М., Симбаева С. О. ҚАзіргі қазақ Әдебиеті


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет6/36
Дата31.05.2022
өлшемі122,48 Kb.
#36090
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
Искакова Ж. М., Симбаева С. О-конвертирован

Өзін-өзі тексеру сұрақтары.


    1. Романдарды салыстыра білу.

    2. Өткен замандағы тарихи шындықтың танытылу жолдарына талдау жасау.

    3. М. Әуезов және Р. Тоқтар романдарындағы кейіпкерлерді, оқиға желісін салыстыру.



Әдебиеттер:


  1. Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті. А., 2015

  2. Дүйсенов М. Ақын мұраты. А., 2011

  3. Елеукенов Ш. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. А., 2010

  4. Кәкішев Т. Дәуір дидары. А., 2015

  5. Кенжебаев Б. Шындық және шеберлік. А., 2013

  6. «Қазақтың 100 романы». Астана, 2014

  7. Тәуелсіздік тудырған романдар. Астана, 2012



Мемуарлық шығармалар.




Мақсаты: Мемуарлық шығармалар туралы теориялық тұжырымдарды саралау. З. Қабдоловтың, Ш. Мұртазаның, М. Мағауиннің, Қ. Жұмаділовтің мемуарлық шығармаларының әдеби дамудағы ролін түсіндңру.
Негізгі ұғымдар: мемуарлық шығарма, роман-эссе, замана шындық, тарихи бетбұрыс, жанр, сөз өнері.

Жоспары:


  1. З.Қабдоловтың “Менің Әуезовім” роман-эссесі. Әуезов тұлғасы.

  2. Романның стилі, көркемдігі мен тілі.

  3. Ш. Мұртазаның “Ай мен Айша” роман-эссесі. Замана шындығының бейнеленуі.

  4. Роман-эссенің құрылымы, тілі, көркемдік сипаты.

  5. Айша бейнесі. Романдағы Барсхан.

  6. М.Мағауин. “Мен”. Қ.Жұмаділов. “Таңғажайып дүние”, т.б.

Қоғамдағы тарихи бетбұрыстар кезеңінде әдебиетте мемуарлық, естелік, өмірбаяндық жанр түрлерінің қарқынды дамитыны белгілі. Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары елімізде кеңес өкіметінің орнауы, қазақ елінің автономияға ие болуы С.Сейфуллиннің “Тар жол, тайғақ кешу” атты көркем мемуарын туғызды. Енді бар болмысымен жаңғырған жанр түрі тәуелсіздік кезінде де өрлеу үстінде болды. Жазушы Зейнолла Қабдоловтың “Менің Әуезовім” атты роман-эссесі (1997) соңғы жылдардың үздік шығармасы ретінде Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бұл жанрда Шерхан Мұртаза, Әзілхан Нұршайықов, Мұхтар Мағауин, Қабдеш Жұмаділов, Қапан Қамбаров секілді қаламгерлер де шығармалар жазды.


З. Қабдолов романының кіріспе тарауы “Романға барар жол” деп аталады Роман-эссе – бұл сыр тарқататын дүние. Романның “Менің Әуезовім” деп аталу себебі автор кейіпкерінің өмірі мен шығармашылығын тұтас қамтуды мақсат етпеген. Мемуардың тәсілі - нақты материалға, көрген-білген жайттарға сүйене
отырып толғану. Мақсаты қолдағы материалын өз түсінігі, дүниетанымы тұрғысынан екшеп, көркем бейне арқылы беру, өмір құбылыстарын жан-жақты терең талдап, суреттеу, жинақтау. Автор роман-эссесінде М. Әуезовтің қасында жүргендегі көрген- білгені, сырласқан сәттері арқылы жазушының кемел шағындағы келбетін көз алдыңа әкеледі. Туындының “Романға барар жолда” деген кіріспе бөлімі: “Менің Әуезовім... өзге емес өзімнің тек қана өзімше таныған, өзімше білген, өзімше бас иген Әуезовім” деп аяқталады. Автор роман-эссенің баяншысы да, кейіпкері де. Шәкірті Абай өлеңін мүдірмей жатқа айтып тұрып, бір сөзден мүлт кетеді. Ұлы ақынның “Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма” деген тармақтағы “мыңмен” дегеннің орнына “көппен” деп ауыстырып жібереді. Сонда ұстазы “Абайды жападан жалғыз бүкіл халықпен айтысты деуге қалай аузың барып тұр”– деп, ашу шақырады. Шәкірті төбеден ұрғандай сілейіп қалады. Осы ұтымды деталь арқылы мемуар авторы сөз өнеріне, ақынға деген талаптың жоғары болу керектігін еске салады.
Сөз өнерінің роман проблемасына айналуы шығарманың жанрлық келбетіне ерекше реңк береді. Автор ішкі монологқа беріліп, бас кейіпкер М.Әуезовтің өмірбаянына, пьесаларына, әңгімелері мен эпопеясына талдау жасап, сол арқылы Әуезов сөзінің ғибраттарын ашады. Эпопеядағы Тоғжан, Шүкіман, Әйгерім бейнелеріне айналып соғып отырады.
Роман-эсседе ұлы Әуезовтің өмір өткелдері оның туындыларымен үндес өріліп, суреткерлік, адами болмысы қатар жарасым тапқан.
Жазушы Шерхан Мұртазаның “Ай мен Айша” романы (2000) – мемуар жанрының ішіндегі шоқтығы биік туынды. Ш.Мұртаза аға буын өкілі Ғ.Мұстафинге ұқсап, шығармасының бас қаһарманын өз есімімен атамаған. “Көз көрген” романында Ғ.Мұстафин кейіпкерін Сарбала десе, Ш.Мұртаза Барсхан деп атаған. “Ай мен Айша” романының суреттейтіні -Кеңестік дәуір, сол кезеңнің адам атаулыға жатбауыр болмысы. Кейіпкері -
шәкірт, болашақ жазушы. Кешегі соғыс кезіндегі қиын-қыстауды бастан кешуші. Шығарма сан салалы ұсақ әңгіме, новеллалардан құрылған да, бұлар роман сюжетін тұтастырады. Роман композициясы сатылы: баланың есею жолымен тығыз байланыста беріледі. 1937 жылдың мамыр мерекесі. Той қызығын тамашалап жүрген бес жасар Барсхан әкесінен адасып қалып, жанұшырып келеді. Әкесі Мұртаза өзін далаға тастап кеткен екен деп ойлайды. Өзін шыңырауға құлап, әрең дегенде жер бетіне шыққандай сезінеді. Алайда нағыз шыңыраудың қандай болатынын ол кейінірек біледі. Мінген пойызы Тескен тау туннеліне кіріп бара жатқан (“Шақпақтың желі” новелласы). Жан дәрмен етпетінен құлай кетеді. Ағызып келе жатқан пойыз үстінде тік тұрған қалпында әлдене қанатымен қағып өтіп: “Жат!” дегендей болады. Осы күнге дейін есіне түссе, зәре-құты қалмайды. Періштесі қақпағанда... бітер еді.
Барсхан бейнесі қырғи құстың тырнағына ілініп қалудан сақтанып, бұғып жүрген торғайды елестетеді. Алатаудай арқа сүйенерінен айырылған отбасының - Барсханның, анасы Айшаның соғыс жылдарындағы, одан кейінгі тіршілігі, “халық жауының” жесірі мен жетімнің тағдыры суреттеледі. Кішкентай баланың басынан кешкенінен, көрген-білгенінен дәуір тұлғасының суретін жасау оңай емес. Кешегі Барсхан мен бүгінгі Шерхан. Екеуі де естелік кейіпкерлері. Соңғысы – қазіргі кемел қаламгер. Оқиғаның өңін айналдырмай, сол кездегі тірліктің болмысынан ауытқымай шыншыл түрде бейнелейді.
Романдағы ең бір ұнамсыз кейіпкер – Тастемір, заманының тасбауыр адамы. Ол “халық жауының” отбасына тізесін батырады, жәбірлейді. Осындай қорлығына шыдамаған он екі жасар Барсхан Тастемірді айырмен түйреп тастай жаздайды. Сотталып кететін болған соң, жан сауғалап алыстағы туыстарын паналайды. Анасы Айша көрген қорлығы мен бейнетіне мойымаған, қайратты жан. Сонда мұншама күш, жігерді анасы қайдан алды? Оған бауырындағы балаларын өсіріп, адам етуге деген арманы, төзімділігі жәрдемдеседі. Кешегі кішкене
Барсханнан бүгінгі Шерханға дейінгі аралықты өскен тұлға осы мейірімнен, қайраттылықтан нәр, жігер алады. Романда адам бойындағы өмірге, жақсылыққа деген құштарлық қандай да күштен жоғары деген ой түйіні беріледі.
Ш. Мұртазаның “Ай мен Айша” роман-эссесі – жазушының балалық шағы, басынан кешірген тағдыры туралы. Оны
өмірбаяндық роман деуге де болады. Бірақ, бұл роман ондағы басты кейіпкер Барсханның ғана өмірі емес, Барсхан сияқты мыңдаған адамның өмірі. Барсхан – жазушының әдеби бейнесі.
Ш. Мұртазаның бұл туындысы оқырмандар арасынан өзінің
бағасын алып, 1997 жылы “үздік роман” деген атаққа ие болды.
Шығармада оқиғалар желісі шағын тақырыптарға бөлініп
баяндалады. Бұл оқиғалардың барлығы жинақтала келіп тұтастай бір заманның бейнесін танытады. Роман « – Сен қайдан келдің? – дегенде бір данышпан: – Мен балалық елінен келдім, – деген
екен», – деген сөздермен басталады. Автор сол балалық еліне сапар шегіп, қасіретті мен қақтығысы көп кезеңге тап келген
балалық шағын сөз етеді. Әкесі Мұртазаны «халық жауы» деген жаламен ұстап әкеткенде Барсхан бес жаста ғана еді. Міне, сол кезден бастап үлкен өмірмен бетпе-бет келу, басқа түскен
қиындықтар; жетімектерін жетелеп, жарының қайғысын азалаған Айша ананың қасіреті мен қайраты романның өзегіне алынған.
Романда ұлттық мінез бен болмысқа ерекше мән берілген.
Халқымызға тән ұлттық ерекшеліктер, ғасырлар бойы
қалыптасқан салт пен ғұрыптың, ырым мен тиымның қастерленуі роман кейіпкерлерінің сөздері мен істерінен анық көрінеді. Қазақ прозасының көркемдік табыстарының бірі болып саналатын
шығарма оқиғасына аңздар мен ертегілерді енгізу болса, Ш.Мұртаза бұл романында «Қоңыраулы еліктер», «Жалаңаш қасқыр», аңыздарын жаңғырта отырып, адамгершілік құнды қағидаларды алға тартады. Аңыз оқиғалары Тұрар Рысқұлов туралы романында да шығарма мазмұнына кіріп, кейіпкердің психологиялық ахуалы мен арман мұраттарын танытуда маңызды орын алғанына «Шолпан кебіс» аңызы дәлел. Қазақ
әдебиеті тарихындағы «Тар жол, тайғақ кешу», «Өмір мектептері», «Орындалған арман», «Көз көрген» сияқты
ғұмырбаяндық романдар қатарында «Ай мен Айшаның» алар орны ерекше.
Мемуарлық романдар қатарында М.Мағауиннің “Мен” роман-диалогы да ерекше орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет