179
6.
Тарихи
роман
авторларының
негізгі
концепциясы неде?
7.
Тарихи деректердің кӛркемдікпен бейнеленуі
қалай жүзеге асырылады?
8.
Тарихи шығармалардағы ел бірлігі,
елдік
мәселесінің кӛркем бейнеленуі туралы баяндаңыз.
Глоссариймен танысу:
Ӛмір шындығы
және
кӛркемдік
шындық
–
кӛркемӛнерде, соның ішінде әдебиетте шығарма, әрине ӛмір
шындығына сүйеніп жазылады. Нақты ӛмір құбылыстарын,
оның сырын, қайшылықтарын терең түсінбей, сезінбей шығарма
тумайды. Тарихи және қоғамдық
шындық әдеби туындының
бастау кездері болып таылады. Әлеуметтік ӛмір, саясат, халық
тұрмысы – бәрі де ӛмір шындығын танытар жағдайлар. Еш
жазушы ӛмір шындығынан, оның нақты болмысынан алшақ
кетпейді. Ал, осындай ӛмір
шындығын беруде жазушы тура
кӛшірмеге, ие болмай жазуы керек. Шығарма оқырман үшін
тартымды, рухани ләззатқа бӛлейтін болуы шарт. Сонда
қаламгердің қоғамдық позициясы, идеалы анықталады. Осыдан
келіп ӛмір
шындығын қаламгер,суреткер,ақын шеберлікпен
игеріп, оны кӛркем шындыққа айналдырады. Кӛркем шындық –
ӛмірді образды түрде бейнелеп, оны озық кӛзқараспен жоғары
эстетикалық мақсат тұрығысынан терең ашу. Адам үшін
маңызды деген жайларды типтік дәрежеге кӛтеріп, бейнелеу.
Ӛмірлік-қоғамдық құбылыстардың ақиқатын суреттеу.
Бұл ретте
автордың ойы кейіпкерлер арқылы кӛркемдік-образдық сипатта
кӛрініс табады. Кӛркем шындықты беруде автордың біліктілігі
зор міндет атқарады. Оқиғалар, адам тағдыр, жарасымды келіп,
шындыққа сай болуы, күмән тудырмауы керек. Ӛмір шындығы
кӛркем шындықпен суреттеу үшін
жазушы ойдан шығару,
фантазиялық қиялдау тәсілдерін қолданылады. Бұл қасиеттер
ӛмір шындығымен үйлесуі керек. Ол үшін творчестволық
тәжірибе, ерекше қабілет керек.
Достарыңызбен бөлісу: