1 Пән сипаттамасы



бет1/7
Дата27.09.2023
өлшемі75,76 Kb.
#110319
  1   2   3   4   5   6   7

1 Пән сипаттамасы

ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті- ХХғасырдың басындағы тәуелсіздік жолында мерт болған Алаш қайраткерлерінің ұлттық ұстанымына негізделген. Мұнда ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік жағдай мен рухани өмірдегі өзгерістер және сол кезеңнің қайталанбайтын тұлғалары арқылы ұлттық дамудың көркемдік кеңістігі сипаттарын танытады. Тарихи әлеуметтік жағдай мен әдеби бағыттар мәселесі де ескерілді.


Пререкизиттер:
Қазақ халық ауыз әдебиеті,
Әдебиеттануға кіріспе және әдебиет теориясы
ХІХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихы


Постреквизиттер:
Қазіргі қазақ әдебиеті
Қазақ әдебиеті сынының тарихы


Пәннің мақсаты мен міндеттері
Пәннің мақсаты:
ХХ ғасырдың басындағы әдебиетінің кезеңдері, көрнекті ақын-жазушылар шығармаларымен танысу;
- Көркем шығармалардың эстетикалық, тәрбиелік мәнін көрсету.
Қазіргі қазақ әдебиеті пәні қазақ әдебиеті тарихының көркемдік тұрғыдан кемелденген кезеңіндегі әдеби мұраларды қамтиды. Пәнді оқытудың міндеттілігі филолог-студенттердің өз мамандықтары бойынша жүйелі және сатылы білім алуына негізделеді.

Пәннің міндеттері:


- ХХ ғ.басындағы әдебиеті пәні бойынша ХХ ғасыр басындағы қазақ елінің саяси, әлеуметтік жағдайы мен ұлттық мәдениеттің даму бағыттарын терең меңгеру.
- ХХ ғ.б. ақын-жазушылардың шеберлігі, шығармаларының сюжеттік құрылымын талдай білуге дағдылану.
- Қазақ зиялыларының ел мүддесін қорғаудағы іс-қимылдарын жете меңгеру.
-ХХ ғасыр басындағы ұлттық әдебиетіміздің өкілдерінің шығармаларын талдай білуге машықтану.


Оқыту нәтижелері:
Курсты сәтті аяқтағаннан кейін студенттер:
1.Негізгі теориялық терминдердің мәнін, әдеби-тарихи тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын зерттеу, саралау жұмыстарының инновациялық әдістерін біледі және түсінеді;
2. ХХ ғасырдағы қазақ әдеби даму мәселелері мен ақындар шығармашылығы туралы теориялық білім мен түсініктерді тәжірибеде қолдана алады;
3. Оқу мен оқытудың тиімді стратегияларын меңгеріп, тілдік дағдыларды эссе жазуда, көркем мәтінге әдеби-теориялық, филологиялық талдау жасауда шығармашылық түрде қолдана біледі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет