М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық



бет90/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   142
Байланысты:
kulgildinov-kolik

БАқылАу СҰРАқТАРы





      1. Өнеркәсіптік роботқа сипаттама беріңіз.

      2. Өнеркәсіптік роботтың құрылымдық сұлбасын түсіндіріңіз.

      3. Өнеркәсіптік роботтың негізгі техникалық көрсеткіштері қандай?

      4. Өнеркәсіптік робот, қолмен басқарудағы манипулятор және ав- тооператор арасында қандай айырмашылықтар бар?

      5. Орындайтын функцияларына қарай өнеркәсіптік роботтар қалай бөлінеді?

      6. Роботтарды аспаптармен қамтамасыз ету үлгілерін келтіріңіз және олардың қоланылуы жайлы айтыңыз.

      7. ММТУ-да ойлап табылған роботтардың негізгі көрсеткіштерін келтіріңіз.

      8. СМ-100 машинасында қандай жұмыс жабдықтары қолданылады?

      9. Мобильді роботталған кешеннің техникалық сипаттамалары қандай?

      10. Аспалы жабдықты мобильді роботтың құрылысы қандай?

      11. Механикалық қолдың негізгі артықшылықтарын атаңыз.

      12. Робот қармауының қандай негізгі үш типі өндірісте қолда- нылады?

2 - Б ө л І М . КөлІК ТЕхниКАСын ЖөндЕу ТЕхнОлОГияСы нЕГІздЕРІ


  1. тарау. МАшинАлАРды ЖөндЕудІҢ ТЕОРиялық нЕГІздЕРІ




    1. Машиналарды пайдалану сипаттамалары




Кез келген көлік техникасында пайдаланудың нақты жағдайларында оларды тиімді қолданудың мүмкіндігін анықтайтын сапалар жиынтығы мен пайдалану сипаттамалары болады. Машиналардың пайдалану сапасының саны өте көп, алайда оларды іс жүзінде қолдану үшін жал- пылама үш сипаттамасын ерекше бөліп алуға болады: машиналардың жұмысқабілеттілігі, сенімділігі және ұзақмерзімділігі.
Жұмысқабілеттілік терминіне машинаның төмендегідей негізгі техникалық көрсеткіштері кіреді: қозғалтқыш қуаты, тартым күші, жүккөтерімділік немесе сыйымдылық, қозғалыс жылдамдығы, отын үнемділігі, пайдалы әсер коэффициенті және т.б.
Машинаның жұмысқабілеттілігі сан жағынан оның орындаған жұмысының тиімділігі, яғни белгіленген сапаны сақтай отырып, сол жұмыстың өнімділігі және өзіндік құны арқылы бағаланады.
Сонымен, егер машинаның өнімділігі белгіленген нормаларға сәйкес болса, машинаны күтуге жұмсалған шығын шекті шамадан аспаса, ал жұмыс сапасы бекітілген талаптарды қанағаттандыра алса, онда машина жұмысқа қабілетті деп есептеледі. Осыған сәйкес «жұмысқабілеттілік» түсінігі машина қандай техникалық көрсеткіштерге ие бола алады, пай- далану барысында бұл көрсеткіштерде қандай ауытқулар болуы мүмкін деген сұрақтарға жауап беруі тиіс, яғни машинаны пайдалануға берген- нен соң қандай да бір уақыт өткеннен кейінгі оның сапалық жағдайын көрсетеді. Белгіленген талаптарға сәйкес анықталатын қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жұмысқа жарамдылығын білдіретін машинаның қасиеттері жиынтығы оның сапасы болып табылады.
Машина қолданыста болған сайын бұл сапа сипаттамалары өзгеріссіз қалуы мүмкін емес. Машина конструкциясы және өндірілуі бойынша қаншама жетілдірілген болса да, уақыт өтуімен ол алғашқы сапаларын жоғалтады, бірқатар техникалық көрсеткіштері төмендейді: қозғалтқыш қуаты азаяды, отын мен майлау материалдарының шығыны өседі, жұмыс сапасы да нашарлайды. Мұның бәрі машинада ақаулар пайда болуымен түсіндіріледі.
Егер машинаның тоқтаусыз және бұзылмай жұмыс істеу барысында жұмыс сапасы мен үнемділігінің өзгеруі рұқсат етілген аралықта бол-
са, онда мұны қалыпты жағдай деп атайды. Осы қалыпты жағдайдағы жұмыстың бұзылуы машинаның ақаулығы болып саналады.
Машинаның торабы немесе агрегаты жұмысының бұзылуы оның де- тальдарында ақаудың пайда болуына септігін тигізеді. Ал ақау дегеніміз нормативті құжаттамалар бекіткен талаптардан рұқсат етілмеген ауытқу болып табылады.
Кез келген техниканың сенімділігі дегеніміз – берілген ре- жимдер мен пайдалану жағдайына, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарына, сонымен бірге сақтау мен тасымалдау жұмыстарына сәйкес келетін берілген шамадағы бекітілген пайдалану көрсеткіштерінің мәнін уақтылы сақтай отырып, берілген міндеттерді орындаудағы машинаның қасиеті. Машинаның (оның жиналмалы бөлшектері мен бірліктерінің) сенімділігі олардың ұзақ уақыт қызмет етуімен, тоқтаусыз жұмыс істейтіндігімен, жөндеуге жарамдылығымен және сақталатындығымен ерекшеленеді.
Машинаның сенімділігі жоғары болған сайын оның өнімділігі де өседі.
Сан жағынан сенімділік төмендегі формуламен анықталатын сенімділік коэффициентімен hc өрнектеледі:
hc A100 /( A B) , (1.1) мұндағы, А машина жұмысының толық жоспарланған көлемі, сағ; В
– жоспарланған жұмыс көлемін А-ны орындау барысында машинаның
техникалық ақауларға байланысты тоқтап қалуы, сағ.
Сонымен бірге сенімділік сан жағынан ақау салдарынан тоқтап қалған екі мерзім арасындағы қалыпты жұмыстың орташа уақытымен де сипатталады. Машина сенімділігі оның детальдарының, тораптары мен агрегаттарының сенімділігіне тығыз байланысты.
Әртүрлі маркадағы машиналардың сенімділігін анықтау барысында оларды пайдаланудағы белгілі бір период аралығындағы тоқтап қалу мерзімінің барлығын есепке алу қажет. Алайда сенімділік маңызды сапаларды анықтағанымен, машинаны пайдаланудың экономикалық тиімділігіне толық баға бере алмайды. Сондықтан машина сапасына толық баға беру үшін сенімділікпен бірге машинаның ұзақмерзімділігін анықтау қажет болады.
Сонымен ұзақмерзімділік дегеніміз – машинаны пайдаланудан бас- тап оны тізімнен шығарып тастағанға дейінгі сағатпен немесе километр жүріспен көрсетілген машинаның жалпы жұмыс істеу мерзімі, бұл мерзім сонымен бірге машинаның сенімділігі мен жұмысқабілеттілігін қалпына келтіру үшін экономикалық тұрғыдан алғанда қажет болуы тиіс.
Машинаның ұзақмерзімділігі оның детальдарының ұзақмерзім- ділігіне тікелей байланысты.
Машина жағдайына баға беру үшін оның жөндеуге жарамдылығы мен физикалық және моральді тозуын да анықтау қажет болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет