Болаттыхимия-термиялықөңдеу. Беріктендірудің химия- термиялық тәсілдерінің мақсаты детальдардың беттік қабаттарының қасиеттері мен химиялық құрамын өзгерту болып табылады. Химия- термиялық өңдеудің түрлері: газдық көміртектендіру, азоттау, циандау, алюминийлеу, хромдау, мырыштау, кадмийлеу және т.б.
Машина детальдарының беттік қабаттарының беріктігі мен тозуға төзімділігін арттыру өте маңызды, өйткені, біріншіден, тозудың барлық процестері беттік қабаттарда жүреді және деталь металдарының терең қабаттарын қамтымайды; екіншіден, беттік қабаттарда механикалық өңдеудің іздері қалып қояды (микросызаттар, күйіктер). Мысалы, абразивті ортада жұмыс істейтін детальдарды борлау мен азоттау олардың жұмыс істеу мерзімін 6-10 есе өсіреді.
Көміртектендірудегеніміз болат детальдардың беттік қабаттарын көміртекпен қанықтыру болып табылады, бұл металдың қаттылығын, тозуға төзімділігін және қажу шегін жоғарылатады. Көміртектендіруге құрамындағы көміртектің үлесі 0,35%-ды құрайтын детальдар түседі. Көміртектендіру түрлері: қатты карбюратормен, газдық және сұйықтық көміртектендіру.
Көміртектендіру процесі аяқталған соң пештегі температу- раны біртіндеп 5000С-қа дейін төмендетіп, жәшіктерді шығарып, ауада салқындатады, детальдардың құрылымын жақсарту үшін (көміртектендіру кезінде дәндері іріленуі мүмкін) шынықтыру мен жұмсартуға жібереді.
Газдық көміртектендіру– құрамында көміртек (мысалы, СН4) не- месе азот бар газдардың көмегімен беттік қабаттың өзгеруі, процестің өнімділігі тез өседі, механикаландыру мен автоматтандыру мүмкіндігі жоғары болады.
Азоттау – детальдің беттік қаттылығын, тозуға және тот басуға төзімділігін жоғарылату мақсатында беттік қабатты азотпен қанықтыру процесі.
Азоттауға құрамында хром, алюминий, вольфрам, молибден және басқа азотпен тез әрекеттесіп бірігетін элементтері бар легірленген болаттан жасалған детальдар қатысады (мысалы, қозғалтқыш цилиндрлерінің гильзалары, тістегеріштер, клапандар және т.б.). Азот- тау 6500С-қа дейін қыздырылған электрпештерінде жүргізіледі.
Циандау – болат детальдар беттерін көміртек және азотпен бір мезгілде қанықтыру процесі. Азкөміртекті болаттарды көміртектендіру орнына қолданылады да, онымен салыстырғанда едәуір артықшылық- тары бар: тозуға төзімділігінің, соққы жүктерге қарсылығының және процесс жылдамдығының жоғарылығы, т.б.