6.Қорытынды сұрақтары (кері байланысы)? 1. Госпитальді инфекция қоздырғышына қандай микроорганизмдер жатады?
2. Госпитальді штамдардың құрылымының себептері?
3. Ауруханаішілік инфекциясының лабораториялық диагностикалық ерекшкліктері?
№ 5 Тақырыбы: Зерттелетін обьекттер, материалдар және зерттеу әдістері. Қоршаған орта обьектілерінің микробтық залалдануын зерттеу.
Мақсаты: Студенттерді микробиологиялық зерттеу обьектілерімен, материалдарымен және әдістерімен және де қоршаған ортадағы обьектілердің микробтық залалданудың принциптерімен таныстыру.
Дәріс тезистері:Зерттеу обьектілері, материалдары мен әдісері.
Бактериологиялық бақылау өткізгенде зерттеу обьектілері: ауа; қоршаған ортадағы әртүрлі обьектілер; хирургиялық аспаптар: шприцтер, инелер; қан құюда бірнеше рет қолданылатын жүйелер, зондтар, катетерлер, бужирлер, резеңке қолғаптар және т.б. резеңке мен пластикатерден жасалған бұйымдар; қолдануға дайындалған тігетін материалдар; хирургтың қолы мен ота аумағының терісі болып табылады.
Санитарлы – гигиеналық жағдайларды оқып-білуде сынапты және спиртті термометрді қолдану арқылы арнайы мекемелерде (аурухана палаталары, емдеу, таңу бөлмелері, ота жасайтын бөлме және басқа да мекемелер) ауаның температурасын анықтауды, ассман психрометрінің көмегімен салыстырмалы ылғалдылықты өлшеуді, шар тәрізді катетермен ауаның қозғалу жылдамдығын, Ю-16 люксиметрімен жарықтық қолданады.
Стационарда микробиологиялық бақылау жасауда ауруханаішілік инфекция шақыруға бейім, қоршаған ортадағы патогенді микроорганизмдерге бактериологиялық зерттеу обьектілері қолданылады. Жоспарлы бактериологиялық бақылау жалпы микробтық және санитарлық көрсеткіш микроорганизмдерді (стафилококтар, ішек таяқшалары тобындағы бактерияларт.б.) анықтауға негізделген.
Ауадағы микробтық залалдануды зерттеу.
Ауаның іріктеп алу әдісінің маңызды бөлімдері:
ауадағы микроорганизмдердің жоғары болуы, аздаған көлеммен анықталады (өсіп шыққан колониялар 200-300-ге жетпейді, себебі көп мөлшерде колонияларды микробиологиялық зерттеу қиынға түседі).
Ауадағы микроорганизмдердің төмен болуы немесе патогенді бактериялардың анықтау керектігінен ауаның көлемінің ұлғаюы.
Ауаның іріктеп алу әдісі отырған немесе тұрған адамның тыныс алу деңгейімен алынады. Ауаның 1м³-тағы жалпы микробтық саны мен алтынша стафилококтың болуымен анықталады. Зерттеу стационардың қоршаған ортадағы санитарлы – гигиеналық режимін бағалау динамикасында жүргізіледі.
Ауа ортасы бактериологиялық зерттеуде қарастырылады:
Ауаның 1м³-тағы микробтық жалпы құрамын анықтау.
Ауаның 1м³-тағы алтынша стафилококты анықтау.
Бактериялық зерттеу үшін ауаның іріктеп алу әдісі келесі мекемелерде жүргізіледі: ота блоктарында таңу бөлмесінде ота жасаудан кейінгі палаталарда, асептикалық жағдайлардағы бөлімдерде және реанимация палаталарында, интенсивті терапия және т.б. мекемелерде.
Ауаның іріктеп алу әдісі Кротов аппаратының көмегімен аспирациялық әдіспен анықталады. Ауаның созылмалы жылдамдығы минутына 25 литрге тең. Жіберілген ауаның мөлшері бактерияның жалпы құрамын анықтау үшін 100 литрін құрау қажет немесе алтынша стафилакокты анықтау үшін 250 литр болу керек. Ауаны седиментациялық әдіспен анықтау басқа жағдайларда қолданылады.
Қоршаған ортадағы обьектілердің микробтық ұрықтануын зерттеу.
Сыртқы ортадағы заттардың микробтық залалдануына
бактериологиялық зерттеу жүргізу- стафилококтың, көкіріңді таяқшасының, ішек таяқшасының тобындағы бактериялардың және аэромонадалардың (қатаң көрсетілім бойынша) пайда болуын қарастырады.
Бактериологиялық бақылауға жататын обьектілердің тізімі.
А. Наркоз бөлмесі: Инкубациялық түтікше, наркоз аппаратының маскасы, наркоз аппаратының тройнигі, жиырылмалы түтікше, ларингоскоп, ауыз қуысын кеңейтетін құрал, тыныс алу қапшығы, анестезист – мед.бикелердің қолы.
Б. Ота жасауға дайындау бөлмесі: хирургтың қолын жууға арналған шаралар, қол жууға арналған таза щеткалар, алжапқыштар (кленкалы немесе полиэтиленді).
В. Ота жасау бөлмесі: анестезиологтың жұмыс үстелі, ота жасау үстелі, вакумды насос шлангасы, оттекті шлангасы.
Г. Ота жасаудан кейінгі палаталар, мекемелер және реанимация палаталары, интенсивті терапия: науқас кереуеті, қызметкердің қолына арналған сүлгі және қолынан алынған шайынды, раковинадағы щетка, оттекті шлангасы, қосымша наркоз аппараты, вакум насос шлангасы, тоңазытқыштың ішкі бөлігі (дәрілерді сақтауға арналған), градусниктер, таңу бөлмесі,таңуға арналған кушетка, қызметкердің қолына арналған сүлгі, раковинадағы щетка, медбикелердің халаты, дәрігерлердің медбикелердің , медициналық жұмыс үстелі.
3.4. Хирургиялық аспаптардың стерильдігіне бақылау жасау.
Медициналық манипуляцияға арналған қауіптілігі бойынша бөлінеді: критикалық – стерильді тіндерге немесе тамырларға енеді: имплантаттар, скальпелдер, инелер т.б. хирургиялық аспаптар. Стерилизация – спороцидті химиялық зат, ұзаққа созылған байланыс.
Жартылай критикалық – кілегейлі қабықшаларға жабысады (стоматологиялық аспаптардан басқасы), иілгіш эндоскоптар, ларингоскоптар, эндотрахеальды түтікшелер, сонымен қатар басқа да аналог аспаптар. Жоғары деңгейлі дезинфекция – спорацитті химиялық зат, қысқа мерзімді байланыс. Стерилизация және дезинфекциялауға арналған: термометрлер, гидротерапияға арналған ванна. Орташа деңгейдегі дезинфекция. Критикалық емес (зақымдалмаған тері арқылы енеді): стетоскоптар, үстелдік құрал-жабдықтар және т.б. Төмен деңгейдегі дезинфекция. Маркеровкадағы туберкулециттік белсенділіктің нұсқауы көрсетілмеген ауруханалық дезинфицирлеуші заттар.
Зерттеуге арналған материалдарды жинау ережелері.
Ауруханалық эпидемиологиялық микробиологиялық тәжірибеде дұрыс алуды ұйымдастыру және бақылау, сақтау және микробиологиялық зерттеуге арналған тасымалдау материалымен бірге қолданады.
Биологиялық материалды микробиологиялық зерттеу үшін максималды стерильді жағдайда, сыртқы ортадағы микроорганизмдердің контоминациялық үлгісінен алшақтай отырып, асептиканы қатаң түрде сақтау ережесімен алу қажет.
Егуге арналған үлгінің міндетті түрде антибактериялық препараттармен немесе антибиотиктердің қабылдау аралығы (12 сағаттан көп емес) интервалдармен емдеудің алдында алу қажет. Таңдап алынған материал маркеровка жасалуы қажет және мүмкіндігінше тез микробиологиялық лабороторияға жеткізілуі қажет. Егер қажет болса үлгілерді транспортқа да орналастырады. Кей үлгілер t 37°С-та сақталу қажет, ал кейбіреулері төменгі температурада сақталады (тоңазытқышта).