М., Симбаева С. О. ҚАзіргі қазақ Әдебиеті


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет8/36
Дата31.05.2022
өлшемі122,48 Kb.
#36090
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36
Байланысты:
Искакова Ж. М., Симбаева С. О-конвертирован

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:


  1. Роман мазмұнын талдау.

  2. Тарихи шындық мәселелеріне назар аудара отырып, қорытындылар жасай білу.

  3. Романның стильдік, көркемдік ерекшеліктерін зерделеу. Мәтіндік талдау.

Әдебиеттер:


  1. Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті. А., 2015

  2. Дүйсенов М. Ақын мұраты. А., 2011

  3. Елеукенов Ш. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. А., 2010

  4. Кәкішев Т. Дәуір дидары. А., 2015

  5. Кенжебаев Б. Шындық және шеберлік. А., 2013

  6. «Қазақтың 100 романы». Астана, 2014

  7. Тәуелсіздік тудырған романдар. Астана, 2012



Хикаят (повесть) жанрының дамуы.




Мақсаты: Тәуелсіздік жылдары туған повестердің тақырыптық, көркемдік сипаттарын таныту. Авторлық идея.
Негізгі ұғымдар: хикаят, көркемдік сипат, жанр-повесть.

Жоспары:


  1. Тәуелсіздік жылдары туған повестердің тақырыптық, көркемдік сипаттары.

  2. К.Сегізбаевтің “Арасан”, Т.Әбдіктің “Парасат майданы” хикаяттары.

  3. “Парасат майданы” повесінің жаңалығы.

  4. Кейіпкердің “қос жарылуы”. Авторлық идея.

  5. С.Жүнісов, О.Бөкей, М. Мағауин повестері. Кейінгі толқын қаламгерлер хикаяттары.

Қазақ әдебиетінде өзіндік дәстүрі қалыптасқан жанр-повесть (хикаят). Тәуелсіздіктің он жылы ішінде туған повестің баяны халық өмірінің кешегі күндерін суреттейді.


Жаңа заман хикаяттарының алды жұртшылықтың жылы қабылдаған Кәдірбек Сегізбаевтың “Арасан” повесі Қазақстан республикасы тәуелсіздігінің он жылдығына арналған конкурста екінші жүлде алды. Төлен Әбдіктің “Парасат майданы” повесіне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы, Қазақ ПЕН- клубының Мұхтар Әуезов атындағы халықаралық сыйлығы берілді. 2002 жылы жарық көрген К.Сегізбавтің “Арасан” хикаяты құнарлы мазмұнымен, замана өзгерісіне шапшаң үн қосуымен ерекшеленеді. Хикаяттың сюжеті негізінен екі желіде дамиды. Бірі-нарықтық тәртіптің қоғам экономикасын
құлдыратқан, ел ішін ойрандаған, жұрт пиғылын бұзған қарқынын суреттесе, екіншісі – жеке меншікке үйренген сайын ауыл адамдарының жаңа жағдайға икемделіп, бойкүйездіктен арылып, қарымды іске көшкен, еңселерін тіктеген ахуалы суреттеледі. Шығарманың бас кейіпкері – Оспанқұл қарт. Бұрынғы кеңестің озат шопаны, көптеген марапаттар алған. Еңбек адамы совхоз таратылғанда бөлген азын-аулақ малды ермек қылып отыра берер еді. Алайда мына өзгеріс оны қатты алаңдатты. Кенже баласы Сәрсенқұл қалаға оқуға барған жерінен әлдебір бұзықтарға ілесіп, істі болады. Ол жақтан мүлде өзгеріп, бұзылып оралады. Оспанқұл қарттың тағы бір реніші өзіне көмекші болып, содан шаруасын түзеп алған Молданбайдың сараңдығы. Нарықтық заманның қыспағын сылтауратып, пейілі әбден тарылады. Молданбай - кезеңдік бейне емес, тұрақты тип. Өзінің жеке мүддесін өзгелерінен жоғары қоятын кейіпкерлер қай дәуір әдебиетінде де кездеседі. Нарықтың өзгерісі Оспанқұлдың көршісі, айналасындағылардың малын ұрлап, екі ұлының бірін соттатқан Асанды да сергітіп жібереді. Ол: “Бұл тіршілігімде жалқау да, жаман да, ұры да атандым. “Білекке сенер жастық өтті, білікке сенер кәрілік жеткенде” мені де жүрегімнің қинаған жайы бар, ағайын! Тоқтадым! Құран ұста десең құран ұстадым, мінеки! Мен бірдеңе ұқсам, бұл заман жалқау мен жалдапты аямас заман екен. Бүгін қайта туғандай әр тірлікке тастүйін әрекет еткен жайым бар. Тек, ес жинап, қатарыңа қосылғанша, көзге түртпесең екен...” Асан дер кезінде ақылға келді. Заманына қарай қолы қимылдап еді, шаруасы да оңалды. Асан-қазақ прозасының нарық тудырған кейіпкері. Осындай кейіпкерлері арқылы автор адам бойындағы терең өзгерісті психологиялық ахуалды тап басады.
Төлен Әбдіктің “Парасат майданы” повесінде (2001) тұлғасы кереғар “екі адамға” бөлінетін кейіпкер бірде “Күнделік иесі”, бірде “Бейтаныс құрбы” деп аталады. Бұл шағын жанрлы шығармада адамзаттың келешектегі тағдыры қалай болмақ деген сұрақтың жауабы айқындалады. Ә.Нұрпейісовтің “Соңғы парыз” роман-дилогиясында жаһандық проблеманың шешілуі экологиямен байланыстырылса, Т.Әбдік бұл мәселеге басқа қырынан келеді. Бір адам бойындағы қайшылық барша
адамзаттың қайшылығы. Бейтаныс құрбы мен Күнделік иесінің арасындағы текетірес - зұлымдық пен ізгілік арасындағы мәңгі майдан.
Кейіпкер Күнделік иесі араға үш-төрт күн салып, басқа бір адамға, яғни Бейтаныс құрбы болып оянып жүреді. Осы “екі адам” бір-бірімен хат жазысып таласып-тартысады. Күнделік иесі Бейтаныс құрбысын, яғни өзінің өзгерген кейпін “өте зымиян адам” деуге дейін барады.
Адамдар арасындағы шым-шытырық қарым-қатынастан туындайтын оқиғаларды автор шебер қиюластырған. Күнделік иесі жасырып ұстайтын дәптерін кімнің оқып, пікір жазып жүргенін білмей дал болады. Осы оқиға қашан аяқталғанша шығарма соңына дейін оқырман сюжет желісін қадағалап, қызығып отырады, құпия хаттың иесін білуге асығады. Тек шығарманың аяғында ғана бейтаныс құрбының Күнделік иесі екенін біледі. Дәрігер жүйкесі ауырған Күнделік иесіне: “Мен адам бойындағы қостұлғалықты бекер айтып отырған жоқпын. Сізбен бір айға жуық хат жазысқан бейтаныс адам ешқайдан келген жоқ, ол өзіңіздің ішіңізде”, дегенде ғана түсінеді.
Т.Әбдіктің “адам бойындағы қостұлғалық”, адам ішінде мінезі бөлек, дүниеге көзқарасы бөлек екінші тұлғаның пайда болуы” деп отырғаны “амбивалентность” деп аталатын психологиялық термин баламасы: қос полярлық, кереғар сезім-күйі (ізгілік пен зұлымдық, шыншылдық пен жалғандық, сүю мен жек көру). Күнделік иесі: “Бүгінгі әлеуметтік мінез-құлық: өзінен басқаның бәрін жек көретін өлермен өзімшілдік, мақтаншақтық, қатыгездік, мейірімсіздік пен іштарлық патология (ессіздік, бейсаналылық) емес пе? - деп жазады. Мұның бәрі қоғамдағы босаңсудан пайда болған түпсанадағы ессіздік, кеселдік дерті. Жаңа нарықтық демократияшыл қоғамның күреспей, тиісті моральдық қалқан жасамай жауыздықты беталды жіберіп алудың салдары. Күнделік иесі “Сұм өмір абақты ғой саналыға”,

  • деп ақын Мағжанша толғанады.

Күнделік иесі жындыханаға түседі. Алайда сырқатының түрі есі ауысқандыққа жатпайды. Ол туралы дәрігер: “Шынайы тазалық бұл өмірде құлағалы тұрғандай көрінеді. Бәлкім, оны


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет