288
тайпа, рулардың басталуы мен таралуын кӛрсететін тізбе.
Шежіренің – тарихи жазба ескерткіш.
ЭПИСТОЛЯРЛЫҚ ӘДЕБИЕТ, эпистолография (грек.
epіstole – жолдау, хат) – хат түрінде жазылған шығарма. Бұрын
тұрмыс талабын ӛтеу, ӛмір кӛріністерін баяндау тұрғысында
туып, қалыптасқан. Эпистолярлық
әдебиетке ірі қоғам
қайраткерлерінің ӛзара жазысқан, тарихи мәні бар, әдеби мұраға
айналған хаттары жатады. Эпистолярлық әдебиет жанр ретінде
кӛне дәуірден басталады.
ЭПОПЕЯ (грек. epopoiia – тудыру, жазу) – эпостық
шығарманың бір түрі; белгілі бір немесе бірнеше тарихи
дәуірдің типтік оқиғаларын кең кӛлемде
суреттейтін, бірнеше
ұрпақ ӛкілдерінің іс-әрекеттерін ортақ идея мен бір тақырыптың
арнасында, кӛркемдік тұтастықта баяндайтын поэзиялық не
прозалық кесек туынды. Алғаш Еуропа әдебиетінде эпопеялық
шығармалар фольклорлық дәстүр
арасында тақырыбы немесе
бас кейіпкері ортақ жеке жырлардың (“Илиада”, “Одиссея”)
жинақталуы
нәтижесінде
кӛрінді.
Ал
түркі-моңғол
халықтарының ауыз әдебиетінде ерлік істерімен аты шыққан
батырларға (мысалы, “Манас” эпосы) арнап айтылған мадақтау
ӛлеңдерінің негізінде қалыптасты. Жаңа дәуірде бұл дәстүр
жазба әдебиетінде дамыды. Осының нәтижесінде белгілі бір
тарихи кезеңде немесе бір тарихи оқиғаны терең толғап, жан-
жақты суреттейтін роман не роман циклдері туды.Орыс
әдебиетінде Л.Толстойдың “Соғыс және бейбітшілік”,
М.Шолоховтың
“Тынық
Дон”,
қазақ
әдебиетінде М.
Әуезовтің “Абай жолы”, т.б. романдар эпопеяға жатады.
Эпопеяға тән ортақ қасиет – тарихи тақырыптың терең әлеум.
идея
арнасында баяндалуы, оқиғаның реалистікпен суреттелуі,
кейіпкер сипатының байсалды түрде даралануы, тіл нәрлілігі.
ЭПОС (баяндау) – кӛркем әдебиетті ӛмірді суреттеу тәсілі жағынан үш салаға
бӛлгенде, лирика, драмамен қатар ӛз алдына үлкен бір сала болып саналатын, оқиғаны
баяндап жеткізуге негізделген шығармалар тобы. Эпостық жырға жататын
шығармалардың негізгі ӛзгешелігі –
мұнда қандай да бір оқиғаны, жәйіттерді баяндап
айту қолданылады. Эпостық шығармада кейіпкерлерді жан-жақты кӛрсетуге мүмкіндік
мол. Ерте дәуірлерді эпос деп батырлар жыры сияқты кӛлемді туындыны атаған. Қазір
ауыз әдебиетінің осындай үлгілері (батырлық жыр, тұрмыс-салт жыры) эпос деп
аталады. Жазба әдебиетінде эпостық жанрдың роман, повесть, әңгіме,
поэма сияқты
үлгілері ӛркендеп келеді.