М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық



бет46/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   142
Байланысты:
kulgildinov-kolik

Бабына жеткізу және жұқа ысқылау. Абразивтік жеткізу айналу денелері типіндегі деталь дайындамаларды өңдеудің соңғы әдісі бо- лып табылады, олар размерлердің кіші ауытқуларын, өңделетін беттер формасының ауытқуларын және Ra 0.16…0.01 мкм қамтамасыз етеді.
Бабына жеткізуді қол ысқымасы көмегімен, сонымен бірге планетарлы
және эксцентрикті механизмі бар жазық-жеткізу станоктарында орын- дайды. Бабына жеткізу кезінде паста түріндегі абразивті ұнтақтарды пайдаланады.
Аса ажарлау. Бұл детальдардың әртүрлі беттерін, оның ішінде цилиндрлік беттерді, абразивті қайрақтардың көмегімен соңғы өңдеу (2.22-сурет).


2.22-сурет. Аса ажарлаудың принципиалды сұлбасы

Аса ажарлау нәтижесінде беттің кедір-бұдырлығы Ra 0.012…0.100 мкм-ге дейін төмендейді. Беттер размерлері мен макрогеометриясының өзгеруіайтарлықтай байқалмайды. Өңдеу оншаүлкенемесжылдамдықта (2,5 м/с дейін) майлау заттарын (май мен керосин қоспасы) қосу арқылы кішідәнді қайрақтармен орындалады, аспаптың деталь бетіне түсіретін қысымы да көп емес (0,1...0,3 МПа). Әртүрлі жалпыға арналған ста- ноктарда өңдеудің қарапайым сұлбаларында келесі қозғалыстар жүргізіледі: дайындаманың айналуы (айналу жылдамдығы 0,05...2,50 м/с), ілгерілемелі-қайтармалы қозғалыс (аспап немесе дайындаманың тербелуі), аспаптың орын ауыстыруы дайындама бетінің бойымен жүргізіледі. Алынатын металл қабатының қалыңдығы 0,005...0,020 мм. Жылтырату. Детальдің размерлері мен формасының ауытқуларын жоймастан беттің кедір-бұдырлық параметрлері шамаларын тө- мендетуге арналған ажарлаудың түрі. Беттің кедір-бұдырлығы


Rа0,012...0,100 мкм. Абразивті аспаптарға жылтырату майұнтағымен көмкерілген пластикалық дөңгелектер (киіз, мата, тері және т.б.), ажар- лау қабықшалары және еркін абразивтер жатады. Абразивті материалдар қатарында электркорунд, кремний карбиді, бор, хром, темір, алюминий тотықтары, ГОИ майұнтақтары, алмазды және эльборлы қабықшалар және т.б. қолданылады.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет