М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет4/32
Дата03.03.2017
өлшемі3,01 Mb.
#6694
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

Әдебиеттер

1. Ауэзов М.О. Мысли разных лет. – Алма-Ата, 1961. – С. 76–77.

2. Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера земли. – Л.: ЛГУ, 1990. – 528 с.

3. Хайруллаев М.М. Культурное наследие и история философской мыс-

ли. – Ташкент, 1985. – 962 с.

4.  Касымжанов  А.Х.  Самоопределение  и  духовное  наследие  //  Саясат. 

–1999. – С. 88–96.

5.  ҚР  БҒМ  ҒК  ФСДИ  ұжымдық  монографиялары:  Философия  аль-

Фараби и исламская духовность. – Алматы: КИЦ ИФП МОН РК, 2005. – 298 с.; 

Аль-Фараби и развитие восточной философии. – Елорда. Астана. 2005. –320 с.; 

Мир ценностей аль-Фараби и аксиология XXI века. В 2-х книгах. – Алматы: 

КИЦ  ИФП  МОН  РК.  2006;  Наследие  аль-Фараби  и  формирование  нового 

интегрального мировоззрения. – Алматы: ИФПР КН МОН РК, 2012. – 323 с.

6. Касымжанов А.Х. Великий мыслитель из Отрара // Аль-Фараби о раз-

уме и науке. – Алма-Ата, 1975. – С. 5–22.

7. ҚР БҒМ ҒК ФСДИ ұжымдық монографиялары: Наследие аль-Фараби 

и  современная  философия  взаимопонимания.  –  Алматы:  КИЦ  ИФП  КН 

МОН РК, 2011. – 247 с., Идеалы аль-Фараби и социогуманитарное развитие 

современного Казахстана. – Алматы: ИФПР КН МОН РК, 2014. – 232 с.

 8. Абуов А.П. Мировоззрение Ходжа Ахмета Ясави. – Алматы: Институт 

философии МН-АН РК, 1997. – 196 с.

 9. Артыкбаев Ж.О. Кочевники Евразии (в калейдоскопе веков и тысяче-

летий). – СПб.: Мажор, 2005. – 320 с.

 10. Сейдімбек А. Мир казахов. Этнокультурологическое переосмысле-

ние. – Алматы: Рауан, 2001. – 235 с.

11. Тойнби А. Постижение истории. – М.: Прогресс, 1991. – 736 с.

12.  Толыбеков  С.Е.  Концепции  основного  экономического  отношения 

кочевого общества казахов в ХII – начале ХХ веков / Под научной редакцией 

акад. Кошанова А.К. – Алматы: ИЭ КН МОН РК. – 2013. – 256 с.

13. Каракузова Ж., Хасанов М. Космос казахской культуры. – Алматы: Ев-

разия, 1993. – 78 с.



1 Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің 

теориялық-әдіснамалық негіздері

51 


14. Кшибеков Д. Кочевое общество: генезис, развитие, упадок. – Алма-

Ата: Наука, 1984. – С. 63.

15. Жуковская Н.Л. Пространство и время в мировоззрении монголов // 

Мифы, культы, обряды народов зарубежной Азии. – М.: Изд-во «Наука». Гл. 

редакция восточной литературы, 1986. – С. 119–120.

16. Орынбеков М.С. Ежелгі қазақтың дүниетанымы. – Алматы: Ғылым, 

1996. – 168 б.

17. Юдин В.П. Центральная Азия в ХIV–XVIII веках в глазах востоковеда. 

– Алматы, Дайк-Пресс, 2007 – 166 с. 

18. Зуев Ю.А. Ранние тюрки: очерки истории и идеологии. – Алматы: 

Дайк-Пресс, 2002. – 338 с.

19. Абусеитова М.Х., Абылхожин Ж.Б. История Казахстана и Централь-

ной Азии. – Алматы: Білім, 2001. – 620 с. 

20. Абдильдин Ж.М., Абдильдина Р.Ж. Ч. Валиханов – великий ученый и 

мыслитель. – Астана, Фолиант, 2015. – 192 с.; «Абай – гениальный мыслитель 

и вершина казахской духовной культуры. – Астана, Фолиант, 2015. – 232 с.

21.  Аяған  Б.Ғ.,  Әбжанов  Х.М.,  Исин  А.И.  Қазақ  хандығы  тарихы:  құры-

луы,  өрлеуі,  құлдырауы.  –  Алматы:  «Сөздік-Словарь»,  2011.  –  320  б.;                    



Әбжанов Х.М. Қазақстан: ұлттық тарих, идея, методология. – Алматы: «Ел-

таным баспасы», 2014. – 328 б.

22. Нысанбаев А.Н., Шайкемелев М.С. Методологические подходы к из-

учению  этноидентичности  в  постсоветском  гуманитарном  дискурсе:  ка-

захстанский  опыт  //  Социологические  исследования.  –  2013.  №  9  (353).  –                    

С. 80–91.

23. Орынбеков М.С. Духовные основы консолидации казахов. – Алматы: 

ИД Аркаим, 2001. – 252 с.

24. Изотов М.З., Сарсенбаева З.Н. Наука в Казахстане: история и совре-

менность (философское исследование в двух книгах). – Алматы, 2009. – 225 с.

25. Телебаев Г.Т. Этнорелигиозная идентификация населения г. Алматы. 

– Алматы, 2006. – 145 с.

26. Gellner, E. State and Society in Soviet Thought. – Oxford: Basil Blackwell, 

1988.


27.  Крадин  Н.Н.  Кочевники,  мир-империи  и  социальная  эволюция  // 

Альтернативные пути к цивилизации. – М., 2000. – С. 314–336. 

28. Хазанов А.М.  Кочевники и внешний мир. – Алматы, 2000. – 479 с.

29. Бекмаханов Е.К. К вопросу о социальной природе батыров (ХIX в.) // 

Вестник АН Каз ССР. – 1947. – № 8 (29).

30. Балтабаев М.Х. Современная художественная  культура Казахстана. 

– Алматы: РНЦПК, 1997. – 156 с.

31. Нурланова К.Ш. Человек и мир. Казахская национальная идея. – Ал-

маты: Каржы-каражат, 1994. – 47 с.


52

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

32. Габитов Т., Муталипов Ж., Кулсариева А. Культурология: Учебник. – 

Алматы: Раритет, 2001. – 408 с.

33. Касымжанов А.Х. Рухани тамырлар // Қазақ. – Алматы: Бiлiм, 1994. – 

86–108 бб.

34.  Гродеков  Н.И.  Киргизы  и  кара-киргизы  Сыр-Дарьинской  области. 

Т.1. – Ташкент, 1889. – 30 с.

35. Тохтабаева Ш.Ж. Этикет казахов. – Алматы: Институт востоковеде-

ния КН МОН РК, «Дайк-пресс», 2013. – 496 с.

36. Акатай С. Евразийские корни казахской культуры  //  Казахская ци-

вилизация. – 2001. № 1. – С. 12–25.

37. Гачев Г. Национальные образы мира. – М.: Советский писатель, 1988. 

– 488 с.

38. Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. (Основы жизнедеятельно-

сти номадического общества). – Москва – Алматы, 1995.

39. Шайкемелев М.С. Казахская идентичность. – Алматы: Институт фи-

лософии и политологии МОН РК, 2013. – 272 с.

40. Валиханов Ч.Ч. Собр. соч. в пяти томах. Т. 1. – Алма-Ата: Главная ре-

дакция Казахской советской энциклопедии, 1984. – 514 с.

41. Алтынсарин И. Собр. соч. Т. 3. – Алма-Ата, 1975. – 203 с.



2 Қазақ халқының рухани әлемі қалыптасуының тарихи контексі: 

түркілік рухани дәстүр

53 


2 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ ӘЛЕМІНІҢ 

ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТАРИХИ КОНТЕКСІ: 

ТҮРКІЛІК РУХАНИ ДӘСТҮР

2.1 Түркі руханилығы – философия мәселесі және қазақ рухани 

әлемінің тарихи бастауы

Қазіргі  кезде  қазақстандық  философия  үшін  және  жалпы  қа-

зақстандық  қоғамның  өзіндік  санасы  үшін  қазақ  халқының  рухани 

өмірінің қалыптасуында, түркілік рухани қайнарлар мәселесі ерек-

ше  маңызға  ие.  Бұл  бірқатар  факторлармен  байланысты.  Бәрінен 

бұрын,  «Мәңгілік  Ел»  идеясымен  өрнектелген  Қазақстанда  жаңа 

мемлекеттілікті  құру  үдерісі  жүріп  жатыр.  Осы  күрделі  де  қиын 

үдерісте және оны теориялық зерделеуде негізгі назар қазақ халқы-

на ауған, өйткені ол ұлттық құрылыстың және көптеген мәселелері-

нің  талқылау  пәні  болып  табылады.  Сондықтан  осы  тақырыпқа 

арналған  әдебиетте  және  қоғамдық  өмірде  қазақ  халқының  тари-

хы,  мәдениеті,  руханилығы  мәселелері  өзектендіріледі.  Сонымен 

қатар  демократиялық  өзгерістердің  субъектісі  болу  мүмкіндікте-

ріне,  Қазақтандағы  барлық  этностардың  тағдырына  байланысты 

жауапкершілікті  мойнына  алу  мәселелеріне  қатысты,  сонымен  қа-

тар адамзаттық жоғарғы мұраттары мен құндылықтарына бас июге 

байланысты дүниелерді бойына жинақтайды.

Қазақ  халқына  тарихтың  өзі  жүктеген  міндеттерді  шеше  ала-

тынына сенімді болу үшін қазақ халқының рухани-ментальді мәнін 

түсіну  қажет,  қандай  мұратттар  мен  құндылықтарды  тасымал-

даушы  екенін  білу  керек.  Өйткені  ол  мемлекеттік  құрылыстың 

жүйеқалыптастырушы  элементі  және  басты  субъектісіне  айналып 

отыр.  Біздің  қазіргі  шағымызды  түсінуіміз  үшін  біз  өзіміздің  бас-

тауларымызды  білуіміз  керек,  сонымен  қатар  біз  қайдан  шыққан-

быз,  біздің  өткеніміз  қазіргі  кезеңдегі  жағдайымызға  қалай  ықпал 

етеді және ол болашағамызды қалай анықтайды? деген сұрақтар ту-

ындайды.

Кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте пайда болған тәуелсіз мем-

лекеттерде  өздерінің  дербес  бастауларына  және  рухани-мәдени 

тамырларына  деген  қызығушылық  көбейді.  Оларды  жетпіс  жыл 



54

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

бойы  құрылып  келген  «жеңіске  жеткен  социализм»  атты  қоғам 

халықтардың  жадынан  өшіріп,  зерттеу  нысаны  ауқымынан  шет-

ке шығарып тастауды көздейді, ол болса «жаңа әлемнің» тамырла-

рын іздеумен айналысқан еді. Осындай жағдай бұрынғы тамырлар-

ды  ұмыттыруға  итермеледі,  кеңес  халқының  шынайы  тарихы  мен 

мәдениетін қалыптастыруда емес, ол тек фольклор фестивальдарын-

да, мәдени-бұқаралық іс-шараларда және басқа елдердегі мәдениет 

Күндерінде  ғана  аталып  өтілді.  Осындай  жағдайдың  құрсауында 

қазақ  халқы  да  болды  және  ресми  идеологияның  пайымдауы  бой-

ынша оның шынайы тарихы 1917 жылдан ғана басталды, ал мәдени 

даму,  гүлдену  және  басқа  да  халықтың  рухани  өмірінің  құрамдас 

бөліктері социализм дәуірімен байланыстырылды.     

Осы  уақыттың  тарихи  және  мәдени  жетістіктерін  қараламай 

тәуелсіздіктің  қазақ  халқының  ішкі  күшін  қуаттандырғанын  және 

еркіндік рухын бекіткенін, бұрын үндемей немесе ұмытылып келген 

көп  қырлы  рухани  әлемнің,  мәдениеттің  және  тарихтың  мәселеле-

рін ашық және батыл қоюға мүмкіндіктер бергенін атап өту керек. 

Саясаттанған  мәдениет  және  саяси  элита  қалыптастырған  сол 

кездің  тарихты  дүниетанымдық  пайымдауы  қазақстандықтардың 

тұтастай  ұрпағына  осы  жерде  сандаған  ғасырлар  бойы  өмір  сүріп 

келе  жатқан  халықтың  тарихын,  мәдениетін  және  рухани  әлемін 

объективті түрде түсінуге мүмкіндіктер бермеді. Ол дегеніңіз қазіргі 

мемлекеттілікті қандай күштермен және мүмкіндіктермен құруды, 

заманауи ірі көлемді өзгерістерді жасауды, мемлекеттік құрылысты 

қалыптастырудың  жаңа  асуларын  алу  мақсатында  жас  ұрпақты 

қалай шабыттандыруға болатындығын объективті және адекваттты 

түсіну.


Кеңестік  кезеңінің  жеделдетілген  жаңғыруынан  өткен  дәстүрлі 

қазақ  қоғамы  өзінің  «дәстүрлілігінің»  рудименттерін  аяғына  дейін 

жеңе  алмаған  жағдайында  қайта  трансформацияға  ұшыраған 

қазақстандық қоғамның демократиялық өзгерістері өтіп жатқан та-

рихи  жағдайы  болып  тұр.  Ол  нарықтық  экономиканың  қалпына, 

оның  құндылықтық  қондырғысы  мен  соған  сәйкес  саяси  жүйесіне 

икемделуде,  оның  үстіне  жаһандану  үдерістерінің  кеңеюі  оны 

күрделендіріп  тұр.  Бұл  жағдай  бүкіл  ұлттың  әлеуетін  арттыруды 

және  оның  барлық  ішкі  ресурстарын  белсендендіруді  объективті 

түрде талап етеді.    

«Қазақстан  –  2050»  Стратегиясында  осы  өзектілік  іргелі  және 

түбегейлі түрде бекітілген. Ол руханилықтың мәселелері бойынша 

қоғамымыздың дамуының басым бағыттарының бірі ретіндегі – жаңа 

қазақстандық  патриотизмді  қалыптастыруда  анық  көрініс  берген 



2 Қазақ халқының рухани әлемі қалыптасуының тарихи контексі: 

түркілік рухани дәстүр

55 


[1, 81–92 бб.]. Ол өзінің шығу тегі жағынан ұзақ тарихи даму бары-

сында қалыптасқан халықтың генетикалық жадына, мәдени кодына 

сүйенеді [1, 93–94 бб.]. Қазақстанның болашақтағы дамуының көлем-

ді  бағдарламасы  қазақстандық  қоғамның  барлық  топтарына,  соны-

мен қатар әлемдік қауымдастыққа Қазақстанның әлемнің ең жоғары 

дамыған елдерінің шоғырына кіруінің жаһандық жоспарын көрсет-

ті. Олар өзінің тарихы мен рухани мәдениетінің маңызын тереңнен 

түсінуге негізделген тарихи құлшыныссыз және патриоттық күйсіз 

жемісті түрде жүзеге аса алмайды.

Қазақстан дамуының ғаламдық стратегиясы жаңа тарихи жағ-

дайда  қазақ  халқының  дүниетанымы  мен  рухани  мәдениетіндегі 

түркілік  қайнарлардың  рөлі  мен  маңызын  жан-жақты  да  терең 

зерделемей,  қазақстандық  қоғамның  дүниетанымдық  жаңғы-

руларының  жемісті  бола  алмайтындығының  дәлелін  көрсетті.  Та-

рихи  жүзжылдықтар  бойы  үзілмей  келе  жатқан  қазақ  халқының 

рухани  өмірінің  қайнары  мен  тамыры  ашылып  көрсетілетін 

негіз  болғандықтан,  өзінің  негізіне  қайта  оралу  деп  түсінідірілген 

дәстүрді түркілік контекст пен контент оның іргетасы етті.

  Біз  үшін  рухани  дәстүр  дегеніміз  не,  өткен  мен  қазіргі  кезең-

нің  рухани-құндылықтық  сабақтастық  идеясының  мәні  неде  де-

гендер  бойынша  ойлана  бастағанымызда  тарихи  даму  барысында 

шыңдалған  жалпыадамзаттық  құндылықтар  ерекше  онтологиялық 

мәртебеге  ие  болатынын  анық  байқаймыз.  Сондықтанда  болар 

олар адам мен қоғамның мұраттарының қалыптасуына ықпал етуі 

мүмкін, тәрбие, оқыту және білім беру үдерістерінде қатысады және 

ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырылуы мүмкін.

Қайта оқылған және ашылған түркілік мұра көптеген мәселелер 

бойынша  тек  теориялық  қана  емес,  сонымен  қатар  практикалық 

сипаттағы  пікірталастар  туындатуы  мүмкін  және  ол  кезегінде 

қазіргі  саясаттың  жаһанданған  әлемнің  геосаясаты  мен  геострате-

гиясы  деңгейіне  дейін  көтерілуі  мүмкін.  Түркілік  әлемді  игерудің 

мәні,  мағынасы  және  мазмұны  бойынша  көптеген  мәселелер 

ғалымдардың  назарында  болып  отыр.  Солардың  ішінде  аймақтық 

интеграция,  қайта пікірталастар көтеріліп жатқан «Түркістан» иде-

ясы,  жалпытүркілік  бірегейлік,  кеңестік  кезеңнен  кейінгі  орталық-

азиялық  мемлекеттердің  геостратегиялық  бағдарлары  және  олар-

дың бір, биполярлы және көпполярлы әлем жағдайындағы әлемдік 

қауымдастыққа ену болашағы  төңірегіндегі мәселелер бар.

Қазақ халқының рухани өмірін тарихи ретроспективасын зерт-

теу  барысында  талданатын  мәселе  түркілердің  протоконфесси-

оналды  дискурсы  және  қазақ  Даласының  құндылықтық  әлемін 


56

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

қалыптастырудағы  рөлі,  қазақ  қоғамының  дүниетанымының  руха-

ни-адамгершілік  мазмұны  тақырыптары  болып  табылады.  Түркі 

мәдениеті мен тарихы бойынша зерттеу бағдарламаларының жаңа 

аккорды  –  үлкен  еуразиялық  суперконтиненттің  түркі  халықтары-

ның  барлық  тарихы  тұркі  руханилығының  метаморфозасы  және 

тарихи дамуда түркі рухы өткен жол деп қарастыруға болады деген 

тезис болып тұр. 

Тек  ұзақ  уақыт  бойы  үндемей  келген  және  бұрмаланған 

түркілердің  тарихы  ғана  емес,  сонымен  қатар  олардық  мәдениеті 

зерттеудің  пәніне  айналып,  қайта  зерделеулерден    және  «қайта 

форматтаудан» өтіп жатыр, бұрынғыдан өзгеше әдіснамалық және 

құндылықтық  өлшемдерден  бағалауларға  түсуде.  Бұл  үдерістегі 

біз  үшін  түркі  руханилығы  мен  түркі  дүниетанымының  жүрегі 

сипатындағы  рухани-адамгершіліктік  кемелдену  туралы  пардиг-

масы  өзектенуі  маңызды.  Түркілік  руханилық  аясында  түркілердің 

тарихы  аймақтық  және  әлемдік  тарихқа  ықпалын  тигізді  деген 

өмірсүйгіштік  идеясы  туындады.  Саясатта,  дәстүрлерде,  халықтық 

ауызша  шығармашылығында,  күнделікті  өмір  практикасын-

да  көрініс  берген  бұл  идеялар  өзінің  негізгі  мәнділігі  бойынша 

қазақтардың  рухани  әлемін  қалыптастырып  қана  қоймай  көрші 

жатқан  халықтардың  рухани  мәдениетіне  әсерін  тигізді.  Бұл  дерек 

өзінше алғанда өте маңызды, бірақ әлі кезге дейін толықтай ашыла 

қоймаған күйінде болып тұр.

Осылардың  барлығы  зерттеуші  ғалымдар  корпусының  алды-

на түркілердің рухани дәстүрлерінің мәні мен мазмұнын ашу үшін 

қажет етілетін қазақ халқының рухани өмірінің түркілік қайнарла-

рын  тиімді,  объективті  және  толықтай  зерттеуге  бағытталған  жаңа 

дүниетанымдық  және  әдіснамалық  мәселелерді  қойып  отыр.  Бұл 

үдерісте  философия  ерекше  тағайындылыққа  ие,  ерекше  рөл  ат-

қарады. Сондықтан философияның бойындағы сипат, мазмұн және 

құндылықтар  иделогиялық  маңызға  ие  болады  және  қоғам  дамуы 

үшін ерекше маңызды. Қоғам қандай философияны мойындағанына 

қоғамдағы  рухани-адамгершіліктік  ахуал  тәуелді  және  оның  сырт-

қы  рухани-әлеуеттік  әсерлерді  қабылдау  тұрақтылығы  байқалады. 

Әсіресе  бұл  қоғамдағы  тұрақтылық  пен  орнықтылықты  күйретуге 

бағытталғандарға қатысты болады.

Бұл  ұлт-мемлекеттерінің  қалыптасу  үдерісіне  қатер  төндіріп 

тұрған  жаһандану  үдерісі  өршіп  бара  жатқан  кезеңде,  өз  тә-

уелсіздіктерін  алып  отырған  түркі  тілдес  халықтар  үшін  үлкен 

маңызға  ие.  Қоғамдық  жүйенің  тұтастай  өзгеруі  кезінде,  дәстүрлі 

өмір  салттары  мен  кеңестік  кезеңнен  мирас  болып  сақталған 



2 Қазақ халқының рухани әлемі қалыптасуының тарихи контексі: 

түркілік рухани дәстүр

57 


қазіргі  өмірге  енген  демократиялық  құндылықтар  мен  нарықтық 

қатынастар мәдениеті өзара әсерлесуі жағдайында, өзіндік даму жо-

лын  таңдаудың  күрделі  міндеті  пайда  болады.  Ол  бірінші  кезекте-

гі мәселе болып табылады. Өзіндік жолдың қандай болу керектігін 

сезіну  мен  түсіну,  қоғамдағы  түбегейлі  өзгерістер  кезеңінде  пай-

да  болады:  Өткеннің  рухани  мұраларына  қалай  қарауға  болады? 

Оны  қабылдаймыз  ба,  немесе  лақтырып  тастаймыз  ба?  Өткеннің 

сабақтарын қалай ескеруге болады?

Барлық алдыңғы Қазақстанның тәуелсіз дамуына дейінгі тарих-

та  философия  ғылымдарында  «түркілік  философия»  оның  табиғи 

бөлігі  ретіндегі  «қазақ  философиясы»  ұғымының  ақтаңдақтары, 

түркілік  тақырып  бойынша  үнсіздітің  болуымен  және  оның  зерт-

телмегендігімен  сипатталатыны  белгілі.  Олардың  қалыс  қалуына 

саяси  және  идеологиялық  желеулер  себепкер  болды,  ол  кәсіби 

түркологтардың  арасында  түркілердің  рухани  өмірінің  құбылыс-

тарын редукциялау немесе жалпылама түр ретіндегі тіл болмысы-

на, не болмаса халықтың ауызша шығармашылығы болмысына на-

зар  аудару  ретінде  көрініс  берді.  Оларда  филологиялық  зерттеу 

парадигмасы басымдық танытты.

Кеңестік  түркология  тіл,  салт,  діни  практика,  белгілі  бір  ке-

зеңдердің  тарихы  мен  мәдениеті  мәселелерін  зерттеуде  қомақты 

жетістіктерге жетті. 

Ғылыми  зерттеулердің  үздік  дәстүрлерін  дамытушы  тамаша 

түркітанушы  саңлақтар  белгілі.  Солардың  ішінде  –  В.В.  Бартольд, 

В.В.  Радлов,  П.М.  Мелиоранский,  Б.А.  Серебренников,  Н.К.  Дми-

триев, Н.А. Баскаков, Л.Н. Гумилев, Н.Т. Сауранбаев, М.Б. Балақаев, 

А.И. Ысқақов, С.А. Аманжолов, С.Г. Кляшторный және көптеген т. б. 

ғалымдар бар. Олар түркі халықтарының тарихы, тілі, дәстүрлерін, 

сонымен  қатар  түркілік  мәдениеттің  үздік  өкілдерінің  дүниетаны-

мын зерделеуге мол үлес қосты.

Алайда, ол идеологиялық құндылықтық өлшемдері мен таптық 

пен партиялық сияқты параметрлері бар тұтастай алғандағы кеңестік 

философияға  және  Қазақстандағы  философиялық  зерттеулердің 

дамуына  ықпал  етпеді.  Философия  кәсіби  білімдердің  саласы 

ретінде, біртіндеп идеологиялық құрсауға түсті, бағынышты бола 

отырып  «түркілік»  мәселелерден  алыстап,  тіптен  ақыр  соңында 

оны  жоққа  шығарды.  Оның  түсіндіруінше,  түркі  тілдес  халықтар 

философияның  алдындағы  «қоғамдық  ой»  деген  атқа  ие  болған, 

кейде «қоғамдық-саяси ой», «әлеуметтік-философиялық ой» және 

т.  б.  атауларға  ие  болған  рухани  өндірістің  түрін  игергендердің 

қатарына қосылды. Бұл әлі философия бола қоймаған, бірақ соған 


58

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

жақын  келген,  соның  алдында  тұрып  өзінше  қызмет  атқарған, 

шындықты рухани-практикалық және теориялық игерудің түрлері 

болатын. Мұнда әлі категориялық аппараттар түпкілікті орнығып 

дамымаған, ұғымдық анықтаулар әлі бұлдыр болуымен, жоғалып 

кету  мүмкіншілігімен  ерекшеленген,  онда  көбінесе  мәселелік-

мазмұндық  тәсіл  баяндаулармен,  үстірт-сипаттаулармен  ауысты-

рылады.


Түркілік  мәдениетті,  тарихты,  философияны  зерттеудегі  әдіс-

намалық  және  дүниетанымдық  жағынан  орны  толмас  олқылық-

тарды  еуроорталықтық  бағыттағы  рухани  мәдениеттің  ең  жоғары 

үлгілері,  оның  квинтэссенциясы  болып  табылатын  философия 

«өркениетті»  халықтар  деп  аталатындардың  шығармашылық 

іс-әрекетінің  нәтижесі  деген  ұсыныстарға  сәйкес  болды.  Бұл  дү-

ниетанымдық-идеологиялық  бағыт  тұжырымды  түрде  Гегельдің 

«Философия  тарихының  лекцияларында»  және  «Тарих  философи-

ясында» айтылғаны белгілі. Оның нақыл сөздерін еске алар болсақ: 

«Философия нақты мағынасында Батыстан бастау алады», «....біз Ба-

тыста  нағыз  шынайы  философияның  ортасындамыз»,  «осылайша, 

Шығыстық ойларды философиядан шығарып тастау керек...», «... бұл 

жерде  философиялық  танымға  орын  жоқ»  және  т.  б.  айтылғандар 

[12, 146, 147 бб.]

Философия  құбылысына  және  оның  тарихына  осындай  ба-

ғалаулар бұдан екі ғасыр бұрын берілгеніне қарамастан, ол белгілі 

бір шекараларда өзінің бағытын жоймай әлі де өмір сүруде. Ғылыми 

қауымдастықты  ол  туралы  сөз  етуге  қазіргі  геосаяси  шындық  қана 

емес, жаңа тарихи жағдайларда ойлау мен көзқарастар үшін күрес 

жалғасып  отырған  әлемге  батыстық  көзқарасты  білдіретін,  бірақ 

«философия дегеніміз не, оның тағайындылығы мен мәні неде?» де-

ген өзінің өзектілігін жоғалтпаған сұхбаттасу мәжбүрлеп отыр.

Осындай  күрделі  мәселелер,  философияның  ұлттық  бейнесін 

жоққа  шығаратындарға  және  кім  оларды  мойындайды  деген 

тұрғыдан философтардың көзқарастары жіктелді. Сонымен қатар, 

философияның  шығу  тегі  туралы  мәселеде  жіктеледі.  Біреулер, 

философия  –  белгілі  жағдайларға  байланысты  ежелгі  Грекияда, 

Үндістанда, Қытайда пайда болып, содан кейін басқа аймақтар мен 

мәдени әлемдерге тарихи таралған ғажайып құбылыс деп пайым-

даулар  жасайды.  Басқалары,  «философия  әрбір  мәдениетке  тән 

және  әрбір  халықтың  дамуында  орын  алады»  деп  тұжырымдай-

ды. Осы мәселелермен қабаттасқан басқа да алауыздықтар аз емес. 

Сөйтіп,  қазіргі  гносеологиялық  жағдай  философияны  осылай-

ша  түсінуді  мойындай  отырып,  оның  келесідей  «африкандық», 



2 Қазақ халқының рухани әлемі қалыптасуының тарихи контексі: 

түркілік рухани дәстүр

59 


«индонезиялық» және басқа да олардың қатарына кіретін түркілік 

философия  сияқты  түрлерін  жоққа  шығарушы  философияның 

мәнін,  деңгейін,  сипаты  мен  тағайындылығын  түсінудегі  әртүрлі 

бағыттармен ерекшеленеді. 

Онда  философия  құбылысы,  түркілік  мәдениет  пен  оның 

тарихы  теңестірілетін  көшпелі  өмірде  пайда  болған  жоқ,  ол 

отырықшылық өмірдің жемісі деп қарастырылады. Осы көзқарасқа 

сәйкес,  көшпелі  өмір  салты  философияның  пайда  болуына  жағ-

дай  жасай  алмайды.  Қоғамның  рухани  өмірінің  жоғары  түрі  – 

философияны туғызатын зияткерлік іс-әрекетпен көшпенділіктің 

сәйкес келуі мүмкін емес. Қазіргі кезде мамандар бұл көзқарасты 

жоққа шығаруда [3]. 

Қазіргі және өткен жүзжылдықтың философиялық тәжірибеле-

рі көп түрлі өмірлік және философиялық практикадан философия-

ның  өнердің,  ғылымның,  поэзияның,  діннің  шекаралық  аймағына 

шығуға,  психологияға  килігіп,  күнделікті  өмір  контексіне  енуге 

талпынғанын тауып көрсетті. Жаңа заман философияның көптүрлі, 

көпбейнелі  тарихи  әртүрлі  болатындығын  байқайды.  Сондықтан 

да  көшпенділік  жағдайдағы  әлемді  қабылдаудың  философиялық 

түрлерінің  дамуы  жайлы  мәселе,  қазіргі  кездегі  Қазақстандағы 

және түркі тілдес елдердегі философиялық зерттеулердің өзегі бо-

лып табылады. Осы тақырыпқа арналған жұмыстарда, қазіргі кезең 

әдіснамасы тұрғысынан философия өз алдына теориялық білім және 

ойлау  дәстүрі  ретінде  тек  қана  отырықшылық  өркениетте  пайда 

болып,  дамымайды  деген  тұжырымдар  жасалады.  Философиялық 

әлемді қабылдау дәстүрлі емес тәсілдермен игерілуі мүмкін, өйткені 

адам санасында әр түрлі деңгейлер мен қабаттар өмір сүреді және 

өріледі. 

Батыс  Еуропа  мәдениетіндегідей  философия  ғылыммен  ғана 

емес,  оның  поэзиямен,  фольклормен,  музыкамен,  халық  дана-

лығымен  байланысқаны  тарихтан  белгілі.  Сондықтан  біз  түркілік 

философия  түркі  халықтарының  өзіндік  санасы  және  әлемді 

қабылдау ерекшелігімен және әлем мен адам өмірін сезінумен өзінің 

әмбебап ғарышын жасайды деп есептейміз. Түркілік философияда 

әлемге және адамға жеке өзімшілдік және тұтынушылық қатынастан 

ада,  адамның  басқа  адамдарға  сыйластықты,  қонақжайлылық 

қатынасына негізделген тұрақты рухани-адамгершілік концептілері 

сақталады. Онда қазіргі кезең үшін өзекті болып отырған әлем мен 

адамның бірлігі, оның табиғат әлемімен және басқа адамдармен гу-

манды және төзімді бейбіт қатар өмір сүруі, табиғи әмбебаптылықты 

достастықпен қабылдауы идеялары әртүрлі үлгіде айтылған. 


60

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

Түркі философиясы адам мен әлем туралы тәңіршілдік түрінде 

тарихи  қалыптасқан  діни  түсініктердің  жиынтығы  түркі  рухани 

өмірінің  өзіндік  сипаттады  және  ол  танымдық,  адамгершіліктік, 

эстетикалық  жүйеде,  салттар  практикасында,  дәстүрлерде  және 

әдет-ғұрыптарда  сакралділікке  жетудің,  оны  игерудің  тәжірибесі 

түрінде дүниетаным түрінде пайда болды. 

Адамзат  кейбір  қасиетті,  асқақ  және  адамның  қолы  жете  бер-

мейтін  дүниенің  бар  екенін  зерделей  бастаған  тарихи  кезеңнен 

бері  оны  кәдімгі,  қарапайым,  қол  жетімді  тіршілік  көздерінен 

екіге  бөлектей    бастайды,  олардың  бір-біріне  қарама-қарсы  екенін 

түсінеді. Ұасиетті дүниеге жетуге тырысу тәжірибесі басынан бастап 

адамның  адамгершілігін  қалыптастырады,  оған  ізгілік  және  ізгілік-

ті өмір ұғымдарын ұғындырып, оны тәрбиелейді. Сакралдылық пен 

асқақтылықтың  мағыналарына  сәйкес  барлығы  баснан  бастап  зер-

делене  бастайды  және  ол  кезегінде  адам  болмысына  маңыздылық 

пен мағыналылық береді.

Философия  әртүрлі  нақты-тарихи  кезеңдерде  және  әртүрлі 

мәдени-тарихи  жағдайларда  қордаланған  адамзаттың  көпқырлы 

рухани  тәжірибесінің  әмбебап-жалпыланған  формасы.  Сондықтан 

оның  тәжірибесі  бүкіл  адамзаттың  игілігі,  ол  адамзатқа  берілген 

адамның  әлемге  күлдебадам  емес,  нағыз  шынайы  қатынасының 

қалыптасуының  мүмкіндігі,  адам  мен  қоғамның  шынайы  бол-

мысының  жүзеге  асуы.  Бұл  тек  рефлексивтілік  тәжірибесі  ғана 

емес,  ол  сонымен  қатар  терең  сезінудің,  басынан  өткерудің,  өмірге 

және әлемді мәдени игеру дүниесіне араласудың түрі. Түркі фило-

софиясы  тәңіршілдіктің  рухани  тәжірибесін  қайта  жаңғырта  оты-

рып  оның  тәжірибесін  және  адам  мен  қоғамның  кәдеуілгі  өмірін 

трансценденттейді.

Біз  оған  назар  аудара  отырып  түркі  руханилығының  қойнауы-

нан туындаған терең онтологиялық байланысты аңғарамыз. Өйткені 

ол біздің ұжымдық бейсаналығымыздың бастауы бола отырып біз-

ге  қоршаған  ортаның  барлығымен,  яғни  табиғатпен,  адамдармен, 

ғаламмен  үйлесімділікте  өмір  сүруді  аманат  етіп  қалдырды.  Түркі 

руханилығында  табиғат  пен  қоғамды  құрметтеуге,  үлкендер  мен 

аруақты құрметтеуге арналған керемет мағынасы бар құндылықтар 

орын  алады  және  о  бастағы  дүниендегі  бірлікті  болмыстандыра-

тын  өзарабайланыстылық  ұстанымын,  бір-бірімен  өзара  қатысты-    

лықты көрсетеді.

Түркі  философиясы  философиялық  дәстүрде  және  әлемдік  та-

рихи-философиялық үдерісте өмір сүруге толық құқығы бар. Түркі 

мәдениетінің дамуындағыдай оның дамуында белгілі бір кезеңдеуді 



2 Қазақ халқының рухани әлемі қалыптасуының тарихи контексі: 

түркілік рухани дәстүр

61 


айқындауға болады. Ол төмендегідей кейіпте көрініс беруі мүмкін: 

ежелгі,  ортағасырлық  және  қазіргі  кезеңдер.  Олар,  өз  кезегінде, 

жіктеліп  қарастырылуы  мүмкін.  Онда  біз  қазіргі  кезеңді  бірнеше 

кезеңге  бөліп,  кеестік  дәуір,  тәуелсіздік  алған  кезең  деп  әрі  қарай 

жалғастыруға болады. Осындай бөлшектеуді ортағасырлық кезеңге 

де жасауға болады және оның ішінде түркі философиясының дамуы-

ның классикалық кезеңі айшықтауға болады. Кезеңдеу мәселесі ашық 

жіне  пікірталастар  тудыратын  болып  қала  береді  және  ол  нақты-

лана түседі, өзгертіледі, түркі философиясы философиялық білімнің 

тереңірек зерттелген саласына айналған сайын толықтырыла түседі.    

Қазақстанда  түркілік  философияны  зерттеу  аясы  ерекшеленіп, 

оның  деректанулық  қоры  кеңейе  бастады.  Біздің  еліміздің  Пре-

зидентінің  бастамасымен  жүзеге  асырылған  «Мәдени  мұра» 

Мемлекеттік  бағдарламасының  арқасында,  қазақ  халқының  та-

рихы  мен  мәдениетіне  қатысты  шетелдердегі  –  Қытайда,  Иранда, 

Моңғолияда,Түркияда, Ресейде жаңа деректерді іздестіру жүргізілді. 

Бұрын  белгісіз  болған  деректер  аударылды  және  бұрынғы 

жұмыстарды ғылыми объективтілігі тұрғысынан қайта аударылып, 

өткеннің  мәдени  құбылыстарын  зерттеудің  ауқымы  мен  аймағы 

кеңейді.  Еліміздің  ғалымдары  осы  контексте  қазақ  халқының  та-

рихы  мен  мәдениетінің  түркілік  кезеңі  жайлы  қазіргі  білімді 

толықтыратын  деректерді  растаушы  куәліктерге  ие  болды.  Оларда 

түркі  халықтарының  рухани  байлығы  туралы  білімдерін  кеңейтуге 

жаңа мүмкіндіктер пайда болды. 

Түркі  әлемінің,  соның  ішінде  Орталық  Азия  аймағының  ұлы 

ғалымдары  әлемдік  ғылымда  бұрынан  белгілі,  бірақ  олардың 

сіңірген  еңбегі  қазіргідей  өзекті  болған  емес,  өйткені  қоғам  жаңа 

өмірді  ескіні  өшіріп,  тарихи  жадты  жоя  отырып  құрды.  Қазіргі 

уақытта біз өз қайнарларымызға оралудамыз, өйткені қоғам онсыз 

болашағымыздың жоқ екендігін сезінді, ал оның саяси жетекшілері 

қазақ  халқының  өмір  сүруінің  жаңа  стратегиясын  оның  тарихи 

жадының  тамаша  бейнелері  арқылы  түзуде.  Ол  ғайыптан  қайта 

туылғандай түркі тілдес халықтардың түп тамырларының бір екенін 

және оның рухани өмірінің бай болғанын дәлелдейді.

Ұзақ уақыт бойы тоталитарлық идеологияда түркі халықтарын-

да,  атап  көрсеткеніміздей  тек  қана  философия  емес,  мәдениеттің 

когнитивті  түрі,  қазіргі  өмірде  танымдық  іс-әрекетте  танымның 

жоғары түрі ретінде мойындалған – ғылымды да жоққа шығарушы 

тезис  орын  алып  келді.  Алайда,  бұл  олай  емес  еді.  Түркілік  та-

рих  бұл  тезисті  жоққа  шығарады.  Мысалы,  көне  Хорезмде  туған, 

Орталық Азия өкілі, талантты математик Мұхаммед ибн Мұса әл-


62

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

Хорезми  антикалық  философтар  мен  ғалымдардың  шығармала-

рын  араб  тіліне  аударуда  мәдени-жасампаздық  істер  жүзеге  асы-

рылатын  «Даналық  үйінің»  жетекшілерінің  бірі  болды.  Ежелгі 

грек  ойшылдарының  көптеген  идеялары  мен  еңбектері  аударма 

жұмыстарының  арқасында  ғана  емес,  антикалық  философия  мен 

ғылымның  негізінде,  оларды  ислам  ғалымдарының  дамытуымен 

ортағасырлық Еуропаға танылды.

Әл-Хорезмидің  математикалық  еңбектері  математиканың  да-

муына  әсер  етіп,  латын  тіліне  аударылып  және  оның  дамуының 

ұзақ  тарихи  кезеңін  анықтады.  Оның  алгебраны  қалыптастыруға 

сіңірген  еңбегі  зор,  ол  математикада  нөл  ұғымын  енгізді  және 

кейінен  Сәбит  ибн  Курра,  Батани  Закарияар-Рази,  Әбу  Әли  ибн 

Сина, әл-Бируни және т. б. сияқты тамаша ғалымдарды тудырған, 

маңызды мәдени қозғалыстың басында тұрды. Олар жаратылыста-

ну,  математика,  астрономия,  медицинаның  дамуына  үлкен  үлес 

қосты.  Ғылыми  зерттеулерге  Әл-Хорезмимен  бірге  оның  жақын 

серіктесі ірі астроном, бірқатар еңбектердің авторы – әл-Ахмад ин 

Касир әл-Ферғани қатысқаны белгілі. 

Қазіргі  Қазақстанның  оңтүстігінде  дүниеге  келген  Әбу  Насыр 

әл-Фараби  ортағасырлық  Таяу  және  Орталық  Шығыста  зияткерлік 

қозғалысының  ірі  өкілдерінің  бірі  болып  қалыптасып,  антикалық 

философияның  идеяларын,  бәрінен  бұрын  көне  грек  классиктері 

Аристотель  мен  Платонның,  ислам  дүниетанымы  мен  антикалық 

философия  жетістіктерін  жемісті  түрде  синтездей  отырып  да-

мытты.  Әл-Фараби  философиясы  арқылы  ислам,  антикалық  және 

түркілік мәдениеттерінің жемісті сұхбаты ғана жүргізілген жоқ, со-

нымен  бірге  жалпыәлемдік  мәденет,  ғылым,  философия  дамуына 

әсер еткен энциклопедиялық мұра да қалды. Әл-Фараби заманының 

еркін  ойшылдыққа  ұмтылысын  білдірген  идеялары  [4,  196–208 

бб.],  қазақстандық  ғалымдардың  көзқарастары  бойынша,  оның 

дүниетанымдық әмбебаптарына, түркілік діл мен дүниетүсініктердің 

әсерімен астасып жатты [5, 33–38 бб.].

С.  Ақатайдың  көзқарастарына  сәйкес  ежелгі  қазақ  өркениеті 

әртүрлі  өркениеттер  мен  мәдениеттердің  кездесуі,  көп  мәдени-

өркениеттік компоненттердің арқасында қалыптасты  және соңғысы 

ислам деп атауға болады  [6, 11 б.]. Қазақ халқының дүниетанымы 

белглі бір тарихи, әлеуметтік-экономикалық, геосаяси және мәдени 

өркениеттік  жағдайларға  байланысты  синкретті  рухани  құрылым 

ретінде қалыптасты. 

Түркілік  руханилыққа  әл-Фараби  дәуірінде  ислам  бойлап  енді, 

бірақ  оны  түгелдей  жоғалта  алмады.  Тәңіршілдік  те,  ислам  да 



2 Қазақ халқының рухани әлемі қалыптасуының тарихи контексі: 

түркілік рухани дәстүр

63 


әрқайсысы  өзінше  діннің  сакралды  тәжірибе  түріндегі  кейіпінде 

орныққан  әмбебап  принципті,  мүмкін  деген  әмбебап  ақиқатты 

игеру  нұсқасын  танытты.  Титус  Буркхарттың  «діни  формалардың 

көптүрлілігі  тотальді  Ақиқат  алдындағы  кез  келген  формалды 

көріністің адекватты емес екенін көрсетіп қана қоймайды, сонымен 

қатар әрбір форманың жанама түрде рухани шынайылығын, оның 

жалпы принципінің қайталанбас, ұқсамайтын екендігін паш етеді» 

дегені орынды [7, 8 б.].

Түркі  руханилығы  адамның  әлемге  деген  жасампаз  өмір-

сүйгіштік  қатынастарының  табиғи  қуатын  әкелді  және  соның 

арқасында,  Ш.Ш.  Уәлиханов  көрсеткендей,  табиғатқа  таңқа-

луға,  құрметтеуге  ұмтылдырды,  оны  қасиеттендіруге  мүмкін-

діктер  берді  [8,  49–51  бб.].  Адамның  қоршаған  ортаға  барын-

ша  іңкәрлікпен  қарауы,  оның  қанша  қауіпті  болса  да  табиғи 

әлеммен  бірлікте  және  үйлесімділікпен  өмір  сүре  білуі  оған  де-

ген құрметпен қараушылықты ғана туындатып қоймай, сонымен 

қатар  онымен  бірігіп  кетуден  бақытты  болу  қабілетін  тапқызды. 

Бақыт,  сонымен  материалдық  жетістіктен,  денсаулықтан,  бейбіт 

өмірден құралған күнделікті өмірлік тәжірибе әлеміндегі игілікті 

ғана  қамтымады,  ол  сонымен  қатар  Тәңірі  сыйлаған  рухани 

болмыстың  толыққандылығына  бағытталды.  Бұл  тәңіршілдіктің 

интенциясы іштей әл-Фарабидің рухани тәжірибесінде, концепту-

алды өрнектелген оның адам мен қоғам ұмтылатын бақыт туралы 

ілімінде де бар екенін байқаймыз. 

Әл-Фарабидің  түркілік  қайнары  мемлекеттің  мақсаты  оның 

азаматтарының  бақытқа  жетуіне  көмектесу  делінген  әлеуметтік-

этикалық  контекстінде  ерекше  анық  оқылады.  Біздің  пайымдауы-

мызша,  әл-Фарабидің  бақыт  туралы  ілімінің  мазмұндық  контенті 

ислам,  антика  және  түркілік  рухани  дістүрлердің  қиылысында  қа-

лыптасады. Түркілердің рухани құндылықтарына назар аудара оты-

рып өмір және қмірлік жол туралы түркілердің көптеген түсінікте-

рі «құт» деп аталатын басты ұғымның төңірегінде шоғырланатынын 

байқаймыз. Құндылықтық сипатта көмкерілген ол алдымен дәстүрлі 

дүниетанымның  жер  бетіндегі  адами  әлемдегі  «берекеге»,  «игілікті 

дүниеге»  бағдарланғанын  паш  етті.  Исламның  келуімен  «құт» 

әлеуметтік  мағынаға  ие  болады  және  «тағдыр»,  «үлес»,  «бақыт» 

ретінде  түсініледі.  Әсіресе,  осы  мағына  әл-Фарабидің  әлеуметтік-

этикалық ілімінде өзінің дамуына ие болады, ол қайырымды мем-

лекетті  құруды  және  болуға  тиістіліктің  жоғарғы  принциптеріне 

сәйкес  өмірге  қол  жеткізуді  өзінің  идеалды  мемлекетінің  басты 

міндеті етті. 


64

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

Әл-Фарабидің  философиясы  исламның  рухани  тәжірибесін 

бейнеледі  және  кейбір  догматтық  шектеулердің  сыртына  шығатын 

рефлексияланған  діни  сананың  түрі  болды.  Түркілік  рухани  дәс-

түр  әл-Фарабидің  теориялық  ақылының  еркін  рухын  шыңдады, 

Мұхамедтің адамдар әлеміне алып келген жоғарғы ақиқатты игеруге 

ұмтылатын  зердесінің  зияткерлік  сипатын  барынша  белсендендір-

ді. Ал ежелгі грек даналығы интеллектуалдық ойын логикаға сәйкес, 

яғни басты ойлау құралымен үндес ойлау қабілеттілігін тұрғысынан 

пайымдаулар жасауға тәрбиеледі.

Қазіргі  Орталық  Азия  елдерінің  саяси  және  рухани-адам-

гершіліктік  дамуы  көзқарасы  тұрғысынан  әл-Фарабидің  қоғамдық 

қатынастарды  идеологиялық  реттеудегі  діннің  рөлі  жайындағы 

«Қайырымды қала тұрғындарының  көзқарастары туралы трактат», 

«Азаматтық  саясат»,  «Әріптер  кітабында»  айтылған  ойларының 

маңызы  зор.  Ол  қоғамның  саяси  жүйесінің  негізгі  институты  – 

мемлекеттің  дамуында  философияға  да,  дінге  де  орын  бар  деп 

есептейді. Олар мемлекеттегі азаматтардың көзқарастарын тәрбие-

леуде бір біріне көмектесе отырып қатар өмір сүре алады, жекелей 

алғандағы  адамның,  бүтіндей  қоғамды  жетілдірудің  жоғары  иде-

алдары мен құндылықтарына бағына қызмет етеді [16, 114–117 бб.]. 

Қазіргі идеологиялық үдерістерде әл-Фарабидің осы салиқалы иде-

ясына сүйенуге болады. Ол дамудың атеистік пардигмаларынан бас 

тартқан қазіргі Қазақстанның діни дүниетанымдағы өкілдері мен за-

йырлы  биліктің  арасында  дұрыс  сұхбат  орнатуда  оңды  рөл  атқара 

алады. 


Мемлекетті  басқару,  адамды  рухани-адагершіліктік  жағынан 

жетілдіру,  мемлекет  өмірін  ұйымдастыру  түрлеріндегі  «надандық-

тың»  теріс  салдарларын  жою,  және  осы  үдерістердегі  саяси  қыз-

меткердің рөлі жайындағы айтылған әл-Фарабидің жемісті идеяла-

ры өзінің өзектілігін сақтауда. Әл-Фараби өзінің «қайырымды қала» 

жобасында түбегейлі әлеуметтік-саяси ғана емес, этикалық мәселе-

лерді, біз енді ғана толықтай баға бере алатын қоғамның саяси да-

муының кейбір тұстарына көңіл бөлгені белгілі. Бәрінен бұрын, бұл 

қазіргі кезеңнің жаһандық өзімшілдігіне қарсы бағытталаған өзара 

көмек пен ынтымақтастық жайлы оның идеяларында көрініс берді. 

Қоғам  мен  адамды  адамгершіліктік  жағынан  жетілдіруге  арналған 

бірлескен еңбегінде мемлекеттің әрбір мүшесінің өз әрекетеріндегі 

өзара және мемлекеттен бүтіндей тәуелділігі жайлы қоғамдық даму 

идеяларының бүкіл тебіренісі байқалады.

Әл-Фарабидің  сөз  еткен  қайырымды  азаматтарды  тәрбиелеу 

әдісі, мемлекеттік көшбасшыға тән мейірімділік қасиеттері, сондай-



2 Қазақ халқының рухани әлемі қалыптасуының тарихи контексі: 

түркілік рухани дәстүр

65 


ақ осындай тәрбиені жүзеге асыруға мүмкіндік туғызушы факторлар 

қазіргі кезең үшін қызығушылық тудыруда. Көшбасшылық мәселесі 

практикалық  тұрғыдан  үлкен  маңызға  ие,  өйткені  бастамашыл-

дық,  креативтілік,  әлеуметтік  белсенділік  нарықтық  жағдайда  аса 

маңызды,  олар  біздің  еліміздің  қазіргі  жастар  саясатына  тара-

луда.  Әл-Фарабидің  осы  мәселені  түсінуіндегі  қазіргі  кезең  үшін 

маңыздысы көшбасшылық, алдымен саяси көшбасшылық және са-

яси көшбасшы бұл дәреженің сыртқы белгілеріне емес, ішкі жоғары 

рухани-адамгершілікті  критерийлеріне  жауап  беруге  тиіс.  Оларға 

нағыз  жақсылар  ие,  яғни  мемлекетті  анық  жақсы  адам  басқарады 

және барлық азаматтарды бақытқа жетуге бастайды – мемлекеттің 

басты мақсаты осында дейді әл-Фараби. 

Сөзсіз, әл-Фарабидің саяси философиясының басты мақсаты мен 

маңызы адамзат қоғамдастығының бірлігі идеясы. Қазіргі жағдайда 

бірлесу идеясы өзекті болуы үшінші мыңжылдықтың әртүрлі сын-

қатерлері  адамзаттың  алдына  барлық  әлемдік  қоғамдастықтар-

дың  бірігуіне  күш  салу  ғана  болып  отырған  жоқ,  қазақстандық 

демократиялық мемлекетті құрудағы ішкі мәселелерге байланысты 

өзектелінуде. Бұл мақсатқа ойдағыдай қол жеткізу, өз кезегінде тек 

қана мемлекеттік ұйымдар мен бірлестіктердің ғана емес, сонымен 

қатар қоғамның демократиялық көңіл-күйдегі топтарының бірігуіне 

күш  салуды  қажет  етеді.  Әл-Фараби  «адам  [тіршілік  иесі  ретінде] 

өз ісінде және жоғары жетілуге тек көптеген адамдардың бір жерде 

тұрақтанып бірігуі арқылы қол жеткізе алатын түріне жатады» деп 

пайымдайды [10, 108 б.].

Әл-Фараби  өмірбаянында  көрініс  тапқан,  хрестоматиялық  бо-

лып кеткен, оның идеяларының Әбу Әли Ибн Синаның дүниетаны-

мына  әсер  етуінің  куәсін  [18,  48  б.]  қазіргі  танымда  әдіснамалық 

ұстаным  ретінде  басшылыққа  алу  Орталық  Азия  халықтарының 

рухани  мәдениетінің  сабақтастығын  дәлелдеуге  мүмкіндік  жасай-

ды. Өз кезегінде Ибн Синаның терең пайымдаулары, атап айтқанда, 

«философтар, пайғамбарлар сияқты, адамдардың ұстазы бола ала-

ды»  дегені  Бахманийара  әл-Әзірбайжани  философиясында  көрініс 

тапты. Философия арқылы берілетін рухани дәстүр бұл адамзаттың 

ақиқатты  жетуге  бағытталған  жолы,  міне  сондықтан  Философ 

адамзаттың Ұстазы болып табылады.

Түркі  әлемі  ойшылдарының  рухани-мәдени  тамырлары  мен 

ғылыми  идеяларының  сабақтастығын  Әбу  Райхан  әл-Бируни  шы-

ғармашылығынан  да  байқауға  болады.  Мысалы,  әл-Фарабидің 

нәтижелі  математикалық,  жаратылыстану  ғылымдарындағы 

және  астрономиялық  болжамдары  әлемдердің  көптігі  туралы 


66

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

әл-Бирунидің  болжаулық  гипотезасына  әсер  етті.  Әл-Бирунидің 

шығармашылығын  қазіргі  зерттеушілер  ортағасырлық  ғылым-

дағы  эксперименттік  әдісін  жасаушылардың  бірі  деп  есептеуге 

толықтай  болады  деп  атап  өтеді  [12,  22  б.].  Натурфилософиялық 

дәлелдерге сүйене отырып Әл-Бируни Аристотельдің физикасында 

бекітілгендей, аспан аймағы шар емес, эллипсоид, аспан денелерінің 

эллипсоидтық траекториямен қозғалады дегенге саятын болжауды 

ұсынды.  Бұл  ереженің  нақты  мағынасы,  ғалымдардың  пайымдау-

ларына  сәйкес,  бірнеше  ғасыр  өткен  соң  Кеплердің  зерттеулерінің 

арқасында толық түсінілді.

Қазірде  ашылып  отырған  жоғарыдағы  ойшылдардың  гума-

нистік  идеяларының  рухани  жақындығы  мен  өзара  байланы-

сы,  бұл  идеялардың  нәзік  және  көзге  көрінбейтін  жіптермен 

ойдың  бірегей  рухани  кеңістігінде  біріге  отырып,  ішіне  түркілік 

мәденеиет  те  қатысып,  олардың  әрқайсысын  зияткерлік  шығар-

машылыққа  қатыстырушы  етеді,  өйткені  олардың  барлығы  өз 

мәдениеті  мен  тарихының  рухани  мазмұнын  тасушылар.  Олар-

дың  көзқарастарындағы  өзгешеліктерге  қарамастан,  олардың 

энциклопедиялық  мұраларындағы  негізгі  іргелі  қағидалар 

адамзатың  жетілуге  ұмтылысында,  ақиқатқа  жетуінде,  рухани 

бірлік  пен  бақытқа  қол  жеткізуде  барлығының  пікірлес  екендігін 

көрсетеді. Олардың көзқарастары түркі халықтары және олардың 

өкілдері  Шығыс  пен  Батыста  бірдей  саналатын  жалпыадамзаттық 

құндылықтардың  мазмұнын  құрайтын  зерденің,  ағартушылық-

тың,  гуманизмнің  идеалдарын  жоғары  бағалағандықтарының  мы-

салы бола алады.

Жүсіп Баласағұнидың шығармашылығы жалпыадамзаттық иде-

алдардың, мейірімділік, әділеттілік, ақыл-ойдың дамуына өз үлесін 

қосты.  Ол  ортағасырлық  ислам  философиясындағы  ойтолғаулар-

дың  едәуір  бөлігінен  орын  алатын  бақыт  тақырыбын  дамытуды 

жалғастырады.  Ол  көптеген  ортағасыр  Шығысы  ойшылдарының 

солардың қатарында, шығыс перипатетиктері – әл-Фарабидің, Ибн 

Синаның, Ибн Руштың философиялық шығармаларында орын ала-

ды. Ж. Баласағұнидің «Құтадғу білігінің» («Құтты білімі») мазмұны 

оның  шығыс  перпатетиктерінің  философиялық-адамгершіліктік 

ізденістері  дәстүрінде  жазылғандығын  көрсетеді.  Бақыт  деген  не, 

адам  бақытты  бола  ала  ма,  адамның  жетілуі  неде,  жетілген  адам 

қанадай болуы керек және әділетті қоғам және т. б. сұрақтарға жа-

уап іздейді. 

Жүсіп  Баласағұн  философиясы  әл-Фараби  философия-

сы  сияқты  өзгерістер  дәуірінде  және  түркі  қоғамы  дамуының 



2 Қазақ халқының рухани әлемі қалыптасуының тарихи контексі: 

түркілік рухани дәстүр

67 


мәдени  болашағын  таңдауы  жағдайында  қалыптасқан  шығыс 

перипатетизмі,  неоплатонизм,  ислам  және  түркі  руханилығы 

иделарының  өзара  байланысы  мен  астасуын  паш  етеді.  Персо-

налийлердің  ұстанымдарын  салыстыра  отырып  Баласагұнның 

«Құтты  білік»  поэмасының  мәтінін  талдау  осы  дәстүрлердің  поэ-

тикалық  аллегориясы  болып  табылатын  дүниетанымдық  және 

аксиологиялық  «қақтығыстарға»  шығарады.  Айтолды  –  «Бақыт» 

түркі  руханилығын  білдіреді;  Күнтолды  –  «Әділеттілік»  болса 

«Сенімнің  қорғаушысы»,  мұсылман  дәстүршілдігінің  өкілі  болып 

келеді;  Оғдөлмеш  –  «Зерде»  өзінің  тұжырымдарын  рационалды 

түрде  дәйектейді  және  прагматикалық  рационализмді  танытады; 

Оғдырмыш  –  «Көнбістілік»  сопылық  даналықтың  үлгісі  болғанын 

байқаймыз. Әртүрлі және өзекті тақырыптарға сұхбат жасай оты-

рып,  адамзаттың  мәңгі  сұрақтарына  жауаптарды  ашықтай  іздей 

отырып  бұл  рухани  практиктер  және  ұстанымдар  қауымдасатын 

және  әр  қилы  болатын  тұстарын  аңғарады,  бірақ  олар  адамды 

асқақтатуға  ұмтылуда  және  оны  адамның  шынайы  болмысы  мен 

тағайындылығына жақындатуда біртұтас бола түседі. 

Адам мен қоғамның құндылықтық бағдарларының әртүрлі мә-

дени-өркениеттік  моделдері  Баласағұнда  мәдениеттер  сұхбаты, 

келісім  философиясында  және  рухани-адамгершілік  даму  мен 

кемелдендіру  жолдарын  іздеу  дәстүрінде  байқалады.  Олар  түркі 

дүниетанымының  бірегейлігін  және  ерекшеліктерін  жаңаша  ашу-

дың кілтің болатын символдық формасында, оның шығармашылы-

ғын  Ясауи  шығармашылығына  жақын  ететін  поэтикалық  форма-

дағы философия айналысуда көрініс табады. 

Баласағұни  шығармашылығы  Орталық  Азия  түркілерінің 

рухани-адамгершілік эволюциясының беттерін қайта жаңғыртатын 

құбылыс болып табылады. Ол  «әміршіні оқып-үйрету» немесе «князь 

айнасы» сияқты әдеп әдебиетінің маңызды жанрларының проблема-

тикасына  ендеген  стилистиканы  және  белсенді  өмірлік  позицияны 

дамытады. Олар кең тарады, сұранысқа ие болды және әлеуметтік іс-

әрекеттің моделі және әлеуметтік ұйымдастырудағы репрезантация 

тұрғысынан көріністі еді. 

Оларды  әл-Фарабидің  әлеуметтік-философиялық  трактаттары-

мен, олардың проблематикаларымен салыстыра отырып  біз мәтін 

стилистикасы мен оны өрнектеу тәсілі бойынша айырмашылықтар 

бар екенін байқаймыз, бірақ олардың рухани-адамгершілік парадиг-

масы  мен  әлеуметтік-философиялық  проблематика  түрғыларынан 

жақын екенін көреміз және олар практикалық өмірдің мәселелерін 

табуға  және  сол  жолмен  жүруді  қамтамасыз  етуге  көмектеседі. 


68

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

Олар  Жақсылық,  Ақиқат,  Сұлулық  сияқты  құндылықтарды  ашып 

беруімен бір-біріне жақын. 

Баласагұнның  «Құтты  білік»  философиялық-өнегелілік  еңбе-

гі  біздің  замандастарымызға  түркілердің  дүниетанымының 

өзгерістерге  ұшырауын  көрсетеді,  ежелгі  түркілердің  және 

Қарахандар түркі-мұсылман дәуірінің  көзқарастарының белгілі бір 

сабақтастығын  көрсетеді.  Бұл  жұмыста  өзіндік  кейіпте  ортағасыр-

лық  түркі  әлемі  қоғамының  рухани  өмірінің  сипатты  қырлары  

өрнектелген және тарихи дәуірдің әртүрлі әлеуметтік құндылықтық 

бағдарлары  айшықталған.  Мәтін  авторының  әл-Фарабидің,  Ибн 

Синаның,  Бирунидің  және  тағы  басқа  да  олардың  замандастары-

ның дүниетанымдық жүйелерімен белгілі мөлшерде таныс болған-     

дығы шығармадан көрінеді [13].

Әл-Фараби  сияқты  Баласағұни  үшін  де  мемлекет  азаматта-

рын  тәрбиелеу  үдерісіне  оқыту  арқылы  жан-жақты  білім  беруге 

философия  белсенді  қатыстырылады.  Оның  әлеуметтік-мәдени  іс-

әрекетінің  нәтижесі  білімді  игеру  және  олармен  пайдалана  білу 

ретіндегі білімділік. Әлем құрылымының әмбебап ұстындары оның 

онтологиялық  негізі  болғандықтан  философияда  бейнеленеді. 

Сондықта да адамның жетілуі және оның жоғары мақсатқа, өзінше 

жеткілікті  құндылық  болып  табылатын  –  бақытқа  қол  жеткізуі, 

адамның  іс-әрекетіндегі  ең  қажетті  және  басты  құраушысы  –  білім 

беру  мен  ағартушылық  жағдайында  ғана  болуы  мүмкін.  Осылай-

ша  Ж.Баласағұни  әл-Фараби  коментарийлерін  жазған  «Никома-

хова  этикасының»  қайнар  көзі  болған  әл-Фарабидің  практикалық 

философиясындағы  ағартушылық  идеяларын  дамытуды  әрі  қарай 

жалғастырды. 

ХІ  ғасырдағы  түркі  тайпаларының  рухани  өмірі  келесі  түркі 

зерттеушісінің  шығармаларында,  яғни  Махмұт  Қашқаридің  «Ди-

ван  лугат-ат-түрк»  («Түркі  сөздерінің  сөздігі»)  көрсетілген.  Бұл 

еңбек түркі әлемі терминдерін зерделеуде ғана емес, ол түркі тілдес 

халықтардың  әдет-ғұрыптары  мен  тұрмыс  ерекшеліктерін,  соны-

мен  қатар  тарихтың  сол  кезеңіндегі  жаратылыстану  ғылымдары-

ның  пайымдауларын  өте  тамаша  ашып  берді  [14].    Түркі  әлемінің 

көптүрлілігі  терминологиялық  мағынада  игілікті  және  тыным-

сыз  жұмыстың  арқасында  ашылып  көрсетілді.  Махмұт  Қашқари 

балалардың ойынынынан бастап мифтар мен тарихтың батырлары-

мен аяқталғанға дейін түркілік дәстүрлі өмірінің ұғымының көпте-

ген қырлары көрсетті, әлеуметтік-басқару иерархиясында лауазымды 

кісілердің аттарын атап берді. Ол түркілік табиғаттың жануарлары 

мен  өсімдіктері    және  үй  шаруашылығы,  тамақ,  тіл,  материалдық 



2 Қазақ халқының рухани әлемі қалыптасуының тарихи контексі: 

түркілік рухани дәстүр

69 


дүниелер,  әр  қилы  ақпараттарды  берді  және  үлкен  территорияны 

паш еткен түркінің «әлемдік картасын» ұсынды. 

Ойшылдардың  зерденің  күші  мен  адам  мүмкіндігіне  көз  жет-

кізгендігін  одан  кейініректе  өмір  сүрген  басқа  түркілік  ойшылдар 

қолдады.  Мысалы,  атақты  ғалым  XV  ғасырдың  білімді  адамдары-

ның бірі Ұлықбек [15] шеткі аймақтарға атағы жайылған, телескопқа 

дейінгі  кезеңдегі  астрономия  дамуында  жоғары  өлшемді  әлемдегі 

ірі  астрономиялық  құрал  жасалған  самарқандық  математикалық 

және  астрономиялық мектепті құрды. Самарқандағы  ол тұрғызған 

обсерватория,  ол  құрған  «Зижд»  және  басты  қалаларда  әйелдерді 

білімге тарту үрдісіндегі медресе үшін көркем ғимарат, оның ғылым 

мен  білім  берудегі  жалынды  іс-әрекетіне  Бұқарадағы  медреседегі 

жазу  куә.  Олар  Орталық  Азия  халықтарының  өткен  тарихында 

ғылым мен білім үрдістері қаншалықты бөлінсе, заң шығарушылық 

қызметтің үлкен маңызға ие болғандығын өткенге аса мән бере оты-

рып көрсетеді.

Түркі  халықтарының  ерекше  мәдениетіндегі  ғылыми-ағарту-

шылық  дәстүрлердің  мұрагерлерінен  басқа,  замандастарымыз  да 

діни  дәстүрлерді  ұстанушыларды  да  ұмытпайды,  өйткені  «Құдай 

өлді» дейтін қазіргі мәдениет қоғам мен жеке адамдардың дамуында 

өзінің  жағымсыз  әлеуетін  көрсетті.  Осы  контексте  зерттеушілердің 

назарын  түркілердің  байырғы  діні  ретіндегі  тәңіршілдікке  ғана  ау-

дармай, исламның түркі халықтарының рухани өміріндегі орны мен 

маңызына, бұл мәселені зерделеу қазіргі жаһанданып бара жатқан 

әлем жағдайында тарихи жалғасын табуды қажетсініп отыр. Қазіргі 

түркі  тілдес  халықтар  исламмен  рухани  жіп  арқылы  байланыс-

қан.  Бірақ  қазіргі  мәдениетте  таралған  ислам  өзгешелеу,  оның 

Қазақстанда қалыптасқан «дәстүрлі исламнан» айырмашылығы бар 

және ол өз кезегінде еліміздің ғылыми қауымдастықтығын бірегейлік 

мәселесіне және жаңа өзгерген жағдайларға сәйкес бұрынғы рухани 

дәстүрлердің бейімділік мүмкіндіктеріне назар аударуға шақырады.

Түркі әлемінің ұлы философтарының шығармашылығы арқылы 

ислам  философиясының  жетістіктері,  оның  руханилығы  ашылып 

көрсетіледі. Қазақ ойшылдарының дүниетанымын, әсіресе Қазақстан 

аймағына исламның таралуынан кейін, жалпы тарихи-мәдени және 

рухани саладан бөлек қарастыруға болмайды. Біздің ойымызша, әл-

Фарабиден Абайға дейінгі қазақ ойшылдарының дүниетанымының 

қалыптасуындағы  руханилықтың  рөлінің  маңыздылығы  толықтай 

зерттелмеген. Қазіргі уақыттағы тәуелсіздік кезеңі күрделі мәселені 

шешуді іздестіруге және мәдени және өркениеттік өзіндік болмысын 

қалпына келтіуге жаңа мүмкіндіктер ашты. 


70

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

Исламды  тарихи  тұрғыдан  зерделеуге  және  түркі  мәдениетін-

дегі  философияға  әсерін,  сонымен  қатар  мәдениеттің  рухани 

тамырларының  ортақтығы  ХІІ  ғасырда  (қазіргі  Түркістан  қаласы) 

Яссы қаласында тұрып қызмет еткен ұлы ойшыл, дана Қожа Ахмет 

Ясауидің  шығармашылығы  ерекше  маңызға  ие.  Оның  басты  еңбегі 

«Диван-и-Хикмет» («Даналық кітабы») діни-этикалық құндылықтар-

ға  арналған.  Сонымен  қатар  жұмыста  түркі  тайпаларының  сол 

тарихи  кезеңдегі  рухани  және  әлеуметтік  өмірі  жайлы  көптеген 

ақпараттар  бар.  Қожа  Ахмет  Ясауи  исламдық  құндылықтар  әлемі 

аясындағы сопылықты насихаттайды және осы негізде бүтін бір діни-

дүниетанымдық  мектеп  ашты.  Оның  көптеген  шәкірттері  болды, 

соның бірі Сүлеймен Бакырғани еді. 

Түркістандағы  Ясауи  Мавзолейі  ислам  мәдениеті  мен  түркілік 

руханилыққа оның шығармашылығы мен жеке басының әсерін және 

рухани күшін бейнелейді [16]. Оның идеялары – өзін-өзі тану түбін-

де  бұл  Құдайды  тану  деп  саналатын,  құдайылық  биікке  ұмтылған 

салиқалы асқақ адамның идеялары. Ол ислам мистикасын түркілік 

халықтық  сеніммен  ұштастырды.  Ясауидің  «Хикметтері»  адамның 

Құдайға  қарай  ұмтылуының  рухани-адамгершіліктік  үлгісі  бол-

ды, өйткені әрбір адам өзінің дамуында ішкі жетілуге қол жеткізуі 

мүмкін, ал кемелділікке жетудің өзегі Құдайға деген махаббат деп та-

нылды. Құдайды сүю және сол арқылы адамға деген махаббат, міне 

рухани-адамгершіліктік дамудың бағыты осындай.

Ясауидің «Хикметтерінде» Ақиқатқа тек махаббатта және махаб-

бат  арқылы  жетеміз,  тек  сол  ғана  Алла  дидарын  көруге  мүмкіндік 

береді деген ой үнемі тұжырымдалады. Міне сондықтан адам өзінің 

әлемге деген, яғни табиғатқа, басқа адамдарға деген сүйіспеншілік-

пен  қатынасын  бекіте  түсу  керек,  сондықтан  Ясауи  «О,  Жаратқан, 

мені сүйетіндей ете гөр» деп дұғасын оқиды.

Махаббат – оның философиялық концептуалділігін ашық жар-

қын айқындайтын Ясауидің сопылық тәжірибесінің негізгі концепті 

және  Ясауи бойынша ізгілікті өмірдің жоғарғы құндылығы. Оның 

өмірсүйгіштік пайымдауындағы төмендегі жыр жолдары:



Махаббаттың майданында жанын қиған, 

Хақиқаттың дариясынан гаухар алған.

Мағрипаттың білімін ішке салған, 

Жүрсе-тұрса дүр гауһарын шашар достар  [17, 53 б.].

Адам  болмысының  шынайылығы  және  адам  тағайындылығы-

ның  ақиқаты  махаббат  айқын  көрініс  береді  деп  есептеді  түркілік 

сопы.  Ол  адамның  адамгершіліктік  дамуының,  оның  әлеммен 



2 Қазақ халқының рухани әлемі қалыптасуының тарихи контексі: 

түркілік рухани дәстүр

71 


бірлесуде  болу  қабілетінің,  болып  жатқан  нәрселердің  барлығын 

бірге  сезіне  отырып  оның  жоғарғы  құдіретін  игерудің  өлшемі. 

Міне  сондықтан  «махабббат»  ұғымы  Қожа  Ахмет  Ясауи  мен  көбі-

несе  әдебиетте  рационалист  ретінде  көрініс  табатын  Әбу  Насыр 

әл-Фарабидің  көзқарастарын  қарама-қарсы  қойғандағы  аражікті 

ажыратушы  болып  табылады.  Әл-Фараби  рационализмі  «немесе-

немесе»  ұстынымен  ойланатын  құрғақ  пайымдаушылық  деп  мой-

ындала отырып бірақ оның сопының қарапайым өмірін сүргені де 

қоса айтылады. 

Әл-Фараби  философиясына  махаббат  ұғымы  жат  болған  емес, 

ал  зерде  тұжырымдамасы  Алғашқы  Бастамашыға  сүйене  отырып, 

Жоғарғы  дүние  болып  табылатын  Өмір,  Махаббат,  Жақсылықты 

нұрландыратын  орталықтан  бастау  алады.  Әл-Фараби  өзінің  «Қа-

йырымды қала» туралы жобасында бұл қаланың адамның шынайы 

болмысын  білмейтін  надан  қалалардан  айырмашылығы  «қаланың 

бөліктері мен оның тарамшалары өзара махаббат арқылы біріккен 

және  байланысқан;  олар  әділеттілік  және  содан  туындайтын  іс-

қимылдар арқылы ынтымақтасады және сақталады» [18, 222 б.].

Бірақ  әл-Фараби  өмірі  тек  психологиялық  ғана  емес,  сонымен 

қатар әлеуметтік, мәдени-тарихи қырлармен анықталатын әлеуметке 

көбірек  назар  аударады  және  ондағы  ізгілікті  өмірге  әкелетін 

әлеуметтік қатынастарды түсіну үшін психологиялық жағдайға емес 

басқа логикаға сүйену қажет екендігі тұжырымдалады. Ясауи өзіндік 

санасының  жеке  тәжірибесіне,  интуициялық таным  мен  елестетуге 

негзделген  әлемді  аңдауына,  мәңгілікті  тікелей  тану  мүмкіндігіне 

көбірек назар аударады. 

Ясауидің  діни  тұжырымдамасының  негізінде  мейірімділіктің, 

әділеттіліктің,  адамшылықтың  жалпыадамзаттық  қағидаттары 

жатыр,  сондықтан  да  оның  сопылық  идеялары  түркілік  ортада 

түсіністікке  ие  болып,  қолдау  тапты.  Оның  ізбасары  Сүлеймен 

Бақырғани өзінен кейін қазіргі ғылым мен мәдениетте әзірге толық-

тай емес зерделенген мұра қалдырды. Өзінің түркі тілінде жазылған  

«Хақім  ата»  және  «Ақыр  заман»  атты  еңбектерінде  ол  Ясауи,  ұлы 

Арыстан бап сияқты адамның құдайдың құдіретімен келісімде өмір 

сүруге,  адамгершілік  заңдарын  сақтауға,  кемелденуге  шақыратын 

ислам  монотеизмінің  мәнін  ашады  және  жер  бетіндегі  тіршіліктің 

кәдеуілділігін пайымдап, мәңгілікке қарай ұмтылады.

Халық  сенімінің  және  сопылықтың  трансофмациясы,  дәстүрлі 

түркі мәдениеті мен ислам мәдениетінің синтезі ретіндегі Қазақстан 

территориясында  қалыптасқан  және  нақты-тарихи  жағдайларда 

дамыған ислам руханилығы оны түсіну кодының кілті түркі мәдениеті 


72

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

мен оның руханилығының иірімдерінен іздеу керек деген қорытын-

ды жасауға болады. 

Өткен  түркі  ойшылдарының  философиялық  көзқарастарын 

объективті  тұрғыдан,  атеистік  нұсқаулардан  ада  түрде  қайта  қа-

растыру,  олардың  көзқарастарының  дүниетанымдық  негіздегі 

талқылаудың  ислам  мен  тәңіршілдіктің  қосылуы  болған  күрделі 

мәселесін  анықтады.  Бұндай  қайта  қарау  ислам  және  түркі  фило-

софиясының  мәні  мен  бір-бірінен  айырмашылығын  анықтауда 

олардың ерекшеленуі мәселесін ушықтырды. Ол өзара рухани-мәде-

ни әсер ету мәселесін келесідей сұрақтар қоя отырып өзектендірді: 

Исламның  әсеріне  ұшыраған  түркілік  философия  қалай  өзгереді 

және онда не сақталады? Исламды қабылдаған кезден бастап түркі-

лік философия тарих аренасынан кетеді, тек қана ислам философия-

сы ғана дамиды деп айта аламыз ба? Әртүрлі мәдениеттер тоғысында, 

философиялық ойлаудың түрлерін анықтайтын шекара қайда?

Ислам  философиясын  қарастыра  отырып,  біз  оның  интен-

циональдық концептісі таухид болып табылады десек, онда түркілік 

философия дегеніміз не нәрсе? Егер ислам мәдениеті – мазмұнын 

ислам  философиясы  затсыздандыратын  Кітап  мәдениеті  болса, 

онда  онымен  салыстырғанда  адам  үшін  затсыздану  қажет  бола-

тын  түркілік  философия  мазмұнының  заттануы  неде?  Тарихи-

мәдени құбылыстар мен үдерістерде түркілік философияны белгілі 

бір  философиялық  дискурс  ретінде  ашып  көрсететін  бастаулар 

қандай? Қазақстандық философияда осындай ақиқатты іздеп табу 

тәсілдері көріне бастағанымен, әлі бұл мәселеге сәйкес орынды жау-

ап табылған жоқ. Дегенмен, ақиқатты іздеудегі кейбір талпыныстар 

көрініс  беруде.  Осындай  әрекеттердің  тұңғыш  бастамасы  ретінде 

Н.  Аюповтың,  Ә.  Нысанбаевтың  және  Т.  Ғабитовтың  зерттеулерін 

атауға болады [19].

Араб-мұсылман  әлеміндегі  тарихи-мәдени  мұралар  қазақ 

халқының  рухани-мәдени  құндылықтарының  қалыптасуына  игі 

ықпал етті. Араб-мұсылман ғалымдары Грекияның, Үндінің, Иран-

ның  мәдени  және  ғылыми  мұраларынан  мол  сусындап  қана  қой-

май,  Вавилион,  Финикия  және  Египет  білімдерін  қабылдап,  олар-

ды  басқа  түрлерге  өзгертіп,  жаңғыртты.  Арабтар  әлемді,  әсіресе 

түркі  халықтарын  ежелгі  гректердің,  парсылардың,  үнділердің 

ашқан  ғылыми  жаңалықтарымен  таныстырды.  Бұл  дерек  Орталық 

Азия  аймағында  жаңа  дүниетанымдық  бағдарлардың  қалыптасу 

үдерісінде айрықша маңызға ие болды. 

Алғашында,  исламның  түркі  тайпалары  аймағында  тара-

луы  дәуірінде  білімділік  деп  діни  сауаттылық,  Құран  мәтінін  білу 



2 Қазақ халқының рухани әлемі қалыптасуының тарихи контексі: 

түркілік рухани дәстүр

73 


түсінілді.  Әрі  қарай,  исламды  таратушылар  қазақ  жерінде  де 

өзінің  рухани  жұмыстарын  кеңінен  жүргізді.  Қазақтардың  этно-

мәдени  қауымдастығы  исламды  қабылдаумен  бірге,  рухани  өмір-

дің  жаңа  мұраттарын  бекітуде  базалық  рухани-адамгершіліктік 

құндылықтарға сүйене отырып өзінің мүмкіндіктерін кеңейтті. 

Келтірілген мысалдар, ал оларды көптеп келтіруге болады, түркі-

лік ортадан шыққандардың өз заманының ғылыми, философиялық 

және  рухани  ойларының  жетістіктерін  шығармашылықтарында 

қорытып, жалпыадамзат дамуының, әлемдік мәдениеттің, ғылыми, 

философиялық,  көркем  шығармашылықтың  озық  жетістіктерін 

насихаттаушыларға айналғандығын көрсетеді. 

Бұл  ойшылдардың  шығармашылығының  қазіргі  кезең  үшін 

біріктірушілік  маңызын  неден  көреміз?  Алдымен,  олар  өз  заманы-

ның гуманистік ұмтылыстарын жалпыадамзаттық мазмұнын көрсе-

те отырып сипаттайды. Екіншіден, өздерінің ғылыми ізденістерінде 

ғасыр өткен соң да адамзаттың заңды мақтанышына айналған адам 

зердесінің күшін, оның танымға бейімділігінің сарқылмайтындығын 

көрсетті. Үшіншіден, олардың шығармашылығы тек Орталық Азия 

халықтарының ғана емес, бүкіл адазат мәдениетінің жетістігіне ай-

налды.  Олар  халықтар  мен  өркениеттердің,  олардың  өткені  мен 

қазіргі  жалпымәдени  сұхбатының  толыққанды  қатысушылары  бо-

лып табылады. Сондықтан да бұл шығармашылық қазіргі кезеңнің 

болашаққа  қарай  жылжуына  қажет  болатын  рухани-адамгершілік 

тірек болуы мүмкін.

Түркі әлемінің ұлы ойшылдарының көзқарастары қазіргі кезең-

де  қазақстандық  философиялық  дискурсқа,  компаративистикалық 

зерттеулер  контексіне,  заманауи  философиялық  антропологияға, 

аксиологияға,  этикаға  және  эстетикаға  енгізілуде.  Бұлар  олардың 

ізгілікті  идеяларына  жаңа  үн  беріп,  адамзаттың  мәңгілік  құн-

дылықтарын өзектендіріп және оларды қазіргі тәрбие мен білім бе-

руде жүзеге асыруға бағыттайды. Осындай және басқа мәселелерді 

шешу  қазақстандық  зерттеулерді  мәдениетаралық  байланыстың, 

бәрінен  бұрын  түркі  тілдес  ғалымдардың  халықаралық  ғылыми 

ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтереді.

Көптеген  сұрақтар  мен  мәселелер  халықаралық  кооперация 

мен  ынтымақтастық  аясында  түркілік  рухани  дәстүрді  зерттеудің 

болашақ  бағыттары  болып  отыр.  Бұл  –  «түркілік  руханилық  және 

философия»  атты  гуманитарлық  жобаны  дүниетанымдық,  құн-

дылықтық,  танымдық,  көркем-эстетикалық  қырларымен  бірлікте 

жүзеге  асыруға  қабілетті  әдіснамалық  құралдарды  іздеу  бо-

лып  табылады.  Бұл  –  оның  әлемдік  философиядағы  және  қазіргі 


74

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

мәдениеттердің  сұхбат  алаңындағы  орнын  анықтау.  Бұл  –  түркілік 

философияның  ажырамас  бөлігі  ретіндегі  қазақ  философиясының 

мәні мен маңызын Орталық Азия, Түркия, Әзірбайжан елдеріндегі 

философияның  дамуымен  салыстырмалы-салғастырмалы  талдай 

отырып тұтастай ашу.

Орталық Азия және Әзірбайжан елдерінде ғалымдар өздерінің 

тарихи  және  рухани  мәдениетін  зерделеумен  айналысуда.  Қазақ-

стан  ғалымдарын  басқа  түркі  тілдес  мемлекеттердің  ғалымдары-

мен  үйлестіру  мен  ынтымақтастыру  дәстүрлі  ұлттық  мәдениетті, 

оның  дүниетанымдық  әмбебаптарын,  түркі  халықтарының  дәстүр-

лі дүниетанымы мен дүниетүсінігін кешенді түрде зерттеуге едәуір 

серпін  береді.  Халықаралық  ынтымақтастық  түркілік  философия-

ның  әлемді  тұтастай  қарастыру  ретінде  теориялық  мәселелерін 

кең  және  тереңірек  зерттеуге,  оны  кезеңдендіру  мәселесін,  оның 

философиялық тілін және әлемдік философиядағы орнын зерттеуге 

мүмкіндік туғызар еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет