М. Шакенова +7 775 343 95 61



бет9/12
Дата19.02.2023
өлшемі74,07 Kb.
#69304
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
МАҚАЛАЛАР. АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

Аннотация: Написано о меценате казахского народа Ахмете Байтурсынулы.Эта статья посвящена взглядам А.Байтурсынулы на казахский язык, его научному суждению, а также его наследию введения в научный оборот правил казахского языка и оставления их для будущее. Особенно поднимая проблему экономии. Ученый также продумывал методику, которая рассматривалась от начала речи ребенка до произношения, чтения и построения предложений. Правильное произношение и правописание казахского языка, то есть фонетические правила, являются неизгладимым наследием. Редактируя газету «Казах», он написал столетний труд, думая о будущем страны. В работе «Языковой инструмент» среди научных классических книг видно, что автор несколько расширил рамки казахского языка. Статьи ученого по языковым проблемам до сих пор актуальны. Я подробно коснулся этого в своей статье. Как говорится «Ярок день знаний», написано об активном изучении и рассмотрении народным учителем Ахметом казахской грамматики. Показана методика изучения грамматики до школы, в школе, после школы. Исследователь Ш.Курманбайулы показывает произведение, посвященное Ахмету Байтурсынову, классифицируя его главы. Его подвиги на службе описаны и приведены с конкретными доказательствами. Перечислены научные взгляды и даны выдержки. Изучена просветительская работа ученого, объяснявшего пути решения языковой проблемы по выбранной теме.
Annotation: It is written about the philanthropist of the Kazakh people Akhmet Baitursynuly. This article is devoted to the views of A. Baitursynuly on the Kazakh language, his scientific judgment, as well as his legacy of introducing the rules of the Kazakh language into scientific circulation and leaving them for the future. Especially raising the issue of savings. The scientist also thought over the methodology, which was considered from the beginning of the child's speech to pronunciation, reading and construction of sentences. The correct pronunciation and spelling of the Kazakh language, that is, phonetic rules, are an indelible legacy. Editing the newspaper "Kazakh", he wrote a century-old work, thinking about the future of the country. In the work "Language Tool" among scientific classical books it is clear that the author has somewhat expanded the scope of the Kazakh language. The scientist's articles on language problems are still relevant. I touched on this in detail in my article. As they say, “The day of knowledge is bright”, it is written about the active study and consideration of the Kazakh grammar by the national teacher Akhmet. The technique of studying grammar before school, at school, after school is shown. Researcher Sh. Kurmanbayuly shows a work dedicated to Akhmet Baitursynov, classifying its chapters. His exploits in the service are described and given with concrete evidence. Scientific views are listed and excerpts are given. The educational work of the scientist, who explained the ways of solving the language problem on the chosen topic, was studied.
«Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,
Ойлайтындай мен емес бір күнгісін.
Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын,
Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін»

Ахмет Байтұрсынұлы
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ ұлтының жанына кіріп шыққан тұлға. Бұл қазақ үшін ұлы Абайдан кейінгі адам. Қазақ әдебиетінде есімі елеулі, тіл білімі мен әдебиет теориясының негізін Бахтиннан бұрын салса, 1917 жылы әйел теңдігі мәселесін шешіп, қазаққа бас ақынын айқындап берген Ахаңның өмірі тек жанкештілікпен өткен. «Әлдилеп» ұйықтаған халықты масамен оятып, ғылымның шуағын шашты. Дәуірдің дана тұлғасы Ахмет ел тізгінін өзгеге ұстатпау үшін «Алаш» автономиясын ұлт көсемі Әлиханмен бірге құрып, «Қазақ» газетін жаңғыртты. Оның ерен еңбегі дәл бүгін білім мен ғылымның атасы ретінде көрініп, тарихымызды екшелегенде шығатын алыпты бір сөзбен ұлттың ұлағатты, рухани көсемі дейді. Ахметтану саласы өркен жайып, терең зерттеулер жүргізіліп, көрнекті Ахаң туралы архивтік құжаттарды, шығармаларын, биографиясын тереңнен қарастырған. Ұлттық әдебиетімізде де Ахмет Байтұрсыновтың әдеби көркем образы ашылады және міндетті тарихи көздерге кіріктірілген. Халықтың көкірек көзін ашуға негіздеп, қазақ әліпбиін жасады. Бұл ғылым жолында үлкен толағай табысы мен ерен ерлігі. Телжан Шонанұлы: «...Абайдан бастап әдебиетімізде жаңа бағыт пайда болды. Егер, біз Абайды сол бағыттың кірпішін калап, жаңа әдеби құрылысқа сілтеме жасады десек, Ахмет Байтұрсынов іргетасын салып, қабырғасын көтерді. Ендігі әрлеп-сырлауы, әшекейлі күмбезі – болашақ ақындардың ісі»[1]. «Қазақ» газетінде елдің басындағы мұқтаждық тіл мәселесі туралы проблемалар көтерді. Арнайы «Тіл құрал» еңбегін жазып шықты. Қазақтың жоғын түгендей Ахаң ірі қазақ тілі мен әдебиетінің зерттеу институтын жалғыз өзі бастап құрды. Олай дейтініміз, әліппеден бастап баланың қалай оқу керектігіне дейін жоспарлап, жұмсаған тері, еткен еңбегі жүз ғалымның жабыла жасаған жұмысынан әлдеқайда асқақ еді. Қазақ тіліне құрметпен қарап, балалардың ана тілінде сауат ашуын негіздейді. «Тіл – құрал» тұңғыш оқулық болуымен қатар, бастауыш мектепке, яғни алғашқы 4-5 жыл оқитын шәкірттерге арналғанымен, бұл – қазақ тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымын талдап, жүйелеп танытып берген, қазақ тіліндегі тұңғыш ғылыми жұмыстың басы болды», – дейді ф.ғ.д., профессор Р.Сыздықова [2, 21]. Ахмет көтерген проблемалар, қазіргі ұлттық кодтың тәуелсіздік аясында жаңғырту. Алаш идеясының құзғыны дөп басқан нысанаға көзделегені де бар. Бірақ интернационализмге әсерін тигізбеді. Бірлікті сақтай отырып, «ұлтшыл» айыбын жамылмаудың бір себебін, алаш зиялыларының әйелдері арқылы да білудің маңыздылығын сол кездегі қызыл саясат аңғармады. Ілияс Есенберлиннің «Мұхиттан өткен қайық» романындағы Алашорда үкіметінің мүшелері хақында айтылған автор пікірлерінен Ахмет алғашқылардың бірі деп бағаланып, алаштықтар ақталғанға дейін мұндай көркемдік ойды жазу үлкен еңбек. Ахаңның дарындылығы, кемелдігі туралы: «...Бізде қазір «Алашорда» деген не? Біз қазір күштіміз. Күшті қоғам әр қашанда кеңпейіл, жақсылықшыл келеді. Ал дарын қай заманда болса да дарын болып қалады. Адам өледі, бірақ оның дарыны қалады. Бұл сол ғой... Менің балам да оқымысты адам. Әлде қалай маған соның «қазір тіл жөнінде Ахмет Байтұрсыновтың «Тіл құралы» мен «Әдебиет танытқышының» бір тарауын алып, талқылап, толықтырып, жаңадан мысалдар келтіріп, ғалым болғандар көп дегені» есімде. Ал Ахметтің сол «Тіл құралы» әлде қашан жазылды! Егер жұрт содан бері негізінде сол «Тіл құралыдан» шыға алмай жүрсе, Ахмет оқымысты дарын емей немене?», – деген[3, 249]. Сөз етіп отырған кітап хақында Ахаңның өзі алғы сөзінде: «Орысша оқығандар оырс сөздерінің жүйесіне дағдыланып үйренген. Ноғайша оқығандар ноғай сөзінің дағдысына үйренген. Қазақ сөздерін алып, орыс я ноғай сөзінің жүйесімен тізсе, әрине, ол нағыз қазақша болып шықпайды. Сондай кемшілік болмас үшін һәр жұрт баласын әуелі өз тілінде оқытып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар әбден дағдыланғаннан кейін, басқаша оқыта бастайды. Біз де өз тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі өз тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша оқыту тиіс», – деген[4, 142]. Бұл пікірдің бүгінге дейін өз маңызы бар. Ана тілін сақтап қалу қазіргі қазақ тілінің болашағы мен бүгінгісіне алаң болып отырған лингвист ғалымдардың ауқымы зор, жариясы кең әлеуметтік мәселесіне терең соққан Ахаңның асыл ойы. Балабақшадан орыс тілінде лексиконына байып жүрген бүлдіршіндердің санасына сол сөздердің қазақша аудармасы қона ма? Асыл сөзіміз, тіліміз үш тұғырлы тілден кейін қайраты қажалғандай күйде тұрғандығын білеміз. Осылайша, тілді сақтау жолы біріншіден қалыптасқан әдеби тілдің қадірін кетірмей нықта берік қолдану арқылы күнделікті түзеп отыру процесінде жақсы нәтижелер көрсететіні анық.
Ғалымның «Қазақша сөз жазушыларға» атты «Шора» журалының 1913 жылы, нөмірі 4 санында жазған мақаласында: «Біздің қазақтың ісі жаңа басталып келеді. Не болары белгісіз. Қазақ я құрып жоқ болар, я өз тілімен де өзгелердей тіршілік етер. 20-ғасырға дейін шейін түріктің тілін аздырмай асыл қалпында алып келген, тіл турасындағы абырой мен алғыс қазаққа тиісті. Атаның аздырмай берген мүлкін, қолымызға алып быт-шытын шығарсақ, ол ұнамды іс болмас», – дейді [4, 399]. Қазақ тіліне енген кірме сөздердің көбеюінің басты себебін айқындап, тіл шұбарланудың алдын алуды көздейді. Тілді мұқият зерттеп, салыстырмалы әдісті жақсы меңгерген Ахаңның ғылыми мектебі сарқылмайтын ізденістен туған. Тіл туралы актуальды мәселелерді өндіре жазып, үлкен көрегендікпен әзірбайжан, түрік, татар, башқұрт сынды түрлі түркі тектес халықтардың жалпы грамматикасымен салыстырып отырады. Сондай-ақ мектепке керекті білімді жинақтау істерінде мақалаларында пікір жариялап, толықтырып, талқылап газеттерге шығарып отырды. Әр мақала аясында ілім сәулесі тілдің тазалығы мен ана тілін қуаттаумен аяқтайтыны көрінеді. Мектеп үшін арнайы қазақ тілінде жазылған кітаптар жоқ болғандықтан, бұл істі жүк етіп арқалап, білек сыбана кіріседі. Осы ойды Ахаң «Қазақ» газетінде 1914 жылы 17 мамыр айында нөмірі 6 санында шыққан мақаласында былай деп түйіндейді: «Ана тілімен оқытамыз деген пікір – кіли орыстан тегі басқа, тілі басқа жұрттың бәрі қуаттайтын пікір. Ана тілімен оқу бізге де керек екендігінде еш талас болмасқа керек. Назаров кеңесінде қазақта ана тілімен оқуға оқу кітаптары жоқ деп, бірден орысша оқытуды қуаттаушы чиновниктер болған. Сондай сөздер болмас үшін ана тілінде оқытатын кітаптарымыз бар деп айтуға жарарлық болуымыз тиіс» [4, 440].
Кеңестік дәуірдің құрсауында рухани көсемнің «Мәдениет тарихы» атты кітаптарының жоғалуы жанды ауыртатыны сөзсіз. Дегенмен, бізге жеткен терминологиялық сөздіктері, оқу құралдары, әліпбидің, әдістеменің, әдебиет теориясына қатысты бірыңғай жоқтың көзін жасап, негізін салғанын және сол арқылы бүгінгі ғасырда қазақ филологиясының тарихында тұрған білімі мен тәжірибесі зор ғалым. Зерттеуші Ш.Құрманбайұлы Ахмет Байтұрсыновқа арнаған еңбегінде, зерттеуінде келтіргендей ғалымның ұлты үшін жасаған қызметін жіктеп былайша қарастырады: «1).Қазақ тілі білімінің терминологиясын жасаушы; 2).Қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салған, тұңғыш әдебиет теориясын жазған ғалым осы ғылым саласының ғылыми терминологиясын да жасаған; 3).Әдістеме, тарих және этнографияға, жалпы мәдениетке қатысты көптеген терминдер жасаған; 4).Қазақ тілінің сөзжасам тәсілдерін анықтап, терминжасам тәжірибесінде кеңінен пайдаланған ғалым; 5).Жекелеген ғылым салаларының ғана емес, бүкіл қазақ терминологиясының қалыптасуына тікелей әсер еткен айрықша тұлға; 6).Қазақ терминологиясын қалыптастыру мен дамытудың бағыт-бағдарын айқындаушы; 7).Қазақ оқығандары жасап, ресми бекіткен терминология қағидаттарын бүкіл түркі халықтарына ұсына отырып, түбі бір туыстас тілдердің терминологиялық қорының ортақтық сипатын арттыруды көздеген кең тынысты түрколог ғалым» [5, 29-46]. Әлбетте, бұл бір адамның басына аз жұмыс емес. Егер А.Байтұрсынұлы басқарушы билік тарапынан 5 рет сотталып, 2 рет жер аударылмағанда өзі сүйген әз ұлтты үшін тағы талай жұмыстарды атқарар еді-ау! Зерттеуші қарастырып отырған терминология саласы бойынша Ахметтің даралығы мен даналығын нақты көрсете алған. Ол түйін сөзін «аса көрнекті тілші ғалым» деп қорытыпты [5, 53]. Ұлттының жанашыры, Ахаңның жасаған ісі ғасырлар бойы сақталатын құндылығы жоғары еңбек болып қалары айтпаса да түсінікті.
Қазақ қоғамын терең түсінген Ахаңның «Қазақ газетінің 1917 жылғы 229 санындағы «Сайлау хұқы» деген мақаласында әйелдерге ерлермен бірдей тең құқық беру керектігін алға тартады, Думаға да осы мәселені қояды. Алаш арыстарының бұл идеясы кейіннен «Алаш» партиясының платформасынан да көрініс тапты. 1917 жылдың 25 сәуірі мен 7 мамыры аралығында Орынборда өткен жалпықазақ съезінде «Алаш» партиясы қазақ әйелдерінің теңдігі туралы мәселені көтереді. Осы мәселеге орай бұйрықтар жасалды: 1. Әйелдер мен ерлердің саяси құқығы тең болу керек.
2. Әйел өзінің күйеуге шығу мәселесін өзі шешеді.
3. Қалың малды жою.
4. Қыздарға 16 жасқа дейін, ер адамдарға 18 жасқа дейін үйленуге тыйым салу.
5. Үйлену үшін күйеу жігіттің ғана емес, қалыңдықтың да келісімі қажет.
6. Жесір әйел кімге күйеуге шығарын өзі шешеді.
7. Екі әйел алу тек бірінші әйелдің келісімімен ғана орындалады.
Байтұрсынов Ахметтің жеке өмірінде аралас құралас болған достарының да жақсы естеліктерге толы деп суреттейді. «Ойына сөзі дәл, тілге жайлы, көркем, халықтың керегіне, кемшілігіне ғана айналған өлеңдер Ахмет Байтұрсыновтікі. Ахмет өлеңдерін ақындық еркі билеп, қиял ермегі айдап шығармайды. Ойды оятуға, миды сергітуге мұңлы мұқтаж, терең мақсат түртіп шығарады. Біресе ызамен зекіп айтып, біресе зарланып, шермен айтып, біресе ақыл қылып, сипап айтып, не қылса, халықтың көзін ашпақ. Өлеңінде толғанған ой, тоқыған шердің көп ізі бар, бірақ бұған қарап, қиялы шалқып, шарықтап кетпейді. Ылғи халықтың нәзіктенбеген сезімін, жетілмеген ұғымымен есептесіп отырады. Ахметтің көзге түсерлік бір өнері – переводқа шеберлігі» (Жүсіпбек Аймауытов, 1918 жыл).
Ахмет Байтұрсынов ауылдағы екі жылдық, Орынбордағы төрт жылдық мұғалімдер мектептерін ғана бітірген болса да, Сәкен Сейфуллиннің айтуынша: «Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губерния соттарына күш салып, тілмәш болып, кейбірі арын сатып ұлықтық іздеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды... халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті. Ол замана ағымымен кетпей, өзгелер құсап қазақ халқын бай, кедейге бөлмей, тұтас жақсы көрді, намысын бірдей жыртты, арын бірге жоқтады».




Пайдаланылған әдебиеттер:

  • Ақылбек Шаяхмет: «Қазақ» газеті – ұлт ұйтқысы. https://adebiportal.kz/kz/news/view/12648

  • Байтұрсынұлы Ахмет Б 20 Алты томдық шығармалар жинағы. Тіл – құрал (қазақ тілі мен оқуағартуға қатысты еңбектері). – Алматы: «Ел-шежіре», – 2013. Т. ІІІ: –384 б.

  • Мұхиттан өткен қайық. –Алматы: «І.Есенберлин атындағы қор», 2001.

  • Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. –Алматы, «Ана тілі», 1992, 448 бет.

  • Құрманбайұлы Ш. Алаш және терминтану. Монография. – Алматы: Ел-шежіре, 2008.-240 б., Б. 7-25, 29-46, 47-53.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет