Әмбебап-жинағыш айлабұйымдарды (ӘЖА) қолданудың экономикалық тиімділігі. Экономикалық тиімділік ӘЖА-ны пайда- лану бойынша жылдық шығындарды За.ж ӘЖА-ны пайдалану арқылы операцияларды орындаудың өзіндік құны бойынша жылдық үнемдеуді салыстыру нәтижесінде анықталады:
Эж > За.ж; (1.30)
Бұл жағдай толығымен былай өрнектеледі:
(tg.1Co.k.1 – tg.2Co.k.2 ) Д > Сж · К; (1.31)
мұндағы, tg.1 – операцияны айлабұйымсыз немесе әмбебап айлабұйыммен орындағандағы даналық уақыт, мин; tg.2 – операцияны ӘЖА-ң көмегімен орындағандағы даналық уақыт, мин: Сө.қ.1 – бір станок- минуттың өзіндік құны, тг/мин; мұнда өндірістік жұмысшылардың жалақысы, станоктар мен әмбебап айлабұйымдардың пайдалануы мен тозушылығына жұмсалатын және басқа да цех шығындары кіреді.
Сө.қ.2 – жұмысшының разрядына байланысты алынған бір станок- минуттың өзіндік құны (анықтамаларда келтірілген), тг/мин;
Д – шығарылымның жылдық бағдарламасы, дана;
Сж– ӘЖА-ң бір жиынтығын пайдалануға кеткен шығын, теңге;
К – жиынтықтың бір жылда қайталану коэффициенті, яғни
детальдардың бір жылдағы партия саны.
Өндірістік технологияны жетілдіру шаралары және айлабұйымдарды пайдалану бойынша операцияға жұмсалатын уақыт нормасын азайту былай есептеледі, % .
Уу.н
tg1 tg 2 100 ; (1.32)
Достарыңызбен бөлісу: |