М. Р. Балтымова


Ҧсынылатын әдебиет тізімі



Pdf көрінісі
бет21/78
Дата16.05.2023
өлшемі1,57 Mb.
#93444
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   78
Байланысты:
open-file

Ҧсынылатын әдебиет тізімі: 
1. 
Алпысбаев Қ. Тарихи шығарма: таным мен 
кӛркемдік. – Алматы, 1999. – 346 б. 
2. 
Балтымова М.Р. Қазақ әдебиетіндегі тарихи 
проза: Оқу құралы. – Ақтӛбе, 2016. – 200 бет. 
3. 
Бердібай Р. Тарихи роман. Оқу құралы. – 
Алматы: «Санат», 1997. – 336 б. 
4. 
Елеукенов Ш. Қазақ әдебиеті тәуелсіздік 
кезеңінде. – Алматы: «Алатау», 2006. – 352 б. 
5. 
Қазақ тарихи жырларының мәселелері. – 
Алматы: «Ғылым», 1979. – 312б. 
6. 
Сыдықов Т.С. Қазақ тарихи романы. – Алматы: 
Ер-Дәулет, 1996. – 252 б. 
№4 практикалық сабақ
Тақырыбы.  Қазақ әдебиетінде тарихи роман жанрының 
қалыптасуы мен дамуы 
Жоспары:
1. 
Тарихи роман жанрының қалыптасуы 


177 
2. 
Тәуелсіздік кезңіндегі тарихи романдардың 
тақырыбы мен идеясы 
3. 
Оқу және талдау: Ш.Мұртаза «Қызыл жебе», 
«Жұлдыз кӛпір», «Қыл кӛпір», «Тамұқ» 
4. 
Оқу және талдау: Ә.Әлімжанов «Жаушы», 
«Махамбеттің жебесі», «Отырардан келген сый» 
Әдістемелік нҧсқау. Бұл сабақ топтық жұмыс түрінде 
ӛткізіледі. Сабақта студентке тӛмендегі жұмыстарды орындау 
ұсынылады. 
Бақылау сҧрақтарына жауап беру:
1. 
Неліктен ғалым Р.Бердібай тарихи романдарды 
«қазіргі қазақ әдебиетінің тақырыптық, жанрлық, идеялық-
кӛркемдік ізденістері мен табыстары» деп есептейді? 
2. 
Тарихи роман құрылымының басты ерекшелігі 
неде? 
3. 
Тарихи роман жазушыға тарихи факті, кӛркемдік 
шеберлікпен қоса тағы не қажет?
Глоссариймен танысу:
Жанр (франц. genre, лат. generis - түр, тек) – ӛнердің
барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім
жүйесі. Әдебиеттегі жанр – әлем әдебиетіндегі немесе
нақтылы бір ұлттық әдебиеттегі белгілі бір дәуірде
қалыптасқан, ортақ типологиялық, т.б. белгілері бар кӛркем
шығармалар түрлерінің жүйесі. Жанрларды тегі мен түріне
қарап лирикалық, эпостық және драмалық деп бӛлеміз. 
Лирикалық жанрларды мазмұны мен тақырыптық
ӛзгешеліктеріне қарап қана емес, бейнелеген ӛмір
құбылыстары, ой-сезім ӛрнектері ерекшеліктеріне байланысты
саяси-әлеуметтік лирика, философиялық лирика, кӛңіл-күй
лирикасы, табиғат лирикасы, т.б. жүйелеп топтастыру үрдісі
бар. Эпостық жанрларға эпикалық кең тыныс, кӛп желілік, 
мазмұн қоюлығы, баяндау стилі тәнн. Дегенмен бұл
жанрлардың да шағын, орта және үлкен түрлері бар (әңгіме, 
повесть, роман). Эпостық жанрлар ұлттық әдебиеттегі аңыз
ертегі, батырлық, тарихи жырлардан бастау алады. Қазіргі
заманғы әдебиеттегі эпостық жанрларға: новелла, мысал, 
әңгіме, повесть, поэма, роман-эпопея, т.б.жатады. Драмалық


178 
жанрлардың драма, трагедия, комедия сияқты тарихи
қалыптасқан үш түрі бар.
Шегініс – шығармадағы оқиға желісіне тікелей қатысы 
жоқ басқа бір жай-жағдайларды кенжелей кірістіріп айту. 
Кӛбінесе әңгіме желісін үзіп, кідіріс жасаған кезде бұдан 
бұрынырақ болған жай тілге тиек етілетіндіктен, бұл тәсіл 
шегініс деп аталады. Кейде лирикалық шегініс делінеді. 
Лирикалық шегіністе байқалып отырған жағдайға, суреттеліп, 
отырған кейіпкерге автордың ӛз қатынасы, ӛз кӛңіл-күйі 
айтылады. Бұл оқиғаға баяндаушы тарапынан да берілуі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет