М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық


Металдарды кесіп өңдеуде қолданылатын майлау-салқындату сұйықтары



бет47/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   142

Металдарды кесіп өңдеуде қолданылатын майлау-салқындату сұйықтары


Майлау-салқындату сұйықтары (МСС) төмендегілерді қамтамасыз етуі тиіс:



  • кесу аспабы (абразивті дөңгелек дәндері) мен дайындаманың өңделетін бетінің арасындағы жанасуға кедергі болатын кесу аумағындағы қорғаныш қабыршағының пайда болуын;

  • пайда болатын жылудың кесу аумағынан әкетілуін;

  • өңдеу қалдықтарын кесу аумағынан әкетуді (әсіресе, ажарлау кезінде);

  • Майлау және салқындату үшін іс жүзінде төмендегілер қолда- нылады:

  • антикоррозиялық және жуу қасиеттерін жоғарылатуға арналған құрамында қышқылды металл тұздарының едәуір үлесі бар сулы химиялық ерітінділер, мысалы, кальцийленген сода, калий тұзы, на- трий нитриті, тринатрийфосфат, триэтаноламин және т.б.;

  • суды эмульсолға қосу арқылы алынатын сулы майлы эмульсиялар, сульфофрезол.

Бұлардың ерекшеліктеріне коррозияға орнықтылықты, жоғары жылулық тұрақтылықты және өңделетін бет сапасының жақсаруын жатқызуға болады.
2.23-суретте Х4Н болатты жону кезінде әртүрлі сұйықтармен салқындатуды зерттеу нәтижелері келтірілген. Жону S=0.67 мм/айн берілісіндегі жылдам кесетін кескіштермен жүргізілген [9].


2.23-сурет. Беттің минкрогеометриясына салқындатудың әсері: 1 – сұйықты салқындатпай жону; 2 – су эмульсиясымен көп мөлшерде салқындату (0,5% сода +0,1% сабын)

Салқындатпай жонумен салыстырғанда соданың судағы ерітінді- сімен салқындату өңдеуге жоғары сапа береді. Шойынды механикалық


өңдеу кезінде бет қабатының тазалығына керосинді қолдану тиімділігі өте жоғары.
Легірленген, төменлегірленген, аспапты болаттардан жасалған дай- ындамаларды өңдеу кезінде салқындату үшін эмульсия мен сульфоф- резол қолданылады. Қаралтым өңдеу кезінде кесу аумағына берілетін МСС-ң көлемі 10л/мин төмен болмауы, ал таза өңдеу кезінде – эмуль- сия 10 л/мин, сульфофрезол – 3 л/мин аз болмауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет