М., Симбаева С. О. ҚАзіргі қазақ Әдебиеті


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет14/36
Дата31.05.2022
өлшемі122,48 Kb.
#36090
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36

Өзін-өзі тексеру сұрақтары.


  1. Поэмаларды көркемдік тұрғыдан талдай білу.

  2. Мәтінмен жұмыс жасай білу.



Әдебиеттер:


  1. Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік жинақтау. А., 1987

  2. Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті. А., 2005

  3. Дүйсенов М. Ақын мұраты. А., 1987

  4. Елеукенов Ш. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. А., 1997

  5. Кәкішев Т. Дәуір дидары. А., 1985

  6. Кенжебаев Б. Шындық және шеберлік. А., 1986

  7. Кенжебаев Б. Жылдар жемісі. А., 1984



Драматургияның дамуы. Драмалардың тақырыптық жүйесі.




Мақсаты: Драмалардың тақырыптық жүйесін ашу. Қазақ драматургтерінің жетістіктерімен таныстыру. Тарихи тақырыптардың және замана шындығының драмалық шығармаларға арқау болу себебін көрсету.
Негізгі ұғымдар: драма, тарихи тақырып, пьеса, сахналық кескін, драматургия, тарихи аңыз.

Жоспары:


  1. Қазақ драматургтерінің жетістіктері.

  2. Тарихи тақырыптардың және замана шындығының драмалық шығармаларға арқау болуы.

  3. Ә.Кекілбаев, М.Байсеркенов пьесаларындағы Абылай тұлғасы.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары әдебиеттің басқа жанрларымен қатар, драма да дами түсті. Мәселен, С.Жүнісовтің “Кемеңгерлер мен көлеңкелер”, Ш.Мұртазаның “Сталинге хат”, “Бесеудің хаты”, “Қызыл жебе”, Д.Исабековтың “Тор”, “Актриса”, Ә.Таразидің “Ақын. Періште. Махаббат”, Б.Мұқайдың “Өмірзая”, Ә.Кекілбаевтың “Абылай хан”, Ш.Құсайыновтың “Томирис”, Р.Мұқанованың “Мәңгілік бала бейне”, И.Сапарбайдың “Сыған серенадасы”, Д.Амантайдың


“Сәлметсіз бе, қоңыр мұң”, С.Сматаев пен Т.Теменовтің “Көгілдір такси” сяқты адам жанының қуанышы мен қайғысын, адалдық пен арамдықты таразылайтын драмалар туды.
Тарихи-өмірбаяндық пьесалардың ішінде Ә.Кекілбаевтің “Абылай хан” мен М.Байсеркеновтың “Абылайдың ақырғы күндері” драмаларын атауға болады. Абылай ханның бейнесін жасауда жарыса қалам тартқан екі автордың да айтар ойлары айқын. Ұлы тұлғаның сахналық кескінін еске ұстай отырып, жалпы әдеби драматургиялық нұсқаның ішкі қақтығысқа толы күрескерлік, қаһармандық рухын сақтаған. Бұрын әдебиеттің қай жанрында да дәріптелмей келген Абылай сынды тұлғаның жеке өміріне, тағдырына байланысты деректердің тапшы болғанын ескерсек, бұл драмалардың ұрпақ үшін тарихи маңызы зор. Ә.Кекілбаевтің драмасындағы оқиға тізбектері көп жылдарды қамтып, хроникалық тұрғыда беріледі. Абылай хан (1711-1781) - өз уақытының ірі мемлекеттік қайраткері, реформатор, Ресей мен Қытай ортасында жатқан қазақ хандығының тәуелсіздігін сақтау үшін үлкен еңбек сіңірген, басқару ісінде жаңа ұстанымдарға сүйенген тұлға. Пьесаға негіз болған Абылайдың алғаш таққа отыруы мен оны паналап келген Әмірсана тағдыры. Осы оқиғаның төңірегінде хан тұқымдарының билікке таласы, хан өмірі мен оның саяси жолы, арман-мақсаты, өкініш-наласы бейнеленген. Бір жағынан Ресей қыспағы, екінші жағынан Қытай империясының қазақ еліне көз алартуы, енді ғана тұйықталған Жоңғар жорығы, осылардан сақтану, елді бірлікте ұстау, ағайынның дау-дамайын басу осының бәрі Абылай үшін ауыр жылдар еді.
Әбіш Кекілбаев әлем әдебиетіндегі классикалық драматургия үлгілерін қазақ тіліне аударумен бірге өзі де осы жанрда төл туындыларын дүниеге әкелді. «Абылай хан» атты халықтық- қаһармандық сахналық дастаны еліміз тәуелсіздік алған кезде жазылды. 1998 жылы М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында қойылды. Жазушының прозасында көтерілген ғасырлар бойы халық аңсаған тәуелсіздік, азаттық идеясы осы драмалық туынды арқылы сахнаға шықты.
Пьеса үш көріністен тұрады. Бірінші көріністе тарихи аңыздардан мәлім, Абылайдың Сабалақ атанған жас күні
суреттелген. Ұрыс даласында қалмақтың батыры Шарышты өлтіріп, батырлығымен көзге түскен сабалақтан Көмей әулие кім екенін сұрайды. Сөйтіп Абылайдың тегі анықталады. Азан шақырып қойған аты Әбілмансұр. Жауға тасы Абылайдың атымен ұрандап шабады.
Екінші бөлімде аң аулап жүріп, қапыда қалмақтардың тұтқынына түседі. Абылайдың жан арпалысы арқылы мінез бітімі ашылған. Ерекше қаһарман туған жас Қалданды да ойға қалдырған. Тұтқынға көңілі кетіп, көмекке келетін Күлпаш сұлу, олардан туған Әмір Сана оқиғалары пьесадағы тартысты күшейте түседі. Абылай зынданнан шешендігімен, тапқырлығымен құтылады. Драматург бұл тұста сөз құдыретіне ерекше мән береді. Әйгілі жыраулардың Абылай ханға қарата айтатын «үш ауыз сөзбен құтылдың» дегенінің мәнісін ашады. Сондағы үш ауыз сөз Әбіш Кекілбаев туындысында былайша беріледі:
«Қалдан: Тауда тарлан ойнай ма, бағлан ойнай ма?
Әбілмансұр: Тарлан ойнаса – жәріместігінен ойнайды, Бағлан ойнаса білместігінен – ойнайды.
Қалдан: Тар жерде теке тіресе ме?
Әбілмансұр: Теке тіреспейді, текешік тіреседі.
Қалдан: Тірессе не болады?
Әбілмансұр: Екеуі де бөріге бұйырады».
Қалданның астарлы сұрағына Абылай осылайша шешендікпен жауап береді. Абылайдың айбатынан сескенген қалдан басына азаттық беріп, іргем тыныш болар деген оймен қызы Топышты қосып, еліне аттандырады.
Үшінші көріністе тартыс күшейіп, оқиға ширыға түседі. Ел ішіндегі лаң, бітпес дау суреттеледі. Қазақ шонжарлары қалмақ шапқыншылығынан қорқып, Әмір Сананы қайтаруды талап етеді. Хан баласын Ресейге өткізіп жіберуге мәжбүр болады. Бір жағынан орыс, бір жағынан қалмақ, бір жағынан қытай қысқанда, оған ел ішіндегі дау қосылып, Абылай сан сауалға жауап іздепаласұрады. Абылайдың мұндай кезде кеңесшісі, ақылшысы Көмей әулие – тарихтағы Бұқар жыраудың бейнесі. Ханға өктем сөйлеп, кеңес беріп, керек жерінде түзетіп отырған данышпан қарт жалпы қазақ даналығының жиынтық бейнесіндей. Күлпаш
пен Топыш, кейуана мен дуана бейнелері бас қаһарманның мінезін танытуда өзіндік роль атқарған.
Пьесада ұлттық мінез бен болмыс айқын танылады. Жалқаулық пен кертартпалық, аяқтан шалу сияқты қазақи мінездеді драматург кейіпкерлердің әрекеттері мен пиғылдары арқылы көрсеткен.
Қорыта айтқанда, Ә.Кекілбаевтің «Абылай хан» пьесасы – қазақтың кешегісі арқылы бүгінін меңзейтін туындысы. Әйгілі прозашының драматургия жанрын еркін игергеніне осы пьеса мысал.
М.Байсеркеновтың “Абылайдың ақырғы күндері” драмасында бір тәулік ішіндегі Абылайдың жай-күйі, іс-әрекеті суреттеледі. Сырқат Абылай аласапыран да тас түйін күйде, психологиялық тұрғыда ауыр жағдайды бастан кешеді. Пьесадағы Абылайдың өлімі туралы болжамдардың бірі сюжетке негіз ретінде алынады да, хан өмірінің соңғы үш күнін бейнелейді. Осы күндер ішінде хан өз өміріне жүргізген саясатының жетістік-кемшін тұстарын, қателігін, өкінішін, қол жеткізе алмай қалған арман-аңсарын зерделеп, көз алдынан өткізеді. Хан өмірі, оның саяси жолы, ондағы жақтастары мен қарсыластары, жорықтары “сана ағыны” тәсілімен де, Бұқар жыраумен диалогтарында айшықты бейнеленеді. Пьесадағы кейіпкерлер саны үшеу: Абылай, Бұқар жырау, Сейіс. Бұқар – ойшыл, ханның кеңесшісі, жырау; Сейіс – Абылайдың күзет басшысы, ханға көзсіз берілген адам. Сахнада өтетін оқиғалар бір-бірімен жалғас екі уақыттық өлшеммен беріледі. Алдымен ел- жұртының көз алдында Абылай мен халықтың тағдыры сығымдалып, жинақталып беріледі, екіншісі өткен тарих бүгінгі күнмен салыстырыла көрінеді. Абылай ұлы хан болғанымен, Уақыт пен Тарих алдында кәдімгі жан, пенде. Яғни, пьесаның соңында барлығын таразылайтын, барлығына төрелік ететін – Уақыт деген түйін беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет