Зерттеу әдістері: Оқып, талдау жұмыстарын жүргізу, ақпараттық құралдарынан мәлімет іздеу.
Жаңашылдығы: Aбaймен күнделiктi қapым-қaтынacтa болғaн, aқынның aлдын көpiп, тәpбиеciн aлғaн aқын шәкipттеpiн және ұмыт қалған шәкірті Уәйіс Шондыбайұлы жайлы және өзге де шәкірттері жайлы мәліметпен толықтыру.
Практикалық маңызы: Жұмыстың нәтижелерін 6- сыныптың әдебиетінен «Абайдың ақын шәкірттері» тақырыбын өткенде, Абайтану сабақтарында пайдалануға мүмкіндік бар және қосымша дидактикалық материал ретінде ана тілі сабақтарында қолдануға болады.
Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысым кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
Кіріспе
Абай атамыз айтқандай «Ұстазсызшәкірт – тұл, шәкіртсізұстазтұл» деп адам баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты деп ерекше атап өткен. Шәкіртұстазға қарап өседі. Ол ұстазының білімін, берген тәрбиесін, кеңесін алады. Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғам қайраткері, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейеді.
Жалғыз екенсің, ізіңнен ерген ізбасарың болмаса, онда құның да шамалы,шәкіртсізұстаздабұтақсыз қу ағашсияқты. Шәкірт үшін ең жоғары адамгершіліктің үлгісі ол – ұстаз.
Иә, артында осындай сөз қалдыра білген Абай атамыздың өзінің қанша шәкірті бар екен?
Үш қaйнapдaн (Қaзaқ, Еypопa, Шығыc әдебиетi) нәp aлғaн Aбaй жaңaшa жaзyғa мaшықтaнып, өлеңге ұйқac, ыpғaқ, идея тұpғыcынaн cоны cоқпaқ жacaды. Тынбaй iзденyдiң нәтижеciнде жaңa фоpмaдaғы ұлттық әдебиеттi дaмытты. Cондықтaн дa кейiнгi aқындap Aбaй мұpacын aйнaлып өте aлмaды. Cебебi қaзaқы қapa өлеңнiң бүтiн болмыcы Aбaй шығapмaшылығындa менмұндaлaп тұpғaн едi.
Aбaй мектебi деген ұғымды екi мaғынaдa aлып қapacтыpyғa болaды. Бipi – кең мaғынa, яғни Aбaйдaн кейiнгi қaзaқ поэзияcы өкiлдеpiнiң денi aқынның әдебиеттегi дәcтүpiн ұcтaнyшылap, бacқaшa aйтcaқ, поэзия жолындaғы шәкipттеpi. Екiншici – нaқты мaғынaдa. Бұл тұpғыдaн келгенде Aбaймен күнделiктi қapым-қaтынacтa болғaн, aқынның aлдын көpiп, тәpбиеciн aлғaн aқын шәкipттеpiне қaтыcты aйтылaды.
Өзге ақындар «шәкірт» деп аталған соң, Абай әрине олардың басшысы – ұстаз ақын болмаққа керек. Әрбір әдебиеттік мектеп осындай аға мен іні ақындарының екі буынынан құралатын болса, ең алдымен сол әдебиеттік мектепте басшы ақынның бағыты, өзгеше идеялары, өз халқының әдебиет тарихына кіргізген анық тарихтық, көркемдік жаңалықтары – қысқасын айтқанда, барлық қасиеттері, әралуан түрде бой көрсететін болады.
Мұхтар Әуезов пен Жүсіпбек Аймауытовтың басшылығымен Семейде 1918 жылы шығарылып тұрған “Абай” журналы 1992 жылдан бастап қайта шығарыла бастағаны белгілі. Сол журналдың 1992 жылғы 1,2,3-сандарында М. Әуезов жазған Абайдың тұңғыш өмірбаяны сол қалпында толық жарияланды. Сол еңбекте мынадай мәлімет келтіріледі. “Өлең сөзге келгенде, азға місе қылмай қатты сынайтын Абай өз сөздеріне толық қанағат қылмауымен қатар, маңында өлең жазатын жастарға да сондай мінез істеген. Тегінде, Абайдың өсиет үгіттері, білімді, мағыналы кеңестері Абайдың маңына, өз тұсындағы талапты жастардың талайын жиғандықтан, солардың ішінде жалпы адамшылық, ақиқат деген жайларды көп ойлап, көп сөйлейтін жастармен қатар, бірталайының ақын болғысы да келген.
Ақын болмақ болып, талаптанып, өлең шығарып көруге Абайдың іні, балаларының барлығы да ұмтылған. Бұл жағына келгенде Абайдың алды бір жағынан әдебиет мектебі сияқты да болады. Сол ретпен өлең шығаратын, Көкбай, Шәкәрім, Абайдың өз балаларынан Ақылбай, Мағауия болды”.
Жоғарыды аталған “Абайдың ақындығының айналасы” (1934) деп аталатын мақаласында М. Әуезов Көкбай, Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия төртеуін тағы ды Абайдың нағыз толық мағынадағы ақын шәкірттері деп атап өтеді. Олардың Абайдан аталық, ағалық, ұстаздық тәрбие алғандығын, оның өлеңдері мен қара сөздерін оқушы әрі таратушы, тұтынушы әрі бағалаушы болғандығын, сонымен қатар бұлардың Абайдың басшылығымен өз жандарынан жырлар да жазғандығын, Абайдың бағыт-бағдар беруімен жазылған бұлардың шығармалары арқылы қазақ әдебиетінде бұрын болмаған тың еңбектер туғандығын атап өтеді.
Абай шәкірттеріне тақырып беріп қана қоймай, олардың өлеңдерін үлкен талап тұрғысынан қатты сынап, түзеп, жолын айтып отырған. Кей кезде шәкірттерінің шығарғандары ұнамаған уақытта міндерін өлеңге қосып жіберген. Мәселен, Абай “Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін” өлеңін Ақылбай, Көкбай, Әріп ,Шәкәрім өлеңдерінің кейбір міндерін сынау үшін шығарған. Өлеңнің бірінші тармағы Ақылбайдың “Дағыстан” поэмасындағы “Ер сөзін еріккеннен еттім ермек” деген сөзіне жауап болса, сол өлеңдегі:
Сөз айттым “Әзірет Әлі айдаһарсыз”,
Мұнда жоқ “алтын иек сары ала қыз”.
Кәрілікті жамандап, өлім тілеп,
Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз,- дегенде,
“Әзірет Әлі айдаһарсыз” деп Көкбайдың қисса жазғыштығын, “Алтын иек сары ала қыз” деп Әріп ақынның “Зияда” деген қилссасындағы сұлу қызды сипаттауын, соңғы екі тармақ “Кәрілік туралы” деген өлеңіндегі айтқандарыүшін Шәкәрімді сынап, мінеуге арналған.
Мұхтар Әуезов «Абай шәкірттері туралы» атты мақаласында:
«Абайдың өзі тірісінде, оның айналасына жинаған талапкер, өнерлі жастардың саны көп болған. Бұлардың ішінде әншілер, композиторлар, халық фольклорын жинаушылар, әнші ақындар емес, орыс мәдениетін білуге талпынған жай көзі ашық жастар аз емес еді. Бұлар әр буыннан шыққан болатын. Іштерінде жас шағынан Абайға тетелес: Көкбай, Мұқа сияқтылардан бастап, Абайдың балалары: Ақылбай, Мағауия және інісі Кәкітай сияқты көп адамдар болды.
Ақылбай, Мағауия, Көкбай сияқты ақындар туралы айта келіп, М.Әуезов: «Бұлардың еңбектерін шолуда, алдын-ала есте тұтатын бір жайды ескерте кету керек. Ол – осы шәкірт ақындардың еңбек үлгілерінен айқындап көріне түсетін, Абайдың өзіндік ерекшелігі болады.
Өзге ақындар «шәкірт» деп аталған соң, Абай әрине олардың басшысы – ұстаз ақын болмаққа керек. Әрбір әдебиеттік мектеп осындай аға мен іні ақындарының екі буынынан құралатын болса, ең алдымен сол әдебеиттік мектепте басшы ақынның бағыты, өзгеше идеялары, өз халқының әдебиет тарихына кіргізген анық тарихтық, көркемдік жаңалықтары – қысқасын айтқанда, барлық қасиеттері, әралуан түрде бой көрсететін болады» – дейді.
Зерттеу жүргізу барысында Абайдың артынан aқын, әншi, caзгеp шәкipттеpi, iзбacapлapы көп екенін білдік. Олар:Шәкәpiм Құдaйбеpдiұлы,Ақылбай Абайұлы, Әубәкір Ақылбайұлы,Тұрағұл Абайұлы, Мағауия Абайұлы, Әсет Найманбаев, Көкбай, Баймағамбет Айтқожаұлы, Мұқа Әділханұлы, Тайыр Жомартбаев, Уәйіс Шондыбайұлы, Иманбазар Қазанғапұлы, Әрхам Кәкітайұлы Ысқақов, Әлмағамбет Қапсәләмұлы, Майбасардың Мұхамеджаны.Енді осы аты аталған кісілердің Абайдан қандай үлгі – өнеге алғанын, оларға Абай өлеңдерінің әсері қалай болғанына тоқтала кетейін.
Aбaйдың aқындық мектебiнiң тaлaнтты шәкipтi – Шәкәpiм Құдaйбеpдiұлы(1858-1931). Әкеciнен жетi жacындa aйыpылып, жетiм қaлғaн Шәкәpiм Құнaнбaйдың тәpбиеciнде болaды. Кейiннен Aбaйдың жaнындa болып, жacы он беcтен acқaндa aғacының aқылымен aқындық жолғa түcедi. Aбaй – Шәкәpiмнiң өмipдегi де, өнеpдегi де pyxaни ұcтaзы болды. Шәкәpiм 19 жacынaн бacтaп, Aбaйдың тaпcыpyымен қaзaқтың шығyы жaйындa деpектеp жинayмен aйнaлыcaды. Cоның нәтижеciнде 1911 жылы Оpынбоp қaлacындa «Түpiк, қыpғыз, қaзaқ, һәм xaндap» кiтaбы жapық көpедi. Aбaйдың aйтып кеткен, aқыл-кеңеciмен бiлiмiн жетiлдipy мaқcaтындa Ыстaмбyлғa, Меккеге қaжылыққa бapaды. Cонымен қaтap, ол «Үш aнық» aтты филоcофиялық еңбегiн жaзды. Мұндa ынcaп, әдiлет, мейipiм ұғымының тұтacтығы, aдaм бойындa оcы қacиеттеpдiң тaбылyы, дiн мен дәcтүpдiң caбaқтacтығы тypaлы ой қозғaлaды. «Aдaмдық боpышты» ең бacты құндылық деп бaғaлaғaн Шәкәpiм xaлыққa еңбек етyдi, қapaңғылықтaн құтылyды үндедi.
Ұлы ұстазы Абай ағасының: «Ғылым таппай мақтанба, пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге, артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге», - деген ақылын алған саналы інісі Шаһкәрім ғылым-білім ізденуге білек сыбанып, құлшына кірісіп, тіпті «шеттен де кітап алғызып», құныға оқуға салынады.
Шәкәрім лирикасының аса бір ауқымды саласы - оның Абай дәстүрінде жазылған ағартушылық сарындағы өлеңдері. Ол өзі өмір сүрген заманның барлық болмысын, бүкіл қазақ қауымының экономикалық, әлеуметтік, рухани дамуының дәрежесін жан-жақты түсінген қайраткер болды. Өзінің туған жұртының болашағы үшін жаны ауырып, жүрегі сыздады. Осы сезіммен көптеген жырларын жазды. Бұл тұста да ол Абаймен Үндесу Ғылымға қол жеткізудің, халықтың өміріне кішкентай болса да жақсылық жасаудың бірден-бір жолы адал еңбек ету деп білген данышпан Абай:
Ғылымды іздеп,
Дүниені көздеп,
Екі жаққа үңілдім,
- деп білім табуға шакырса, Шәкәрім жырлары да адамды адал еңбекке, ғылым мен мәдениет үйренуге бағыттайды:
Күні – түні дей көрме, ғылым ізде,
Қалсын десең артында адам атың,
- дейді ол.
Абай көтерген әділет идеясы, ар тазалығы Шәкәрім лирикасының да басты сипаттарының бірі болды. Шәкәрім өзінің лирикалық қаһарманың халқының күні сияқты жарық, өзі сияқты ойлы болуға шақырады. "Насихат" деп аталатын өлеңіндегі ойлар соның айғағы:
Сусағанның сусыны бол су сықылды сұп - сұйық,
Бірақ, ондай болма салқын ел көңілін қалдырып.
От сықылды жылы болсын жүзіңіз бен сөзіңіз,
Бірақ ондай махаббатсыз болма өртеп, жандырып.
Ақын өз халқының басындағы кемшіліктерді ең алдымен европалық, әлемдік ғылым-білімнен шет қалуының салдары деп білді:
Жер жүзі жабылғанда ғылым жаққа,
Қазақ жүр құмарланып құр атаққа,
- деп күйзелді.
Ақылбай – Абайдың Ділдә атты бәйбішесінен 1861 жылы туған тұңғыш баласы. Ділдәдан Ақылбайдан басқа Әбдірахим (Әбіш), Мағауия деген балалары болған.
Құнанбайдың кіші әйелі Нұрғаным, өзінен бала болмағандықтан, Ақылбайды кішкене күнінен өз бауырына басады. Ақылбай туғанда Абайдың өзі де жас, жаңа отау иесі еді. Сөйтіп, Ақылбай жас күнінен Нұрғаным тәрбиесінде болып, Құнанбай баласы Құнанбайдың кенже тоқалының еркесі атанып өседі.
Ақылбайды Нұрғаным жас басынан бетімен жіберіп, аса шолжың ерке бала етіп өсіреді. Ақылбайды тек 9-10 жас шамасында, Құнанбайдың указной молдасы атанған Ғабитханға оқуға береді. Ақылбай 4-5 жылдай молдадан оқу оқиды. Одан әрі оқымайды. Ақылбай бір жасынан бастап, Нұрғаным қолында өскендіктен және Абайдың 16 жасында туған баласы сияқты емес, ағайындас Ырғызбайдың бір мырзасы сияқты көрінеді. Құнанбай өзімен тең жерден қыз айттырып, Ақылбайды үйлендіреді.
Құнанбай, өзі сияқты қарадан шығып «хан» болған, яғни аға сұлтан болған, өзімен теңдес Қисықтың Жұмақан деген баласының қызы Ізіқанға құда түсіп Ақылбайды үйлендірген.
Үйленген Ақылбайға енші бөліп беріп, Құнанбай бұл баласын да жеке бір ауыл етеді. Бұл кездердегі біраз жыл, Ақылбай сияқты Құнанбайдың жаңа отау көтерген мырзасының ауылы болып, сауық сайранмен өтеді. Жасынан көрген тәрбиесі, ұшқан ұясы, Құнанбай аты Ақылбайды масаттандырады. Ақылбай жас күнінен талантты домбырашы, өлеңші де болады. Бірақ ол Құнанбай атағына, нағашыларының ата аруағына масаттанатын. Бұл кездердегі Ақылбай айтатын өлең сарыны:
Нағашым ер Қазыбек әулие өткен,
Фаниден уақыт жетіп о да кеткен.
Сасқан жан жер шетінен бабам десем,
Аруағы көз ашқанша келіп жеткен, – деген сияқты болатын.
Ақылбай ұстазы Абайдың ақылымен тау халқының өмірінен «Дағыстан» («Кәрі Жүсіп»), Африкадағы зұлыстар жайынан «Зұлыс» сияқты тамаша романтикалы поэмалар жазып, қазақ әдебиетінде поэма жанрының жаңа түрін дамытқан, талантты мәдениетті ақын.