М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық



бет99/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   142
Байланысты:
kulgildinov-kolik

Беттік химиялық өңдеу түрлеріне жататындар:

    • химиялық никельдеу – бетті никель және фосфор қорытпасымен жабу, химиялық қалпына келтірушілердің көмегімен тұз бен су ерітіндісінен металдарды бөліп алу. Бұл процесс болат, шойын, қола, алюминий және оның қорытпалары үшін жүргізіледі, шомылғы темпе- ратурасы 950С-қа дейін;

    • тотықтыру – бұл процесте жасанды тотықты қабықша Fe3O4 пайда болады, қалыңдығы 3 мкм-ге дейін – желінуді ескертеді. Қышқылды шомылғыдағы ерітінді температурасы 138…1650C;

    • фосфаттау – 900 С-қа дейінгі шомылғыда немесе су ағынында ерімейтін фосфат тұздарының қабықшасы пайда болады, қабықша қалыңдығы 2,5 мкм.; ыстыққа төзімділігі 6000С-қа шейін;

    • күкірттеу – болат беттердің қабаттарын күкіртпен байыту. Сұйық, қатты немесе газ тәріздес ортада t = 150 9500C-та жүргізіледі, F S және
      e


FeS2 пайда болады, қабат тереңдігі 0,04 мм-ге шейін;

    • бумен өңдеу – t = 800 6000C, қысым 0,1 МПа, 1-2 сағат тұрақтай-

ды, аспап жылдамкескіш болаттан жасалады, қышқылдық қабықша пайда болады, тозуға төзімділігі өседі;

      • темірлендіру – су мен тұз ерітінділерінен темірді элетролитті тұндыру процесі. Темірді катодта (–) және анодта (+) азкөміртекті болаттың сымдары арқылы тұндырады. Темір қабықшасы жоғары жиілікпен, жоғары коррозиялық төзімділікпен сипатталады. Қаттылық керек болса, жабуды көміртектендіреді немесе хромдайды;

      • күмістендіру – электр өткізгіштік үшін және коррозияға қарсы жүргізіледі;

      • электролитті хромдау – үйкеліс беттерін жабу, гидравликалық жабу. Хром жоғары қаттылықпен, беріктікпен, химиялық төзімділікпен сипатталады, хром аз тозады, оның жанасқан беттерді тоздырмайтын қасиеті бар.

      • электролиттік никельдеу – тозуға төзімділікті өсіру үшін, тозған детальдардың өлшемдерін қайта қалпына келтіру үшін қолданылады (1,25 мм-ге шейін). Майлаусыз үйкеліс кезегінде никельді жабудың тозуға төзімділігі шыныққан болаттан 2-3 рет жоғары, хромдалған бет- тен 10-20% төмен болады;

      • электролиттік радийлеу – электрлік машиналардың жина- ғыштарының жұмыс беттерін жабуда қолданылады, олардың жұмыс істеу мерзімін ұзартады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет