М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық



бет34/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   142
Байланысты:
kulgildinov-kolik

2 sin g
2


; (1.28)

мұндағы, а – білікше диаметріне берілген шақтама, мм;  – призманың тірек беттері арасындағы бұрыш.
Тәжірибе жүзінде әдетте  = 900 бұрышты призмалар қолданылады.
 = 900 мәнін (1.28) формулаға қойып, табатынымыз:
dб = 0,71а; (1.29)
Технологиялық құрал-саймандар және олардың жіктелуі. Механикалық өңдеу, бұйымды жинау, бақылау кезінде детальдарды ба- залау әртүрлі айлабұйымдардың көмегімен жүзеге асырылады.

Арналуы бойынша айлабұйымдар төмендегідей бес түрге бөлінеді:

  1. Станоктік айлабұйымдар, бұлар өңделетін дайындамаларды ста- ноктарда орналастыру немесе бекіту үшін қолданылады (қысқылардың әр түрі, айналмалы столдар, сүйеніштер, центрлер, машиналық қыс- қыштар және т.б.), машина жасауда қолданылатын айлабұйымдардың жалпы санының 80...90%-ын құрайды. Олардың қолданылуы детальді бекіту не қондыру уақытын, көмекші уақытты және кесу режимдерін жоғарылату есебінен еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз етеді.

  2. Жұмыс аспабын орналастыруға және бекітуге арналған айлабұйымдар станок, дайындама және аспап арасындағы байланы- старды (құралкүймешік, қысқы, кескішұстағыш және т.б.) жүзеге асы- рады.

Бірінші және екінші түрдегі айлабұйымдар көмегімен «ста- нок– айлабұйым-бұйым-деталь» (САБД) жүйесін жұмысқа келтіру жүргізіледі.

  1. Жинақтау айлабұйымдары жанасатын детальдарды бұйымға не- месе торапқа біріктіруге арналған. Оларды базалық детальдарды немесе жиналатын бұйым тораптарын біріктіруде, бұйымдағы элементтердің бірігуін дұрыс қамтамасыз етуде және серпімді элементтердің (серіппе, бөлу сақиналары және т.б.) алдын ала жиналуында қолданады.

  2. Бақылау айлабұйымдары, олар механикалық өңдеу кезінде детальдарға аралық және қорытынды бақылау жасауда, сонымен бірге машинаның жиналған тораптарын бақылауда да қолданылады.

  3. Ауырсалмақты дайындамалар мен тораптарды өңдеуде оларды жылжытуға, айналдыруға және қармап алуға арналған айлабұйымдар.

Мамандандыру дәрежесі бойынша айлабұйымдар үш түрге бөлінеді:

    • әмбебап, олар әртүрлі дайындамаларды өңдеу кезінде қолданылады (машиналық қысқыштар, бөлгіш бастиектер, айналмалы столдар және т.б.);

    • арнайыландырылған, олар қосымша немесе ауыспалы қондырғылардың көмегімен дайындамалардың белгілі бір түрін ғана өңдеу кезінде қолданылады, мысалы, қысқыларға арналған фасонды жұдырықшалар және т.б.

    • арнайы, берілген детальді өңдеу кезінде белгілі бір операцияны орындауға арналған.

Арнайыларға сонымен бірге әмбебап-жинағыш айлабұйымдар да жатады. Кәдімгі арнайы айлабұйымдармен салыстырғанда көп айна- лымды болып келеді, себебі олар бірнеше рет пайдалануға есептелген, өзара алмастыруға тиімді детальдар мен тораптардан жиналған. Осын- дай элементтерден құралған айлабұйым шашылып, қайта жиналады, ал детальдары жаңа жинақтарда қолданыла береді.
1.23-суретте жазық беттерді фрезерлеу және тесіктерді тесуге арналған әмбебап айлабұйым көрсетілген.


1.23-сурет. Тесіктерді бұрғылауға (а) және беттерді фрезерлеуге (ә) арналған айлабұйымдар:
1 кондуктор тақташасы; 2 кондуктор втулкасы; 3 бұранда; 4 қамыт; 5 призма; 6,9,11 тақталар; 7,8,10 тіректер;
12 – бұрыштама

Әмбебап айлабұйымдар бірліктік немесе кішісериялы өндіріс, ал арнайы мен арнайыландырылған айлабұйымдар ірісериялы және массалық өндіріс жағдайында қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет