М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет3/32
Дата03.03.2017
өлшемі3,01 Mb.
#6694
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

Әдебиеттер

1. 


Назарбаев Н.Ә. Тарихтың шеңберлері және ұлттық зерде. Тарих тол-

қынында. – Алматы: Атамұра. 1999. – 296 б. (271–293 бб).

2. Нысанбаев А.Н. Цивилизационные традиции и историческая практи-

ка защиты прав и свобод человека в Казахстане // Адам және ашық қоғам. 

– Человек и открытое общество. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1998. 

3. Нысанбаев А., Машан М., Мурзалин Ж., Тулегулов А. Эволюция полити-

ческой системы Казахстана. В 2-х томах. Том 1. – Алматы: Қазақ энциклопе-

диясы, 2001. – С. 285–303. 

4.  Абенов  Е.М.,  Арынов  Е.М.  Тасмагамбетов  И.Н.  «Казахстан:  эволюция 

государства и общества». – Алматы: ИРК, 1996. 

5.  Оразбаева  А.  Историческая  роль  и  социальное  значение  института 

бийства в истории казахского народа. (К постановке проблемы) // Саясат. – 

1997. – № 5. – С. 103.


28

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

1.2 

Қазақ этносының рухани өмірінің құндылықтық 

бағдарлары

Қоғамның рухани өмірі өте көпқырлы және ол адамдардың са-

насы,  олардың  ойлары  мен  сезімдерінің  әртүрлі  көріністерімен 

шектелмейді.  Оның  құрылымына  сондай-ақ  рухани  құндылықтар-

дың  қалыптасуы  мен  дамуына  бағытталған  адамдардың  рухани 

қажеттіліктері,  бұдан  басқа  оның  негізін  әлеуметтік  субъектінің 

рухани  іс-әрекеті  құрайды.  Осы  іс-әрекеттің  белгілі  нәтижелері 

адамдардың  әлемге  көзқарастары,  яғни  моральдық,  эстетикалық 

және  діни  көзқарастары  болып  табылады.  Олар  өз  кезегінде  мо-

ральдық  ұстанымдарда  және  тәртіп  ережелерінде,  құндылықтық 

бағдарлар мен ділде, өнер шығармаларында және діни әдет-ғұрып 

пен салттарда және т. б. іске асырылады.

Қоғамның  рухани  өмірі  әлеуметтік  субъектінің  тарихи  жады-

мен байланысқан. Тарихи жад этностың әлеуметтік-мәдени дамуын-

дағы  маңызды  мәселе  ретінде  көптеген  гуманитарлық  зерттеулер-

дің  нысанына  айналады.  Өзінің  тарихи  қайнарларына  оралу  ол 

тек  патриоттықтың  көрінуі,  өзіңнің  ата-бабаларыңның  алдындағы 

парызың  ғана  емес,  қазіргі  кезде  және  болашақта  өз  Отаныңның 

тағдырына  жауапкершілік,  сонымен  бірге  социумның  ұлттық 

кейіпте  орнығуы,  ұлтаралық  қатынастардың  үйлесімділігі  мәселе-

сіне ғылыми талдаулар жасау болып табылады.

Әрине,  бұл  мәлелелерді  шешу  барысында  тарихи  дамудағы 

кейбір  кезеңдердің  маңызын  абсолюттендіру,  немесе,  керісінше 

олардың  біріне  менсінбей  қараушылық,  ешқандай  мақтаудың 

шегінен  шықпай  және  «жоғары  көтере  мақтау»,  немесе  толықтай 

әшкерелеу  мен  жоқ  етуден  аулақ  болып,  шектен  шықпаған  ләзім. 

Алға  қойып  отырған  міндеттің  өзі,  тарихтың  барлық  кезеңдерін 

объективті, әділ, ғылыми салыстыра тексерілген талдаулармен қам-

тамасыз ету және осынның негізінде халықтың мәдени және рухани 

бірегейленуінің қағидаттары мен тетіктерін анықтау.

Қазақ халқының рухани әлемінің әртүрлі көріністерінде белгілі 

бір  эволюциялық  мағына  жатыр.  Этностың  рухани  құрылымының 

даму логикасын жүйелеп зерттеу үшін, алдымен адамзат мәдениеті, 

оның  руханилығының  негізгі  мәнін  анықтаудан  бастау  қажет. 

Руханилық  әлем  жайындағы  әртүрлі  білімдерді  жинақтаудан 

ғана  тұрмайды,  ол,  бәрінен  бұрын,  адамның  шындықты  рухани 

қабылдауына көмектесетін, жасампаздықтың мағынасын игеру болып 

табылады. Бұл жағынан алғанда әлеуметтік субъектінің мұраттары 

маңыздылыққа  ие  болады  және  оны  қазақ  этносының  ауқымында 


1 Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің 

теориялық-әдіснамалық негіздері

29 


қарастырамыз.  Олар  жалпы  адамзаттық  құндылықтардың  қалып-

тасуы  мен  барлық  адамзаттың  прогресі  үшін  қызмет  етуі  тиіс. 

Зерттеудегі бұл бағдар кез келген этностың, соның ішінде қазақтар-

дың да рухани әлемін өлшеуші эталон бола алады. 

Болашақты объективті болжау үшін зерттеушілер өткен тарих-

тың  барлық  егжей-тегжейін,  халықтың  рухани  және  материал-

дық  мәдениетінің  эволюциясын  жете  ұғынулары  керек.  Белгілі  бір 

қоғамдастықтың әлемге дәстүрлі қатынастар түрін жаңғырту мүмкін 

бе және жаңа тарихи жағдайда руханилықтың ескі түрлеріне сұра-

ныс бар ма? Уақыт өте келе кейбір зияткерлік-мәдени құбылыстар 

жаңа  тарихи  кезеңдерде  жандану  сапасына  ие  болатын  қасиеттері 

бар.  Бұл  жағдай  қоғамда  құндылықтардың  өзгерістерге  ұшырау 

мүмкіндіктерімен,  дағдарыстарымен  және  құндылықтарды  асыра 

бағалаулармен  байланысты.  Мәдени-тарихи  құбылыс  адамдардың 

әлеуметтік  өмірінің  жоғары  қабаттарына  екі  себепке  байланысты 

өзектенеді:  біріншіден,  ол  құндылықтар  аласапыраны  кезінде  бел-

гілі бір адамдар тобына өзінше бір құтқарушы «тал шыбықтай» бо-

луы  мүмкін,  екіншіден,  қоғамды  біріктіру  үдерісінде  этно-мәдени 

құрылымның  эволюциясында  рухани  сабақтастық  арқылы  белгілі 

бір сындарлы рөл атқаруы мүмкін.

Қоғамның  рухани  өміріндегі  құндылықтардың  рөлі туралы ай-

тар болсақ, онда кеңістік пен уақыт аясында халықтық мәдениеттің 

архитектоникалық құрылымы болып табылатын белгілі бір тарихи 

«архетип» пайда болады. Оған өмір салты мен адамның ментальдық 

қалпы, этностық-мәдени басымдықтары негізделеді. Бұндай кеңістік 

пен  уақыт  аралығында  әлемді  субъективті-психологиялық,  тарихи, 

көркем  қабылдаулардың  мәні  артады.  Уақыт  пен  кеңістікте  бол-

мыс  жайлы  этно-мәдени  түсініктер  көпқырлы  және  олар  ежелгі 

дәуірлерден  қазіргі  кезеңге  дейінгі  генезисі  мен  эволюциясының  

үдерісінде  көрініс  береді.  Өткен  дәуірлер  мен  құндылықтар  тура-

лы естеліктер қазіргі кезге мықтап бекітілгені белгілі болғандай, ол 

қоғам дамуының болашағына да әсер ете отырып, оның құндылықтық 

әлемін қалыптастыра алады.

Қазақ  халқы  үшін  этикалық  нормалар  мен  дәстүрлер  рухани 

құндылық  ретінде  болды,  сонымен  қатар  музыкалық-поэтикалық 

және  әдеби  шығармашылық  ұлттық  мәдениеттің  жүйесін  құрушы 

элементі болды. Қазақ халқы бізге «көркем сөздің ең құнды мұрасын 

қалдырды.  Халық  әншісі,  халық  ақыны  ежелден  бері  өзіне  тән 

ақындық  қасиеттері  арқылы  түрлі  әндермен  рухтарын  жеткізіп 

отырды» [1, 25 б.].

Тарихи субъект болып табылатын этнос негізгі әлеуметтік және 

мәдени  құндылықтарға  сүйенеді,  ал  оның  болмысы  белгілі  бір 



30

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

әлеуметтік-мәдени  формаға  ие  болады.  Осы  орайда,  бір  жағынан 

этнос  белгілі  бір  құндылықтар  және  бағдарлармен  біріккен 

әлеуметтік  және  мәдени  қауымдастық  ретінде  заңды  түрде  пайда 

болса,  екінші  жағынан,  өзге  әлеуметтік-мәдени  құрылымға  қарсы 

тұратын баламалы динамикалы жүйе ретінде кенеттен пайда бола-

ды. Этнос өзге әлеуметтік-табиғи, мәдени бірліктермен бәсекелесе 

алу үшін белгілі бір жасампаз құндылықтық бағдарларын өндіреді. 

Бұл  бағдарлар  осы  тарихи  субъектінің  қоғамдық  өмірінің  барлық 

саласын  және  әсіресе  тарихи  қауымдастықтың  руханиятының 

негізін анықтайды. 

Мәдениет  уақытын  этномәдени  тұрғыдан  анықтау  этностың 

этномәдени  тұрғыдан  дамуында  маңызды  болып  келеді.  Аталмыш 

үдеріс  барысында  тарихи  мобильділіктің  рөлі  ерекше,  себебі,  ұлт-

тың  ары  қарайғы  тағдыры  оның  өміршеңдігіне,  тарихи  дамудың 

белгілі  бір  сатысындағы  белсенділігіне  байланысты.  Полимәдени 

кеңістіктегі  кез-келген  этнос  органикалық  әлеуметтік-мәдени  жүйе 

ретінде    бірден  және  түрлі  қарқынды  немесе  керісінше  төмендеп, 

жартылай және серпінді дамиды. Этностың қуаты кеңістікті кеңей-

тіп,  жүйені  күрделендіріп,  біртұтастықтың  көптеген  құрамдас 

бөліктерін құрай алады. Алайда бұл үдеріс жүйе ішіндегі белгілі бір 

теңдікті орната отырып, кері бағытта да жүруі мүмкін. Оның үстіне, 

көптеген  элементтер жеке жүйелер арасына сіңіп кетуі де мүмкін [2, 

483 б.].


Белгілі  бір  мәдени  дәстүрді  сақтап  қалу  және  оның  құндылы- 

ғын  ескеру  сол  этномәдениеттің  негізгі  тұсы  болып  табылады.  

Осыған  байланысты  оның  уақыттық  формаларына  философия-

лық тұрғыдан түсініктеме беру қажет. Мәдениеттің бойында ілгері 

бағытталған  қадамдарды  көрсететін  желілік  үдерістермен  қатар, 

құндылықтардың  жаңаруы  мен  қайта  бағалауына  әкелетін  цикл-

дық, сонымен қатар инверсиялық үндеу бар. Оның үстіне, мәдениет 

тарихындағы    ілгері  бағытталған,  инверсиялық  және  стагнация-

лық  қадамдардың  қажеттілігі  өткен  тарихи  сатылардағы  дамудың, 

эволюцияның  ғана  емес,  сонымен  қатар  оған  оралу  қажеттілігімен 

шартталған.

  

Қазіргі  заманғы  индустриалды-инновациялық,  өркениеттік  да-



му  жағдайында  әл-Фарабиден  Абайға  дейінгі  қазақтардың  рухани 

өмірінің тарихы өзектене түседі, себебі оның бойында этностың ру-

хани өмірінің классикалық құндылықтық бағдарлары қалыптасқан. 

Ұлттық тарих, мәдениет бастауына оралу мәселесі ғылыми зерттеу 

объектісі  ғана  болып  табылмайды,  сонымен  қатар,  қазіргі  заманғы 

трансформациялар  аясында  жаңа  қазақстандық  патриотизмді 



1 Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің 

теориялық-әдіснамалық негіздері

31 


қалыптастырудың  маңызды  элементі  болып  табылады.  Тарихи  ба-

стаулар халықтың рухани дамуының негізі  және жаһандық қатерлер 

жағдайында  тұрақтылықты  сақтап  тұрудағы  оның  мүмкіндіктері 

ретінде  заманауи  мәдениетке  объективті  сипаттама  беру  үшін 

маңызды болып келеді. 

Этностың  рухани  әлемі  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  тари-

хи  құрылым  болып  табылады.  Руханилық  этникалық  кеңістіктің 

ерекше  құбылысы  ретінде  дүниеге,  қоршаған  әлемге  деген 

адамгершілік  қатынасқа  негізделеді.  Ол  халықтың  дәстүрлі  адам-

гершілік  құндылықтарын  қайта  түлетуді  қажет  етеді  және  ол 

басымдылығын  іздеуге,  талдауға  және  бекітуге  бет  бұрғызады. 

Төмендегі дұрыс атап көрсетілгендей, «адамның қабілеттерінің, ой-

ларының  ұшқырлығының  жоғарғы  көріністерін  білдіретін  руха-

ни  мәдениеттің  ең  мықты  жетістіктері  адамзаттың  кемелденуіне 

қызмет  ете  отырып  белгілі  бір  құрылыспен  бірге  жоғалмайды, 

керісінше  ұрпақтан  ұрпаққа  беріліп,  адамдардың  зияткерлік,  эс-

тетикалық және адамгершілік дамуына қызмет етеді ...» [3, 162 б.]. 

Әрбір  этникалық  әлем,  әрбір  этникалық  мәдениет  руханилық 

пен  рухани  құндылықтардың  өзіндік  анықтамаларын  түзейді. 

Көшпенділердің  этикалық  және  дүниетанымдық  құндылықтары, 

эстеикалық  мұраттары  әлемді  біртұтас  дүние  ретінде  қарастырды 

және  оның  орталығы  ерекше  белгілермен  рәмізделді.  Қазақтың 

философиялық  ойының  тарихи  тұрғыда  түркілік  тамырлары  бар 

және  ол  көшпелі  мәдениеттің  архетиптері  мен  дәстүрлі  құнды-

лықтарының  негізінде  қалыптасты.  Белгілі  қазақстандық  фило-

соф  А.Х.  Қасымжанов  өзінің  еңбектерінде  былай  деген  еді:  «Менің 

ойымша,  Қазақстан  аумағы  да  кіретін  Еуразияның  ландшафты 

даласында  жай  ғана  «көшпелілік»,  «көшпелі  қоғам»  қалыптасып 

қойған  ғана  емес,  табиғат  жағдайына  байланысты  жайылымдық 

мал бағу, бірақ бұдан басқа «салт аттылар мәдениеті», темір қорыту, 

қалалар,  қол  өнері,  жер  өңдеу  сонымен  қатар  иррагациялық  өнер 

сияқты технологиялық және мәдени жетістіктерді қамтитын ерекше 

өркениет  қалыптасты.  Оған  әлемдік  империялардың  пайда  болуы 

мен көші-қон үдерісіне әсерін қосыңыз» [4, 88 б.]. 

IX–XII  ғғ.  Орталық  Азия  аймағында  ислам  діні  пәрменді  түр-

де тарала бастады. Осымен байланысты бұл аймақтағы түркі тай-

паларының  рухани  өмірінде  өзгерістер  жүреді,  мәдениеттердің 

өзара әрекеттесу өрбиді, түркі және ислам мәдениеттерінің кезде-

суі негізінде құндылықтық әлем қалыптаса бастайды. Арабтың тілі 

діни сенімнің ғана емес, ғылымның және әдебиеттің тіліне айналды. 

Онымен  Шығыс  ойшылдарының  ғылыми  және  әдеби  жауһарла-


32

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

ры жазылды. Түркілердің ортасынан шыққан ұлы энциклопедист, 

ғалым-философ  Әбу  Насыр  әл-Фараби  (870–950  жж.)  еңбектерін 

араб тілінде жазып, шығарды. 

Қазақстанда ислам философиясын қайта жандандыру мен зерт-

теу  алдымен  шығармалары  өткен  мен  қазіргіні  берік  дәнекерлеу-

ші  болып  табылатын,  Шығыс  пен  Батысты,  әлемнің  көптеген  ха-

лықтарының  өзара  түсіністікке  қол  жеткізетін  мәселелер  аймағын 

анықтайтын  Әбу  Насыр  әл-Фараби  идеяларын  мазмұнды  талдау 

қазақстандық  философиялық  әдебиетте    жаңарған  деректанулық 

қорларға  негізделген  және  бұрын  қолданылмаған  еңбектер 

айналымға  қосылмаған  еңбектерді  қамтиды.  Әл-Фарабидің  ру-

хани  әлемі  ежелгі  грек  философтарының  еңбектеріне  жай  ғана 

түсіндірмелер  жасау  емес,  Шығыс  пен  Батыс  идеяларын  терең 

ғылыми жинақтау, синтездеу болып табылады [5].

Әл-Фарабидің  мәдениет  пен  ғылымға  қосқан  үлесі  жан-жақты. 

Логика  мен  медицина,  космология  мен  анатомия,  философия 

мен  заң,  математика  мен  акустика  оның  зерттеу  ізденістерінің 

объектісі  болды.  Әмбебап  түркі  ойшылын  араб  әлемінде  белгілі 

дәрежеде  дамыған  білімнің  барлық  саласы  дерлік  қызықтырды 

[6].  Ұлттық  тарихты  пайымдау  контексінде  Шығыстың  алғашқы 

ұстазының – әл-Фарабидің философиясының жетістіктері маңызды, 

әсіресе  ойшылдың  рухани  мұрасында  көрініс  тапқан  қайырымды 

қаладағы  өзара  түсінісу  тәжірибесін  зерттеу  мен  өзектендірілген. 

Ол  өз  мұраларында  жинақталған  өзара  түсіністік  үдерісінің 

тұжырымдамалық  негізін  дәлелдеп  және  дамытып  қана  қоймай, 

өзінің  шығармашылығында  антикалық  кезеңнің,  мұсылмандық 

Шығыстың және түркі әлемінің мәдени дәстүрлеріне жүгіне отырып, 

өзара түсіністіктің бағдарламасын жүзеге асырды [7].

Қазақстандық зерттеуші А.П. Әбуов, Орта Азиядағы түркі тай-

паларының  өміріндегі  ислам  руханиятының  рөлін  қарастыра  оты-

рып, Қ.А. Ясауидің «Диуани Хикметі» – «Даналық кітабы» түркілік 

дүниепайымының  ұлы  шығармасы  болып  табылады  және  «біз    

оның еңбектерінен түркі тілінде жазылған түркілік ойлау әдісін жә-

не дүниені қабылдаудың түркілік формасын таба аламыз, олар қатаң 

логикалық және аяқталған тұжырымдама арқылы берілген... Сопы 

ақын Қ.А. Ясауидің қасиетті әлемі дәстүрлі болып келеді, себебі ол 

жерде


 «Вахдат әл-вуджут» атты исламдық жүйе билейді

»

 [8, 178 б.]. 



Түркілік  және  исламдық  дәстүрдің  өзара  байланысы  арқылы 

жүзеге  асатын  философиялық  ойлаудың  ұлттық  типін  және  қазақ 

халқының  руханиятын  біртұтас  зерттеудің  Қазақстанның  рухани, 

мәдени  және  қоғамдық  дамуы  үшін  маңызы  зор.  Рухани  өмірдің 



1 Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің 

теориялық-әдіснамалық негіздері

33 


түркілік-исламдық  бастауы  дүниетанымдық  тұрғыдан  қазақ  хал-

қының өткенін анықтап, қазіргісін негіздеп, болашағын болжамдай-

ды.  Тарихи  кезең  барысында  ұрпақтар  арқылы  мәдениеттің  өзара 

ықпалдастығының  нәтижесінде    қалыптасқан  еуразиялық  әлемнің 

синтетикалық  рухани  формасы,  оның  интеллектуалдық-рухани 

парадигмалары  философияда  көрініс  тапты.  Ол  қазақ  халқының 

дүниетанымдық  ұстанымының  рухани  өзегі  болды  және  түркі 

халқының рухани мәдениетінің бойында болды.  

Қазақ  рухани  мәдениетін  таза  синкреттік  деп  атауға  бол-

майды  және  де  ол  мәдени  синтезделе  отырып,  интеграциялық 

үдерістерден  де  ажыратыла  қойған  жоқ.  Қазақ  халқы  мәдениеті-

нің  бойында  түркілік,  исламдық,  ирандық-парсылық  және  орыс-

славяндық мәдениеттің элементтері бар. Сондықтан да, бір мәдени 

парадигманың  бойында  әлемдік  тарихи  үдерістің  белгілері  қатар 

орын  алып,  бір  дүниетанымның  аясында  тарихи  дәуірлердің 

құндылықтық бағдарларының трансформациясы жүзеге аса алды. 

Қазақстандық  тарихшы  Ж.О.  Артықбаев  өзінің  зерттеу  жұ-

мыстарында, қазақтың дәстүрлі көшпелі қоғамын талдау барысын-

да  «алдыңғы  қатарға  экономикалық  емес,  әлеуметтік  үдерістерді, 

әлеуметтік  байланыстардың  формасын  қою  керек.  Себебі,  қазақ 

қоғамында  жеке  адамның  орны  экономикалық  емес,  туыстық  қа-

тынастармен  анықталған...  Туыстық  байланыс  адамдардың  бейбіт 

қатар өмір сүруінің шынайы негізін құрайды және негізгі әлеумет-

тік құндылық болып табылады,  сондықтан да оның бар болуының 

қағидалары барлық салаға ықпал етеді (аймақтық, шаруашылық, са-

яси және т. б.)»  екендігін айтады» [9, с. 195].

Автор туыстық байланыс түріндегі әлеуметтік-мәдени құрамдас 

бөлігінің  маңыздылығын  орынды  атап  өтеді.  Жүздік  бірегейлікке 

қатысты халық даналығы былай дейді: «Ұлы жүзді қауға беріп, малға 

қой, орта жүзді қалам беріп, дауға қой, кіші жүзді, найза беріп жауға қой».

Көптеген  ғасырлар  бойы  қазақтардың  этно-мәдени  кеңістігі 

мен  ұлттың  рухани  әлемі  үшін  рулық  байланыстар,  туыстық  қа-

тынастардың маңызы өте зор болды. Ұлттық тарихтағы руға, жүзге 

бөлінушілік  кездейсоқ  құбылыс  емес,  ол  терең  құндылықтық-

мағыналық  маңызға  ие.  Осындай  өзіндік  ерекше  тарихи  фактілер 

жайында  көрнекті  қазақстандық  этномәдениеттанушы  Ақселеу 

Сейдімбек  өз  еңбектерінде  келесідей  жазды:  «Қазақ  ұлтының  құ-

рамдас  бөліктері  болып  келген  үш  жүз  туралы  айтпастан  бұрын, 

осындай  ерекше  жүйенінің  жүзеге  асуына  мүмкіндік  туғызып 

отырған мәдени-шаруашылығының түрі мен өмір салты, сондай-ақ 

географиялық ландшафтысына көңіл аударамыз.



34

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақ даласының кескіні, оның табиғи-географиялық жағдайы 

үш мәдени-шаруашылық аймаққа (К. Акишев) – 1. өзінің кең жазық 

даласымен  Батыс  және  Орталық  Қазақстан;  2.  Шығыс  Қазақстан 

және оның оңтүстік-шығыс ауданы, Еренқабырға (Тянь-Шань және 

Алтай аймағы); 3. Оңтүстік Қазақстан Сыр-Дария, Шу, Талас, Арыс 

өзендері  мен  жағалаулары.  Үш  шаруашылық  аймақтың  тууына 

жағдай  жасаушы  Қазақстанның  табиғи  аймағы  соңынан,  орталық 

биліктің  принциптерін  қатаң  сақтайтын  әкімшілік-территория-

лық  бөлінуге  тікелей  әсер  етті.  Қазақ  жерін  құрайтын  үш  бөлік 

алғашында  күннің  қозғалысына  қарай  анықталды  және  «батыс, 

шығыс және орта халық» деп аталды». 

Кейінірек көшпенділер өз жерлерін бес түрлі реңкте белгілей 

бастады:  Шығыс  –  көкпен,  Батыс  –ақпен,  Солтүстік  –  қарамен, 

Оңтүстік – қызыл түспен, ал Орталық жасыл бояулы болды. Осылай-

ша, тұтас мемлекет түрлі түсті бояулар гаммасымен бейнеленетін 

болды.  Батысқа  бет  алған  гұндарды  Ақ  ғұндар,  Шығыста  қалған 

түріктерді  –  Көк  түріктер  (Көк  Орда),  Батыс  хандығы  –  Ақ  Орда, 

Орта  хандық  –  сары  орда  (Сары  Орда)  деп  атады.  Кейінен  қазақ 

хандығына  көшкен  бұл  атаулар  сақталынып  қалған  дәстүрлерге 

сәйкес  берілген  болатын.  Ұшы  қиырсыз  Даланың  үш  бөлігі 

шаруашылық-мәдени  белгілеріне  қарай  айшықталумен  байланы-

сты  оның  ішкі  құрылымдық  бөліктері  көшпенділердің  далалық 

өркениетінің  белгілерімен  анықталған  .....  тайпаларды  қазақтар 

Ұлы  жүз,  Орта  жүз,  Кіші  жүз  деп  атап,  осылайша  мемлекеттің 

үштік құрылымы жұмыс істей бастады. Күн шығыстан басталатын 

Шығысты  мекен  еткен  тайпаларды  Ұлы  жүз,  күн  жолының  орта-

сында өмір сүретіндерді Орта жүз, ал Батысты қоныстанушы тай-

паларды Кіші жүз деп атады» [10, 125–127 бб.].

Туыстық  қарым-қатынас  өте  маңызды,  әсіресе  дәстүрлі  қо-

ғамда, бірақ әлеуметтік даму барысында экономикалық базис, эко-

номикалық қатынастар дегенмен анықтаушы қоғамдық фактор бо-

лып  табылатындығын  атап  кету  керек.  Қазақтың  дәстүрлі  көшпелі 

қоғамының  мәнін  анықтау  үшін  де  экономикалық  қатынастардың 

рөлі  маңызды  және  анықтаушы  болып  келеді.  Қоғамдық  дамудың 

заңы осындай.

Көшпелі  мәдениет  өтпелі  қоғамдық  форманы  да,  «азиялық 

өндіріс тәсілінің» түрлерін де, «далалық феодализмді» де негіз деп 

есептемейді,  адамның  және  құрғақ  аймақтағы  қауымдастықтың 

шаруашылық-мәдени  түрін  игеру  болып  табылады.  А.  Тойнбидің 

«Тарихты игеру» атты кітабында көшпенділерді табиғат ортасының 

сын-қатерлеріне  лайықты  жауап  бере  алатын,  бірақ  бұл  сынның 



1 Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің 

теориялық-әдіснамалық негіздері

35 


шектен  тыс  қаталдығынан  өздері  де  даланың  тұтқынына  айналған 

кешіккен  өркениетке  жатқызады.  «Қуаң  даланы  тек  малшы  ғана 

игере  алады,  бірақ  ол  жерде  өмір  сүріп,  гүлденуі  үшін  көшпенді-

малшы тұрақты өзінің шеберлігін дамытып, жаңадан машықтанып, 

сонымен бірге ерекше адамгершілік және зиялылық қасиеттерін ту-

дыру керек. Егер көшпенді өркениетті егіншілікпен салыстыратын 

болсақ, онда номадизмнің белгілі бір басымдылықтары бар екенін 

көруге болады. Біріншіден, жануарларды қолға үйрету – өсімдіктер-

ді үйретуге қарағанда аса жоғары өнер, себебі бұл адам ақылы мен 

жігерінің  жеңісі.  Бұл  жерде  өнеркәсіптік  өндіріспен  қатар  келеді. 

Егер егінші бірден пайдалануға болатын өнімді өндірсе, көшпенді 

өнеркәсіпке сай өз өнімін жақсылап өңдейді, әйтпесе пайдалануға 

жарамай қалады» [11, 185 б.]. 

Көшпендінің жылқыға ерекше қатынасы болғанын айтып кету 

қажет. Әсіресе, көшпенді қазақтың өмірінде жылқы ерекше мәнге 

ие  болған,  бұл  туралы  С.Е.  Толыбеков:  «қазақ  –  малшылар  жыл-

қыны  оның  қасиетін,  көшпендінің  шаруашылығына  қажет  екенін 

жоғары бағалаған» деп дұрыс көрсеткен 

[12, 196 б]. Қазақ қашанда 

сәйгіліктермен,  жорғалармен  өз  өмірлерін  салыстырған.  Сондық-

тан да көптеген қазақ әндері жылқыға арналған. Жылқы көшпенді 

үшін  тек  көшпелі  мал  шаруашылығы  үшін  өндіріс  құралы  ғана 

емес, этникалық қауымдастықтың рухан өміурінің жарқын көрінісі 

де болды.

Көшпелі  өмір  салтының  динамизмі  рухани  өзіндік  сезінудің 

ерекшелігін  танытты  және  өзіндік  дүниеге  қөзқарастардан  бай-

қалды. «Даланың көрініп тұрған көкжиегі, – деп жазады Ж.К. Қа-

ракөзова мен М.Ш. Хасанов, – біртұтас көрінетін де, көрінбейтін де 

әлемнің рәмізі болып келеді және ойлаудың, дүниені қабылдаудың 

және  дүниетанымның  ерекшеліктерін  байқатты.  Аспандағы  күн-

нің шеңбері және далада көрінетін жоғарыдағы жарты шеңбердей 

күмбез Ғарыш пен өмірді дүниетанымдық қабылдаудың негізі бол-

ды. Күн және жартылай шеңбер – Ай – өмірдің негізінің рәмізіне            

айналады» 

[13,  17  б.]. 

Көшпелілердің  мәдениетіндегі  шеңбердің 

рәмізі көшпенділіктің динамикасымен, оның құндылықтық әлемі-

мен тікелей байланысты болды.  

Көшпенділердің  дәстүрлі  дүниетанымында  адам  өмірінің 

барлық  саласындағы  ғарышты  абсолютті  архетиптік  қайталауын 

анықтайтын көшпенді өмірімен шартталған кеңістік жайлы өзіндік 

ұғымы бар, алайда жеке түрде ерекше белгілері көрініс табуы мүмкін 

еді. Мысал ретінде, көшпенділер тұратын үйлерінің кеңістігіне көз 

жүгіртейік. Ең бастысы, киіз үйдің тігілу орны да өзіне назар аудар-



36

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

тады. Бұл жайлы академик Д. Кішібеков: «Мал жаюмен айналыса-

тын көшпенді мал жайылымын кез-келген жерге емес, адамдар мен 

малға  неғұрлым  қолайлы,  биік  қырлары  бар,  таңертең  және  кеш-

ке сол төбеге шығып 10–15 км-ге дейін жан-жағын бақылай алатын 

жерді іздеді» [14, 25 б.], – дейді.

Биік жерге көршілес қоныстанудың пайдасымен қатар, астарлы 

мағынасы да бар еді. Белес, төбе, таулар әлемнің орталығы ретінде 

Әлем  тауының  баламасы  ретінде  бола  отырып,  көшпендіні  өз  ба-

спанасын биікке орнатуға итермеледі. Киіз үйдің ішкі құрылымын-

да  да  тігінен  үш  және  көлденеңінен  төрт  бөлігінің  қиылысуында 

ғарыштың  архетиптік  қайталануы  байқалады.  Е.  Василевскийдің 

тұжырымдамасына сәйкес, «киіз үй – ғаламның үлгісі, көшпендінің 

микроәлемі,  ол  жарыққа  бағдарланған,  ошақ  арқылы  өтетін  орта-

лық өзегі бар; киіз үй семантикалық секторларға бөлінеді: оң жағы 

–  сол  жағы,  солтүстік  –  оңтүстік,  жоғарғы  –  төменгі,  сыйлы  –  сый-

лы  емес.  Мұның  барлығы  «үй  –  үлгісі»  деген  жалпыадамзаттық 

жаһандық идеяның көрінісі [15, 43 б.].

Көшпенділердің  баспанасын  пайымдау  арқылы,  көшпенді 

өмір  сүру  салтының  кеңістік  жайлы  ұғымдарына  ықпал  етуінің 

әсерінен  ерекше  белгілерге  ие  болғаныдығын  атауға  болады,  олар 

келесідей  қағидалармен  сәйкес  келеді:  1.  Көшпенділердің  үнемі 

малға  жайлы  жерлерді  іздеу  қажеттілігі  архетиптік  қайталау 

заңдылығына сәйкес көшіп-қону кеңістігін барынша қасиетті санау-

ды шартты етті. 2. Отырықшылыққа тән «өзімдікі-өзгенікі» бинарлық 

оппозициясындағы  игерілген  және  игерілмеген  кеңістікті  қарсы 

қою көшпенді өмір салты аясында жеңілдей түседі, себебі игерілген 

кеңістіктің  орталығы  саналатын  көшпендінің  баспанасының  орны 

үнемі ауысып отырады. 

Сипаты,  түрлері,  негізгі  белгілері,  дүниетанымдық  дәстүрлер, 

тіл,  –  мұның  барлығы  үнді-ирандық  мәдениетінің  терең  бөлігі-      

мен  қатар  және  тығыз  өзара  ықпалдастықта  дамыған  Шығыс  пен 

Батыс  өркениеттері  мен  халықтарымен  қоса,  қазақтардың  да  руха-

ни  мұрасын  түркітілдес  бай  мәдениеттің  далалық  бөлігі  ретінде 

қарастыруға мүмкіндік береді. Алайда, Қазақстандағы түрлі мәдени 

және  философиялық  дәстүрлердің  өзара  ықпалдастығы  мәселесі  

және қазақ халқының рухани қалыптасуындағы идеялық синтездің 

рөлі әлі де жеткілікті зерттеле қоймаған. 

Мұның бір себебі, көшпенділік жайлы оның «өркениетке қарсы», 

жою  мен  сауатсыздықты  білдіреді  деген  қасаң  түсініктің  қалыпта-

суы болып табылады. Көшпенді өмір салтын осылайша пайымдау-      

дың әсерінен оны Азиядағы әлеуметтік-саяси шиеленістің, апаттың, 



1 Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің 

теориялық-әдіснамалық негіздері

37 


соғыстың  жалғыз  себепшісі  ретінде  көрсетіліп,  ал  ирандық  және 

түркітілдес  халықтардың  өзара  қатынасы  жасампаз  іс-әрекеттің, 

ежелгі  мәдениеттің және  көшпенді  Тұран  елінің  ордасы болып та-

былатын отырықшы Иранның қарама-қайшылығына  теңестірілген.

Мұндай  қасаң  көзқарас  сөзсіз  Шығыстың,  әсіресе  қазақтар, 

өзбектер, қырғыздар, түркмендер, ұйғырлар, қарақалпақтар, баш-

кұрттар, татарлар және т. б. сияқты бұрынғы түркі тілдес көшпенді  

халықтардың  тарихы  мен  мәдениетінің  жан-жақты  қарастыры- 

луына  ықпал  етпейді.  Бұл  өз  кезегінде  белгілі  бір  халықтың  фи-

лософиялық мұрасын, оның ерекшеліктерін, шығу тегін, даму жо-

лына, әлемдік өркениеттегі рөлі мен орнына баға беруге кері әсерін 

тигізеді.  Осы  себептен  де,  кейбір  ғылыми  және  оқу  басылымда-

рында  көшпенді  өмір  салтының  дамыған  зияткерлік  іс-әрекетпен 

және  оның  философия  сияқты  жоғарғы  формасымен  сәйкес  кел-

мейтіндігіне қатысты пікірлердің болуы кездейсоқ емес.

Қазақ  этносының  құндылықтық  бағдарларын  түсіну  үшін  ав-

тохтондық  және  гомогендік  идеясы  үлкен  маңыздылыққа  ие  бо-

лады. 


М.С.  Орынбеков 

автохтондық  және  басқаладан  алынған 

құндылықтардың  рационалды  қиюласуының  маңыздылығы  тура-

лы атап өтеді және «өркениеттің даңғыл жолына енуге мүмкіндік 

беретін  қатар  өмір  сүрудің  жаңа  формаларының  түбегейлі 

жинақталуы  және  біздің  қоғамның  әлеуметтік  және  рухани 

сипаттамасының ерекшелігі жайлы мәселе тұрды» 

[16, 65 б.] – дейді. 

Оның  жұмыстарында қазақ мәдениетінің біртекті тұжырымдамасы 

дайындалып,  қазақстандық  гуманитарлық  ғылым  үшін  «этностық 

діл», «арғытүркілер» және «арғықазақтар» ұғымдары эвристикалық 

мән берілді. 

Барлық  алдыңғы  әлеуметтік-мәдени  құндылықтар  жалғасы 

ретінде  көрінетін  қазақ  мәдениетінің  рухани  ішкі  тұтастығын 

негіздеу  әлі  де  қалыптасу  үрдісінде.  Дегенмен  қазіргі  ғылым 

қордалаған  материал  қазақ  мәдениетін  ғылыми  бірегейлендіруге, 

одан  ішкі  интеграциялық  идеяларды,  құндылықтық  бағдарларды, 

нормалар мен рәміздерді ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Әрине, 

қазақ халқы Қазақстанның бұрынғы тарихи дәуірлерде жинақталған 

барлық тарихи-мәдени мұраның ізбасары болып табылады.

 

Оның тарихы мен мәдениетін тарихи мәліметтердегі атауы пай-



да  болған  кезден  бастап  зерттеп,  анықтау  жеткіліксіз,  себебі  осы-

лайша  оның  бай  мәдениеті  мен  тарихи  өткені  айтарлықтай  кеми 

түседі. Орталық Азияның ежелгі көпғасырлық мәдениетінің қойна-

уында қазақ мәдениетінің бастауы пайда болды, оның материалдық 

мәдениеті мен руханиятының негізі қаланды.


38

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

 В.П. Юдиннің [17], Ю.А. Зуевтің [18], М.Х. Әбусейітованың жә-

не  Ж.Б.  Абылхожиннің  [19]  (әсіресе  «қазақ»  этнонимінің  этимоло-       

гиясына  қатысты)  іргелі  тарихи  зерттеулерінде  дәстүрлі  қоғамның 

дамуының,  түркілік  дүниепайымның  және  өмір  барысының 

көп-теген  негізгі  мәселелері  қарастырылған.  Ж.М.  Әбділдин  мен                                                                                                  

Р.Ж.  Әбілдина  өздерінің  «Ш.  Уәлиханов  –  ұлы  ғалым  және  ой-

шыл»  және  «Абай  –  ұлы  ойшыл  және  қазақ  рухани  мәдениетінің 

шыңы»  атты  еңбектіренде  ойшылдардың  рухани  мұраны  зерттеу-

дегі әдіснамасы мәселелерін зерттейді.  Авторлар тарихи болмысты 

мәнді,  тұтас,  нақты  және  жан-жақты  зерттеу  маңыздылығын  атап 

көрсетеді [20]. Еліміздің тарихшылары тарихи дәуірлерді зерттеу мен 

ғылыми пайымдау барысында заманауи тәуелсіз Қазақстанның рух-

ни-саяси және ұлттық мүддесімен қатар тарихи және гуманитарлық 

ғылымның  даму  логикасынан  туындаған    жаңа  әдіснамалық  және 

құндылықтық-мағыналық  бағдарлардың  маңыздылығын  атап  өтеді 

[21, 3–6  бб].

Этнос және этнобірегейлік, ұлт және ұлтшылдық, номадология 

және  ұлттардың  рухани  мәдениеті  мәселесі  бойынша  теориялық 

әзірлемелер Ә.Н. Нысанбаев және М.С. Шайкемелев [22], М.С. Орын-

беков [23], М.З. Изотов және З.Н. Сәрсенбаева [24] Ғ.Т. Телебаев [25]  

сияқты көптеген отандық ғалымдардың және британдық антрополог 

Э. Геллнер [26], ресейлік номадолог Н.Н. Крадин [27], америкаліық 

антрополог  А.М.  Хазанов  [28]  сияқты  шетелдік  ғалымдардың 

еңбектерінде кезігеді .

Тәуелсіздік  кезеңнің  көптеген  зерттеулерінде  қазақстандық  ға-

лымдар дәстүрлі қазақи дүниеге деген қатынастың (мифтер, фоль-

клор,  эпос,  аңыздар  және  т.  б.)  теориялық-дүниетанымдық  аясына 

ғана  емес,    жыраулардың,  билердің,  ақындардың  өмірлік  мәні  бар 

және  дүниетанымдық  ізденістеріне  де  назар  аудара  бастады.  Осы 

ізденіс жұмыстарында қазақтардың жоғары материалдық және ру-

хани  мәдениетінің  болғандығы  жайлы  жазылуы  кездейсоқ  емес: 

«Біздің  тек  материалдық  емес,  сонымен  қатар  ең  бастысы    жоғары 

көркем ауызша және жазба мәдениеті, бай фольклор, эпос, жарқын 

музыкалық, поэтикалық және философиялық мұра сияқты рухани 

мәдениетіміз де бар» [13,  5 б.].

Қазақ  рухани  өмірінің  жарқын  көрінісі  мақал-мәтелдер  болып 

табылады. Бірнеше ғасырлар бұрын пайда болған, даналық сүзгісінен 

өткен    қазақ  мақал-мәтелдері,  аңыздар,  мен  ертегілер  бүгінде  өз 

мәнісін  жоғалта  қоймаған.  Қанатты  сөздер,  мақал-мәтелдер  аңыз-

әңгімелердің,  әндердің,  айтыс  пен  толғаулардың  мазмұнына  берік 

кірді. Мақал-мәтелдер тек қуаныш пен қайғыны, халықтың даналы-



1 Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің 

теориялық-әдіснамалық негіздері

39 


ғы  мен  өмірлік  тәжірибесін  білдірудің  кең  таралған  формасы  ғана 

емес,  сонымен  қатар  дәстүрлі  қоғамның  өнегелік  қағидасының 

өзіндік кодексі болып табылады.

Қазақ батырлары соғыс алаңына тек өз атағы үшін емес, өзінің 

туған жері үшін шықты, оларға көптеген ерлік, лирикалық поэма-

лар  арналды.  Қазақтарды  бұл  жанр  «Батырлар  жыры»  деген  атқа 

ие  болды,  орыстарда  «батырлық  эпостар»,  жапондықтар  «моно-

гатари»,  басқа  елдерде  өзінші  аталады.  Батырлық  ортағасырлар 

дәуіріндегі көшпелі еуразиялық кеңістіктегі кең таралған әлеуметтік 

құбылыс және ол қазақ этносы өкілдерінің құндылықтар жүйесінде 

құрметті  орын  алады.  Ол  ерекше  әскери-саяси  институт  болатын 

және  қазақ  этносының  құндылықтық  жүйесінде  құрметті  орында 

болды. [29, 62 б.].

Дәстүрлер  дәстүрлі  қазақ  қоғамының  рухани  өмірінің 

құндылықтық  әлемі  мен  бағдарларының  ішкі  орнықты  өзегін 

құрайды. «Дәстүрлер, – деп жазады М.Х. Балтабаев, – бұл ұрпақтан 

ұрпаққа таралған және белгілі бір қауымдастықта, әлеуметтік топ-

та ұзақ уақыт бойы сақталған әлеуметтік және мәдени мұралардың 

белгілері.  Дәстүрге  менсінбей  қараушылық  қоғам  мен  мәдениет-

тің  дамуындағы  сабақтастықтың  бұзылуына,  адамзаттың  құнды 

жетістіктерінен  айрылуға  әкеледі.  Дәстүрдің  мәніне  түсінбей 

соқыр  табыну  консерватизм  мен  қоғамдық  өмірде  тоқырауға  әкеп 

соқтырадыы» 

[30, 47 б.]. 

Жеке  адам  адамзат  дамуы  барысында  көбінесе  белгілі  бір 

этникалық  дәстүрлер  әсер  ету  өрісінде  болған  еді.  Дәстүрлер 

мазмұнындағы  қандай  да  өзгеріс  болмасын  этникалық  мәдениет 

құрылымындағы  өзгерісті  және  әлеуметтегі  үлкен  өркениеттік 

секірістерді  білдіреді.  Қазақ  этномәдени  дәстүрінде  әр  ер  адам  өз 

ағайын-туғандарымен  үш  туыстық  деңгейдегі  қатынастарда  бола-

ды: 

ата жұрт – өз жұрты, анасының жұрты – нағашы жұрт, жары-



ның  туысқандары  –  қайын  жұрт.  Ол  барлық  жақын  туыстарына 

құрметпен  қарауы  керек,  сонымен  бірге  анасының  туысқандары 

мен  әйелінің  жасы  кіші  туыстарының  (балдыздармен)  арасында 

әзілдесуге құқығы бар. 

Қазақтардың  рухани  өмірінде  қонақжайлылық  дәстүрі  үлкен 

мәнге  ие  болған.  Қонақжайлылық  тарихи  үрдісте  қазақ  үшін 

көптеген  құрылымдық,  негізінен  топтастыру  және  этикалық 

сипаттағы  қызметтерді  орындаған.  «Қонақжайлылықтың  өзі  аман-

дасу, сыйласу, мүсіркеу сияқты нақты мақсаттардан басқа дәстүрлі 

этиканың көпдеңгейлі этикалық мәнін береді. Біріншіден, белгілі бір 

үйде қонақта болғанына ризалығын білдіру оның өз дәрежесі мен өз 


40

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

ризашылығын  сездіреді,  яғни  жақсы  көңіл-күйдің  терең  тамырла-

рын жандандырады. Екіншіден, адам қонақ дәрежесінде қожайын-

ға адам болмысының құпиясына жақындататын, басқа адамға деген 

ашықтығы  мен  оның  дидары  мен  жанына  ұмтылысын  білдіретін 

өз қасиетін білдіруге мүмкіндік алады. Үшіншіден, терең этикалық 

сипатты айтып кету керек: қонақ болашақта келу-келмеуі екіталай 

болса,  онда  ерекше  ілтипатқа  ие  болады.  Бұл  жағдайда  қожайын 

өзінің  ашық  көңілімен  жылылық  беруге  тырысады,  кейін  бұл 

әрқайсысының  есінде  көпке  дейін  сақталып  қалады...  Қазақтардың 

дәстүрлі  қонақжайлылығы  тереңдей  ниеттес  болу  мәдениетіне 

негізделген» [31, 41–42 бб.].

Қазақтардың дәстүрінде ерекше орынды қайтыс болған кісілер-

ді еске алу, үш, жеті, қырық күн өткенде және бір жылдан кейін ар-

нап тамақ беру алады (ең үлкені бір жыл толғанда ас беріледі) және 

осы күні мал (қой, жылқы, кейде сиыр) сойылып, құран оқылады. 

Қайтыс болған кісілерді еске алу әр қазақтың алдындағы міндеті 

болып  табылады.  Жұма  сайын  жеті  шелпек  пісіріледі  (жеті  нан). 

Алты  шелпекті  көршілерге  таратып,  жетіншісін  өздеріне  қалды-

рады. Бұл «садақа нан» деп аталады. 

Ата-бабалардың  сенімі  бойынша  қайтыс  болған  адамның 

жаны  өз  үйіне  келіп,  оны  ұмытпай,  қорғап  жүргенін  сақтаудің 

белгісі  ретінде  майдың  иісін  сезеді.  Қазақ  қоғамында  еске  түсіру 

рәсімі  топтасудың,  іштей  ұйымдасудың  жоғары  деңгейінде  өтеді, 

бәрі  біріне  айтып,  өздерін  жақсы  жағынан  көрсетуге  тырысып, 

шыдамдылық  пен  бауырмалдығын  көрсетіп,  қазаға  ортақ  бола-

ды. Тек тарихи ғана емес, қазақтардың заманауи рухани әлемінде 

еске  алу  адамгершіліктің  өзіндік  мектебі  ретінде  көрініс  беріп, 

салт-дәстүрге байланысты білім нығайып, қалыпқа сай қатынастар 

реттеліп,  мораль  мен  адамгершілік  басым  бағыт  ретінде  жүретін 

тәжірибеге негізделген әлеуметтік мәдени қатынастар құрылды. 

Қазақстандық  мәдениеттанушы  Т.Х.  Ғабитовтың  пікірінше,  қа-

зақтардың дәстүрлі мәдениеті түркі тайпасының этникалық топтасу 

кезеңінде жинақталған. Қалыптасқан этностар (қазақтар, қырғыздар, 

өзбектер  және  т.  б.)  дәуірінде  көшпелі  орталық-азиялық  импе-

рия қолайлы ықпалда болды. Бірақ сол кездерде көрші отырықшы 

көрші  империялар  (Ресей,  Қытай)  белсенділік  танытып,  номадтық 

қауым аймақтарын басып алуға дайындалып жатты. Тарихта ұдайы 

қазақтардың  дәстүрлі  мәдениетінің  өзгеруі  болып  тұрды.  Егер 

еуропалық  этностар  Қайта  өрлеу  дәуірінен  Реформация  арқылы 

Ағартушылыққа  көшсе,  еуразиялық  номадтардың  ұрпағы  Ислам-

дық Ренессанс куәгерлері «Зар-заман» дәуірінде мұңға батты 

[32].


1 Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің 

теориялық-әдіснамалық негіздері

41 


Қазақ  мәдениетінің  басты  құрылымдық  архетипі  еуропалық 

номадтардың  көшпелі  өркениеті  болып  табылады.  Гуманитарлық 

ғылымда қазақ ұлттық мәдениетінің хронотоптарын жіктеудің түрлі 

нұсқалары болған және олар белгілі бір мөлшерде тарихи үрдістегі 

қазақтардың рухани өмірі құбылысына тән сипаттарды бейнелейді. 

Егер белгілі ғалым А.Х. Қасымжанов қазақтардың рухани өмірінің:   

1) Мифология, 2) Ренессанс, 3) Ағартушылық үш түрін бөліп көрсет-

се [33, 37 б.], Т.Х.Ғабитов қазақ мәдениетінің келесі хронотоптарын 

көрсетеді: 1) мифологиялық уақыт, 2) батырлық кезең, 3) өркениеттік 

уақыт, 4) дәстүрлі уақыт, 5) инновациялық уақыт 

[32, 29 б.].

Әрбір жіктемелеудің өз мәні мен түсіндірмесі, жақсы мен жаман 

жақтары  болады.  Дәстүрлі  қазақ  мәдениеті  тарихтың  көптеген  сы-

нынан өтті 

(«мың өліп, мың тірілген халық»). Мәдениеттің дәстүрлі 

ерекшеліктерінің  тууы  әлеуметтік  кеңістікте  несімен  құнды?  Бұл 

үдеріс  өткен  тарихқа  назар  аударып,  одан  сабақ  алуға  және  даму-

дың  келешегі  бар  жолдарын  таңдауға  итермелейді.  Бірақ  мүлдем 

дәстүрлендіруге де, бұл құндылықтарға бойұсынып, барлық жаңа-

шылдықты  жоққа  шығаруға  болмайды.  Архаизм  қоғам  дамуын 

тоқтатып, толығымен өткенге арналған. Сондықтан этностың рухани 

әлемін зерттеуде заманауи жағдайда дамуға өзіндік түрткі болатын 

үйлестірілген тәсіл қажет, сонымен қатар қазіргі жағдайда прогрес-

ке қарай өзіндік түрткі болатын болашаққа қатысты теңдестірілген 

тактиканы қалыптастырудың маңыздылығы да зор.

Қазақ  халқының  рухани  әлемінің  басты  ерекшелігі  көптеген 

этностар бейбіт қатар өмір сүретін түркі әлеміне жатуы болып та-

былады.  Бұл  тұста,  барлық  адамзаттың  рухани-адамгершілік  негізі 

бір  екендігін,  ал  бұл  тәжірибенің  нақты-тарихи  тұрғыдан  жүзеге 

асу  жолы  әр  түрлі  болуы  мүмкін  екендігін  естен  шығармау  керек. 

Сондықтан  да  барлық  зерттеушілер  әдіснамалық  тұрғыдан  нақты 

тарихи  қағидаға  сүйену  қажет.  Белгілі  бір  қауымдастықтың,  жал-

пы  адамзаттың  сақталып,  өмір  сүруіндегі  басты  және  негізгі  салт-

дәстүрлер,  әдет-ғұрыптар  тарихи  субъектінің  рухани-адамгершілік 

тәжірибесімен қамтылған.

Халықтың  мәдениетінің  тарихын  терең  және  жан-жақты  тал-

дау,  оның  бірлігін  қалыптастыратын  жасампаздық  пен  мәдениет-

тің  ұлттық  құндылығының  тұтастығын  сақтап,  арттыру  қазақтың 

дәстүрлі  мәдениетінің  даралығы  мен  ерекшелігін  сақтап  қалуды 

қамтамасыз етеді. Қазақтардың дәстүрлі тарихи санасында үлкенге 

құрмет,  өзге  сенімдерге  төзімділік  таныту,  сырт  әлемге  ашықтығы 

және олардан үйренуге деген талап, рухани мәдениеттің материал-

ды  мәдениеттен  жоғары  тұруы,  туған  жеріне  деген  сүйіспеншілік 


42

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

сияқты  құнды  рухани  бағдарларын  жоғалта  қоймағандағын  атап 

кету керек.  

Ерекше белгілер мен рәміздерге аса мән беру ежелгі қазақтардың 

ата-тегінің рухани өміріне тән қасиет болып табылады. Қазақтардың 

этногенетикалық  коды  олардың  ата-тегін  көрсететін  Шежіремен 

қатар,  Ұранмен  де  бекітілген,  ол  белгілі  бір  рудың  басымдығына 

немесе  Тамбасына  қарай  өзгеріп  отырған.    Шежіренің  мәні  –  бұл 

бір  тамырдан  тараған  ұрпақтар  жалғасын  көрсету.  Шежіре  тари-

хи тұрғыдан қазақтардың бір атаның ұрпағы екендігін дәлелдейді. 

Сәйкесінше  Шежіре,  ерекше  рухани  құрал  ретінде  халықтың  ара-

жігін  бөлмей,  біріктіреді.  Мұны  Ұлы  даланың  даналары  жақсы 

білген, сондықтан бұл фактор халықтың тарихи санасына сіңіп кет-

кен. 


Н.И.  Гродековтың  пікірінше,  тамбаның  да  терең  қасиетті  мәні 

бар. «Көптеген рулардың атауының тарауы тамбаның ежелден келе 

жатқандығының  белгісі.  Тамбаны  зерттеу  қырғыз  халықтарының 

тарихы  үшін  маңызды.  Танымал  жерлерде,  зираттар  мен  өзге  де 

ескерткіштерде тамбаның болуы сол жерде белгілі бір рудың өмір 

сүргендігін  дәлелдейді.  Тамғаны  ат  әбзелдеріне  және  белгілі  бір 

құжаттарға кесіп жазу үшін де қолданады...» [34, 2–3 бб.].

Оның  үстіне,  ұлттың  өзіндік  санасы  үшін  дәстүрлі  этикеттің 

маңызы зор, ол «ұлттық менталитеттің сыртқы көрінісі мен субстан-

ционалды  негізін  көрсете  отырып,  терең,  көпқырлы,  жарқын  ұлт-

тық  ерекшелігімен  сипатталады  және  жаңашылдыққа  тұрақты  бо-

лып келеді» [35, 5 б.].

Қазақ  халқының  рухани  мәдениеті  мен  өзге  мәдениетпен  ара-

ласу  тәжірибесі  бір  әлемнің  ішінде  тұйықталмай,  өзге  араласуға 

итермелейтін  ашықтық  идеясының  туындауына  сеп  болды.  Дала 

кеңістігінде  ұзақ  өмір  сүру  нәтижесінде  жинақталған  терең  өмір-

лік  тәжірибе  дәстүрлі  қазақ  қоғамының  қоғамдық  санасындағы 

ашықтық  пен  сенімділік  басымдығын  нығайта  түсті.  «Қазақ  хал-

қының тарихи-философиялық жадысы да осыған үйретті, біз оны 

жалпы  түрде  төзімділік,  ұстамдылық,  араласып  құраласуға  деген 

бейімділік, өзгенің пікіріне деген толеранттылық, адамға, табиғат-

қа деген махаббат сияқты қазақ халқының бойындағы қасиеттерді 

қалыптастырған ұлттық ой мен мәдениеттің дүниетанымдық син-

кретизмі деп атаймыз», – деп жазады С. Ақатай [36, 19 б.].

Ғалымның  пікірінше,  астарында  үздіксіз  даму  үстіндегі  көш-

пенді  әлемінің  шынайылығына  назар  аударып,  ата-баба  ұрпағын 

жалғастыру  мәні  жатқан  қазақ  философиясының  өзгешелігі  осы-

дан  шыққан.    Сонымен  қатар,  оның  пікірінше,  қазақ  атауының 



1 Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің 

теориялық-әдіснамалық негіздері

43 


кейіннен  пайда  болуына  қарамастан,  олар  Еуразияның  ежелгі 

халықтарының  бірі  болып  табылады  және  де  өзінің  этномәдени 

келбетінің  қалыптасуы  барысында  ежелгі,  ортағасырдағы  клас-

сикалық  көшпенді  әлемімен  ортақ  тарихи-мәдени  байланысы 

болуы  себебінен  оларды    еуразиялық  мұраның  ізбасары  ретінде 

қарастыруға болады.

Әйгілі  Ұлы  Жібек  жолының  Қазақ  халқының  территория-

сы  арқылы  өтуі  еуразиялық  мәдениеттің  феномені  ретінде  қазақ 

ұлтының  мәдениетіне  аса  ықпал  етті.  Сондықтан  да  оның  бойын-

да  салт-дәстүрі,  сенімдері  мен  құндылықтары,  дүниетанымы  бар 

мәдениеттің  ерекше  сегменттері  қалыптасты.  Түрлі  мәдениеттің 

өзіндік  синтезі  жүріп  және  өзара  байи  түсуге  әкелген  материалды 

және рухани құндылықтармен алмасу заңдылыққа сай жүзеге асты. 

Қазақ ұлтының мәдениеті осы белгілерімен  өзге жағдайдағы және 

тарихи ареалдағы  көшпенді мәдениеттен ерекшеленді.

С.  Ақатай,  өзінің  ғылыми  зерттеулерінде  қазақтардың  пси-

хологиялық  этнопортретін  аша  отырып,  былай  дейді:  «көпғасыр-

лық мәдениеті бар ежелгі халық ретінде олар ашық, жүректері кең 

болып келеді, өздерімен де, өзгелермен де байланысқа жеңіл түсіп, 

қонақжай,  мейірімді,    қарапайым  келеді,  адалдықты,  өнегелікті 

бағалайды, өтірікті, сатқындықты, еріксіздікті (өзінің де, өзгенің де) 

екіжүзділікті,  жағымпаздықты,  жаланы  қоштамайды.  Халықтың 

өнегелік  бейнесіне  ата-баба  сеніміндегі  идеология  мен  мораль  аса 

ықпал  етті.  Қазақтардың  өнегелік  қағидаларына  оның  бойындағы 

үлкендер мен балаларға, әйелге деген құрмет тән. Осы бір қасиеттер 

отарлық кезеңде жоғалтып алынды немесе бұрмаланды» [36, 20 б.].

Дәстүрлі қазақ философиясы және мәдениеті дәстүрлі қоғамда 

жүзеге  асқан  қазақ  халқының  дүниеге  деген  қатынасының  белгісі 

ретінде  қалыптасты.  Бұл  жағдайда  философиялық  дүниені  қабыл-

даудың  даму  формасы  мәселесі  әлі  де  зерттеуді  қажет  етеді.  Фи-

лософия  теориялық-дүниетанымдық  білім  және  ойлау  дәстүрі  

ретінде  тек  отырықшылық  аясында  ғана  дамымайды.  Қорқыт-ата, 

Асан  Кайғыны  және  көптеген  дала  жыраулары  мен  ақындарын 

көшпенділер философиясының өкіліне жатқызамыз.

Ресейлік  номадизмді  зерттеуші  Г.  Гачев  көшпенділіктің  мәнін 

анықтай  отырып,  өз  түсіндірмесін  береді:  «...  Қазақтарда  сөз  басқа 

халықтармен  теңқұқықтымыз,  мұнды  қайратыңды  ауызша-руха-

ни пайдалану, біреудің жазған жазуы – уақыт жауы – яғни, ол өлсе 

де, сөзі қалады, ол өзін өлместей сезінеді. Көшпелі логоста жаппай 

қаталдық  пен  қайталанбастық  жоқ,  сондықтан  желілік  уақыт  жоқ 

–  өрлеу  жоқ:  айналып  жайлауға  қайтып  келеді.  Ал  Желілік  өрлеу 


44

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

қалай  көрінеді?  Бір  қабаты  басқасына  артады,  ал  ол  –  шешіледі 

–  киіз  үй,  тұрақ,  тек  қайта  келу  үшін  кетеді  –  көшпенді  қазақтар 

тарихта  өмір  сүрмейді,  тұрмыста  өмір  сүреді» 

[37,  94  б.]. 

Мұнда 


көшпелі мәдениеттен, өркениеттен тыс сипатталған, яғни оның та-

рихи  кеңістіктік-уақыттық  координаты  жоқ  сияқты.  Бірақ  маңыз-

ды  факторды  ескеру  керек  –номадтық  мәдениеттің  бірегейлену 

маңыздылығы  танымдық  тарихи  мүддеден  шықпайды  (негізі  бұл 

да бар), бірақ дәстүрлі қазақ мәдениетін зерттей отырып, номадтық 

өркениеттің  ерекшелігін  ашып  көрсетеміз  (тарихшы  Н.  Масанов- 

тың жұмыстарына назар аударыңыз) 

[38]. 


Асан  Қайғының  дүниетанымы  дамудың  ішкі  қарқындылығына 

иеленетін,  сол  себептен  адам  қолының  сұғылуын  қажет  етпейтін 

табиғат  пен  әлемнің  үйлесімділігін  сақтауға  бағдарланған  дүние 

сезінудің  мысалы  болып  табылады.  Оның  бейнесі  келесі  ұрпақтар 

тұратын қазақ қоғамының құндылықтық әлемі үшін жол нұсқаушы 

бағдар  болып  келеді.  Кез-келген  ортада  болатын  географиялық, 

кеңістіктік  және  уақыттық  айналымның  кейбір  кемшіліктері  заң-

дылықты  жайт.  Олар  адам  өмірін  әшкерелеуші  мін  емес,  керісін-

ше,  ол  этностық  қоғамдастықтың  толыққанды  жаңа  әлеуметтік 

және мәдени дүние құрылысының қалыптасуына мүмкіндік беретін 

өзіндік бір трамплин бола алады. 

Қазақтардың  рухани  әлемі  өзінің  бойына  көптеген  мәдени 

ықпалдарды  сіңіре  отырып,  өзінің  далалық  түркі  дәстүрлерінің 

қойнауында балқытып, іштей қорыта алды. Бұл дәстүрлердің терең 

және мықты болғаны соншалықты, не саяси апаттар мен соғыстар, 

не Қытай және Иран сияқты ұлы көршілердің мәдени экспансиясы 

да, не араб және моңғол шапқыншылықтары да, не исламдандыру 

үрдісі  де  оларды  түбегейлі  өзгерте  алмады.  Мұндай  өміршеңдік-

тің  себебі  шаруашылық  түрі  мен  өркениет  формасының  көптеген 

ғасырлар бойы өзгермей келгеніне де байланысты болып келеді. Ол 

өз  кезегінде  дүниетанымның  белгілі  бір  менталды  құрылымдары-

ның тұрақты өндіріліп отыруына және халықтың әлеуметтік жады-

сының жоғары деңгейде дамуына септігін тигізді. 

Өткен  шақ,  қазіргі  шақ  және  келешек  –  бұл  толыққанды 

уақыттың  құрамдастары,  дегенмен  де,  уақыттың  ағымы  міндетті 

құбылыс.  Ата-бабаларымыздың  рухани  тәжірибесінің  ұрпақтық 

сабақтастығы ұлттық рух пен мәдениет бірегейлігінің, қазақ халқы-

ның  психологиялық  қасиеттері  мен  әрекеттерінің  қалыптасуында 

ұжымдастырушылық  рөл  атқарды.  Сонымен  қатар,  қазақтардың 

рухани мұрасынан аймақ тарихының апаттық сипаттағы дамуының, 

әлеуметтік  тұрақсыздықтардың  ізін  байқауға  болады.  Бұрыңғы 


1 Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің 

теориялық-әдіснамалық негіздері

45 


кездері  Қазақстанда  болып  өткен  саяси  дауылдар  мәдениеттің 

дәстүрлі  ошақтарының  жойылуына,  жаңа  діндердің  таралуына, 

жазбаша  хаттың  өзгеруіне  әкеліп  соқтыратын.  Соның  негізінде  ин-

теллектуалды  шығармашылықтың,  оның  ішінде  философиялық 

жасампаздықтың формалары өзгерді, бірақ, өркениет түрі мен оның 

даму қарқындылығы баяғы қалпында қала беретін. 

Дәстүрлі  мәдениетте  адамның  болмысы  таза  рационалды 

ұстаным  ретінде  қабылданбайды.  Оны  адам  өз  ұлттық-мәдени 

әлеміне  туа  біткен  ортақтасу  ретінде  қабылдайды,  яғни  адам  өз 

мәдениетіне,  туған  жерінің  болмысына,  туған  адамдарының  орта-

сына,  өлкесіне,  жан-жануар  әлеміне  «тамырын  жіберген».  Соның 

негізінде  қазақтардың  рухани  әлемінде  «Атамекен»,  «Туған  Жер», 

«Туған  Ел»,  «Ағайын-туыс»  негізгі  ұлттық-мәдени  және  дәстүрлі 

құндылықтар  ретінде  қалыптасқан.  Олар  ұлттық  менталитеттің 

негізін  құрайды,  және  осы  орайда  «халықтың  жаны»  қарапайым 

спекулятивті түсінік емес, ал ділділіктің орталық буыны болып та-

былып, оның рухани және ұлттық бірегейлігінің, рухани әлемінің 

ерекше  өрісін  білдіреді.  Қазақтардың  руханиятындағы  ұлттық 

бірегейлік  мәселесі  туралы  М.С.  Шайкемелев  өзінің  еңбегінде 

нақтылап жазып берді [39].

Қазіргі таңда ұлттық тарихты объективті тұрғыдан қарастыру үшін 

біз түрлі шетелдік әдебиеттерге сүйенеміз. ХVIII ғасырда жазылған 

қытайлық Цин династиясының жазбаларында қазақтардың рухани, 

саяси және әлеуметтік-мәдени өмірінің кейбір қырлары көрсетілген. 

Жекелеп қарастыратын болсақ, онда Чунь Юань «Xi yu wen jian lu» 

еңбегінің («Батыс аймақтардың өмірі туралы жазбалар») «Қазақтар» 

атты екінші бөлімінде және «Xi yu zong zhi» («Батыс аймақтар бой-

ынша  қайнар  көздер»)  еңбегінің  в  4-ші  бөлімінде  қазақтар  алып 

территорияда  тұрып  жатқан,  мал  бағумен  айналысатын  ұлы  және 

көп  санды  халық  деп  сипатталған.  Жазбаларда  бай  қазақтардың 

меншігінде  табын-  табын  жылқылар  мен  қара  малдың  саны  он 

мыңнан асып кетеді, қойлардың саны есепке де, санауға да келмейді, 

кедей қазақтардың өзінде жүздеген жылқы мен сиыр, мыңдаған қой 

болатын деп жазылған (Н. Мұхаметханұлының мәліметтері). 

Қытай  саяхатшылары  мен  саудагерлері  қазақ  жері  туралы 

естеліктерінде  қазақтардың  эстетикалық  талғамын,  яғни  олардың 

әдемі  киінуге,  киімдерінде  жарқын  түстеріне  басымдық  беретін, 

жібек  пен  жүнді  малға  айырбастау  арқылы  қымбат  және  сапалы 

маталарды  таңдайтын,  әсемдікке  құштар  халық  деп  сипаттайды. 

Қазақтар  қытай  фарфорын,  әдемі  түрлі  түсті  маталарды  бағалап, 

қытай шайын ішуді жақсы көретін деп жазылған екен. Сол кездегі 


46

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

қазақтардың  рухани  және  әлеуметтік-мәдени  ауқатты  өмірінің 

ерекшеліктеріне  сипаттама  беретін  мұндай  тарихи  мәліметтерді 

он  сегізінші  ғасырдың  екінші  жартысындағы  қытай  жазбаларынан 

алуға болады. 

Қазақстанның  Ресей  империясына  қосылуы  қазақтардың  та-

рапынан  әртүрлі  қатынастарды  тудырды  –  оны  қабылдау  және 

қабылдамау  қазақ  қоғамының  санасында  ыдыратушылықты  қа-

лыптастырды.  Бір жағынан, қазақ қоғамының рухани мәдениетінде 

«Зар-заман»  ақындарының  шығармашылығы  қалыптасып,  әлеу-

меттік-саяси  өмірде  И.  Таймановтың  басқаруымен  1836–1838 

жылдардағы  қарулы  көтеріліс  пен  Кенесары  Қасымов  басқарған 

1837–1847  жылдары  ұлтық-азаттық  көтеріліс  орын  алды.  Екінші 

жағынан, орыс мәдениетіне ортақтасудың негізінде экономикалық 

қатынастар  мен  қоғамдық  институттар  салаларын  қамтыған  Еу-

ропа  жетістіктерін  сіңіру  арқылы  қазақтардың  ағартушылығы 

қалыптасты. 

Қазақ  қоғамы  келешектегі  даму  жолын  таңдау  керек  болды. 

Бұл  таңдаудың  трагедиялығы  номиналды  тәуелсіздік  пен  мем-

лекеттілікті  жоғалтумен  негізделді.  Бірақ,  қазақ  болмысының 

трагедиялығына қарама-қарсы Шоқан Уәлиханов, Абай, Кенесары 

Қасымов сияқты қазақ рухының шыңдарын жаратты. 

Ш. Уәлихановтың шығармашылық мұрасының маңыздылығы 

орасан  зор.  Ол  зерттеген  әрбір  ғылыми  салада  оның  ізі  қал-

ған.  Ойшыл  өмір  сүрген  сол  бір  трагедияға  толы  шақ  оның 

шығармашылығына барынша ықпал етіп, көпқырлы және өзінің 

әр-алуандылығымен,  трагедиялығы  және  қарама-қайшылығы-

мен  көрініс  тапты.  Ұлттық  рухтың  мүддесін  қорғаушы  ретінде 

Ш.  Уәлихановтың  ұлылығы  оның  көшпенділердің  өмірлік  бол-

мысының  іргелі  негізінен,  яғни  бостандықтан  айырылғанына 

қарамастан, осы жағдайды түйсініп, ұғынуына негізделеді. 

Қазақ  ойшылының  шығармашылығында  адам  болмысының 

гуманистік концепциясы, рационалистік бағасы және адамның жер 

бетінде бақытты ғұмыр кешуіне деген айнымас құқығы жариялана-

ды.  Ойшыл  адам  қоғамдық  мүдделерді  орындамаса  бақытты  бола 

алмайды  деген  тұжырымды  алға  тартты.  Адам  бақытын  мұндай 

тұрғыдан қарастыру барлық қазақ ойшылдарына тән қасиет болып 

табылады.

Ы.  Алтынсариннің  білім  беру  негізіндегі  шығармашылықтары-

ның  маңыздылығы  қазіргі  таңда,  әсіресе,  қазақстандық  білім  беру 

жүйесінің  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  кіруі  жағдайында  артып 

бара жатыр. Қазақ ойшылы білім берудің ұлттық концепциясының 



1 Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің 

теориялық-әдіснамалық негіздері

47 


бастамасында тұрып, қазақ халқының, оның бірегейлігін есепке ала 

отырып, білім беру жүйесін реформалады. Ол Ресей тәжірибесі мен 

қоғам  мүдделерін  есепке  ала  отырып,  ұлттық  білім  беру  жүйесінің 

міндеттерін  шешуге  мәжбүр  болды.  Ы.  Алтынсариннің  концеп-

туалды  ұстанымдары  мен  пайымдаулары  бойынша  білім  тұлға 

тәрбиесіне  атсалысу  керек,  ол  екеуі  еркіндікке  бағдарлап,  өз-өзіңді, 

кемшіліктеріңді билей алуға септігін тигізетін күшке айналуы тиіс. 

Абай  философиясындағы  руханилық  адамның  бойындағы 

адамгершілік  пен  мәдениеттің  әмбебап  өлшемі  ретінде  негізделіп, 

жалпы  адамзаттық  маңыздылығына  орай  бұқаралық,  жалпылық 

сипатқа  иеленеді.  Қазақ  философы  тек  руханилық  қана  адамға  өз 

күшіне  деген  сенімді  қайтарып,  әлеуметтік  апатия  мен  бұқараның 

түкпірден  шыға  алмау  қасиетін  жояды,  ал  рухани  күштер  жеке 

және  қоғамдық  сананы  ізгіліктік  құндылықтарға,  ал  тұлғаны 

жасампаздық  қызмет  пен  қоғам  игілігіне  өмір  сүруге  итермелейді 

деген тұжырымды алға шығарады. 

Абайдың  түрлі  ілімдер  мен  дүниетанымдарды  тануға,  ақиқат 

іздеу жолында ғылым, философия мен мәдениетті ортақтастыруға, 

адам  болмысының  жоғары  заңдылықтары  ретінде  ізгіліктік  пен 

руханилықты ақтап шығаруға деген талпынысында философиялық 

санасының  ерекше  стилі  байқалады.  Ойшылдың  философиясын-

да  адам  мен  болмысты  тұтастай  қарастыру  тән  дүниетаным  мен 

көпқырлылық пен тереңділік тән өзіндік ілім көрініс табады. Абай 

руханилығының  философиялық  рефлексиясы  адам  болмысының 

гуманистік  контурын  белгілеуге  тырысатын  заманауи  философия-

лық парадигмаларға үйлесімді болып келеді. 

Рухтың  адамның  бойында  адамгершілікті  тірілтіп,  оның  бой-

ында  ар  ұятты,  сананы,  сезімталдықты,  әлем  алдындағы  кіші-

пейілділігі  мен  басқа  адамға  деген  мейірімді  қатынасты  оятады. 

Біздің  ойымызша,  рухты  адамның  болмысын  біріктіруші,  оның 

санасын,  эмоциялық-еріктік  саласын  ізгіліктікке  толы  әрекеттерге 

итермелеуші бастама ретінде анықтауға болады. Сол себептен руха-

ни адам – біртұтас, толыққанды адам, өйткені, ол ойлау мен заттық-

практикалық қызметтің, эмоциялар мен сезімдердің, өз-өзін адам 

қылу  мақсатында  шынайылық  пен  діншілдікті  шығармашылық 

тұрғыдан  қабылдаудың    жалпы  бағытында  үйлесімді  бірлікті 

білдіреді. 

Абай  халықтың  рухын,  оның  тарихын,  өзінің  ақындық  фор-

мада  ойлау  қабілетін  қазақ  эпосына  қарап  алғаны  айдан  анық. 

Қазыналы  ауызша  қазақ  шығармашылығында  эпостың  ерек-

ше  орынды  иеленетіні  белгілі.    Аттары  өшпес  дарындылардың 


48

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

ұрпақтарымен  шыңдалған  ежелгі  шығармашылық  шеберлік, 

эпостық  шығармалардан  көрініс  табатын  халықтың  ғасырлық 

тәжірибесі,  тарихи  дәлелдер  эпосты  ақындық  формада  айтылған 

және халықтың болмысын білдіретін ауызша тарих ретінде атауға 

мүмкіндік береді. 

Абайдың  идеялық  ізденістері  күрделі  және  қарама-қайшы 

әлем  мен  оның  терең  көріністерін  тануға  бағытталған.  Ойшыл  өзі 

тұрып  жатқан  кезеңнің  ішкі  мәнін,  оның  рухани  және  қоғамдық 

бағдарын түсінуге тырысты. Өзінің эпостық ой-толғауларында Абай 

өз  заманындағы  қоғамның  философиялық  ізденістеріндегі  басты 

үрдістерін көрсетіп, адамның рухани әлемінің барлық байлықтарын, 

оның рухани ізденістері, үміттері мен қайғыларын аша білді. 

Абай қазақ халқын жоғары рухани, ізгілікті, көзі ашық, еңбек-

қор  халық  ретінде  көргісі  келіп,  әрдайым  «Не  істеу  керек?»,  «Ха-

лықты қараңғы, кедей өмірден қалай шығаруға болады?», «Оларды 

ерінбей,  қол  қусырып  отырған  жағдайынан  қалай  айнытуға  бо-

лады?»  «Оларды  еңбектенуге  қалай  үйретсе  болады?»,  «Қалайша 

бәсекеге қабілетті бола аламыз?» деген сұрақтарды әрдайым қойып 

отырды.  Біздің ойымызша, Абайдың өз замандастарына арналған 

осы  сұрақтары  тарихи  дамуымыздың  қазіргі  кезеңінде  де  өзекті 

және қажетті болып келеді. 

Ақын  қазақ  мемлекеттілігінің  демократиялық  дәстүрлерін,  би-

лердің  соттық  тәжірибесін  жоғары  бағалап,  Дала  халықтарының 

игілігі  үшін  оларды  жаңғыртудың  әдістерін  іздеді.  Абайдың  ойын-

ша,  би  Есім  хан  қалдырған  «ескі  жолдар»  мен  Қасым  хан  қалаған 

«қасқа жолды», сонымен қатар Тәуке ханның «Жеті жарғысын»  есте 

сақтауы  тиіс.  Халық  тек  беделді  адамдарды  сайлап,  сайлау  үрдісі 

саяси  алдап-арбауға  айналмау  керек  деп  ойлады.  Бұлай  болмаған 

жағдайда  адамдардың  арасынан  қадір-құрмет  пен  сыйластық  ке-

теді.  Кез-келген  саяси  құрылым  халықтың  рухани  өмірінде  өмір-

лік-конструктивті  негіздерге  иеленуі  тиіс,  әйтпесе,  ол  ұзақ  өмір 

сүрмейді. Абайдың бұл сұрақтарға қатысты пікірлері халықтың та-

рихи жадысының мәнін, этностық сана-сезімді қалыптастыруда ру-

хани мұраның мәнін түсінуге мүмкіндік береді. 

Қазақ  ағартушысы  халықтың  өзін-өзі  басқарып,  иегере  алаты-

нына  кәміл сенді. Ол өзінің  «Қара сөздерінде» қазақ халқының ру-

хани  талпыныстарының  сипатын  да  бекер  қозғамаған.  Ойшылдың 

қазақ  даласының  әлеуметтік  өмірінің  жеке  сұрақтарына  деген 

конструктивті-сыншыл  көзқарасы  оның  өз  халқының  келешегі  бар 

қоғамдық  құндылықтарды  қалыптастыру  мүмкіндіктеріне  қатысты 

пессимистік  түйін  жасауға  негіз  болып  табылмайды.  Ұлттың  та-



1 Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің 

теориялық-әдіснамалық негіздері

49 


рихы  қазақ  қоғамына  өзін-өзі  басқаруға,  жасампаздық-мәдени 

шығармашылыққа  және  гуманистік  құндылықтарды  игеруге  қа-

білетті екенін аңғарта алады. 

Ойшыл, ең алдымен,  көп қиыншылықтарға төтеп берген халқы 

туралы  біртұтас  бейнеден  бастау  ала  отырып,  рухани  дамудың 

жоғары  талаптарына  сәйкес  келетін  өмір  сүруін  қалады.  Абай 

адамның сана, білім мен ізгіліктік қасиеттер арқасында ғана жасампаз 

бола алатынын ұйғарды. Тек шығармашылық үдеріс қана адамның 

еркіндігінмен байланысты болып келеді және оның әлеуметтегі ру-

хани дамуын қамтамасыз ете алады. Одан бөлек, ғылымға, сенім мен 

өмірге деген адалдық адамның рухани өсімі үшін өте маңызды еді. 

Қазақ  ағартушыларының  шығармашылық  мұрасын  талдау  нә-

тижесі  көрсеткендей,  ойшылдардың  көтерген  мәселесі  өте  терең, 

ал  олардың    айтқан  ойлары  бүгінгі  күні  де  жоғары  бағаланып 

отырғаны белгілі. Олар өз уақыттарынан озып туғаны анық, себебі 

көптеген жылдар бұрын өздері айқындаған мәселелер қазіргі таңда 

өз  шешімдерін  табу  жолында.  Қазақ  ағартушылығының  өкілдері 

өздерінің  шығармаларында  адамзат  өмірін  жекелеген  деректерін 

тұтастай алғандағы өмірдің философиялық мәселесі деңгейіне  дейін 

көтере білді. 

Қазақ ағартушылары, жаңа заманның қазағы мен қазақ қоғамы 

ағартушылықтан мүлдем алыс, ал олардың өмірін адамға лайықты 

деп  айту  қиын  екендігін  айтады.  Ортағасырлық  дүниетаныммен 

жүргізілген  күрес  кезеңіндегі  еуропалық  ағартушылықтың  рөлі 

сияқты,  қазақ  ағартушылығының  да  рөлі  жоғары  болды.  Қазақ 

ағартушылығы  ойлары  әлемге,  дәстүрлі  қоғамдағы  адамның  рөлі, 

қазақтардың  дәстүрлі  өмір  сүру  салтына  қатысты  ескі,  қатыңқы 

көзқарасты  әшкереледі  және  білімді,  белсенді  жаңа  адамның  бей-

несін насихаттады. Қазақ ағартушылығы жаңа экономикалық және 

саяси  жағдайлар  аясында  адам  мен  қоғамның  дамуына  кедергі 

келтіретін әлем мен адамға деген ескі, дәурені өткен көзқарастарға 

қарсы күресті. 

Еркіндік,  адам  өміріндегі  ағартушылықтың  рөлі,  адамгершілік 

мәселесі  қашан  да  қазақ  ағартушылығы  өкілдерінің  ойын  толғады. 

Олар  жаңа  идеяларды  ұсынды,  жаңа  құндылықтарды  насихатта-

ды  және  өмірлік  жолды  айқындап  берді.  Қазақ  ағартушыларының 

шығармашылығыдағы  адам  тұжырымдамасы,  тұлғаның  мақсаты 

мен мұраты жайлы жаңа түсініктері сол кезеңдегі қазақ қоғамының 

әлеуметтік талаптарын көрсетіп берді. Олар өздерінің еңбектерінде 

адамгершіліктің, білімнің, еңбектің байлық пен биліктен үстемдігін 

айшықтап отырды.


50

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақ  ағартушылығының  өкілдерінің  дәстүрлі  рухани-адам-

гершілік  бағдарлары  жаһандану  өзгерістері  жағдайында  ұлттық 

өзіндік сананың ерекше менталды басымдылығы бола отырып қазір-

гі  адамның  рухани  өмірінде  ерекше  өзектілікке  ие  болады.  Қазақ 

халқының рухани өмірін зерттеу бүгінгі таңда біздің мәдениетіміз-

дің, бай этноболмыстық дүниені түсіну бастауларына назар аударуға 

көмектеседі  және  осы  маңызды  қайнар  көздерді  ұмытпай  рухани 

кемелденудің жаңа биіктеріне көтерілуге қарай қозғалуға шақырады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет