М. Р. Балтымова



Pdf көрінісі
бет61/78
Дата16.05.2023
өлшемі1,57 Mb.
#93444
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   78
 


267 
ГЛОССАРИЙ 
 
АВТОНИМ (грек. autos – ӛзі, нағыз және onyma – есім) – 
бүркеншік атпен жазатын автордың шын аты-жӛні.
АВТОР (лат. аuctor – жаратушы, негізін қалаушы) – 
ӛнертануда, философияда эстетикалық, сондай-ақ мәдени-
әлеуметтік категория ретінде қарастырылатын ұғым. Автор – 
ӛнер туындысын жасаушы қаламгер, ӛз шығармасы арқылы 
ӛзінің дара кӛркемдік танымын әйгілейтін шығармашылық 
тұлға.
АЛЛЕГОРИЯ (грек. alleqoria – пернелеп айту), пернелеу – 
әдебиеттегі кӛркемдік тәсіл. Әдебиетте аллегориялық
бейнелер мифологиядан, фольклордан алынады. Мыс: түлкі – 
қулық, арыстан – зорлық, қасқыр – қастық, қоян – сужүректік, 
есек – ақымақтық, аққу – адалдық, махаббат т.б. түрінде
бейнеленетін персонаждарда адамдарға тән мінез тұспалдап
айтылса да, бірден санаға, қиялға әсер етіп, кӛз алдыңа
елестейді. Ал бейнелеу ӛнерінде: кӛзі таңылвп, қолына таразы
ұстаған әйел – әдептіліктің, якорь – үміттің бейнесі.
АҢЫЗ – фольклорлық проза жанры. Онда тарихи
шындыққа негізделген, халықтың тарихи жадында сақталған, 
әйтсе де уақыт ӛте ӛңделіп, кӛркемдік сипат алған оқиғалар
баяндалады. Тарихи тұлғалар қатысқан тарихи оқиғалардың
баяндалуы, оқиға ӛткен уақыт шегі, жер атауының нақтылы
кӛрсетілуі, белгілі дәрежедегі аймақтық шектелушілік 
(негізінен, белгілі бір ӛңірде ӛмір сүрген адамдар, болған
оқиғалар туралы аңыздар кӛбірек таралады), сюжеттік-
композициялық шарттылықтың сақтала бермеуі – аңыздың
жанр ретіндегі ерекшеліктері. Аңыздар шартты түрде, 
тақырыптық сипатына қарай тарихи аңыздар және 
топонимикалық аңыздар болып жіктеледі. 
АПОЛОГ (грек. apologos – баяндау, мысалдау) – ғақлияға, 
ғибрат айтуға құрылатын шағын кӛлемді, астарлы әңгіме. 
Ӛлең түрінде де жиі ұшырасады. Зерттеушілердің айтуына
қарағанда, аполог Шығыста пайда болып, мысал жанрының
қалыптасуына ықпалын тигізген үлгі. ХІХ ғ. дейін аполог 
және мысал атаулары синонимдер ретінде қатар қолданылатын


268 
болған. Апологта айқын аңғарылатын аллегориялық сипат, 
сатиралық пафос, аң-құстың адамға тән мінез-қылықпен
суреттеледі. Хайуанаттар туралы қазақ ертегілерінің де бір
парасын апологтар санатына жатқызуға болады. 
АРНАУ – әдеби шығарманың басында берілетін, сол
шығарманың кімге, қандай оқиғаға байланысты екенін
кӛрсететін, кӛбінесе ӛлең түрінде келетін автордың сӛзі. Кейде
арнауда автордың ӛз шығармасын белгілі бір адамға ізет, 
құрмет ретінде арнайтыны айтылады. Кейде жазушы А-ды
кімге қаратып айтылғанын анықтамай, сол кісінің ӛзі ғана
түсінетіндей етіп береді. Арнау әлем халықтары әдебиетінің
барлығында дерлік бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет