Қорытынды сұрақтары (кері байланысы) Қандай инфекцияны оппортунистік деп атаймыз?
Оппортунистік іріңді-қабыну процестеріне не жатады?
Оппортунистік инфекцияның емімен алдын алу принциптері?
№ 7 1. Тақырыбы: Оппортунистік бронхөкпелік инфекция, этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі, клиникасы, микробиологиялық диагностикасы, емдеу және алдын алуы.
2. Сабақтың мақсаты:Студенттерді ШПМ шақырған оппортунистік бронхөкпелік инфекциялардың себептерімен және емдеу принциптері және оппортунистік инфекцияның алдын алуымен таныстыру.
3.Дәріс тезистеріі.Төменгі тыныс алу жолдарының диагностикасы.
Бронх және өкпенің оппортунистік инфекциясы созыл
малы бронхит, пневмония, өкпенің абсцессы және гангренасы, плевраның эмпиемасы түрінде өтеді. Бұл аурулар тобының алдыңғы орнында созылмалы және өткір бронхит алады.
Оппортунистік инфекцияның қоздырушылары қоршаған ортадан ауа тамшылары арқылы немесе науқастың жоғарғы тыныс жолдары арқылы жүғады. Бірақта қоздырғыштар қан арқылы да (сепсис кезінде) ота жасау кезіндегі кедергілерде, эндоскопиялық ем қабылдауда, аэрозольді және сұйық контамирленген микробтарды иинтратрахеальды түрде енгізуде өтуі мүмкін.
Инфекцияның дамуына ШПМ-нің тыныс алу жолы арқылы енуі маңызды емес. Дені сау адамдардың бронхтары микробтардан және бөгде заттардан өздігінен тазаланып тұруына ие, олар мукоциллиарлық клиренс, альвеолярлы және бронхиалды макрофактормен, лизоциммен, секреторлық IgA-мен, комплементпен, кілегейлі қабықтың лимфоидтты аппараттармен және перибронхиальдық лимфоидтық түйіндер арқылы жүзеге асады . Сонымен қатар, тыныс алу жолдарының кілегейлі қабаты ШПМ-ге барьерлік қасиетке ие. Сонымен қатар инфекцияның түсуі үшін қоздырғыштардың жоғары инфицирлеуші дозасы немесе шырышты қабаттың зақымдалу барысында тыныс алған кезінде және тыныс алу жолдарының өздігінен тазалану қызметінің төмендеуінен пайда болады. Иммундыжетіспеушілік жағдайда инфекцияның жоғарғы рисктің дамуына қолайлы болады.
Төменгі тыныс жолдарының қабыну процесіне мына қоздырушылар бактериялар, микоплазмалар, вирустар, саңырауқұлақтар және қарапайымдылар жатады. Патогенділердің арасында жоғары деңгейлілерге – Mycobacterium tuberculosis, Streptococcus pneumoniae, Haemophilus influenzae, Staphylococcus aureus, Klebsiella pneumoniae жатады. ал, орта деңгейлілерге – Candida albicans, Branchamella catarrhalis жатады. Серологиялық әдіс көбінесе күрделі ауқымдағы және созылмалы түрдегі ауруларда қолданылады. Аурудың полиэтиологиялығына және қоздырғыштың мозайкалық айқындалуына байланысты диагностикум ретінде сандық доминирленетін аутодақылдарды қолданады.
Зерттеу материалына қақырық жатады, бронхскопиялық кезінде алынған бронх құрамы, плевра сұйықтығы, трахеядан алынған аспират пен пунктат, өкпенің пункциясы және биопсиясы кезінде алынған өкпе тіні. Өкпеден және трахеядан алынған пунктатты зерттеу неғұрлым ақпаратты болып келеді. Бұл әдіс рискті анықтау үшін, әсіресе ауыр өтетін ауруларда және қақырықтың болмауында не болмаса зерттеу барысындағы теріс нәтижелі болғанда қолданады. Қақырықты микробиологиялық зерттеу үшін антибактериялық терапияны қолданудан алдын не болмаса препаратты жібергеннен кейінгі шамалы уақыттан соң, ауру ағзасынан түгелдей шығарылғаннан кейін қолданады. Таңертеңгі қақырық порциясын зерттейді.
Лабораториялық диагностикада микроскопиялық, бактериологиялық және серологиялық әдістерді қолданады.
Микроскопиялық әдіс экспресс – диагностикада, бактериологиялық зерттеудің негізгі бағытын іріктеуде қолданады. Бұл әдістің сезімталдылығы мен арнайылығы РИФ пен ИФА-ны қолданғанда көтеріледі.
Қақырықтағы ірің түйірін зерттейміз, сонымен қатар изотоникалық ерітіндісі бар Петри табақшасында қақырықты жоғары тыныс жолдарының микрофлорасынан максимальды түрде босатамыз. Қақырықтың түйірін 2 заттық шынының арасымен езгілеп жұғындыны дайындайды. Грамм және Циль-Нильсен бояуымен бояйды (қақырықтағы микобактерияны табу үшін). Бактериоскопиялық зерттеу барысындағы қақырық құрамындағы микрофлораның мөлшерін шамалап сипаттама беруге болады. Сонымен қатар, жұғындыны микроскопиялау микробтардың қиын дақылдануында айқындауға мүмкіндік береді.
Серологиялық әдісті аурудың созылмалы түрінде қолданады. Серологиялық әдіс көбінесе созылмалы және хроникалық формада қолданылады.
Соңғысы қалыпты микрофлоры өкілі болып табылмайды, егер организмде күшке әсер ететін антиденеболса .
Диагностиканың бастапқы әдістерінің бірі – бактериологиялық . Оның ең басты ерекшелігі материалдағы микробтар санын дәл анықтайды.
Жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциясының диагностикасы .
Жоғарғы тыныс алу жолдарының микрофлораны аңқа мен мұрынның ауруын сонымен қоса ауру пневномия ,яғни қақырық бөлінбей және бактериятасышуға тексеру жүргізілгенде зерттейді.
Менингит диагностикасы. Жұлын сұйықтығына микробиологиялық тексеру жүргізу мына жағдайда жүргізіледі. Менингит болу қауіпінде номатоздың жағдайды және белгісіз генезаның жүйкелік симптомдарында. Іріңді менингит ми қабығының іріңді қабынуы. Бірінші менингитті менингококтар шақырады, екіншісін ШПМ – ды тудырушы заттар . Тудырушылар субарахноидальды тасымалға басқа органдардың қабынуы кезінде гематогенді , лимфогенді, байланыстырушы жолмен енеді, кейде жарақаттану кезінде де .
Жұлын сұйықтығы стерильді нормада болады. Сондықтан микробиологиялық тексеру нәтижесінің оң болуы – бұл әрқашан этиологиялық диагнозды қою өз уақытында аурудың өлімге душар өтуін болдырмайды .
Менингит этиологиясы әртүрлі. Шамамен сұйықтығының әр уақытта келесі микробтар бөлінеді.
- іріңді менингит кезінде - Neisseria meningitidis , Streptococcus pneumoniae , Staphylococcus aureus, Streptococcus топтары A ,B,D. Haemophilus influenzae , E. Coli ,Proteus, Pseudomonos, Achromobacter, Listeria monocytogenes.
- асептикалық менингит – Mycobacterium tuberculosis , Leptospira , Cryptococcus neoformans , Toxoplasma gondii, вирустар .
Жұлын сұйықтығынан материал алған кезде асептика қағидаларын қатаң сақтау керек.