«Қан мен тер» роман-трилогиясының үшінші кітабы «Күйреу» деп аталады. Кімнің рухани күйреуі?
А) Еламанның;
Ә) Тәңірбергеннің; Б) Қаленнің;
В) Ақбаланың;
Г) Ақ әскерлерінің.
«Соңғы парыз» романынағы оқиғаның суреттелу тәсілі:
А) Автор бір тәулік ішіндегі психологиялық тартысты арқау етіп алып, кейіпкерлердің жан-дүниесіндегі арпалысты, қым-қиғаш сезімдер қақтығысын өрнектейді;
Ә) Күллі оқиғаны бір кейіпкер баяндайды;
Б) Оқиға желісі лирико-романтикалық сарында суреттеледі; В) Оқиға лирикалық шегіністермен көрсетіледі;
Г) Кейіпкердің көзқарасымен, баға беруімен суреттеледі.
Жазушы «Қан мен терде» кейіпкерлер бейнесін жасауда...
А) Кескіндік анықтамалар мен пейзажға, психологиялық қатпары мол портреттерге, үлкен мән береді;
Ә) Авторлық баяндауға көп орын береді; Б) Сана ағымы тәсіліне жүгінеді;
В) Астарлы, тұспалды бейнелеулерге орын береді; Г) Бастан-аяқ ішкі монологты пайдаланады.
Т.Әбдіктің ҚР Мемлекеттік сыйлығын алған шығармасы:
А) «Парасат майданы»; Ә) «Өліара»;
Б) «Әке»;
В) «Ақиқат»;
Г) «Оң қол».
Мұхтар, Ғабит, Сәбит – қай туындының кейіпкерлері?
А) Ш.Мұртаза: «Бесеудің хаты»;
Ә) С.Жүнісов: «Кемеңгерлер мен көлеңкелер»; Б) О.Бөкей: «Желтоқсан желі»;
В) С.Мұқанов: «Өмір мектептері»; Г) Қ.Жұмаділов: «Прометей алауы».
Шандор Петефидің өлеңдерін қазақ тіліне аударған ақын:
А) Ж.Әбдіраш; Ә) Қ.Мырза-Әлі; Б) Ұ.Есдәулет; В) Е.ДҮйсенбай; Г) Ғ.Жайлыбай.
«Тауда тарлан ойнай ма, бағлан ойнай ма?
Әбілмансұр: Тарлан ойнаса – жәріместігінен ойнайды, Бағлан ойнаса – білместігінен ойнайды.
Қалдан: Тар жерде теке тіресе ме?
Әбілмансұр: Теке тіреспейді, текешік тіреседі.
Қалдан: Тірессе не болады?
Әбілмансұр: Екеуі де бөріге бұйырады». Қай шығармадан алынғанын көрсет: А) С.Жүнісов: «Абылай хан»
Ә) Ә.Кекілбаев: «Абылай хан»; Б) Ш.Мұртаза: «Домалақ ана»;
В) М.Байсеркенов: «Абылайдың ақырғы күндері; Г) Ш.Құсайынов: «Томирис».
Достарыңызбен бөлісу: |