тарау. МАшинАлАРды ТЕхниКАлық КҮТу МЕн ЖөндЕудІ ҰйыМдАСТыРу
Машиналарды техникалық күту мен жөндеудің жоспарлы-ескерту жүйесінің жалпы қағидалары
Көлікте, өнеркәсіпте және құрылыста ескерту сипатындағы ұйымдастыру-техникалық шаралары жиынтығын жоспарлы түрде пе- риодты өткізуді қарастыратын машиналарды техникалық күту мен жөндеудің жоспарлы-ескерту жұмыстары жүргізіліп тұрады.
Жоспарлы-ескерту жүйесі (ЖЕЖ) жұмыстағы әрбір машинаның техникалық күту мен жөндеудің сәйкес түрлерін дайындаудың, өткізудің және орындалу сапасын бақылаудың міндетті жоспарлауын қарастырады. Көлік техникасы үшін техникалық күтудің (ТК) екі түрі: ай сайынғы ТК мен периодты ТК-1,ТК-2,ТК-3, сонымен бірге жөндеудің екі категориясы: ағымдағы және күрделі жүргізілуі тиіс.
Ағымдағы жөндеу пайдалану жөндеуіне жатады, ол ұйымдар мен кәсіпорындардың жөндеу-пайдалану базаларында орындалады, оған жекелеген тозған детальдар мен тораптарды жөндеу немесе алмасты- ру кіреді. Жоспарлы-ескерту жұмыстары нормативтері әсер ету көлемі мен периодтылықты және еңбек пен уақыттың қажетті шығындарын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді. Осының негізінде жөндеу кәсіпорнының қуатын, алаңын, жабдықтар саны мен негізгі кәсіп бо- йынша жұмысшылар санын есептеп шығуға болады.
ЖЕЖ-ы жүйесіндегі әсер ету құрылымы еселік және қайталау принципі бойынша құрастырылып, мына қатынаспен анықталады:
Ke = Tц · tt (2.1)
мұндағы, Ke – әсер етудің еселік коэффициенті (ауыстырым саны); Tц – жөндеу циклінің уақыты; tt – детальдің берілген тобының ауыстырғанға дейінгі орташа жұмыс мерзімі.
Детальдардың ауыстырым мерзімін анықтау үшін оларды жалпы белгілері бойынша жіктеу қажет. Көлік техникасының барлық деталь- дары орташа жұмыс мерзіміне, жұмыс циклі ұзақтығының еселігіне байланысты бес топқа бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |