М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық



бет43/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   142
Байланысты:
kulgildinov-kolik

Жазық беттерді фрезерлеу. Фреза мен дайындаманы орналасты- рып болған соң дайындаманы фрезаның астына алып келу қажет. Лимб бойынша фрезерлеудің қажетті тереңдігін бекітеді, столды көтереді және дайындама бетін қолмен, сонан соң механикалық беріліспен фрезерлейді.
Өңделетін беттің бойлық, көлденең (перпендикуляр) бағыттағы және диагональ бойынша жазықтықтан ауытқуы лекало сызғышы қабырғасы мен өңделген беттің арасындағы жарықтың мәні бойынша анықталады.
шетжақтық жазық беттерді фрезерлеу. Өңделетін беттің орта- сын фрезамен жанасқанша тақап қояды. Көлденең берілістің лимбісін нөлге қояды, столды бастапқы жағдайға әкеледі, столдың жағдайын лимб бойынша фрезерлеу тереңдігіне сәйкестендіріп қояды да, дайын- даманы бар ұзындығы бойынша фрезерлейді.
Өңделген беттің өзімен қабаттас жатқан жазық беттерге қатысты алғандағы перпендикулярлықтан ауытқуын бұрыштама сөресі мен
өңделген шетжақтық беттің арасындағы жарықтың мәні бойынша бұрыштамамен (900) тексереді.
Тікбұрышты қуыстарды, ойықтарды және кемерлерді дискілі фрезалармен фрезерлеу. Өңделетін дайындама бетінің размерлеріне сәйкес үшжақты дискілі фрезалар таңдалады: фреза ені кемер енімен бірдей болуы тиіс, фрезаның сыртқы диаметрін барынша кіші етіп таңдау қажет, алайда кемерді толық тереңдік бойынша фрезерлеу кезінде құралбілік дайындамаға тимей тұруы шарт.
Сызбада берілген шамамен 1/3 тереңдікке тең болатын фрезерлеу тереңдігін вертикаль берілістің лимбісі бойынша бекітеді.
Кілтекті ойықтарды өңдеу. Дайындаманы арнайы қысқыштарда станок столына призмаларға бекітеді. Кілтекті фрезаны фрезерленетін ойық размеріне сәйкес таңдайды.
Өтпелі кілтекті ойықтарды (2.17-сурет а) горизонталды-фрезерлеу станоктарында үшжақты дискілі фрезалармен өңдейді [10]. Ереже бойынша ойықты бір жұмыстық жүрісте фрезерлейді, алайда ені бой- ынша ойық размері 11-ші квалитет шамасында болуы тиіс. Дәлдікті жоғарылату үшін ойықты бір немесе екі операцияда екі-үш жұмыстық жүрісте фрезерлейді немесе слесарьлық өңдеуге припуск қалдыру арқылы алдын ала фрезерлеуді іске асырады.


2.17-сурет. Кілтек ойықтарын өңдеу: а кесіп өтетін; ә кесіп тірелетін; б сегментті

Бұл тәсілді бірліктік және кішісериялы өндірісте қолданады. Тұйық кілтек ойықтарын (2.17-сурет ә) стандарттық кілтектік фрезарлармен бір-екі жұмыстық жүрісте фрезерлейді. Сегменттік кілтектер ойықтарын (2.17-сурет б) фрезер станоктарында стандарттық фрезалармен ойық тереңдігі бағытындағы беріліс бойынша фрезерлейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет