М. У. Анартаева



бет95/96
Дата06.02.2023
өлшемі1,3 Mb.
#65491
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   96
3. Дәріс тезистері. Микобактериоздар- патогенді микобактериялармен байланысты аурулар. Клиникалық көрінісі бойынша бұл ауру өкпе туберкулезіне ұқсас. Дегенмен, өкпе сыртылық формасы да кездеседі. Туберкулез қоздырғышына қарағанда микобактериялар оппортунистік инфекция шақырады. Микобактериоз қоздырғышы арасында көп кездесетіндері M. avium, M.avium complex, M. kansasii, M. fortuitum, M. helonae, M. marinum, M. ulcerans.
Морфологиялық және физиологиялық қасиеттері бойынша басқа микобактерияларға ұқсас болып табылады, яғни қышқылға тұрақты, полиморфты таяқшалы болып келеді. Пигмент түзушілігі, мінезі және өсу жылдамдығына қарай оларды 4 топқа бөледі.
Ұзақ мерзімге созылған аурулар, онкологиялық аурулар, антибиотиктерді дұрыс қабылдамаудан болатын екіншілік инфекцияны оппортунистік микобактериоздан ажырата алған дұрыс. Екіншілік микобактериоз көбінесе СПИД-пен ауырған адамдарда болады. Осыған байланысты олар ассоцирленген СПИД және индикаторлы СПИД инфекциялары деп аталады. Туберкулез микобактерияларының қоздырғышына қарағанда оппортунистік микобактериоздар туберкулезга қарсы химиотерапиялық препараттарға сезімталдығы төмен келеді. Бұл аурулармен күресуде келесі препараттар қолданылады: рифампицин, пиразинамид, стрептомицин, этамбутол, этионамид, амикацин. Сонымен қатар антибиотик түрін мұқият таңдау қажет.
Оларға шартты- патогенді Aspergillus, Candida, Mucor саңырауқұлақтарымен шақырылатын микоздар тобы жатады. Олардың кейбіреуі, мысалы Candida адамның қалыпты микрофлорасының құрамына кіреді. Дегенмен көпжағдайда олар диабет, лейкоз, лимфасаркома, иммунодефицит , СПИД ауруларын ауырлатады. Сонымен қатар антибиотиктерді (тетрациклиндер, картикостероидтар, сәулелі терапия) көп қолданатын науқастарда осы саңырауқұлақтар өзінің патогенді әсерін көрсетеді. Осы жағдайда туатын инфекция локальді (аспергиллез, өкпе аспергиллезі, ауыз қуысындағы кандидоз) және гинарализденген (кандидозды сепсис) болады. Микроорганизм қандай жағдайда болмасын, инфекциялық процеске белгілі бір жауап қайтарады.
Жоғарыда айтылған саңырауқұлақтар өздігінен моноинфекция шақыра алмайды. әдетте олар шартты- патогендә бактериялар арқасында инфекциялық процеске шалдығады. Бұндай микробиоценоз түрінде шартты- патогенді бактериялармен қатар шартсыз- патогенді бактериялар және сапрофиттер жүреді.
Оппортунистік микоздың диагностикасын анықтау өте қиын. Ол комплексті микробиологиялық, иммунологиялық және патоморфологиялық зерттеулер арқылы жүргізіледі.
Кандидоздар. Кандидоз қоздырғышы әдетте әр түрлі Candida туыстығындағы саңырауқұлақтар болып табылады. Көбінесе ауруды C. albicans тудырады.
Морфологиясы, физиологиясы. Candida туыстығына аспоригенді ашытқылар- диморфты саңырауқұлақтар. Олар сахаромицит ашытқыларына жақын. C. albicans кәдімгі қоректік орталарда 20 С°-37С° жақсы өседі.
Микроскопиялық және биохимиялық зерттеулер бойынша Candida –ның 100 түрібар. Солардың аз бөлігі (10 шақты) ғана кандидоз шақырады.
Антигендері. Candida туысының ашытқы тәрізді саңырауқұлақтарының жасуша қабырғаларындағы гликопротеиндері олардың түрлік антигендік арнайылығын анықтайды. С. albicans штамдары 3 сероварға – А, В және С бөлінеді. Спора түзетін сахаромициттер мен аспорогенді ашытқы саңырауқұлақтарының жалпы антигендері бар.
Патогенділігі. Candidа ашытқы саңырауқұлақтарының патогенді факторлары гемолизиндер эндоплазмакоагулазалар липидтер, полисахаридтер, кейбір гидролазалар, эндотоксиндер болып табылады.
Патогенезі және иммунитеті. Candidа ашытқы саңырауқұлақ туыстастығы әртүрлі жедел және созылмалы инфекцияларды тудырады эндогендік және экзогендік инфицирленунәтижесінде бірінішілік және екіншілік инфекциялар дамиды. Кандидоз ауыз қуысында кең тараған. Жас нәрестелерде сонымен қатар этиологиясы ауыр ауқымды аурулармен ауыратындарда (қатерлі ісік т.б.) кездеседі. Сонымен қатар, кондидоздық вульвовагинит жүктілік кезінде, диабетте орын алады. Бронхоөкпелік кондидоз өкпе рагында, бронха эктатикалық ауруларда, ЖИТС – те және басқа ауруларда екіншілік инфекциялар түрінде көрінеді.
Гентертригиноздық кандидоз кезінде терінің үлкен қатпарлары және қолдың, оның жұмсартушы және мацерациялық бөлігі зақымдалады. Созылмалы кандидоз кезінде тері мен шырышты қабық зақымдалады.
Кандидоздар көбінесе кең спектрлі әсер ететін антибиотиктермен ауыз қуысының, ішектің, сондай – ақ организмнің иммундық жүйесінің микробтық биоценозының айқын бұзылуларына алып келетін гормональді препаратты ұзақ қолданудан туындайды. Кандидоздарда Jg G, Jg M, Jg A антиденелері жинақталады.
Экология мен эпидимиология. Candida – лардың әртүрлі түрлері табиғатта кеңінен табылған. C. Albicans адам организмінің қалыпты микрофлорасы негізгі өкілі болып табылады. Олар қоршаған орта факторларының әсеріне тұрақты.
Лабораториялық диогностикасы. Зерттеу үшін микроскопиялық, дақылдық, биохимиялық және серологиялық әдістер жүргізіледі. Патологиялық материалдан бүршіктенген ашытқы клеткаларын және псевдомицелия элементтерін табу мақсатында микроскоптайды. Сабура ортасында және сусло – агарда 200 С пен 370С аралығында патологиялық материалды анықтайды.
Серодиогностиканы агглютинация, КБР, Преципитация, иммуноэлектрофорез және т.б. әдістердің көмегімен жүргізіледі. Тері алергиялық сынамаларды қою үшін әртүрлі алергендерді пайдаланады.
Профилактикасы және емдеу тәсілі. Спецификалық профилактикалық өнімдердің сапасын жақсарту үшін әрқашан өлі вакциналар ( аутоштаммдардан жасалатын ) қолданылады. Химиотерапевтикалық өнімдерге полиен ( нисталгин , леворин, аморотерицин В және т.б) антибиотиктер қолданылады және имидозолдың туындылары ( клотримазол, конестен, 5 – флуцитозин ( анкотил ) флуконизол және т.б ) қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет