1
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі
Ғылым Комитеті Философия, саясаттану және дінтану институты
Институт Философиии, политологии и религиоведения
Комитета науки Министерства образования и науки
Республики Казахстан
ҚАЗАҚТАРДЫҢ РУХАНИ ӘЛЕМІ:
ӘЛ-ФАРАБИДЕН АБАЙҒА ДЕЙІН
ДУХОВНЫЙ МИР КАЗАХОВ:
ОТ АЛЬ-ФАРАБИ ДО АБАЯ
Алматы, 2016
2
Қазақтардың рухани әлемі:
әл-Фарабиден Абайға дейін
ӘӨЖ 94(574)(035.3)
ҚБЖ 63.3 (5 қаз)
Қ 16
Жұмысты баспаға ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану
және дінтану институты Ғылыми Кеңесі ұсынған
Работа к изданию рекомендована Ученым Советом
Института философии, политологии и религиоведения КН МОН РК
Рецензенттер:
философия ғылымдарының докторы, профессор Т.Х. Ғабитов
философия ғылымдарының докторы, профессор М.З. Изотов
философия ғылымдарының докторы, доцент Б.М. Сатершинов
Жұмыс «Халық тарих толқынында» бағдарламасы ауқымында орындалды
Работа выполнена в рамках программы «Народ в потоке истории»
(2014–2016 гг.)
Қ 16 Қазақтардың рухани әлемі: әл-Фарабиден Абайға дейін. Ұжымдық
монография / З.К. Шаукенова және С.Е. Нұрмұратовтың жалпы редакциясымен. =
Духовный мир казахов: от аль-Фараби до Абая. Коллективная монография / Под
общ. ред. З.К. Шаукеновой и С.Е. Нурмуратова. – Алматы: ҚР БҒМ ҒК Философия,
саясаттану және дінтану институты, 2016. – 460 б.
ISBN – 978-601-304-061-5
Ұжымдық монографияда әл-Фарабиден Абайға дейінгі тарихи кезеңдегі қазақ
халқының рухани әлемі тұтастық тұрғысынан қарастырылады.
Авторлар қазақ халқының этникалық дүниетанымының әртүрлі тарихи
түрлері болып табылатын ел руханиятының идеялық және этномәдени негіздерін,
дүние түсініктерінің философиялық, ғылыми және діни бастаулары мен мазмұнын
ашып береді, олардың ішкі құндылықтық өзара байланыстарын дәйектейді және
қазақ халқының рухани ізденістерінің кең ауқымын көрсетіп береді.
Монография гуманитарлық ғылымдар саласындағы ғалым-мамандарға, жоғары
оқу орындарындағы профессорлық-оқытушылық құрамға, студент жастарға және
қазақ халқының рухани әлемі қызықтыратын жалпы оқырмандарға арналады.
В коллективной монографии с позиции целостного подхода представлен ду-
ховный мир казахского народа в исторический период от аль-Фараби до Абая.
Авторы раскрывают идейные и этнокультурные основы духовности казахского
народа, истоки и содержание философского, научного и религиозного миропони-
мания, являющихся различными историческими формами этнического мировоз-
зрения казахского народа, обосновывают их внутренние ценностные взаимосвязи и
показывают широкую палитру духовных исканий казахского народа.
Монография адресуется ученым-специалистам в области гуманитарных наук,
профессорско-преподавательскому составу вузов, студенческой молодежи, а также
широкому кругу читателей, интересующихся духовным миром казахского народа.
ӘӨЖ 94(574)(035.3)
ҚБЖ 63.3 (5 қаз)
ISBN – 978-601-304-061-5
© ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану
және дінтану институты, 2016
3
МАЗМҰНЫ – СОДЕРЖАНИЕ
КІРІСПЕ.............................................................................................................
5
1
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ ӘЛЕМІН ЗЕРТТЕУДІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.............................
11
1.1 Әл-Фарабиден Абайға дейінгі тарихи үдерісті кезеңдеудің
жалпы сипаттамасы.............................................................................
11
1.2
Қазақ этносының рухани өмірінің құндылықтық бағдарлары.....
28
2
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ ӘЛЕМІ
ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТАРИХИ КОНТЕКСІ:
ТҮРКІЛІК РУХАНИ ДӘСТҮР...........................................................
53
2.1
Түркі руханилығы – философия мәселесі және қазақ
рухани әлемінің тарихи бастауы.......................................................
53
2.2
Түркілік рухани дәстүрлер ерекшеліктері.....................................
75
3
ӘЛЕМНІҢ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘЖІРИБЕСІ:
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ КЕЗЕҢІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
(XV–XVIII ғғ.).........................................................................................
92
3.1
Қазақ хандығы дәуіріндегі рухани-адамгершілік
құндылықтар.........................................................................................
92
3.2 ХV–ХVІІІ ғасырлардағы қазақтың әдеби мұрасының тарихы.....
120
4
ҚАЗАҚ АҒАРТУШЫЛЫҒЫ ДӘУІРІ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ
РУХАНИЛЫҒЫНЫҢ ДАМУЫ КЕЗЕҢІ РЕТІНДЕ.....................
153
4.1
Қазақтардың рухани өміріндегі Ш.Ш. Уәлихановтың
әлеуметтік прогресс идеясының маңызы........................................
153
4.2
Ыбырай Алтынсарин шығармашылығындағы
қазақтардың рухани өмірі мәселелері.............................................
176
4.3
Абай – қазақ халқы рухының жаршысы.........................................
191
4.4
Шәкәрім – Абайдың рухани дәстүрлерін жалғастырушы........
203
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................
220
4
Қазақтардың рухани әлемі:
әл-Фарабиден Абайға дейін
ВВЕДЕНИЕ.......................................................................................................
225
1
ТЕОРЕТИКО-МЕТОДОЛОГИЧЕСКИЕ ОСНОВАНИЯ
ИССЛЕДОВАНИЯ ДУХОВНОГО МИРА
КАЗАХСКОГО НАРОДА..................................................................
231
1.1 Общая характеристика периодизации исторического
процесса от Аль-Фараби до Абая.....................................................
231
1.2 Ценностные ориентиры
духовной жизни казахского этноса......
247
2
ИСТОРИЧЕСКИЙ КОНТЕКСТ ФОРМИРОВАНИЯ
ДУХОВНОГО МИРА КАЗАХСКОГО НАРОДА:
ТЮРКСКАЯ ДУХОВНАЯ ТРАДИЦИЯ........................................
275
2.1
Тюркская духовность как проблема и исторический исток
духовного мира казахов.......................................................................
275
2.2
Особености тюркской духовной традиции....................................
297
3
ДУХОВНО-НРАВСТВЕННЫЙ ОПЫТ МИРА: ЭПОХА
СТАНОВЛЕНИЯ КАЗАХСКОГО ХАНСТВА (XV–XVIII вв.).....
319
3.1 Духовно-нравственные ценности в эпоху казахского ханства....
319
3.2 История литературного наследия XV–XVIII веков
казахского народа.................................................................................
347
4
ЭПОХА КАЗАХСКОГО ПРОСВЕЩЕНИЯ КАК ЭТАП
В РАЗВИТИИ ДУХОВНОСТИ КАЗАХСКОГО НАРОДА........
378
4.1 Значение идеи социального прогресса Ч.Ч. Валиханова
в духовной культуре казахов..............................................................
378
4.2 Проблемы духовной жизни казахов в творчестве
Ибрая Алтынсарина.............................................................................
403
4.3 Абай как выразитель духа казахского народа................................
417
4.4 Шакарим как продолжатель духовных традиций Абая.............
430
ЗАКЛЮЧЕНИЕ...............................................................................................
449
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану
институты туралы мәлімет
...................................................................................
454
Информация об Институте философии, политологии
и религиоведения Комитета науки Министерства
образования и науки Республики Казахстан
................................................
456
Information on the Institute for Philosophy, Political Science
and Religion Studies of Science Committee of the Ministry
of Education and Science of the Republic of Kazakhstan.
.............................
458
К і р і с п е
5
А л ғ ы с ө з
КІРІСПЕ
Тәуелсіздікке қол жеткізген уақыттан бастап халықтың ру-
хани өмірінің тарихын зерттеушілер тарих беттеріне үңіле оты-
рып рухани өмірдің тұңғиығын қайта зерделеп, олардың мәнін
тануға, құндылықтарды алға тарта отырып, халық тарихының
нағыз ғажайып та күрделі кездерін пайымдауға кіріседі. Қазақстан
қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев
«Қазақстан-2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
курсы» мақсаты мен міндетін анықтап берген өзінің жаңа даму са-
тысына өтті.
Ұлт Көшбасшысы бұл стратегияда Қазақстан дамуының ұзақ
жылдарға арналған ауқымды көрінісін ұсынады. Бұл реформалар-
дың жүзеге асырылуы ұлттық тарихты зерделеуге, көпұлтты және
көпконфессиядық қоғамның дүниетанымдық, мәдени және руха-
ни бірігуі идеологиясына негізделеді. Сондықтан Стратегияда қа-
зақстандық қоғамның дамуында руханилық мәселелерінің маңызы
экономикалық, материалдық тұрғыдағы мәселелерден кем болмай-
тындай кезеңге аяқ басқаны жөнінде көрсетілуі кездейсоқ емес.
Қазақ халқының тарихына қатысты зерттеулерде ұлттық өзіндік
сананың серпінді өсуі жүріп жатырғанын танытатын өзінің тари-
хи дүниетанымдық тамырларына қызығушылықтар артуда. Алай-
да әлеуметтік мүдде оның ғылыми зерттеулермен және өзінің ба-
ғытталған саласын терең теориялық түсіндірілуімен сәйкестенгенде
ғана терең зерделенеді. Халықтың мәдени тарихының бір бөлігі
ретіндегі дүниетаным мен философия тарихынан хабардар болу
оның тарихи өмір сүруі мен дамуы, өзіндік бірегейленуінің қажетті
жағдайы болып табылады.
Қазақ халқының өзіндік бірегейленуі өткеннің рухани мұрала-
рына үңілмей, қазіргі кезеңдегі адам мен әлемнің дүниетанымдық
тұрғыдағы көрінісіне енгізілуі мүмкін емес. Өзінің тарихи өткенінсіз
қоғамдық сананың қызмет атқаруы мүмкін еместігі сияқты, сондай-
ақ түркілік және қазақ ойшылдарының мұраларын заманауи қоғам-
дық сұраныстан бөлек және тәуелсіз терең ойлы зерттеу мүмкін емес.
Осыған орай ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану ин-
ституты ұжымы орындаған әл-Фарабиден Абайға дейінгі қазақтар-
Қазақтардың рухани әлемі:
әл-Фарабиден Абайға дейін
6
дың рухани әлемін зерттеуі Қазақстан халқының руханилығы мен
дүниетанымын қалыптастыру үшін маңызды. Ол қазақ халқының
тарихын, мәдениетін және философиясын пайымдаудағы жаңа
дүниетанымдық тұрғылармен ғана емес, сонымен қатар оларды
зерттеудегі жаңа әдіснамалық ұстанымдармен маңызды болып та-
былады.
Қазіргі қазақстандық полиэтностық шындығы жағдайында
әлемнің бірегей ұлттық бейнесін оның құндылықтық өмірмәнділік
бағдарларымен жаңғырта отырып, қазақ халқының бай руха-
ни мұрасын игерудің маңызды рөлі артуда. Әлем мен адам-
ды қабылдаудың тұтастығы, ақыл-ой мен жүректің бірлігі,
шындық, мейірімділік пен әділеттіліктің рухани-адамгершіліктік
басымдылықтары, төзімділік пен ізгі ниеттіліктің ерекше түрі –
бұның барлығы Ұлы Даланың сабақтары.
Табысты, серпінді дамушы қазақстандық қоғам бұқараның са-
насында қазақтардың рухани әлемі құндылықтарының орнығуы,
бекітілуі негізінде ғана құрылуы мүмкін. Ұлт тарихы объективтілік
пен ғылымилық бағдарларына сәйкес келетін біртұтас іргелі
әдіснамалық принцип тұрғысынан байыпталуы тиіс.
Қазіргі жағдайда біздің нақты дүниемізді толық тарихи қайта
қарастырудың нақты-ғылыми, әдіснамалық және тарихи-фило-
софиялық алғышарттары қалыптасуда. Әлемнің жаңа ғылыми кар-
тинасы әлемнің біртұтас тарихи картинасы принципінде көрініс
берген әдіснамалық функцияны орындауы мүмкін. Бірақ, дегенмен
жаңа ғылыми деректерді ғылыми ізденістер барысында көрініс беріп
отыратын түсініктемелер мен түсіндірмелерді кеңінен қолдану үшін
дәстүрлі білімдерді де ұтымды қолданып отырған орынды.
Авторлардың оқырмандарға ұсынып отырған монографиясы
қазіргі ғылымның бай құралдарын, яғни нақты тарихилық әдісі,
жүйелілік және құрылымдық-функционалдық талдау, тарихилық
пен логикалықтың бірлігі әдісі және т. б. қолдана отырып алда
қойылған күрделі мәселелердің тиімді шешімін табуға проблемалық-
тарихилық және салыстырмалы-теңгерімдік тұрғылардан келді.
Жүйелілік тұрғысынан зерделеу қазақтардың рухани әлемі
мәселесінің қалыптасуы мен дамуын, қазақ мемлекеттілігін және
Қазақстанның қазіргі тарихын біртұтас көпқырлы құбылыс ретінде
қарастыруға мүмкіндік берді. Құрылымдық-функционалдық тал-
дау өз кезегінде қазақ халқының рухани өмірінің құрылымдық
элементтерін зөерттеуге мүмкіндіктер ашты және олардың тари-
хи үдерістегі функционалдық міндеттерін қарастыруға көмектесті.
Қазақтың рухани әлемін зерттеудің өнімді әдісі, әсіресе атап айтқан-
К і р і с п е
7
да ағартушылық ойларды зерттеудің тиімді әдісі тарихилық пен ло-
гикалықтың бірлігі қағидасы болып табылады. Оның мағынасы мы-
нада – кейбір нақтылықтағы шынайы тарихты танытатын, білдіретін
нәрселер хронологиялық сипатта оның алдында келген барлық
оқиғалар емес, тек осы нақты құбылысты шын мәнінде, «табиғаты
бойынша» айқындайтындары ғана болып табылады. Ол зерттелетін
әрбір құбылысты өзінің дамуының барынша кемелденген шағында,
яғни бұл құбылыстың мәнін анықтауға және көрсетуге оңайырақ кез-
де қарастыруға мүмкіндіктер береді. Жоғарыдағылардың барлығы
біріккен кезде және зерттеудің салыстыру әдісін бірге қарастырған-
да, сонымен қатар «Мәңгілік Ел» концептісіне әдіснамалық тұрғыда
арқа сүйегенде авторлық ұжымға басты құндылықтық бағдарлар мен
әдіснамалық зерттеудің логикасын анықтауға нақты мүмкіндіктер
туындады.
Ұжымдық монографияда қазақстандық және әлемдік әлеуметтік
гуманитарлық ғылымда тарихи үдерістегі қазақтың рухани әлемінің
біртұтастғы жөнінде түсініктер енгізіледі және ол ұлттық тарихтың
мәніне түбегейлі жаңаша қарауға мүмкіндіктер береді. Ұлт тари-
хының ерекшелігі оның бойында үнемі рухани сабақтастықтың бо-
лып тұрғанында, бірақ осы құбылыс гуманитарлық ғылымдардың
зерттеу жұмыстарында дискретті және үстірт көрініс бергенін
байқаймыз.
Қазақ халқының тарихындағы рухани сабақтастық тарихи
оқиғалардың қарапайым кезектесіп келуінен түбегейлі айрықша-
ланады, ол түркі әлемінің мифологиялық түсініктерінен бастап
қазақ халқының біртұтас дүниетанымының қалыптасуына дейінгі
барлық салалардан байқалады. Зерттеуде көрсетілген жаңа ғылыми
тұрғылардың негізінде нақты біртұтастықтың өлшемдеріне, түсін-
діру сипатының толықтығына және еуразиялық рухани-мәдени ин-
теграция жағдайындағы этностың өмірмәндік болашағына жауап
беретін дүниені түсінудің маңыздылығы нақтыланған.
Авторлар өткен дәуірлердің рухани құндылықтарына деген
құрмет пен бағалауларға негізделген шынайы адами қоғам мен
әлеуметтік қатынастардың жаңа типіне сәйкес келетін халықтың
мәдени мұрасына, рухани ұстанымдарға деген ерекше қатынас
дерегін зерттеу барысында орнықтырады. Зерттеуде ұсынылған
теориялық-әдіснамалық мағынадағы жаңа концептуалдық идея-
лар, терең конструктивті ұғымдар және тарихи-философиялық
зерттеулердің ғылыми нәтижелері қазіргі Қазақстанның рухани,
мәдени және қоғамдық дамуы үшін жақындағы он жылдығы мен
арғы болашағына үлкен маңыздылыққа ие болады.
Қазақтардың рухани әлемі:
әл-Фарабиден Абайға дейін
8
Авторлық ұжым пәнаралық ғылыми талдау үшін аса маңыз-
дылығы бар Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» жұмысында
берілген ұлттық тарихты 12 бөлікке жіктелген кезеңдеуге сүйене
отырып әл-Фараби заманынан Абайға дейінгі қазақтардың рухани
өмірі дамуын 3 негізгі кезеңге бөледі: 1) болмысты құндылықтық
пайымдаудың түркілік кезеңі (IX–XV ғғ.); қазақ хандығы дәуіріндегі
дүние түсінігі (XV–XVIII ғғ.); қазақ даласының ағартушылары (XIX–
ХХ ғғ.). Зерттеушілер осы тарихи кезеңдер және Абайға дейінгі
әл-Фараби, Ж. Баласағұни, М. Қашқари, А. Иүгінеки, Қожа Ахмет
Ясауи және басқа да қазақ даласы ойшылдарының шығармашылық
мұраларымен әрдайым және жүйелі түрде зерделеді.
Соңғы уақытта философиялық және тарихи әдебиетте түркі та-
рихы, мәдениеті мен дүниетанымына деген қызығушылық кұшейге-
нін атап өту керек, тек қана қазақ философиясының тарихы ғана емес,
сонымен қатар түркілік философияны тұтастай қайта құрастыру
үрдісі белең алып отыр.
Жаһандану жағдайында қазіргі суперөркениеттің байланыс
аймағы ерекше маңызға ие болуда, ал түркі әлемі мәдениеттер
мен мәдени әлемдер тоғысқан аймақтар қатарына жатады және
тәуелсіз жаңа түркілік мемлекеттерде пассионарлық деңгей өте
жоғары. Түркілік философияның бастаулары түркілік филосо-
фиямен айналысудың тәсілдері мен формалары, түркілік ойдың
қалыптасуындағы исламның рөлі мен мағынасы, еуразиялық
кеңістіктегі түркілік және славяндық философиялық дәстүрлердің
диалогының маңызы, түркі философиясының бір тармағы ретіндегі
қазақ философиялық ойының ерекшеліктері туралы ойтолғаулар
қазіргі ғылыми әзірдемелер үшін басты мәселеге айналуда.
Қазіргі жағдайда қазақ халқының бай рухани мұрасын ғылыми
зерттеудің маңыздылығы артуда. «Ұлт жоспары – 100 қадам. Қазіргі
мемлекет барлығы үшін» бағдарламасында ұлттық өзіндік сананың
пәрменді өрлеуі жөнінде айтылуы кездейсоқ емес.
Әлемде теңдесі жоқ «Мәдени мұра» («Культурное наследие»)
мемлекеттік бағдарламасы 2004–2011 жылдары жүзеге асырылды
және ол халық мәдениеті мен ұлттық рухтың қайнар бастауларын
зерттеуге арналды. Осы бағдарламаның арқасында қазақ халқының
ұлттық рухани мәдениетінің көптеген жазба ескерткіштері баршаға
белгілі болды. Қазіргі кезеңде ашылған түпнұсқаларды талдаудың
ғылыми сәйкес келетін әдіснамасын кезеңі келді, «ұлттық рух»
ұғымының мағынасын терең әрі жан-жақты ашу үшін олар-
ды объективті түрде зерделеудің уақыты туындады. Әлемнің
жаңғыртылған және сонымен бірге тарихи іргелі ұлттық бейнесі
К і р і с п е
9
мен жоғарғы адамгершілік ұстанымдарының негізінде қазақ ұлтын
рухани біріктіруге қабілетті жаңа және заманауи ижеяларды
қалыптастыру мүмкін.
Ұсынылған ұжымдық монография қазақ халқының рухани
өмірін парадигмалды зерделеуге бағытталған ғылыми зерттеу.
Этностың рухани өмірінің тарихын зерттеу – ұлттық өзіндік сананың
маңызды компоненттерін түсіну мен талқылауын қамтамасыз ететін
сұхбат кеңістігін құру арқылы жүзеге асатын қоғамдық санадағы оны
өзектендіру мен бейімдеудің ықпалды тәсілі болып табылады.
Әл-Фарабиден Абайға дейінгі дәуірді ойшылдарының фило-
софиялық идеяларын терең зерделеу және өзектендіру Шығыс пен
Батыс арасындағы сұхбатты толыққанды және сындарлы пайым-
дауға, тарихи үдеріс пен рухани мәдениеттің эволюциясындағы
тарихи сабақтастық мәселесін зерттеуге мүмкіндік береді. Қазақ
халқы мәдениетінің ғылыми сипаты оның дүниетанымының түп-
тамырларын философиялық тұрғыда талдамай толық және жан-
жақты болмайды, сонымен қатар діни руханилықтың тамырларын
талдаудан өткізбей толық мағлұматқа қол жеткізу мүмкін емес.
Қазақстанда әртүрлі діни конфессиялардың қатар өмір
сүруі, солардың ішінде басымдық танытатындары исламдық пен
христиандық, сонымен қатар әртүрлі философиялық-дүниета-
нымдық бағдарлар әл-Фараби мен Қожа Ахмет Ясауи және басқа
діни ойшылдардың философиялық мәселелерін өзектендіреді.
Олардың ислам руханилығы аясында пайда болған дүниетанымдық
жүйелері өте жоғары деңгейдегі талпыныстарды – қоғам мен адамды
жетілдіруді, мәдениеттер сұхбатын, ақиқатты іздеуді, мейрімділік
пен сұлулықты орнықтыруды философиялық тұрғыдан сипаттайды.
Тарихты тереңірек қайта шолуда, ежелгі түріктердің бастапқы
дүниетанымдық әмбебаптары, түркі тілдес халықтардың және
дәстүрлі қазақ қоғамының ХХ ғасырға дейінгі философиялық
дәстүрлері моральдық-этикалық бағытта болды. Этикалық тақырып
ертедегі барлық философтардың шығармашылық іс-әрекеттерінен
көрініс берді және олар сөзсіз өзінінің Шығыс ойшылдарының
дүниетанымдық жүйелерінде және бүкіл рухани әлемінде
маңыздылығын сезіндірді. Олар әл-Фарабидің шығармашылығында,
содан кейін Жүсіп Баласағұнның, Махмұд Қашқаридің, Ахмет
Иүгінекидің, Қожа Ахмет Ясауидің шығармашылығында, қазақ
билерінің, дәстүрлі қоғамның ақындары мен жырауларының,
кейінірек Абай Құнанбаев пен Шәкәрім Құдайбердиевтің және
Орталық Азия аймағының ойшылдарының ілімдерінде өз жалғасын
тапты.
Қазақтардың рухани әлемі:
әл-Фарабиден Абайға дейін
10
Қазақ ойшылдарының философиялық-дүниетанымдық жүйеле-
рі терең гуманистік сипатты және сондықтан ХХІ ғасырдағы жаңа
онтология тұрғысынан өзектелініп отыр. Осыған байланысты ол
ілімдердің түпнегізінде адам мәселесі, оның құндылықтық бағдар-
лары мен рухани ізденістері жатыр. Қазіргі қазақстандық қоғам өзінің
бастауларын іздеу барысында халықтың генетикалық жадына, оның
дамуының ұзақ тарихында қалыптасқан мәдени кодына сүйенеді.
Сондықтан ол үшін этностың рухани өмірінің антропологиялық
мәселелері ерекше маңызды. Түркілік және қазақ ойшылдары
үшін дәстүрлі түрде тіл, поэтикалық-философиялық тәсіл, рухани-
адамгершіліктік құндылықтар және этностық төзімділік идеясы мен
мәдениетаралық байланыстар үлкен маңызға ие болды. Бұл идеялар
бұрын да және қазіргі Қазақстанның әлеуметтік-мәдени кеңістігінде
де өзекті болып қалып отыр.
Соңғы уақытта отандық тарихшылар, мәдениеттанушылар,
филологтар және философтар ұлт тарихын белсенді, көп қырлы
және жан-жақты зерделеуде. Осыған орай біздің еліміздің тарих-
шы ғалымдары тарих ғылымының және тұтастай алғанда гума-
нитарлық ғылымдардың даму логикасынан және қазіргі тәуелсіз
Қазақстанның рухани-саяси және ұлттық мүдделерінен туындайтын
жаңа әдіснамалық және құндылықтық-мағыналық бағдарлардың
маңыздылығын атап өтуде. Оқырманға ұсынылған ұжымдық мо-
нографияның авторлары осыларды жеткізуге талаптанды. Орын-
далу стилі мен зерделенген материалды ұсыну сипаты бойынша
бір-бірінен айырмашылығы болғанмен авторлардың мәтіндері
жалпы философиялық-дүниетанымдық негіздерден және зерттеудің
біртұтас базалық ғылыми тәсілдеріне сүйенгенін атап өтеміз.
Бұл ғылыми-зерттеу жұмысы еліміздің тұрақты және серпінді
дамуы аясында ұлттық тарихты тұтастай зерделеудің теориялық
негізін құруды қамтамасыз етеді және онда тарихи сананың дамуы
мен қалыптасуы Қазақстанның дамуының маңызды рухани ресурсы
және қазіргі әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енудің маңызды ру-
хани факторы болып табылады.
Ұжымдық монография авторлары: Нұрмұратов С.Е. – кіріспе,
қорытынды, 1.2, 2.1; Нысанбаев Ә.Н. – 1.1, 2.1; Құрманғалиева Ғ.Қ. –
кіріспе, қорытынды, 1.2, 2.1, 4.1; Аюпов Н.Г. – 2.2; Әлжан Қ.Ұ. – 3.1;
Қалижанов У.Қ. – 3.2; Барлыбаева Г.Г. – 4.3, 4.4; Тайжанов А.Т. – 4.2.
1 Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің
теориялық-әдіснамалық негіздері
11
Достарыңызбен бөлісу: |