284
ТАРИХИ ЖЫРЛАР – белгілі тарихи окиғаға байланысты
туған эпиалық шығармалар. Тарихи жырларда окиғаның дәлдігі
сақтала бермейді,
әр кезеңнің тарихи-әлеуметтік, қоғамдық-
саяси бет-бедері кӛркемдік тұрғыдан корытылып бейнеленеді.
Бұл жанрда ру-тайпалык мақсаттар қаға беріс қалып, жалпы
халыктық мемлекеттік мүдделер басты сипат алады.
Батырлар
жырында кездесетін ғайыптан туу, жар іздеу, құда түсу,
батырдан туған ізбасар сияқты оқиғалар тарихи жырларда
ұшырамайды. Сондай-ақ, әсіресе кӛркемдеу құралы (гипербола)
тарихи жырларда мүлде әлсірейді. Бұл жырлардың бәрі – ертеде
туғандары да, кейінірек шығарылғандары да
анық тарихи
оқиғаларға негізделген, ал басты-басты кейіпкерлер-тарихта
болған адамдар. Тарихи жырлардың авторлары – кӛбінесе, сол
оқиғаларды кӛзімен кӛрген тұстастары. Авторлар кӛзімен
кӛрген, ӛздері бастан кешірген оқиғаларды уақытына карай рет-
ретімен баяндайды."Тарихи жырлардың батырлық эпостан
жанрлық айырмашылығы бар. Яғни тарихи жырларда эпостық
баяндауға тән обьективтік сарынның орнын оқиғаларды тікелей
кабылдаған автордың әсері
араласқан субьективтік баға
басады" (М.Әуезов).
Достарыңызбен бөлісу: