М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық



бет100/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   142
Бетті металдау және балқытып қаптастыру. Балқытып қаптастыру беттің қаттылығын жоғарылату, түсті металл шығынын азайту үшін қолданылады. Қабаттың ең төменгі қалыңдығы 0,25 мм, ең жоғарғысы – шектелмеген. Қауіптілігі – сызаттың пайда болуы, ал оны болдырмау үшін тұрақты температураны сақтай отырып, алдын ала қыздыру процесін қолданады. Процесс соңында жайлап салқындату (10..30С секундына) жүргізіледі. Балқытылған металл құйылған металл құрылымын алады да, бүрлеуішпен беріктелінеді.
Тозаңдатып металдау – алдын ала дайындалған деталь бетіне қысылған газ (ауа) ағынымен металды балқытып тозаңдату процесі. Болат, мыс, мырыш, қорғасын, қола, жез, алюминий, кадмий сымдарын балқытады. Металдаудың (балқыту тәсілінің) түрлері: газдық, электрлік және плазмалық. Соққы кезінде бөлшектер деформацияланады да, беттің тегіс еместігіне кіріп кетеді. Беттің кеуектілігі (ірілігі) 10%-ға шейін, қабат қалыңдығы 1,5мм-ге шейін болады.
Антифрикционды абразивсіз фиништік өңдеу (ААФө). Бо- лат және шойын детальдардың беттерін антифрикционды абразивсіз фиништік тәсілмен өңдейді. Бетті финишті өңдеу детальдардың тозуға төзімділігіне әсер етеді. ААФӨ – қозғалтқыш цилиндрінің тозуға төзімділігін 1,3 есе өсіреді. ААФӨ-нің негізгі мәні – үйкеліс бетін мыстың, қола мен жездің жұқа қабатымен жабу. Болаттағы жездің
қабатының қалыңдығы 2-3 мкм, қола мен мыстікі 1 2 мкм. ААФӨ кезінде кедір-бұдырлық азаяды, Ra = 0.63-0,08 мкм, ААФӨ-ден бұрын
Ra=2,5 мкм болған. ААФӨ кезінде үйкеліс коэффициенті 1,5 есе азаяды, тозуға төзімділік 2 3 есе өседі.


БАқылАу СҰРАқТАРы





  1. Машиналардың пайдалану сипаттамаларына: жұмысқабілеттікке, сенімділікке және ұзақмерзімділікке анықтама беріңіз.

  2. Машиналардың жөндеуге жарамдылық көрсеткіші нені сипаттай- ды?

  3. Машиналардың физикалық тозуының экономикалық өлшемі қалай анықталады?

  4. Машиналардың моральдік тозу критерийі қалай анықталады?

  5. Машиналардың тозу түрлеріне сипаттама беріңіз.

  6. Рұқсат етілген және шектік тозулар дегеніміз не?

  7. Машиналардың негізгі детальдарының тозуына сипаттама бе- ріңіз.

  8. Детальдар тозуын анықтау әдістері жайлы айтып беріңіз.

  9. Детальдар тозуына әсер ететін факторларды атаңыз.

  10. Үйкелістің қандай түрлерін білесіз?

  11. Детальдардың тозуға төзімділігін жоғарылатудың қандай конст- руктивті әдістері бар?

  12. Детальдардың тозуға төзімділігін жоғарылатудың қандай техно- логиялық әдістері бар?


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет