машиналар немесе механизмдер жұмысының жалпы сенімділігін анықтауға арналған зерттеулер.
Кез келген саты өзінің алдындағы сатыдан материал жұмысының нақты жағдайына жақын дәрежесімен ерекшеленеді.
Тозуды анықтауға арналған әдістердің барлығын екі топқа бөлінеді:
қосылыстағы детальдарды периодты түрде өлшеп отыру;
машинаның тоқтаусыз жұмыс істеу кезінде жанама өлшем жүргізу.
ші әдіс бойынша өлшеу төмендегі жолдармен жүргізіледі:
микрометрикалық өлшеу немесе микрометраж тәсілі. Мұны көбінесе детальдар тозуының абсолюттік шамасы үлкен болған кез- де қолданады, бұл әдіс детальді тозуға зерттеудің алдында немесе соңында өлшеуге негізделген. Өлшеу дәлдігі әдетте 0,01...0,001 мм болады. Бұл әдіспен тозуды бағалау құралдары ретінде микрометрлер, индикаторлық ішкі өлшегіштер, иінтіректік қапсырмалар, иінтіректік- механикалық аспаптар, иінтіректік-оптикалық аспаптар, аспаптық және әмбебеп микроскоптар қолданылады;
масса шығыны бойынша анықтау тәсілі. Бұл әдіс орташа деталь- дарды тозуға дейін және тозудан кейін өлшеу арқылы тозуды анықтауда қолданылады. Бұл әдістің дәлдігі таразының дәлдігіне байланысты және (0,05...5)*10-8г. шамасында болады. Өлшеу құралдары ретінде әртүрлі аспаптық таразылар пайдаланылады;
жасанды базалар тәсілі. Үйкеліс бетінен тереңдік түбіне дейінгі қашықтықты есептеуге негізделген.
Бұл аталған тәсілдер өндірісте де, ғылыми зерттеуде де қолданыла береді;
ші әдіс те бірнеше тәсілдер арқылы жүзеге асады:
тозу өнімінің пайдаланылған майдағы құрамы бойынша. Бұл тәсіл стендтік зерттеуде қолданылады, яғни тозу өнімдерінің (металдық бөлшектер және олардың тотықтары) майлау майларын жинайды, одан сынама алады, жағады да қалған металл құрамына қарап тозуға баға береді;
радиоактивті изотоптар көмегімен. Мұнда зерттеу үлгісіне вольфрамның, кобальттың, сурьманың радиоактивті изотопта- рын енгізеді. Тозу кезінде үлгі маймен қоршалады да, тозу өнімдері радиоактивті изотоптармен бірге кетеді.