Сыртқы және ішкі цилиндрлік беттерді ажарлау. Дөңгелекті ажарлау станоктарында көбінесе дайындаманы жылжымайтын цен- трлерге орналастырады. Станок центрлері мен дайындаманың центрдегі тесіктерінің күш көтеретін беттері станоктың жылжу сызығына па- раллель бір осьтің бойында жатуы және де олардың конустарының бұрыштары сәйкес болуы тиіс.
Ажарлау станоктарында дайындамаларды көбінесе центрлік және консольдік құралбіліктерге бекітеді. Құралбіліктердің түрлері: қатты, қысқыш, жылжымалы элементтермен, гидравликалық қысыммен (2.20- сурет).
2.20-сурет. Ажарлау үшін дөңгелек құралбіліктері:
а – гильза белбеулерін ажарлау үшін центрлік; ә – цангалы қысқыш;
б – гидропластпен; 1 – гильза; 2,4,8 – гайкалар; 3 – құралбілік; 5 – цанга;
6 – конус; 7 – дайындама; 9,14 – бұрандалар; 10 – втулка; 11 – тығынжыл; 12 – центрлегіш втулка; 13 – гидропласт
Қабырғасы жұқа дайындамаларды ажарлау үшін, мысалы, гильза, втулка т.б., дайындаманы осьтік бағытта әсер ететін күштермен қысып бекітетін қысқылар қолданылады.
Центрлік емес дөңгелектік ажарлау. Центрлік емес ажарлаудың (2.21-сурет) мәні мынады: ажарланатын дайындама 2 ажарлау 1 және жетекші 3 дөңгелектердің арасына орналастырылады да, оларды тірек пышақ 4 ұстап тұрады. Дайындама центрі екі дөңгелектің де центрлерін байланыстыратын сызықтан біршама биік болуы тиіс, яғни шамамен 10. 15 мм және одан да көп.
Ажарлау дөңгелегінің шеңберлік жылдамдығы Vg = 30….65 м/мин, ал жетекші дөңгелектікі Vж=10...40 м/мин. Дөңгелек 3 пен өңделетін дайындама арасындағы үйкеліс коэффициенті дайындама мен дөңгелек
1 арасындағы үйкеліс коэффициентінен жоғары болғандықтан, жетекші дөңгелек дайындаманы айналмалы беріліс жылдамдығымен vб айнал- дырады.
Центрлік емес-ажарлау жартылай автоматы мен автоматтарында цилиндрлік, конустық және фасондық бетті айналу денелері типіндегі деталь дайындамаларын ажарлауға болады. Ажарлаудың екі әдісі қолданылады: өтпелі (берілісті бойлық беру қозғалысы әдісі, 2.21-сурет а) және кіріп кесетін (берілісті көлденең беру қозғалысы әдісі, 2.21- сурет ә). Бірнеше жұмыстық жүрістегі өтпелі ажарлау кезінде дәлдіктің 6-шы квалитетіне қол жеткізуге болады ( Ra 0, 2 мкм).
Кірекесетін ажарлаумен (2.21-сурет ә) дөңгелек детальді және
формасы конус болып келетін дайындамаларды өңдейді. Бұл әдісте дөңгелектер осьтері параллель немесе жетекші дөңгелек кіші бұрышпен ( 0, 2...0, 50 ) орналасады, ал өңделетін дайындаманың осьтік жылжуына қондырылған тірек кедергі жасайды.
2.21-сурет. Центрлік емес дөңгелектік ажарлау сұлбалары: а – өтпелі; ә – кесу
Жануыштау. Ілгерілемелі-қайтармалы және айналмалы қоз- ғалыс жасау нәтижесінде абразив дәндері бетті өңдейтін абразивті қайрақтардың көмегімен іске асырылады. Жануыштауды ішкі цилиндрлік, конустық және басқа беттерді (тесіктерді), кей кездері сыртқы цилиндрлік беттерді өңдеуге қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |