М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық



бет50/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   142
Байланысты:
kulgildinov-kolik

Айналу жиілігі немесе қосарлы жүрістер саны. Токарлық, бұрғылау, айналдыра ажарлау өңдеулері үшін айналу жиілігі, мин-1:
n = 1000n / (); (2.7)
a k

мұндағы, Д – кескіш аспаптың немесе өңделетін дайындаманың диаметрі.
Станоктың паспорттық деректері бойынша есептік айналу жиілігіне ne жақын айналу жиілігін n анықтайды.
Нақты кесу жылдамдығы, м/мин:
V = pДn / 1000; (2.8)
k

Сыртқы айналдыра ажарлау кезіндегі режимдер. Ажарлау дөңгелегінің жылдамдығын Vg, м/с, мына формуламен анықтауға болады:

V p g ng
; (2.9)


g 1000 * 60


мұндағы, Дg – дөңгелек диаметрі, мм; ng – дөңгелектің айналу жиілігі, мин-1.

Керамикалық байланыстағы ажарлау дөңгелегі әдетте 35 м/с жылдамдықпен жұмыс істейді. 50 м/с жылдамдықпен жұмыс істей ала- тын жылдам ажарлау дөңгелектері де өндірісте шығарылады [10].
Айналдыра ажарлау станоктарында дайындаманың беріліс қозғалысы күрделі болып келеді де, ол айналымға берілістен, жүріс пен тереңдікке арналған берілістерден тұрады.
Столдың бойлық берілісі дайындаманың бір айналымына жұмсалатын ажарлау дөңгелегінің биіктік (ендік) үлесімен өлшенеді

  • Sg; дайындаманың бір айналымына кеткен мм – S0 және 1 минутқа кеткен мм – S0.

Бұл шамалардың арасында мынадай байланыстар бар:
S0 = SgBg; Sm = S0g = SgBgng = 2Lжж · nкж; (2.10) мұндағы, Bg – ажарлау дөңгелегінің биіктігі, мм;
Lжж – бойлық беріліс бағытындағы жұмыстық жүрістің ұзындығы, мм:
nқж – столдың 1 минуттағы қосарлы жүріс саны.
Ажарлау кезінде бір жұмыстық жүрістегі жұмыстық жүріс
ұзындығы
Lж.ж = lg – (1 – 2K)Bg; (2.11)
мұндағы, lg – бойлық беріліс бағытындағы ажарлау бетінің ұзындығы;
К – дөңгелек биіктігі үлесіндегі дөңгелектің ажарлау бетінен тыс
артық жүрісі.
Столдың қосарлы жүрістер саны.
nкж = Sm / (2Lж.ж); (2.12)
Кіріп кесетін ажарлау кезінде дайындаманың ажарлау тереңдігінің берілісін t0 мм/айн, өлшейді; бойлық беріліспен ажарлауда столдың бірлік жүрісі tж және қосарлы жүрісі tқж кезіндегі беріліс мм жүріспен өлшенеді, ал 1 мин арасындағы беріліс tм мм/мин өлшенеді. Бұл шамалардың арасында мынадай байланыстар бар:

  • кіріп кесетін ажарлау кезінде tm = t0ng;

  • бойлық беріліспен ажарлау кезінде tm = tжnж немесе tm = tкжnкж; мұндағы, nж және nқж – сәйкесінше 1 минуттағы бірлік және қосарлы жүрістер саны.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет