1. Тақырыбы: Оппортунистік өткір ішек инфекция этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі, клиникасы микробиологиялық диагностикасы, емдеу және алдын алу.
2. Мақсаты: Студенттерді ШПМ арқылы шақырылған оппортунистік өткір ішек инфекцияларымен шақырылған оппортуинистік өткір ішек инфекцияларының себептерімен және емдеу принциптерімен таныстыру.
3. Дәріс тезистері.Тағаммен улану және өткір ішек инфекцияларының диагностикасы.Өткір ішек инфекциялары шақырады; Латынша
Жоғарыда көрсетілген инфекция түрлерімен шақырылған аурулар,көбінесе тағамдық токсикоинфекция типінде өтеді, кей кезде-микробты интоксикация (стафилококты,клостридиальды) және инфекциялық аурулар(эшерихиоздар,камппилобактериоздар) типінде өтеді.Оппортунистік инфекцияның келесі бір тобы іріңді –қабыну типіне-холецистит, панкреатит, аппендицит, перитонит, паропроктитті жатқызады.
Өткір ішек инфекциясы контоминирленген микробты тағам пайдаланудан болады.Тамаққа бұл микроб ауру тасымалдайтын адамдардан, кейде жануарлардан түседі.Жоғарыда көрсетілген бактерия түрлері бөлме температурасында көбеюге қабілетті,ал псевдомонадалар мен клепсиеллалар кәдімгі тұрмыстық тоңазытқыш температурасында көбейеді.Стафилококктар мен клостридиялар көбейгенде тағам құрамында экзотоксин жиналады.
Қоздырғыш организмге алиментарлы жолдан басқа,тұрмыстық қатынастарда және судан жұғуы мүмкін.Дегенмен,бұл жол арқылы организмге инфекция дозасы жеткілікті түрде түспейді.
Инкубациялық кезеңі-қысқа.Құрамында стафилококты энтеротоксин және клостридиальды экзотоксині бар тағамдар пайдаланса,ауру белгілері 2-3 сағат,кейде жарты сағатта байқалады.Протейнмен,клебсиеллалармен,энтерококкпен ауырғанда инкубациялық кезең 5-24 сағатты құрайды.Инфекция жеткілікті дозада түспесе,инкубациялық кезең 2-3 күнге дейін созылады.Ал колипилобактериоз және эшерихоз кезінде инкубациялық кезең 5-7 күнге дейін созылуы мүмкін.
Аурудың бастамасы әдетте өткір,кей кезде өте жылдам.Аурудың 3 клиникалық синдромын ажыратады;жалпы токсикалық,энтеральды және өте сирек септикалық кейде ауру жалпы токсикалық синдроммен (бас және бұлшықет ауруы,бас айналу,әлсіздік және т.б) өтеді,кейде энтеральды синдроммен (жүрек айнуы,құсу,іш өту,іш аурулары) жүреді.Сирек жағдайда бұл синдромдар бір мезгілде өтуі мүмкін.
Аурудың клиникасы гастрит, энтерит, гастроэнтерит, колит, энтероколит және гастроэнтероколит түрінде өтеді.Жоғарыда көрсетілген микробтар аурудың кез келген формасын шақырады.Өткір ішек инфекциялары көбінесе гастрит және гастроэнтерит түрінде өтеді.Клостридиальды инфекция интоксикация,сепсис, некротикалық энтерит типінде өтеді.
Өткір ішек инфекциясымен ауырғанда әдетте адам клиникада 5-6 күнде немесе одан ерте жазылады.Ішекте қабыну процесі 7-10 күнге дейін созылады.Қоздырғыштың организмнен толығымен шығуы ұзақ уақытқа созылады.
Клостридиальды және псевдомонадальды инфекция кезінде ауру ұзаққа созылады.Өткір ішек инфекциясының этиологиялық диагностикасы үшін бактериологиялық әдіс қолданылады.Аурудың созылмалы формаларында ауру адамның қан сарысуында антидене пайда болады.
Зерттелетін материал түрінде;құсық массасы, асқазан жұғынды суы, азық-түлік пен шикізат қолданылады.Материалды алғанна кейін 1 сағат ішінде зерттелуі тиіс;егер ондай жағдай тумаса материалды консервантқа салып қояды(фосфатглицеринді қоспа және т.б).
Егер зерттелетін материалдан патогенді қоздырғыш ала алмаса,материал ШПМ арқылы зерттеледі.Дегенмен, өткір токсикоэнтеральды ауру кезінде паралллельді ШПМ-мен зерттец керек.Бұл үшін материалды дифференциалды-диагностикалық ортаға егеді.
Дені сау адамнан ішек таяқшасын бөліп алу үшін қосымша критерийлер қажет.Аурудың тағаммен улану типінде диагноз қою оңай болады.ШПМ бөлінген жағдайда ағымды аурумен дисбактериоз және екіншілік оппортунистік инфекция қатар жүреді.