М., Симбаева С. О. ҚАзіргі қазақ Әдебиеті


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет15/36
Дата31.05.2022
өлшемі122,48 Kb.
#36090
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36
Байланысты:
Искакова Ж. М., Симбаева С. О-конвертирован

Өзін-өзі тексеру сұрақтары.


  1. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары әдебиеттің басқа жанрларымен қатар дамыған драма даму үрдісін таныту.

  2. Пьесадағы кейіпкерлер жүйесін саралай білу.



Әдебиеттер:


  1. Сығаев С. Сыр сандық. А., 1981

  2. Талжанов С. Аударма және қазақ тілінің мәселелері. А., 1974

  3. Тоқбергенов Т. Қос қағыс. А., 1981

  4. Тоқбергенов Т. Үш тоғыс. А., 1977

  5. Уақыт және қаламгер. І-ХІҮ кітаптар. А., 1973-88

  6. Хасенов М. Ұнамды образ және типтендіру. А., 1966

  7. Әшімбаев С. Ақиқатқа іңкәрлік. А., 1997



Ш.Құсайынов пьесасындағы тарихи-аңыздық оқиға.




Мақсаты: Шерхан Мұртаза пьесаларындағы уақыт шындығы және тартыс мәселесін шешу. Тарихи тұлғалар бейнесін аша білу. Сәкен Жүнісовтің драмаларын оқыту.
«Қылмыскер» пьесасындағы өмір шындығын көрсете білу.
Негізгі ұғымдар: тарихи-аңыздық оқиға, тарихи тұлға, уақыт шындығы, тарихи тақырып, драматургия.

Жоспары:


  1. Шерхан Мұртаза пьесаларындағы уақыт шындығы және тартыс мәселесі.

  2. Тарихи тұлғалар бейнесі. «Сталинге хат», «Бесеудің хаты» драмаларындағы тарихи оқиғалар.

  3. Сәкен Жүнісов драмалары. «Кемеңгерлер мен көлеңкелер» пьесасында уақыт шындығының, кейіпкерлер характерінің берілу тәсілі.

  4. «Қылмыскер» пьесасына негіз болған уақыт шындығы.

Ш.Құсайыновтың “Томирис” пьесасы да тарихи тақырыпқа жазылған сәтті туынды. Біздің дәуірімізге дейінгі 530-шы жылдар шамасында өмір сүрген сақтар патшайымы Томирис өз жері, туған даласы үшін аянбай күрескен. Оның даңқы кейінгіге Геродот жазбалары арқылы жеткен. Бүкіл Азияны билеген парсы патшасы Кир сақ даласына да көз алартады. Өзі билік құрып тұрған жердегі байлыққа көңілі толмай, Томиристі жар етіп, сақ


даласына үстемдік етсем деген ой мазасын алады. Осы ойын Томириске жеткізеді. Ол Кир патшаның қызыққаны сақ даласының кеңдігі мен асып-тасқан байлығы екенін түсініп, парсы патшасының бұл ойы жүзеге аспайды деп жауап береді.
Парсы әскерлеріне қарсы алғашқы айқаста Томиристің баласы Спаргапис қаза табады. Ұлынан айырылып ашынған ана бүкіл сақ жұртын атқа қондырады. Тарихшы Геродоттың айтуынша бұрын-соңды болмаған сұрапыл шайқас болады. Жеңіліс тауып көрмеген Кир патшасы сақтардың жауына қатал, жорыққа берік халық екенін білсе де, жеңуді мақсат етеді. Сырдарияның бер жағында өткен алапат шайқаста сақтар өздерінің жауынгер халық екенін дәлелдеп, парсыларды қырып салады. Міне, біздің бүгінгі жерімізді ұлы бабаларымыз осылай қорғап қалған. Пьесада биік отаншылдық рух танылады.
Көркем прозасымен қазақ әдебиетінің қорын байытқан
Шерхан Мұртаза драматургия жанрының да дамуына үлкен үлес қосты. Қазақ театр сахнасының тұрақты репертуарына айналған
«Сталинге хат», «Бесеудің хаты», «Жалғыз үйлік зілзала», «Есек саудасы», «Домалақ ана», «Ноқтаға басы сыймаған» пьесалары драматургтің суреткерлік шеберлігін тағы бір қырынан танытты. Белгілі драматург Қалтай Мұхамеджанов «Сталинге хат»,
«Бесеудің хаты» драмаларын «халықтық трагедияны екі тарихи тұлғаның өмірлік шындығы арқылы көрсетуге құрылған драма- дилогия» деп бағалаған болатын.
Өзінің сүйікті кейіпкері Тұрар Рысқұловты сахнаға әкеліп, тартысты заманның шындығын тереңдей таныту драматургтің
жеткен жаңа жетістігі еді. Голощекин саясатының қазақ даласына апат әкелгенін Сталинге хат түрінде жазған Тұрар әрекеті, ұлттың үлкен қасіретін жанымен түйсініп, оған жүрегімен қиналғаны
«Сталинге хат» драмасынан барынша көрініс тапқан. «Қыл көпір» романының соңғы тарауларындағы Сталин мен Рысқұлов
арасындағы сөз қағысулар сахнаға әкелініп, романда
тоқталмаған жайттарға қаламгер пьесада орын берген.
Ашаршылық жылдарындағы ел ішіндегі жағдайлар терең ашылған. Рысқұлов хатта жазғандарын Сталинге санамалап
көрсетіп, Қазақстанға не керек екенін айтады. Соларды талап етеді.
Сталин мен Тұрар арасындағы диалог астарлы ойлар қақтығысына құрылған. Пьесаның соңғы шешіміндегі сахнаның екі бұрышындағы екі қара киінген адам Тұрарды 1937 жылғы
зұлматтың құрбаны күтіп тұрғанын меңзейтін символдық кейіпкерлер.
Осы ашаршылық кезеңінің ащы шындығы «Бесеудің хаты» пьесасының да басты оқиғасы. Тарихтан белгілі, қазақ
даласындағы қасіретті жағдайға ашынған бес қазақ жігіті
Голощекин саясатының қателігін, «асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» науқанын әшкерелеп, өлкелік комитетке хат
жазған. Бұл өрімдей бес жігіттің халыққа араша сұрап, өз бастарын қатерге тіккені Х.Есенжановтың «Жүнісовтер трагедиясы» романының оқиғасына да енген. Ғатауллин,
Қуанышев, Дәулетқалиев, Алтынбеков, Мүсірепов сияқты бес азамат қол қойған бұл хаттың халық тағдыры үшін мәні зор еді. Көрнекті қазақ қаламгері, қазақ әдебиетіндегі алыптар тобының өкілі, суреткер Ғабит Мүсіреповтың азаматтық тұлғасын толықтытар оқиға пьесадағы тартыстың өзегіне алынған.
Шерхан Мұртаза «Домалақ ана» пьесасында аңыз оқиғасына тереңдей енсе, «Ноқтаға басы сыймаған» пьесасында халықтың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлының сахналық тұлғасын
сомдаған. «Жалғыз үйлік зілзала» пьесасында қаламгердің соңғы жылдарда баспасөз бетінде өзі көтеріп жүрген өзекті әлеуметтік мәселелерді жинақтап, сахнаға шығаруды көздеген. Астанада
болып жатқан, бүгінгі күннің ең басты мәселелесіне айналған, шешімін таппаған баспанасыздық, тұрғын үй, мансапқорлық,
парақорлық, көкек аналар оқиғалары топтастырылып, пьесаның арқауына айналған. Пьесада бұл мәселелер шынайылықпен
бейнеленіп, қақтығыстар мен тартыстар нанымды шыққан. Қазақ халқының тағдыры, жанайқайы Сандұғаш пен Малқар, Салбырақ, Қорған, Мүнира, Сырға сияқты кейіпкерлер арқылы жеткізілген.
Жариялылықты пайдаланып көбейе бастаған партиялардың
мақсат-мүдделері бірде жеңіл күлкімен, бірде ащы мысқылмен шебер әшкереленген.
Қаламгер Сәкен Жүнісов қазақ драматургиясының дамуына да үлес қосты. Бұл жанрдағы тырнақалды туындысы – «Бәсеке» атты шағын пьеса. Б.Майлин, М.Әуезов, Ғ.Мүсіреповтердің шағын прозаларының желілерін негізге ала отырып, «Ажал мен Ажар» пьесасын жазды. «Қызым, саған айтам» драмасында адмгершілік, әдеп пен иба, отбасы бірлігі мәселесі көтерілген. Бұл пьесаның басты ерекшелігі – кейіпкерлер монологының шегіністерден тұруы. Бірқатар пьсаларын өзінің прозалық туындыларының негізінде жазған қаламгер драматург ретіндегі шеберлігін барынша танытты. «Қос анар» («Жапандағы жалғыз үй» романының негізінде), «Төгілген қандар, шашылған жандар» («Заманай мен Аманай» повесі бойынша), «Өліара» («Ақ қасқырлар қамаған қызыл керуен» повесі негізінде) драмаларындағы терең психологизм мен драматизм прозалық туындыларды жанр заңдылығы мен талабына барынша икемдеп, жаңа сапалық өзгерістерге түсірген. «Өліара» пьесасы үшін қаламгер Мемлекеттік сыйлық алды.
Драманың бір саласы – комедия жанрында да Сәкен Жүнісов үш туынды берді. «Қысылғаннан қыз болдық» аттты музыкалық комедиясы Б.Майлиннің «Ыбыраймыз, Ыбыраймын» атты диалогқа құрылған өлеңімен үндес. Ал, «Кроссворд немесе масханадағы маскарад» атты екі бөлімдік сатиралық комедиясы сахналық қойылымнан тез түсіп қалды. Себеп – ондағы Маймыл, Түлкі, Қасқыр кейпіндегі кейіпкерлер қоғамдағы шындықты шебер бейнелеуімен жұрт назарын аударып, кейбіреулердің күдігін туғызғанын театр сыншысы Әшірбек Сығай жазған болатын. Пьеса Орталық Комитеттің нұсқауымен қойылымнан алынды. Драматургтің мақсаты – пьесадағы айықтырғышқа түскен жандарға табиғатына сәйкес аңдық «маска» кигізе отырып, қоғамның көлеңкелі жақтарын ашу. «Жаралы гүлдер» пьесасы Отан соғысы кезіндегі тылдағы халықтың өмірін суреттеуге арналған. Әкелері соғысқа аттанып, қабырғалары
қатып, бұғаналары бекімей тұрмыстың ауыртпалығын арқалаған жасөспірімдер тағдыры пьесаның негізгі тақырыбы.
Драматург қаламынан туған «Кемеңгерлер мен көлеңкелер» – халқымыздың біртуар тұлғаларына арналған, көпшілікке белгісіз жайттарды көркем бейнелеген туынды. Мұхтар Әуезов пен Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов сияқты әдебиетіміздің алыптарын кейіпкер етіп ала отырып, драматург бірнеше линияда қоғамдағы шындықты, тартысты жағдайларды шеберлікпен көрсетеді. Кемеңгерлердің азаматтық ұстанымдары мен дүниетанымдары, оларды аңдып баққан көлеңкелердің іс- әрекеттері, бүгінгі ұрпақ өкілдерінің шындықты білмекке ұмтылуы драма оқиғасын барынша ширықтырып, салмағын арттырған.
Драматургтің «Қылмыскер» атты пьесасы Мәдениет министрілігінің 2003 жылы жариялаған ұлттық «Астана – Бәйтерек» конкурсында бас бәйгені жеңіп алды. Пьесада бүгінгі күннің шындығы әлеуметтік талдау арқылы көрсетіледі. Кейіпкерлері – кешегі өнер жұлдыздары, бүгінгі көр қазушылар. Жай ғана көр қазушылар емес, зират басындағы бірнеше гектар жерді алдын ала сатып алып, ақша табушы кәсіпкерлер. Аттары да өздерінің болмыстарына сай. Біреуі – Шалам (шөп-шалам), екіншісі – Әлімқұлы. Екеуін біріктіріп «Шаламалейкум» деп атаған. Бұлардан басқа сүр бойдақ, үйленуге ниет етіп жүрген, Қытайдан келген оралман, бүгінгі күні Қытай базарында милиционер болып жүрген Елеусіз деген жігіт, оның қалыңдығы сотта қызмет істейтін Нәзира атты қыз. Екеуі үйленіп, отау құрмақшы болып, тойларына көр қазушы достарын шақыра келіп отыр. Бірақ, екеуі нілдей бұзылып, болғалы тұрған той болмай қалады. Күйеу жігіт қайғылы қазаға ұшырайды. Автор қоғамдағы көлеңкелі тұстарды, ұнамсыз жайттарды, ұлттық болмыс пен ғұрыпты сақтап қалуды, қазақ жерінің тағдырын драмалық тартыс аясында суреттеп жеткізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет