Майлау-салқындату сұйықтары (МСС) төмендегілерді қамтамасыз етуі тиіс:
кесу аспабы (абразивті дөңгелек дәндері) мен дайындаманың өңделетін бетінің арасындағы жанасуға кедергі болатын кесу аумағындағы қорғаныш қабыршағының пайда болуын;
пайда болатын жылудың кесу аумағынан әкетілуін;
өңдеу қалдықтарын кесу аумағынан әкетуді (әсіресе, ажарлау кезінде);
Майлау және салқындату үшін іс жүзінде төмендегілер қолда- нылады:
антикоррозиялық және жуу қасиеттерін жоғарылатуға арналған құрамында қышқылды металл тұздарының едәуір үлесі бар сулы химиялық ерітінділер, мысалы, кальцийленген сода, калий тұзы, на- трий нитриті, тринатрийфосфат, триэтаноламин және т.б.;
суды эмульсолға қосу арқылы алынатын сулы майлы эмульсиялар, сульфофрезол.
Бұлардың ерекшеліктеріне коррозияға орнықтылықты, жоғары жылулық тұрақтылықты және өңделетін бет сапасының жақсаруын жатқызуға болады.
2.23-суретте Х4Н болатты жону кезінде әртүрлі сұйықтармен салқындатуды зерттеу нәтижелері келтірілген. Жону S=0.67 мм/айн берілісіндегі жылдам кесетін кескіштермен жүргізілген [9].
2.23-сурет. Беттің минкрогеометриясына салқындатудың әсері: 1 – сұйықты салқындатпай жону; 2 – су эмульсиясымен көп мөлшерде салқындату (0,5% сода +0,1% сабын)
Салқындатпай жонумен салыстырғанда соданың судағы ерітінді- сімен салқындату өңдеуге жоғары сапа береді. Шойынды механикалық
өңдеу кезінде бет қабатының тазалығына керосинді қолдану тиімділігі өте жоғары.
Легірленген, төменлегірленген, аспапты болаттардан жасалған дай- ындамаларды өңдеу кезінде салқындату үшін эмульсия мен сульфоф- резол қолданылады. Қаралтым өңдеу кезінде кесу аумағына берілетін МСС-ң көлемі 10л/мин төмен болмауы, ал таза өңдеу кезінде – эмуль- сия 10 л/мин, сульфофрезол – 3 л/мин аз болмауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |