М. Шакенова +7 775 343 95 61



бет2/12
Дата19.02.2023
өлшемі74,07 Kb.
#69304
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Ключевые слова: темпоральная категория, концепт времени, категория времени глагола.
The manifestation of the temporal category in the works of Ahmet Baitursynuly
The article discusses the ways of forming the temporal category found in the works of Akhmet Baitursynov, in particular, the formation of the category of time. Despite the fact that the scientist did not take the temporal category as an object of study and did not specifically focus on this topic in his scientific works, we noticed that the concept of time is fully included in the disclosure of the temporal category of verbs and participles. Revealing the grammatical features of verbs, the scientist pointed out that they denote not only the process of action, but also the time in the sentence. Thus, an overview was made of the principle followed by the scholar in explaining and defining grammatical units. The article shows in which topics Akhmet Baitursynuly revealed the concept of time. Time, that is, the most recognizable aspect of the tesporal category, is revealed through the verb, including the category of time, and secondly, through adverbs, the term and time of the action process are also given. Ahmet Baytursynuly included the class of adverbs in the number of words denoting time, and dwelled on its types separately on the subject of adverbs of time. Thus, according to the research of Ahmet Baitursynuly, we have determined the function of the adverb in the sentence and its place in functional grammar. The general aspects of functional grammar were compared with the works of Akhmet Baitursynov, as well as the novelties of the scientist's research in the context of today.
Key words: temporal category, concept of time, verb tense category.
Шақ категориясы – етістіктің басты қасиеті. Етістік үш жақтың (осы шақ, өткен шақ, келер шақ) бірінде тұрып, іс-әрекеттің сөйлеушіден бұрын я кейін, немесе, керісінше, дәл сол сәтте орындалғанын көрсетеді. Яғни, етістікті қолданудағы сөйлеушінің басты мақсаты – қимылдың орындалғанын я орындалатынын көрсетіп, тыңдаушыға түсінікті етіп жеткізу.
Соған қарамастан, функционалды грамматиканың құрылымды грамматикадан ерекшелігі – оның сөйлеу әрекетінде белгілі бір сөздің (біздің жағдайымызда етістіктің) қандай формада тұрғанын анықтау емес, оның қандай мақсатпен әрі қалай тіркесе қолданғанына, жалпы сөйленімде қандай қызмет атқарып тұрғанына назар аудару. Күнделікті өмірде етістіктің қандай форматында, қай жұрнақтарды жалғап қолданатынымызды іріктемейтіндіктен де, тіл өзінің жанды қалыбында жұмсалады. Бұл – функционалды грамматикада орын алатын басты заңдылық, яғни формадан мазмұнға емес, мазмұннан формаға қарай зерттеу арқылы тілдің жалпы көрінісін бағалай аламыз. Бұл – қазіргі функционалды грамматиканы зерттеу нысанына алған ғалымдардың (Д.Әлкебаева «Қазақ тілінің функционалды грамматикасы», Ш.Құрманбайұлы «Қазақ тілінің функционалды грамматикасы» еңбектерінен көрініс тапқан) басты дәйегі. Яғни, темпоралдық категорияны зерттеуде де тек қана шақ категориясының жасалуына мән беріп қоймаймыз. Өйткені іс-әрекеттің жүзеге асырылғанын әртүрлі формалар арқылы бере аламыз. Бұл ойды қазақ ғалымдарының ішінде бірінші болып жеткізген – Ахмет Байтұрсынұлы. Жалпы, Ахмет Байтұрсынұлының бізге жеткен еңбектерін саралай отырсақ, грамматиканың өзін формадан мазмұнға емес, мазмұннан формаға қарай жеткізе білген. Яғни, ғалымның алдына қойған басты мақсаттарының бірі – мағынаны түсіну арқылы оның жасалу жолына, тіркесуіне, түзілуіне мән беру [1].
Уақытты білдірудің бірден бір жолы – етістікті уақытқа сай формада жұмсап қолдану. Яғни, темпоралдық категорияның негізгі жасалу жолы – шақ категориясы. Д.Әлкебаева «Қазақ тілінің функционалды грамматикасы» еңбегінде жазғандай, темпоралдық орталық өзегінің тілдік тәсілі ретінде етістіктің грамматикалық категорияларын жатқызамыз [2]. Ал темпоралдық категорияның басты өзегі болып танылған етістіктің грамматикалық категорияларын Ахмет Байтұрсынұлы қалай жіктеп қарастырған?
Ең алдымен, Ахмет Байтұрсынұлы «Тіл құрал» еңбегінде көрсеткендей, етістік – заттың еткен-етпегенін көрсететін сөздер тобы. Ғалым етістіктерді түсіндіруде «Күн жаумады», «Су тасыды» сөйлемдерін мысалға алған [1, 231]. Біреуінде іс-әрекет болымсыз мағынада, екіншісі болымды мағынада қолданылып, қимылдың айтушының алдында орындалған. Яғни, сөйлем екі сөзден құралса да, уақыттың қашан болғанын қимылдың өзі арқылы болжап біле аламыз. Бұл – темпоралдық категорияның көрінетін тұсы. Д.Әлкебаева «Қазақ тілінің функционалды грамматикасы» еңбегінде атап кеткендей, функционалды-семантикалық темпоралдық өрісі сөйлеп тұрған сәтке немесе басқа да есептеу нүктесіне байланысты қимылдың мезгілін білдіреді.
Мезгілді білдіру, шақ категориясында көрінсе, бұл категория түрі Ахмет Байтұрынұлының еңбегінде ашық райды жіктеп қарастыруда көрініс тапқан. Ғалым осы шақтың өзін үнемді және үнемсіз көсемшелер арқылы жасалатын екі түрге бөліп қарастырған. Үнемді көсемшеге «-а», «-е», «-й» формалы жұрнақтарын, үнемсіз көсемшеге «-ып», «-іп», «-п» жұрнақтарын жатқыза отырып, осы шақты екіге бөліп қарастырады. «Жаза бересің» мен «жазып бересің» тіркестерінің арасында бір қарағанда еш айырмашылық көрінбеуі мүмкін. Мәнмәтінде оның қандай шақта әрі қандай мақсатпен айтылғаны түсінікті болатын бұл тіркестердің басты айырмашылығы – көсемшенің жұрнағында ғана. Ахмет Байтұрсынұлы осы шақты жіктеген түрін қазіргі функционалды грамматиканың темпоралдық категориясы аясында қарастырсақ, айырмашылық аз емес. Біріншіден, А.Солтанбекова «VI шақтық локальдылық /бейлокалдылық функционалды-семантикалық категориясы» еңбегінде атап көрсеткендей, белгілі бір шақ арқылы іс-әрекеттің болу уақыты мен оның созыңқылығын, өту мезетін таба аламыз. Ғалым етістіктердің сөйленім барысында атқаратын қызметіне байланысты «субъектінің кеңістіктегі қалпын білдіретін етістіктер», «үздіксіз қайта-қайта қайталануды білдіретін көмекші етістіктер», «іс-әрекеттерді жол-жөнекей жүзеге асыратын етістіктер», «іс-әрекеттік күнделікті қалпындағы күйін аңғартатын етістіктер», «қимыл-әрекеттің бір уақыт осіне тәуелді тұрғанын анықтайтын етістіктер» бөліп қарастырған [3, 78]. Яғни, Ахмет Байтұрсынұлы үнемді көсемше мен үнемсіз көсемшелерді екі бөлек қарастыруы – оның білдіретін мағынасында. Біріншіде қимыл іс-әрекеттің әрқашан қайталанатын формасын білдірсе, «-ып», «-іп», «-п» формасы арқылы іс-әрекетті келер шақпен де шатастырып алуымыз мүмкін. Сондықтан да функционалды грамматиканы қарастырғанда жеке тілдік бірліктерді аздық етеді, келер шақтық я осы шақтық мағына тек сөйлеушінің толық ойын түсінгенде ғана көрініс табады.
Іс-әрекеттің сөйлеушіден бұрын орындалғанын көрсетуде де Ахмет Байтұрсынұлы екі түрлі жұрнақ арқылы бөліп қарастырады: «жаза бердім», «сынап тұрдым». Егер осы шақ формасында бірінші етіктіктің жұрнақтары өзгеріске түссе, өткен шақта, керісінше, көмекші етістік қызметін атқарып тұрған сөз өзгеріске ұшырайды да, өткен шақтың формасын өзіне қабылдайды. Яғни, Ахмет Байтұрсынұлы көрсеткендей, іс-әрекеттің өтуі екінші сөзге тікелей байналысты.
Іс-әрекеттің келер шағына қатысты Ахмет Байтұрсынұлы «жаза берермін», «жаза берерсің», «жаза берер», «жазып берермін», «сынап тұрармыз», «сынап тұрар» сынды мысалдардың жіктелуі арқылы көрсетіп береді. Мысалдан аңғаруға тұрарлық нәрсе – үнемді, үнемсіз көсемше формалары негізгі етістікке жалғанса, шақтың өзі, яғни, қимылдың өту мезеті екінші сөзге жалғанған. «-ер», «-ар» формасы арқылы келер шақты Ахмет Байтұрсынұлы, осылайша, көмекші сөзге жалғаған.
Темпоралдық категорияның басты өзегі шақ категориясы арқылы жалғанған болса, Ахмет Байтұрсынұлының зерттеуінде тіркесе келген етістік үнемді, үнемсіз көсемшелер арқылы іс-әрекеттің келер, өткен я осы сәтті білдіретінін көреміз. Яғни, ғалым бір ғана көсемше формасы арқылы негізгі етістіктті сол қалпында қалдырып, уақытты білдіретін жұрнақты екінші, көмекші сөзге жалғап отырған.
Темпоралдық категориясы шақ формасы арқылы уақыттың қай мезетте өту барысын көрсеткенімен, кейде нақты уақытын білдіре алмайды. Себебі темпоралдық – ішкі уақыт пен сыртқы уақыттың сипаттамасы [4, 104]. Сан есімдердің сөйлемде қолданылуы, септік формаларының тіркесуі арқылы көрініс тауып жатады. Ахмет Байтұрсынұлы бұл туралы шылау сөздер тарауында, яғни, үстеу сөздерді талдауда кеңірек тоқталады. Ғалым жіктеуінше, үстеудің басты қызметі – кей сөздер басқа сөздердің мағынасын толықтырады және олар үстеу болады. Үстеудің темпоралдық қызмет атқаратынына Ахмет Байтұрсынұлы еңбегінен мысал келтірейік. Ғалым өз еңбегінде кездесетін «Бұрын адам аз, жер кең болған, енді адам көп, жер тар болды» деген сөйлемдегі «бұрын» сөзі уақытты білдіреді. Яғни, темпоралдылық, біріншіден, етістіктің өткен шақ формасы арқылы көрінсе, екіншіден, мезгіл үстеуі арқылы көрініс тапқан.
Темпоралдылық мезгіл үстеуі арқылы беріледі. Ғалым мегзілдік үстеуді «Істің мезгілін көрсететін сөздер» деп атап, олардың зат есімнен де, есімдіктен де, етістіктен де болатынын жазады да, «Атам заманнан», «күн сайын» деген екі мысалды көрсетіп береді. Бұл – уақытты білдіретін үстеулер. Дәл осы үстеу сөз табы зат есімнен де жасалатынын ғалым ашық түрде айтып береді. Яғни, темпоралдылық зат есімдердің тіркесуінен жасалуы мүмкін, ең бастысы – бұл сөздердің уақытты, белгілі бір мезетті білдіруінде.
Ғалымның өзінің еңбегінде қолданған жаңаша терминдердің бірі – «туынды үстеулер» һәм «түпкі үстеулер». «Кеше», «ертең», «бүрсі күн», «бұрнағы жыл», «алдыңғы күн», «қашаннан», «ілезде», «алдыңғы жыл» сынды сөздер туынды үстеу құраса, «мана», «әлі», «дәйім», «дереу», «бұрын» сөздері түпкі мезгілдік үстеулер болмақ. Бұлар белгілі бір сөйлемде қолданыла келе, негізгі өріске қосымша мағына беріп, істің қашан әрі дәл қандай уақытта орындалғанын немесе орындалатынын нақтылап береді. Яғни, сөйлемде шақ категориясы басты қызмет атқарғанымен, нақтылықты кейде бере алмайды. Ал темпоралдықтың негізгі өрісі, нақытылығы дәл осы үстеу сөздердің қолданысынан аңғара аламыз.
Темпоралдық категорияны қазақ салты мен дүниетанымында қолданудың өзіндік ерекшілігі бар [5, 68]. Бұны Ахмет Байтұрсынов арнайы зерттеу нысаны ретінде алып қарастырмаса да, сөз тіркестері мен фразеологизмдер арқылы халық дүниетанымына жақын сөз тіркестері ретінде «таңнан кешке дейін», «сүт пісірім уақытта», «ет қайнатым уақыт» деген мысалдарды келтіреді. Яғни, уақыт қандай халық болмасын құнды дүние ретінде саналса, оның әр халықтың жеке қабылдауына байланысты ғалым өзіндік түйін де келтіре кетеді. Уақыттың өзі адам түсінігіне сай өзгеруі мүмкін.
Темпоралдық категориясы – сөйлеушінің білгілі бір уақыт аралығында тыңдаушыға жеткізетін ойы. Ол сөйлеуші айтып жатқан сәтінен бұрын немесе кейін, керісінше, дәл сол уақытта да жұмсалуы мүмкін. Кез келген сөйлем белгілі бір мағыналы ойды жеткізе білсе, ол, ең алдымен, сөйлемде кездесетін етістік арқылы анықталады. Етістіктің шақ категориясы – уақытты білдіре алатын темпоралдық категориясының негізгі өрісі. Етістік арқылы ғана біз белгілі бір ақпараттық кодты қашан орындалғанына көзімізді жеткіземіз. Ал үстеу сөз таптарының, уақытты білдіретін тұрақты сөз тіркестерінің қолданылуы уақытты нақты әрі дәлме-дәл анықтап бере алады. Темпоралдық категориясының басты мақсаты тыңдаушыға уақыттың қашан орындалғанын я орындалатынын көрсету болса, оны үстеу сөз табы мен етістік арқылы бере аламыз. Өз еңбектерінде уақыттың сөйлемде қаншалықты маңыздылыққа ие екенін шақ категориясы арқылы көрсете білген Ахмет Байтұрсынұлы іс-әрекеттің үш жақтың бірінде тұрып, сөйлемде темпоралдық категорияны білдіретінін «Тіл – құрал» еңбегінде толықтай бере білді. Біз білетін темпоралдық категориясы Ахмет Байтұсынұлының ашық райды жіктеудегі бір ғана кестесіне сыйып, уақыт ұғымының етістікке қатысы бір ғана тақырыбында ашылған.

Әдебиеттер

  • Байтұрсынов А. Тіл тағылымы (қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері) – Алматы, «Ана тілі», 1992, 448 бет.

  • Әлкебаева Д. Қазақ тілінің функционалды грамматикасы: оқулық / Д.Әлкебаева. – Алматы: Қазақ университеті, 2019.-200 б.

  • Солтанбекова А. Функционалды грамматикадағы шақтық локалдылық категориясы / А. А. Солтанбекова ; [жауапты ред. Е. Н. Жанпейісов] ; ҚР Білім және ғылым м-гі [және т.б.]. - Алматы : Мемлекеттік тілді дамыту ин-ты, 2012, 199 бет.

  • Жаңабекова А. Қазақ тіліндегі "уақыт" ұғымының тілдік парадигмасы / А. Ә. Жаңабекова; [жауапты ред. З. Қ. Ахметжанова] ; ҚР Білім және ғылым м-гі [және т.б.]. - Алматы : Шапағат-Нұр, 2011. - 508 б

  • Қазақ тілінің функционалды грамматикасы / ҚР Білім және ғылым м-гі, Ғылым комитеті, А. Байтұрсынұлы атын. тіл білімі ин-ты; [жауапты шығ. О. Жұбаева]. - Алматы : Ануар-KZ, 2010. – 721 б.

Reference

  • Baitursynov A. (1992) Til tagylymy (qazaq tili men oqu-agartuga qatysty enbekteri) [Language guide (works related to the Kazakh language and education)]. Almaty. 1992. 448 p.

  • Alkebaeva D. (2019) Qazaq tilining funksionaldy grammatikasy [functional grammar of the Kazakh language]. Almaty. 2019. 200 p. (in Kazakh)

  • Soltanbekova A. Funksionaldy grammatikadagy shaqtyq lokaldylyq kategoriasy [Category of tense locality in functional grammar]. Almaty. 2012. 199 p.

  • Zhanabekova A. Qazaq tilindegi ‘uaqyt’ ugumynyn tildik paradigmasy [language paradigm of the concept of time in the Kazakh language]. Almaty. 2011. 508 p.

  • Qazaq tilining funksionaldy qrammatikasy [functional grammar of the Kazakh language]. Almaty. 2010. 721 p.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет