М. Р. Балтымова



Pdf көрінісі
бет69/78
Дата16.05.2023
өлшемі1,57 Mb.
#93444
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   78
Байланысты:
open-file

КӚШПЕЛІ ЖАНР – ауыз әдебиетіне байланысты пайда 
болған ұғым. Кӛшпелі сюжет – бір елден бір елге, бір 
әдебиеттен екінші әдебиетке аусып жүретін, ортақ оқиғалы 
желі. Мәдени, әдеби алмасулар жердің алыстығына қарамайды. 
Вариант, версия, нұсқалар әр алуан жолмен әр елдің әдеби 
қорына сіңіскенде алғашқы қалпынан ӛзгешеленіп, толығып не 
қысқарып, жаңа тұрпат қабылдайды. Фольклорда бұл терминді 
алдымен миграциялық теорияны жақтаушылар шығарса, кейін 
мифологиялық мектеп дамытты. 
КҤНДЕЛІК – публицистикалық шығарманың бір түрі. 
Жазушының, ғалымның не саяхатшының ӛз кӛзімен кӛріп-
білген жайларын есте сақтау үшін жазатын жанр. Қарапайым 
күнделіктерде кӛбіне жеке адамның ӛміріне қатысты деректер 
сӛз етіледі. Ал кӛркем күнделік жазушының әр алуан ішкі 
сезімдерін, алған әсерлерін бейнелеуімен, суреттеген түрлі 
оқиғаларымен қызықты. Алғашқы күнделік үлгілерін жазған 
орта ғасырлардағы саяхатшылар, елшілер, жылнамашылар. 
ҚИССА (араб. әңгіме, аңыз) – ауыз әдебиетіне тән 
эпикалық жанр, сюжетті жыр, дастан, кітаби эпос. Мазмұны мен 
құрылысы жағынан лиро-эпосқа жақын. Махаббатты, пәктік пен 
тазалықты, ізгілікті, адамгершілікті жырлайтын шытырман 
оқиғалы поэтикалық жанр ретінде қисса араб, парсы 
әдебиетінде кең дамыған. Түркі тілдес халықтарға  араб әдебиеті
арқылы енген.
МИФ – табиғаттан тыс жай және «таңғажайып» 
құбылыстар мен уақиғалар туралы аңыз әңгімелер. Миф –
алғақшқы қауымдық қоғам адамдарына тән дүние туралы қиял-
ғажайып ұғым. Халық ауыз әдебиетінің бір түрі болып 
есептелетін бұл аңыз әңгімелерде адамдардың ӛз айналасындағы 
дүние туралы тұрпайы түсінігі кӛрсетіледі. Миф – халық 
шығармашылығының ең кӛне жанры. Оны мифтік уақыт пен


279 
мифтік сана, мифтік ұғым мен мифологиялық ой-ӛріс, т.б. 
белгілеріне қарап ажыратуға болады. Кӛне мифтің мазмұны – 
әлемнің (космостың) жаратылуы, тұңғыш адамның дүниеге 
келуі мен оның жасампаздық іс-әрекеті болып келеді. Алғашқы 
қауымда туып, қалыптасқан түрі архаикалық (кӛне) миф деп 
аталады. 
Адамзат 
қоғамы 
мен 
санасының 
ілгерілеп, 
патриархалдық-рулық қауым тұсындағы мифтің мазмұнында 
адам ӛзін қоршаған дүниенің пайда болу себебін түсіндіруге
талпыныс жасайды. Бұл мифтік сананың біршама дамыған 
кезеңі. мифтің алғашқы формалары – фетишизм, тотемизм
оның ең жоғарғы дамыған сатысы – анимизм. Ертедегі таптық 
қоғамдағы миф сол қоғамның әрқилы діни, әлеуметтік-саяси, 
моральдық, 
философиялық 
идеялардың 
аллегориялық 
формасына айналды. Миф кӛп жағдайда ескі наным 
түсініктердің негізінде жасалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет