М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық


өңдеу режимдері мен уақыт нормаларын есептеу



бет49/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   142

өңдеу режимдері мен уақыт нормаларын есептеу




Операцияларды таңдауды қажет екендігінің негізгі көрсеткіштерінің біріне уақыт нормасы (даналық уақыт) tg жатады. Сондықтан да опе- рацияларды жобалау кезінде өнімділік нұсқаларын салыстыру үшін
көбінесе даналық уақытты ғана салыстырумен шектелуге болады. Опе- рацияны орындау уақыты кесу режимдеріне, жабдықтарға, оны құру сұлбаларына байланысты болады [19,24].
Кесу тереңдігі. Цилиндрлік беттерді өңдеу (жону, кеңейту, үңгілеу, бұрғылау, ажарлау және т.б.) кезіндегі кесу тереңдігі:
t = 0,5 (Д – d); (2.1)
мұндағы, Д – дайындаманың өңдеуге дейінгі диаметрі; d – аспаптың берілген жұмыстық жүрісіндегі дайындаманың өңдеуден соңғы диаметрі.
Бұрғылау кезінде


t = 0,5Д; (2.2)

мұндағы, Д – тесік диаметрі.


Беттерді фрезерлеу, ажарлау, қырнау кезінде
t = H – h; (2.3)
мұндағы, Н – өңделетін дайындаманың өңдеуге дейінгі размері;
h – кескіш аспаптың бір өтпесінен кейінгі өңделетін беттің размері. Қаралтым өңдеу кезінде «станок-жабдық-аспап-дайындама» жүйе- сінің қаттылығы мен беріктігін, станок жетегінің қуатын, ал таза өңдеу кезінде беттің кедір-бұдырлығы мен дәлдік талаптарын есепке ала оты-
рып, мүмкіндігінше ең жоғары берілісті таңдайды.
Беру. Минуттық беріліс.
Sмин = S · n; (2.4)
мұндағы, S – бір айналымға беріліс, мм/айн; n – кескіш аспаптың неме- се өңделетін дайындаманың бір минуттағы айналу саны.
Көп жүзді аспаппен жұмыс істер кездегі тіске беріліс, мм/тіс.
S = Sm / (n · z); (2.5)
мұндағы, z – кескіш аспаптағы тістер саны.
Кесу жылдамдығы. Кесу жылдамдығының мәнін (vk, м/мин) берілген өңдеу периодының жағдайларын ескере отырып, нормативтік кестелер бойынша бекітеді:
VK = VKmn Kбn Kan ; (2.6)
мұндағы, v – кестелік кесу жылдамдығы; Kmn , Kбn , Kаn – сәйкесінше
1 1
өңделетін материал сапасын, дайындама бетінің жағдайын, аспап материалының сапасын ескеретін коэффициенттер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет