М. Р. Балтымова



Pdf көрінісі
бет2/78
Дата16.05.2023
өлшемі1,57 Mb.
#93444
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
Байланысты:
open-file

 



АЛҒЫ СӚЗ 
Тарихи проза дәстүрінің қалыптасуы әдебиетіміздегі тарихи 
аңыздармен, тарихи жырлармен, жыраулар мұрасымен, 
ақындық дәстүрмен, жазба әдебиеттегі кӛркем шығармалармен 
сабақтасып жатыр. 
Тарихи тақырып – әдебиет пен ӛнердегі орталық 
мәселелердің бірі. Әдебиетіміздегі ӛткен заман туралы 
шығармаларда халық тарихын әлеуметтік-философиялық 
тұрғыдан кең тануға ұмтылыс бар. Тарихи жанрдағы ең бастысы 
тарихи дәуірдің типтік қырларын ашу, ӛткен замандағы 
адамдардың шынайы бейнесін жасау, тарихтағы саяси, мәдени, 
моральдық, психологиялық факторлардың ролі мен мәнін 
кӛрсету болып табылады. 
Тарих қазіргіні ӛткеніміз арқылы түсініп, саралауға 
мүмкіндік береді. Тарихи роман жазушылар әдетте қысқа 
уақытқа сыймайтын, бір ұрпақтың ғұмырымен ӛлшенбейтін 
қайшылықты жағдайларды суреттейді. Бұл ретте тұтас дәуірді 
қамтитын қайшылықтар – әртүрлі соғыстар, әлеуметтік 
катаклизмдер, олардың бұқара халық тағдырына тигізген әсері 
алғашқы орында тұрады. Романшылар түйінді қайшылықтардың 
сахнасы ретінде кейіпкердің жеке тұрмысын да кӛрсетеді. 
Кейіпкерлерін қарапайым тұрмыстың тасасында қарастыра 
отырып, адам ӛмірінің әмбебап бастауларын табуға ұмтылады
бұл жерде жазушы тұрмысты суреттеуші ғана емес, соғыс және 
бейбітшілік, ӛмір мен ӛлім, жеке тұлғаның тарихтағы, халық 
тағдырында алатын орны туралы пайымдаушы философқа 
айналады. Үлкен жазушы ӛмірді сүреңсіз тіршіліктің тізбегі 
деген бір жақты кӛзқараспен шектелмейді, оның суреткерлік 
қырағы кӛзқарасы осы тіршіліктің тереңінде қандай да бір 
үндестік, тұрмыстың жоғары заңдарына бағыну болатынын 
анықтауға бағытталады.
Оқу құралында әдебиет пен тарихтың байланысын 
түсіндіре отырып, әдебиеттің қоғам тарихының кӛркемдік 
бейнесі екенін ұғындыру; тарихи шығармалардың әдебиет 
тарихында алатын орнын зерделеу; тарихи шығармалардағы 
тарихи шындық пен кӛркемдік шындықтың арақатынасын 



түсіндіру; тарихи проза дәстүрі туралы мағлұмат беру мақсаты 
қойылған.
Осымен байланысты әдеби жұмыс пен шығармашылық 
психологияның негізгі кезеңдері туралы түсінік беру; тарихи 
шығармалардың қоғамдық маңызына және идеялық-кӛркемдік 
мазмұнына этикалық және ғылыми-әдістемелік тұрғыдан 
қарауға үйрету; тарихи роман генезисі, оның жанрлары
танымдық мазмұны, кӛркем-суреттеу құралдары мен сюжеттік-
композициялық ерекшеліктері туралы білім беру; тарихи роман 
жазу жұмысы мен шығармашылық психологияның негізгі 
кезеңдері туралы мағлұмат беру міндеті айқындалған.  
Оқу құралында берілген материалдар білім алушыларға 
әдебиеттегі ағымдар мен бағыттардың зерттелу принциптері, 
шығармадағы кӛркемдік әдістер, кӛркем-суреттеу құралдары 
мен 
сюжеттік-композициялық 
ерекшеліктері, 
әдебиет 
тарихының негізгі кезеңдері туралы білім беруге, І.Есенберлин, 
Ә.Кекілбаев, Қ.Жұмаділов, Қ.Мұханбетқалиұлы және т.б. 
жазушыларымыздың тарихи романдарын талдау мысалында 
кӛркем шығарма құрылысы мен әдеби процесс құбылыстарына 
эстетикалық және ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қарауды 
үйретуге, әдеби жұмыс пен шығармашылық психологияның 
негізгі кезеңдері туралы білімдерін кеңейтуге бағытталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет