183
объективтілік сипаты. Реалды уақыт үздіксіз ӛтіп жатады және
үнемі алға, біркелкі жылжиды. Ал енді осы уақыт бар да, оны
адамның сезіммен қабылдауы бар. Бұлардың ӛзі екі түрлі сипат
алуы ықтимал. Біздің сезінуімізде уақыт кейде ақырын, кейде
жылдам ауысқандай болады. Ал әдебиет шығармасында
уақыттың жылжуы уақиғаның суреттелуіне
байланысты бірде
жедел, бірде баяу болып, кейде тіпті үзіліп кетіп отыруы
ықтимал. Ал тағы бірде уақиға аяғынан басталып баяндалса,
жазушы уақытты кейін қарай жылжытып кӛрсетуі де мүмкін.
Сонымен
әдебиет шығармасында автордың,кейіпкерлер мен
оқырмандардың уақытты қабылдау ерекшеліктері ескеріледі.
Кӛркемдік
уақыт
әдеби
шығарманың
танымдық
мүмкіншіліктерін, әсерлілігін арттыра түседі. Мысалы, «Абай
жолы» эпопеясын алсақ, мұнда жарты ғасырға таяу мерзім
алынған. Оқырман Абаймен алғаш кездескенде, ол 13
жаста
болса, кітап аяқталған тұста 60-қа таяп, дүниеден қайтады. Осы
мерзім кітапта үздіксіз суреттелмей, кейде жазушы арада
бірнеше жылдар ӛтті деп, бір талай уақытты атап кетіп те
отырады. Ал, бірақ кітаптағы кӛркемдік уақыттың кӛлемі
әлдеқайда кең. Ондағы ӛткен замандағы ӛмір
суреттерін еске
алсақ, ескі аңыз-жырдағы оқиғаларды ескерсек, кітаптың
уақыттың сыйымдылығы әлдеқайда мол екенін аңғарамыз.
Оның үстіне, роман-эпопеяда маңызды тарихи кезең алынып
отырғанына
және назар аударсақ, әдеби шығармада бейнелі
түрде суреттелген кӛркемдік уақыттың қаншалық мағыналы,
әсерлі болатынын айқын аңғаруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: