Сақтауға дайындық кезінде
Сақтау процесінде
Сақтаудан соң
Пайдалану обкаткасы кезінде
Ауысым сайын
Периодты
Маусымдық
Пайдаланудың ерекше
Тасымалдауға дайындау кезінде
Тасымалдау кезінде
Тасымалдаудан соң
МЕСТ 20793-81-ге сәйкес машиналарды пайдаланған кезде ТК-ң төмендегі түрлері жүргізіледі:
жаңа немесе күрделі жөндеуден өткен машинаны пайдалану жаттықтыруына дайындау кезінде:
пайдалану жаттықтыруы кезінде;
ауысымдық (АК);
бірінші ТК-1
екінші ТК-2
үшінші ТК-3
пайдаланудың көктемгі-қысқы периодына өтер кездегі маусымдық (МК-КЖ);
пайдаланудың ерекше жағдайларында.
ТК түрлері, оларды орындау периодтылығы, бір циклдегі ТК және Ж саны машинаны пайдалану бойынша нұсқауларда беріледі.
Пайдалану жаттықтыруына дайындау кезіндегі, пайдалану жаттық- тыруы кезіндегі және ол біткен соңғы машиналарды техникалық күту пайдалану бойынша нұсқаулық және техникалық сипаттамаға сәйкестендіріп жүргізіледі.
Ауысымдық ТК-ді жұмыс ауысымының басында және соңында өткізу қажет. Машиналарды ТК-дің әр түрінде оның барлық құрамдас
бөлігіне арналған жуу, тазалау, бақылау, диагностикалық, реттеу, май- лау, май құю, бекіту және монтаждау жұмыстары жүргізілуі тиіс. Ма- шиналарды ТК-3 ереже бойынша ағымдық жөндеумен біріктіріледі. Маусымдық ТК жылына 2 рет өткізілуі қажет (күздік-қысқы күтуді өткізерде ауа температурасы плюс бес градустан төмен болмауы керек). Маусымдық күтуді кезектегі ТК-1, ТК-2 немесе ТК-3-пен біріктіріп өткізуге болады. Мұның барлығы да нұсқаулықтар мен нормативті- техникалық құжаттарға сай жүргізілуі тиіс.
Машиналардың кейбір түрлерінің периодтылық, еңбексыйымдылық және ТК-ң ұзақтылық көрсеткіштері 2.2-кестеде берілген. Бұл деректерді ТК жұмыстарын жоспарлау мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету мақсаттарында қолдануға болады.
Ағымдағы жөндеу жекелеген жинақ бірліктер мен детальдарды ауыс- тыру және қалпына келтіруді есепке ала отырып, машинаның келесі жөндеуге дейінгі жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс. Машинаның ағымдық жөндеу жұмыстарына жататындар: тазалау, жуу, бөлшектеу, ақаулар тізімін жасау, тозған детальдар мен агрегаттарды жаңа неме- се жөнделгендерімен ауыстыру, машина тораптары мен агрегаттарын жинау, жөнделген бөлшектерді стендтік және жүрістік сынақтардан өткізу. Машиналарды бояу технологиялық талаптарға сай жүргізілуі тиіс. Жөндеу жұмыстарына, сонымен бірге детальдарды өңдеудің әр түрлері кіреді: пісіру, темірұсталық және станоктік, балқыту, металдау, электролиттік жабулар және т.б.
2.2-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |