктерін бір оқу пәнінің бөлімі 
(модульі) аяқталған соң бақылау. 
Білім 
алушының 
өзіндік жұмысы (БӨЖ) 
студенттің дидактикалық тапсырмаларды өзінше орындауға, 
танымдық әрекеттерге қызғушылығының қалыптасуына және 
нақты бір ғылым саласында білім жинақтауына бағытталған 
студенттің оқу әрекетінің ерекше түрі. 
Білім 
алушының 
оқытушымен 
өзіндік 
жұмысы (БОӨЖ) 
оқытушының басшылығымен жүргізілетін, ЖОО немесе 
оқытушының өзі анықтайтын жеке кесте бойынша жүргізілетін 
білім алушының жұмысы; білім алушылардың санатына қарай 
ол: оқытушының басшылығымен студенттің өзіндік жұмысы, 
оқытушының басшылығымен магистранттың өзіндік жұмысы 
және оқытушының басшылығымен докторанттың өзіндік 
жұмысы болып бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет