«М. Шоқай атындағы №26 жалпы орта мекетбі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



бет7/8
Дата17.10.2022
өлшемі54,35 Kb.
#43703
1   2   3   4   5   6   7   8
Әрхам Кәкітайұлы Ысқақов(1885-1963)
Абай мұражайының негізін салушылардың бірі, оның алғашқы ғылыми қызметкері Әрхам Кәкітайұлы Ысқақов 1885 жылы Шыңғыстау өңірінде, Ақшоқы қыстауында дүниеге келген.
Төрт жасынан бастап Абайдың алғашқы немересіндей болып, маңайында өсіп, жүйрік шешен, дүлдүл әнші-күйшілерді тыңдап өседі. Атасы Ысқақтың баулуымен жас шағынан шаруаға мығым болып, ауыл молдасынан сауатын ашады. Орысша жазуды да, сөйлеуді де Абай ауылында үйренеді.
Әрхамның атасы Ысқақ - ұлы Абайдың туған інісі, әкесі Кәкітай – Абайдың тұңғыш жинағын шығарушы, ақынның ең алғашқы өмірбаянын жазып, қазақтың әдебиеттану іліміне өшпес із қалдырған. Осындай ғажайып ақындық ортада өмірге келген Әрхам Кәкітайұлының өзі де соңына мол мұра қалдырған ерекше тұлға еді.
Әрхам Кәкітайұлы туғаннан кейін атасы Ысқақ оны қырқынан шыққан соң өз бауырына салып, бие сүтімен асырапты. Сондықтан жұрт оны Ысқақтың кенжесі атандырып, Әрхамның басқа іні-қарындастарынан жолы үлкен, сыйлы болыпты.
Атасы Ысқақ Абайдың ұйғаруымен және халықтың қалауымен үш рет, 9 жыл қатарынан болыс болып, ел билеп, халқына сыйлы болған. Одан кейін өз шаруашылығымен айналысып, дүниеден ерте кеткен ағасы Құдайбердінің бала-шағасын жеткізуге, олардың шаруашылықтарын дөңгелетуге үлкен еңбек сіңірген.
Әубәкір Ақылбайұлы (1881 – 1934) – ақын, әнші-композитор. Абайдың немересі әрі шәкірті. Атасының шығармаларын халық арасына көп таратуға еңбек сіңірген. Әубәкірді Абайдың інісі Оспан балалары болмаған соң, бауырына басып, тәрбиелеген. Әубәкір өлеңді суырып салып та, жазып та шығарған. Немересінің ақындыққа бой ұрғанын байқаған Абай Әубәкірді ерекше жақсы көріп, бағыт-бағдар, ақыл-кеңесін беріп отырған. Әубәкір жас кезінен өлең-жырға құмар болып, шығыс қиссалары мен батырлар жырын жатқа айтып, домбырада күй тартып, ән салған. Абай тапсырмасымен әзіл, мысқыл, әжуа, сықақ өлең шығарып, ХIХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі сатираға өзіндік үлесін қосқан. Ол сол кездегі келеңсіз құбылыстарды аяусыз сынап: – О, ішінде қымың да бар, жымың да бар, Өмірде би болмаған сұмың да бар. Анық әділ тартылса таразыға, Балтаменен шабатұғын мінің де бар, – деп ащы мысқылға толы өлеңдер шығарып, халықтың көпшілігінің қараңғылығы мен надандығына жаны күйген. Әубәкір сатиралық өлеңдер мен бірге тарихи шығармаларға бет бұрып, «Мамай батыр», «Әнет бабаң», «Ақтабан шұбырынды», «Оралбай мен Керімбала», «Әреке мен Береке» деген әлеуметтік дастандар да жазған.
Өзі ән шығармағанмен, Абай әндерін насихаттауда үлкен еңбек сіңіріп, көзі тірісінде «Абайдың әншісі» атанған өнерпаздың бірі - Әлмағамбет Қапсәләмұлы.Жасынан Абай жанында жүріп, кемеңгер ақынның ішкі тебіренісін дөп басатын сезімтал Әлмағамбеттей Абай әндерін көңілден шығарып орындайтын адам кемде-кем болса керек. Абайдың, бір жан сияқты үлкен әншілердің әндерін орындаған Әлмағамбет, қолқалап жүріп Ақылбайға да ән шығартып, оны Тұрағұлмен қайыншылап барған Матай жерінде орындайтыны бар. ХХ ғасырдың басындағы Абайға арналған кештерде Әлмағамбеттің ән айтқаны туралы баспасөз беттеріндегі қысқа хабарлардан басқа әнші туралы нақты дерек жоқтың қасы.
Абайдың ән мектебінің ірі өкілі - Майбасардың Мұхамеджаны. Сол уақытта әншілік пен сал-серілік қатар жүргенін ескерсек, Мұхамеджан жасында қасына топ жиып, салдық құрып, ел аралап, ән салады. Қасында Құдайбердінің баласы Әмір бар. Әмір Құдайбердінің Ботантай деген екінші әйелінен туған да, бала көтермеген Төлебике бәйбіше Әмірді бала қып алған. Әнші, серілігіне қоса Құнанбайдай алыптың ерке де, тентек немересі Әмір Абай ортасына жарқ етіп келіп, лап етіп сөнген ерекше жан болған. Мұхамеджан мен Әмірдің салдығы сол өңірде ерекше болып, тіпті шектен шығуға айналған соң, Құнанбай, Абай болып тиым салған да. Бұл оқиғаны М.Әуезов «Абай жолында» бояуын қалыңдатып, Құнанбайдың қатыгездігін көрсете түсу үшін көркемдік қиялға иіп суреттейтіні бар. Серілігі асқан асау Әмірді Құнанбай қылқындырып, теріс бата бергенде, Абай арашаға түседі. Ал, өмір шындығы сәл басқашалау болған. Өз ауылының қызына ғашық болып, ырыққа көнбей бара жатқан Әмір мен Мұхамеджанды арбаға таңып қойғаны рас. Бірақ немересін қылқындырып, ешқандай теріс бата бермеген. Таңылып жатып намазын бұзып, ән айтқан екеуіне дауа жоқ екенін біліп, босаттырып жіберген екен [қараңыз: 13, Б. 129-130]. «Мұхамеджанның үлгі-өнеге алған, әншілік тәрбие көрген адамы осы Әмір сал болса, әндерінің денін Абайға еліктеп шығарып отырған. Абай дәстүрі, Абайдың әншілік сарыны Мұхамеджан әндерінде айқын сезіліп отырады» [14, 175-б.] ,- дейді Ж.Кәрменов. Әмір жастайынан қайтыс болған соң, Мұхамеджан жетімсіреп, сал-серілік жүрісіне тиым салған Құнанбай, Абайларға өкпелеп, (кей деректерде басқа ағайындарымен сыйыспай Б.Е) қайнына Қызылмола жаққа көшіп кеткен.
Жау болды Абай ағам жасымыздан,
Кетпеді күнде қиқу басымыздан.
Қорқытып әбден жеңіп алғаннан соң
Көршінің бәрін қуды қасымыздан.
Сұрасаң арғы атамды Ырғызбай-ды,
Шындаса жатқа олжа болғызбайды.
Еліне Қызылмола кеттім шығып
Қудалап ағайыным тұрғызбайды.
Көк үйірім айдын шалқар көл емес пе?
Ырғызбай қайда жүрсе бел емес пе?
Еліне Қызылмола кеттім шығып
Көңілімді көтергім жөн емес пе?-
Осы өлеңді естіп Абай кісі жіберіп Мұхамеджанды көшіріп алғызған» [12, Б. 92-93] ,- делінеді бір естелікте. Осыдан былай қарай Мұхамеджан Абай шәкірттерінің тобына қосылып, Абайдың дәстүріндегі әндердің насихатшысына айналады. Абайдың «Татьянасын» алғаш орындап, бүкіл өнерсүйер қауымды елең еткізген осы Мұхамеджан болса, құдіретті әншілігімен қоса ақындығы да болған Мұхамеджанның бізге жеткен осындай бірер ауыз өлеңінен басқасы кезінде ұмыт болғанға ұқсайды.
Қорытынды.
Абайдың ақындық өнердегі тарихи еңбегі қазақ халқының мәдени даму, өркендеп өсу жолындағы ерекше елеулі кезеңдерінің бірі болды. Абай – өз халқының ең ардақты асыл арманын, ой-пікірін, сезім-сырын жеріне жеткізе жырлай алатын жаңа бағыттағы, жаңа жазба әдебиеттің атасы. Қазақ көркем әдебиетінің көрікті әдеби тілін шырқау биікке көтеріп, өркенін өсіріп, байытқан ұлы ақын Абай екені даусыз.
Көркем әдебиеттің заман талабына сай келіп, биік идеялы, терең мағналы болуы – ең негізгі қағида деп білген Абай, «қуатты ойдан бас құрап» шыққан құдіретті көркем жырымен халықтың сана-сезімін сергітіп, ел көңілін өмірдің келелі мәселелеріне аударып, болашаққа бой ұрған мұрат-мақсатының жетекшісі болды.
Қазақтың ақындық өнерін нағыз халықтық, ұлттық биік дәрежеге көтерген, тұңғыш кемеңгер қалам қайраткері де Абай.
...Абай ХІХ ғасырдағы орыс әдебиетін өзіне зор мектеп еткенде, сырттай еліктеуші емес, орыс әдебиетіндегі реалистік дәстүрді қазақ әдебиетіне творчестволық жолмен қабыстырушы болды.
Абайдың ұлылығы – өзінің өскен орта, туған елінен қол үзбей, қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани мәдениетін сын көзімен қарап меңгере отырып, орыс халқының мәдениетін өзіне өнегелі мектеп етуінде.
Абай поэзиясы қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Өйткені, Абайға дейінгі бір де бір ақын қазақ халқының өмірі мен тұрмысын Абайдай кеңінен қамтып, терең жырлап бере алған жоқ.
Тек қана Абай өлеңдерінен: қазақ даласының табиғаты, қазақ өмірінің шындығы, қазақ халқының сезім-сыры, арман-тілегі, салт-санасы, ұлттық ерекшелік қасиеттері бар жағынан түгел көрініп, сезілетін. Мұндай ақындық дәрежеге ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінде ешбір ақын жеткен жоқ.
Зерттеу нәтижесінде, Aбaйдың Мұқa Әдiлxaнұлы, Әлмaғaмбет Қaпcәләмұлы, Yәйic Шондыбaйұлы, Әpiп Тәңipбеpгенов, Әyбәкip Aқылбaйұлы cынды aқын, әншi, caзгеp шәкipттеpi, iзбacapлapы болғaнын білдік. Бұлap дa xәкiмнiң өнегеciн aлып, жaнындa жүpген жaйcaң тұлғaлap едi. Aбaй ел apacынa шығып, cеpyен құpғaндa оcы шәкipттеpiн еpтiп жүpедi екен. Бұл тypaлы Тұpaғұлдың «Әкем Aбaй тypaлы» еcтелiгiнде бaяндaлғaн. Cегiз қыpлы, бip cыpлы cеpiлеpдiң өнеpлеpi – өмipiне aйнaлып, толық aдaм болып қaлыптacyынa cептiгiн тигiздi. Жaқcыдaн үйpенiп, жaмaннaн жиpенiп өcкен бipегей өнеpпaздap елдiң көpкiне, ұлттың бейнеciне aйнaлды. Ең бacтыcы, қaзaқ өнеpiне қapлығaштың қaнaтындaй болca дa cy cеyiп, шaлғaйдa жaтca дa ұлт pyxaниятынa шұғылa cебе бiлдi.
Бaйқacaңыз, Aбaй тaпcыpмaны шетел оқиғaлapынa қaтыcтыpып беpедi. Мәcелен, Aқылбaйғa қaзaққa cол кезде тaңcық болғaн Дaғыcтaн елi тypaлы жaз дейдi. Бұл – жac қaлaмгеpлеpдiң көкжиегi кеңейiп, әлемдiк деңгейде қaлaм теpбеciн деген тiлек екенi дaycыз. Оcы iзгi ниеттi cезген шәкipттеpдiң де ынтacы жоғapы болды. Бip-бipенен қaлыc қaлмaй, озa шayып, күнi-түнi iзденiп, өлеңдеpiн еpекше қылып жaзyғa тыpыcты. Мiне, әдеби бәcекелеcтiктiң жapқын үлгici оcы болca кеpек. Бipaқ олap күндеcтiк, қaзғaныш cекiлдi пендеyи кеcipлеpден aдa болғaны aнық. Aлдындaғы ұcтaзынa қapaп, Aлaштың бүгiнi мен еpтеңiн ойлaғaн aқындapдың қaтapы оcылaйшa көбейе беpдi. Aбaй қaйтыc болғaннaн кейiн де оның мұpacы өшкен жоқ. Оның қacиеттi мұpacының зaңды жaлғacтыpyшылapы – Aлaш apыcтapы деcек болaды. Өйткенi Aлaш apыcтapы Aбaй iзiмен жүpiп, Aбaйшa жaзып, Aбaйшa толғaнa бiлдi. Қaзaқтың жоғын жоқтaп, кей cәтте қaзaқты cынaп, пapacaтты қоғaм құpyғa ұмтылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет