М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет9/32
Дата03.03.2017
өлшемі3,01 Mb.
#6694
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32

II

Қазақ  халқының  қалыптасуына  негіз  болған  ертедегі  темір 

дәуіріндегі  (б.з.д.  VІ–VІІ  ғ.ғ.)  сақ,  ғұн,  үйсін,  қаңлы  тайпалары,  б.з. 

ертедегі  орта  ғасырлық  мемлекеттер  тұсындағы  қарлұқ,  оғыз,  қи-

мақ тайпалары, дамыған орта ғасырлық мемлекеттер кезіндегі най-

мандар,  керейіттер,  жалайырлар,  қыпшақтар  тарихы  мыңдаған 

жылдарға  созылғандығын  назарға  алсақ,  қазақ  әдебиетінің  тарихы 

да тереңнен тамыр тартып, одан арғы дәуірден - көне заманнан ба-

сталады. Сол себепті ұлттық әдебиет тарихының негізгі өзегінің бірі 

қазақ  сөз  өнерінің  тарихи  бастауларын  дәстүр  арнасында  дәуірлеу 

сынды  ғылыми  мәселе  өзекті  сипатқа  ие  болып  табылады.  Бұл 

проблемаларға байланысты тоталитарлық жүйенің өзге ұлттардың 

тарихының  даму  үрдісін  кеңестік  тарихпен  ғана  байланыстырған 

біржақты ұстанымдарына қазіргі тәуелсіздік талаптары тұрғысынан 



128

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

батыл  тойтарыс  бере  отырып,  қазақ  әдебиетінің  көне  заманнан 

бүгінгі  күнге  дейін  дамуының  өзіндік  ерекшеліктерін  есепке  алу 

басты  орынға  шықты.  Негізінде  әдебиет  дамуының  кезеңдерін 

халықтың  жалпы  тарихи  даму  үрдісін  дәуірлеуден  бөлек  алып 

қарауға  болмайды.  Қазақ  әдебиетінің  жүздеген  ғасырлар  бойғы 

дамуының әр тарихи дәуірлерін бажайлағанда әр кезеңді бір-бірінен 

даралап  тұратын  өзіне  тән  белгілері  мен  қасиеттерін,  жанрлық, 

көркемдік ерекшеліктерін анықтап алу қажет. Міне, әдебиет тарихын 

дәуірлеудегі Сакулин пікіріне ден қойсақ, дәуірлеудің үш принци-

пі  бар.  Олар:  аналитикалық  принцип  (хронологияға  сүйенеді), 

гетерогендік  принцип  (әдебиетке  әсер  етті  деген  саяси,  қоғамдық, 

экономикалық  факторларды  басшылыққа  алады),  автономдық  яки 

автогендік принцип (өнердің өз ерекшелігін негіз етеді). 

ХV–ХVІІІ  ғасырларда  ежелгі  қазақ  жерінде  Қазақ  хандығының 

қалыптасу үдерісі тәмамдала басталды, әр тараптағы ру, тайпалар-

дың өзара жақындасуы, бірігуі жиіленіп, халық ретінде ұйысып, ортақ 

тіл, жазу үдей түсті. «Қазақ» атауы орнығып, тарихи құжаттарда да, 

көрші елдерде де осы аймақ тұрғындарын «қазақ» дейтін дәрежеге 

жетті» [9] − деп жазды П.Н. Сакулин. 

«Қазақ»  этнонимінің  мазмұны,  сыры,  шығу  тарихы,  аңыз-

әңгімелері  көп  жыл  бойы  зерттеушілер  назарында  болғанымен, 

тиянақты тұжырымдар аз.

«Қазақ»  сөзінің  ертеде  ескерілуі  мұсылмандық  жазба  ес-

керткіштердің  бірінде,  атап  айтқанда,  шамасы  Мысыр  елінде 

1245  жылы  аты  белгісіз  автор  құрастырған  түрік-араб  сөздігінің 

қолжазбасында Германияның Лейден қаласында 1894 жылы басыл-

ған еңбекте кездеседі.

Мұхамед  Хайдар  Дулатидің  «Тарихи-Рашиди»  аталатын  ең-

бегінде және басқа құжаттарда «қазақ» атауы және термині әуелде 

Барақ  ханның  ұрпақтары  –  ағайынды  Жәнібек  пен  Керей  бастаған 

рулар  мен  топтар  бөлінуіне  байланысты  туғандығы  айтылды.  ХVІ 

ғасырда  қазақ  халқы  өзінің  этникалық  территориясында  әбден 

орнығып, қазақ елі атанып, дамудың жаңа сатысына көтерілуге бет 

алады, жазба деректерде «Қазақстан» терминімен атала бастайды.

Қай  кезеңде  де  болсын,

  жеке  ұлт  болып  қалыптасу  барысында 

елдік мұраттардың қатарласа жүретіндігін ескерсек, бүгінгі тәуелсіз 

еліміздің  ұлттық  әдебиетінде  мемлекеттік  тұрғыда  бағаланып, 

өміршеңдік  сипатқа  ие  болып  отырған  тәуелсіздік  идеясының 

түп-төркінін  көне  ғасырлардағы  тасқа  қашалып  жазылған  көркем 

шығармалардан, «Оғыз-наме», «Қорқыт ата кітабы», «Диуани лұғат 

ат-түрік»,  «Кодекс  Куманикус»  сынды  туындылардан,  сондай-ақ, 


3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі: 

қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (XV–XVIII ғғ.)

129 


хандық дәуір тұсындағы жыраулық поэзия мен оған іргелес дамыған 

ақындық  өнердегі  ел  болу,  мемлекет  құру  сынды  іргелі  бастама-

лардан  іздеуге  ұмтылыс  жасауымыз  заңды  құбылыс.  Бұл  тұрғыда 

Н.  Келімбетовтің:  «Ежелгі  түркі  дастандарының  ту  етіп  көтерген 

негізгі  идеясы  –  елдің  тәуелсіздігі  үшін  жан  аямай  күреске  шығу 

болды», [10] – деген тұжырымы сол алмағайып кезеңдердің өзінде-

ақ,  тәуелсіздіктің  қаншалықты  маңызды  болғандығын  байқатады. 

Сөзіміз дәлелді болу үшін қазақ әдебиетіндегі бірден бір тарихи жыр 

саналатын Күлтегін жазбаларына үңіліп көрелік:

Тәңірі жарылқады, 

Өлімші халықты тірілттім,

Жалаңаш халықты,

Кедей халықты бай еттім.

Аз халықты көп қылдым [11] – дейді автор. 

Жырдағы үзіндіден халықтың тарихи-әлеуметтік жағдайы қылаң 

беріп, қыспақта қалған еліне азаттық сыйлап, дұшпанын бағындыра 

білген қаһарманның батыл да еркін қимылы аңғарылады. Келесі:



Тізеліні бүктірдік,

Бастыны еңкейттік...

Еліміз қайта ел болды,

Халқымыз  қайта  халық  болды,  [12]  –  сарынындағы  шумақта    

ерлікті, тәуелсіздікті дәріптеп, өршіл рухта толғаған  айбынды қол-

басшының бейнесі суреттелген. Ал, «Оғыз намедегі»:

Ей, ұлдарым менің,

Мен басымнан көп нәрсе өткіздім,

Талай-талай шайқасты көрдім,

Садақ тартып көп оқ аттым

Дұшпандарымды жылаттым,

Достарымды күлдірдім.

Көк Тәңірі алдындағы парызымды өтедім,

Ел-жұртымды сендерге табыс етем, [12, 107 б.] – деген жолдардан 

Оғыз ханның елі үшін қаншама ерлік істер атқарғанын аңғару қиын 

емес. 

Қилы-қилы  тарихи  кезеңдер  аясында  қазақ  сөз  өнері  де  жал-



ғасын  тапты.  Қазақтың  бай  фольклоры

  мен  ежелгі  ортақ  жазба 

ескерткіштер негізінде қалыптасып дамыған ХV–ХVІІІ ғасырлар по-

эзиясы – қазақ халқының ықылым замандар бойы жасаған сөз өнері-

нің, тума әдеби қазынасының үлкен бір саласы, құнды мұрасы. Бұл 

мұраның ең басты қасиеті – ХV ғасырдың ортасы мен ХVІІІ ғасырлар 



130

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

аясында  қазақ  хандығының  құрылып,  қазақ  халқының  қалыптасуы 

сияқты  күрделі  тарихи  кезеңдерінің  көптеген  тұстары  көркемдік 

дәрежеде бейнеленуінде. Осы дәуірде Қазтуған, Асан қайғы, Доспам-

бет,  Шәлгез,  Жиембет,  Марғасқа,  Ақтамберді,  Тәтіқара,  Үмбетей, 

Бұқар сияқты ақындардың мұрасы пайда болып, кейін олар ұлттық 

әдебиетіміздің алтын қорына қосылды.

ХV–ХVІІІ  ғасырлардағы  қазақ  поэзиясы,  негізінде,  жыраулық 

поэзия.  Алғашқыда,  иыр,  иырағу  –  жыр,  жыршы  сөзінен  шыққан 

жырау  аты  әрі  өз  жанынан  өлең,  жыр  шығарушы,  әрі  бұрыннан 

қалыптасқан  туындыларды  –  эпостық  дастандарды  жатқа  айтып, 

ұрпақ сана-есіне жеткізуші, орнықтырушы қызметін атқарған халық 

поэзиясының өкілі.

Жыраулық  поэзия  –  ғасырлар  бойы  қалыптасып,  дамыған  ұлт 

әдебиетінің  ғажап  көркемдік  құбылысы.  Жыраулық  поэзия  көбіне 

қазақта кең дамыған ақындық өнердің түрі, оның шығу тегі, көшпелі, 

жартылай  көшпелі  өмір  сүрген  ру  тайпалардың  бай  мұрасы. 

Сондықтан жыраулық поэзияда ауыз әдебиетіне тән ерекшеліктер-

мен  бірге  жазба  поэзияға  тән  өрнектер  де  қатар  кемелденген. 

Жыраулық  поэзияда,  әсіресе  бұрын  ауыз  әдебиетінде  көп  тараған 

толғау жанры, сөз үлгілері кеңінен қолданылған. Толғауда, негізінен, 

терең азаматтық әуен, замана келбеті, ірі қоғамдық, әлеуметтік, сая-

си, философиялық мәселелер мен тақырыптар ерекше орын алады.

Сөз өнерінің толғау түрі ежелгі жазба ескерткіштерінде аракідік 

бар болса да, оның жанр ретінде қалыптасуы ХV–ХVІІІ ғасырларға 

сәйкес келеді. Осы кезеңде ол ерекше өркендеп, биік сатыға көтеріл-

ді. Толғау әуел баста магиялық, тотемдік сипатта, табиғат құбылыс-

тарын адамға түсіндіру, бағындыру қажеттігіне байланысты дүние-

ге  келсе  де,  сөз  өнері  күрделене,  жетіле  түсуіне  сәйкес  қоғамдық, 

әлеуметтік,  этикалық,  эстетикалық  маңыз  алып,  жанр  ретінде 

қалыптасты. Жыраулық поэзияға ұласты. 

Жыраулық  поэзияның  алғашқы  өкілдері  эпостық  жырлар-

ды  шығарушылар,  ауызша  таратушылар,  таратқанда  жанынан 

өлең,  жыр  шумақтарын  қосушылар,  сәл  өзгертушілер,  сөйтіп  бір 

эпостың  бірнеше  нұсқасын  тудырушылар  болғаны  сөзсіз.  Алай-

да, өкінішке орай, олардың аттары сақталмаған, әуелде сақталса да 

кейін  ұмытылған.  Сөз  жоқ,  сол  аттары  ұмытылған  жыршылардың 

феноменалдық еске сақтау қабілеттері, таланттары, дарындары ар-

қасында  ғана  біздің  заманға  қыруар  туындылар  жетті.  Көркем  сөз 

зергерлерінің бұл ерекше дарындылығы мен қабілеттілігі өзіміздің 

зиялылар  тарапынан  жоғары  бағалануымен  қатар,  басқа  жұрт 

оқымыстыларын  да  таң  қалдырған.  Қазақтың  ескіліктегі  халық 



3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі: 

қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (XV–XVIII ғғ.)

131 


мұрасын жиюшылардың бірі Г.Н. Потаниннің «бүкіл қазақ даласы 

ән салып тұрғандай көрінеді» деуі де осыдан.

Қазақ  әдебиеті  қазіргі  Қазақстан  жерін  жайлаған  тайпалар 

туғызған бай рухани қазынаның заңды мұрагері еді. Ол өзіне дейін 

ғасырлар бойы жасалған мол мұрадан нәр алды, ежелгі дәстүрлерді 

дамыту,  тың  тақырыптар  игеру,  соны,  соқпақ,  сораптар  қалыптас-

тыру нәтижесінде кемелденді. 

Мұсылманшылықтың  күш  алуына  байланысты  бұл  кезеңде 

көне  түрік  жазуы  ығыстырылған  еді.  Оның  орнын  араб  жазуы  ба-

сты. Шығыс тарихшыларының айтуынша, қазақтар өздерінің бала-

ларын мектеп, медреселерде оқытатын болған. Халық арасынан са-

уатты, өз заманы  үшін  білімдар адамдар шығарды.  Жазба  әдебиет 

нұсқасы  деп  танылуға  лайық  шежіре  жинақтары,  тарихи  үлгідегі 

шығармалар  жазылды.  Бұл  кезеңде  туған  еңбектердің  көпшілігі 

жоғалған.  Хандық  дәуірдің  ақын-жыраулары  қашанда  шындықтың 

шеңберінен шықпауға тырысты, асыл өнердің қатаң заңдылықтары-

на бағынды. Сонымен қатар олар аумалы-төкпелі заманның перзен-

ті болғандықтан, қым-қуыт дәуірдің сан қилы шырмауындағы өмір 

келбетін  бейнелеу  үшін  тек  ақиқатқа  ғана  арқа  сүйеді.  Сондықтан 

жыраулар  шығармашылығының  өз  дәуірінің  әлеуметтік  тіршілігі-

нен оқшау болуы тіпті мүмкін емес-тін. Міне, бүгінгі күнге ауызша 

жеткен жыр-толғаулардан өткендегі қазақ тарихының ұлы сорабын 

айқын байқаймыз. 

Фольклор  мен  өзіне  дейінгі  ауыз  әдебиеті  үлігілерінен  нәр 

алып,  бастапқыда  кең  құлашты  эпикалық  бағытта  қанат  жайған 

жыраулық  дәстүр  негізінен  реалистік  сипат  алғаны  белгілі. 

Солардың  ішінен,  әсіресе,  импровизаторлық  өнері  бар  тұлғалар 

көбірек  дараланды.  Тіпті,  жеке  тұрып-ақ,  бір  ғасыр  келбетінен 

хабар  беретін  жыраулар  шығармашылығы  ғасырлар  керуенінде 

сап  түзеп,  төрт-бес  ғасырлық  ел  тарихын  еркін  елестете  алды. 

Әсіресе,  XV–XVIІ  ғасырлардағы  тарихи  оқиғалар,  соның  ішінде 

Алтын Орданың құлауы, Керей мен Жәнібек сұлтандардың Алтын 

Ордадан бөлек кетуі сияқты ірі оқиғалар, сол тұстағы жыраулық 

поэзияның  күн  тәртібінен  түспейтін  негізгі  тақырыпқа  айналды. 

Бұрын  Алтын  Орданың  құрамында  болып,  қоянқолтық  аралас 

өмір сүріп келген қазақ пен ноғайдың айырылысу сәттерін жырға 

қосқан жыраулар аянбастан жыр-толғауларын ағытып жатты.

«Жылау, жылау, жылау күй,

Жылаған зарлы мынау күй.

Қазақ пен ноғай айрылды,


132

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақ сартқа қайрылды.

Ноғайлының ну елі,

Күңіренді, қайғырды. 

...Зор күн туды, зор күндер,

Кетті күлкі мол күндер [13, 17 б.]».

Қазақ  сұлтандарының  Алтын  Ордадан  бөлек  кетуі  болашақ 

өмірімізде  баға  жетпес  оңды  нәтижесін  бергенімен,  тұрып  жатқан 

мекенінен үдере көшудің елді күйзеліске түсіргені осылайша көрініс 

берді. 

XV  ғасырдың  екінші  жартысында  Керей  мен  Жәнібек  сұлтан-



дар  көптеген  рулар  мен  тайпаларды  ертіп,  Шығыс  Дешті  Қыпшақ 

ханы  Әбілхайырдан  бөлінгеннен  кейін,  Моғолстанның  батысына 

қоныстанған болатын. Бұл жайында Асан Қайғы:

Жәнібек атты жақсы хан,

Еділ менен Жайыққа,

Кәуірге қала салдырдың, 

...Көңілді  жаман  қалдырдың,  [13,  18  б.]  –  деп  тарихи  деректен 

мәлімет береді. Міне, осыған дейінгі төрт ғасыр бойында алма-кезек 

жалғасқан  қазақ  хандар  династиясының  бастаушылары  Керей  мен 

Жәнібек хандар екендігіне осы сияқты жыр жолдары куәлік етеді. 

Қазақ  хандығының  шаңырақ  көтеріп,  әлем  тарихы  сахнасынан 

орын алуына Керей мен Жәнібек хандардың үлесі қаншалықты зор 

болса, сондай ерен құбылысты бәз қалпында бейнелеген ақын-жы-

рау шығармашылығының маңызы да соншалықты қымбат. Аталған 

есімдердің іс-әрекеті ХV–ХVI ғасырлардағы қазақ жерінде болған ірі 

тарихи  оқиғалармен  байланысты  болғандықтан,  жыраулар  олар-

дың  әр  басқан  қадамына  баға  беріп  отырды.  Осы  орайда  сұңғыла 

шешендігі  мен  қайтпас  қайсарлығының  арқасында  ханның  мысын 

басып, халық тілегін жеткізушілер де ақын-жыраулар еді. Солардың 

бірі – Асан Қайғы. Үдере көшкен халқының мұң-мұқтажын жоқтаған 

жырау қасқайып тұрып Әз-Жәнібекке мына бір жолдарды арнайды:

Қырында киік жайлаған,

Суында балық ойнаған,

Оймауыттай тоғай егіннің

Ойына келген асын жейтұғын,

Жемде кеңес қылмадың,

Жемнен де елді көшірдің.

Ойыл деген ойынды,

Отын тапсаң тойыңды,


3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі: 

қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (XV–XVIII ғғ.)

133 


Ойыл көздің жасы еді,

Ойылда кеңес қылмадың,

Ойылдан елді көшірдің.

...Еділ деген қиянға,

 Еңкейіп келдің тар жерге,

 Мұнда да кеңес қылмадың [14, 25 б.] 

Осылайша  Асан  Қайғы  Жемнен,  Ойылдан,  Еділден  көшкеніне 

наразылық білдіре отырып, сол кезеңнің бейнесін, яғни, келешектегі 

қазақ елінің тарихын түбегейлі өзгерткен оқиға, Қазақ хандығының 

құрылған  кезін  көз  алдымызға  әкеледі.  Кезінде  қазақ  тарихының 

зерттелуіне  мол  үлес  қосқан  Т.  Сұлтанов  осы  оқиға  жайында  бы-

лай  дейді:  «Тарихтың  қалыптасуы  да  қызық:  кейде  қоғамды  дүр 

сілкіндірген  айқай-шулы  оқиға  көп  ұзамай  ұмытылады  да,  өткен 

шақтың  қатардағы  ғана  фактісіне  айналады,  ал  кейде  керісінше, 

жай  ғана  оқиға,  елеусіз  ғана  құбылыстың  өзі  әр  түрлі  жағдайдың 

өріс  алуына  қарай  ел  мен  оның  тұрғындары  тағдырында  адам 

нанғысыз  айрықша  орын  алуы  мүмкін.  Бұған  Қазақ  хандығының 

құрылуы  толық  мысал  бола  алады»  [15].  Олай  болса  қазақ  халқы-

ның  мемлекеттік  дәрежеге  көтерілуге  үлес  қосқан  тұлғалар  –  ұлы 

хандардың  жыраулар  поэзиясының  негізгі  де  басты  кейіпкеріне 

айналуын  сол  кезеңнің  өзі  талап  етті.  Сонымен  қатар  кез  келген 

жыраудың жыр-толғауында ел қорғаған ерлердің ерен бейнесі сом-

далып  отырды.  Ойдан  шығарылған  персонаждардың  мүлдем  бол-

мауы да жыраулық әдебиет үшін қалыпты жағдай болатын. «Ойдан 

құрастырылған  тақырып  көбіне  өз-өзімен  тұйықталып  қалады,  ал 

егер әдебиет болған жайды ғана айтса, тек шынымен болған тарихи 

фактілерді атап, шынымен өмірде болған адамдар жайлы әңгімелесе, 

ондай әдебиет адам өмірімен тұтастықта болады», [16] деп, академик 

Д. Лихачев пайымдаса, белгілі ғалым  Ш. Елеукенов: «Әдебиетіміз-

дің негізгі көркем объектісі – адам, ел, жер тағдыры. Осыдан туын-

дайтын маңызды тақырыптың бірі – ел тізгінін ұстайтын мықтылар 

хақында.  Көп  уақытқа  дейін  өзге  елдердің  патшалары  жақсы 

аталғанда,  біздің  хандарымыз  шетінен  жаман  аталып  мансұқтала 

беретіні сан айтылды...» [17] деп, өзіндік ой қорытады. Осыған орай 

жыраулық әдебиеттің жарыққа шығуы, әсіресе Хандық дәуірде елінің 

басын біріктіріп, халқы үшін қыруар іс тындырған ел билеушілердің 

тұлғалық тұғырын халқымен қайта қауыштырды. Мұның өзі еліміз 

үшін елеулі жетістіктің бірі болып табылды.

 

Хандық  дәуір  әдебиетінің  бір  ерекшелігі  –  оларда  кездесетін 



фольклор  үлгілері,  соның  ішіндегі  аңыздардың,  көбіне-көп  тарих-

134

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

та  болған  жайттармен  тығыз  байланыста  өрбитіндігі.  Қазақтың  та-

рихи  тұлғаларына  байланысты  туындаған  аңыздарға  тоқталған 

академик С.А. Қасқабасов: «Бұл аңыздарда нақты бір тарихи оқиға 

суреттелмесе  де,  жалпы  сол  мезгіл  шындығы  тарихи  бірнеше 

оқиғаны  шоғырландыру  арқылы  көрсетіледі.  Мәселен,  Тоқтамыс 

жайындағы  аңызда  сол  кезде  анық  болған  Тоқтамыс  пен  Едіге 

арасындағы (бірде тату, бірде араз) қатынас Хабардин және Сәтемір 

(Ақсақ  Темір)  деген  қаһармандардың  араласуы  арқылы  баянда-

лады»  [18]  деп  атап  көрсеткендей  жыраулар  шығармашылығында 

сомдалатын  кейіпкерлер  көбіне-көп  ел  тарихына  өшпес  орны  бар 

тұлғалар  болып  келеді.  Ежелгі  жазба  әдебиет  нұсқаларында  мы-

салы,  Орхон  ескерткіштерінде  Күлтегін,  Білге,  Тоныкөк  тәрізді 

беделді  бек-батырлардың  ерлігі,  одан  кейін  оғыздар  дәуірінде 

Қорқыт  ата,  Оғыз  ханның  баяны,  Алтын  Орда  дәуірінде  Шыңғыс 

хан мен оның ел басқарған ұрпақтарының жорықтары, одан кейінгі 

кезеңдердегі  Тоқтамыс  пен  Едіге,  Ақсақ  Темірлердің  бейнесі  көрі-

ніс берсе, Қазақ хандығы дәуіріндегі ақын-жыраулардың өлең, жыр-

толғауларында  көбінесе  Керей  мен  Жәнібек,  Есім,  Қасым,  Тәуекел, 

Абылай  хандардың  бейнесі  сомдалады.  Мысалы,  Сыпыра  жырау-

дың толғауларында Шыңғыс хан, Әмір Темір есімдері назарға іліксе, 

Асан Қайғы толғауларының бас объектісі Әз-Жәнібек болып келеді. 

Сонымен қатар, Шалкиіз жырау Би Темір мен Шобан батырды, До-

спамбет жырау Қосай, Досай, Мамайларды, Жиембет, Тәуекел мен 

Есім хан, Жолымбет батырды, Марғасқа Тұрсын ханды, Үмбетей мен 

Бұқарлар Абылай хан мен Бөгембай, Қабанбай, Құттыбай, Қазыбек, 

Жәнібек батырларды жырға қосады.

ХVІІІ  ғасырдың  аяғында  Қазақстан  жерінің  біршама  бөлігі  Ре-

сей  құрамына  енеді,  ал  ХІХ  ғасырдың  60-жылдарында  қазақ  дала-

сы  тұтасымен  жауланып  империяның  құқығы  кем,  бас  билігі  жоқ 

езілген  отарына  айналады.  Қазақ  жұртының  мың  жарым  жылдық 

ұзақ тарихының ең ауыр кезеңі басталады. Бірақ рухани өмір тола-

стамайды.  Орталық  дәуірге,  зар  заманға  орай  ел  мұңын  мұңдаған, 

күреске шақырған, жарыққа жол іздеген жаңа әдебиет қалыптасады. 

М.  Әуезов,  С.  Сейфуллин,  С.  Мұқанов  еңбектерінен  соң,  ара-

да  отыз  жылдай  үнсіздіктен  кейін  Б.  Кенжебаев,  Х.  Сүйіншәлиев,           

М. Мағауин, Қ. Сыдиықов, М. Жолдасбеков т. б. әдебиетші ғалымдар 

жыраулық поэзия мен оның жоғарыда аттары аталған өкілдері жай-

ында зерттеулер жазып, олардың азды-көпті мұраларын жинақтап, 

жариялай бастады. Осы авторлардың қатысуымен «Ертедегі әдебиет 

нұсқалары» (1967), «Алдаспан» (1970), «Үш ғасыр жырлайды» (1965), 

«ХVІІІ–ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары» (1962) 



3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі: 

қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (XV–XVIII ғғ.)

135 


т. б. хрестоматиялық жинақтар мен Х. Сүйіншәлиевтің «Қазақ әде-

биетінің қалыптасу кезеңдері» (1967), М. Мағауиннің «Қобыз сарыны» 

(1968), Қ. Сыдиықұлының «Ақын, жыраулар» (1974) секілді ғылыми 

монографиялық кітаптар жарық көрді.

Осындай  маңызды  жұмыстармен  М.  Әуезов  атындағы  Әдебиет 

және  өнер  институтының  әдебиет  тарихы  бөлімі  де  шұғылданып, 

1976–1980  жылдар  аралығында  бірқатар  ғылыми  экспедиция-

лар  ұйымдастырылды.  Республиканың  әр  аймақтары  мен  жақын 

шетелдердегі  мұрағат,  кітапхана  қорларынан  көптеген  қолжазба 

материалдар жинақталды. 1982 жылы «Ғылым» баспасынан жарық 

көрген «ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы» атты жыр жинағы 

сондай  тертөкті  еңбектің  нәтижесінде  жүзеге  асты.  Ә.  Дербісәлин,       

М.  Жармұхамедұлы,  Қ.  Сыдиықұлы,  Ж.  Тілепов,  С.  Дәуітов,                         

Ө. Күмісбаев,   Б. Адамбаев, С. Негимов, Б. Абылқасымов т.с.с. инсти-

тут ғалымдары жыраулар мен би-шешендер мұрасын зерттеу ісіне 

белсене араласып, айтарлықтай жемісті еңбек етті. Атап айтқанда, 

профессор  Ә.Дербісәлиннің  «Толғау  жанры»  туралы  (1983),  «ХV–

ХVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы» (1976) секілді ғылыми зерттеу 

мақалалары осы бағыттағы іргелі зерттеулерге жол ашты. Сондай-ақ, 

Қ. Сыдиықовтың «Дала жыршылары» (1989), «Көркемдік өрнектер» 

(1992), Ж. Тілеповтің «Елім деп еңіреген ерлер жыры» (1994), «Қазақ 

поэзиясының тарихылығы» (1995) тәрізді іргелі еңбектері, фольклор-

танушылар Б. Абылқасымовтың «Жанр толгау в казахской устной по-

эзии» (1984), С. Қасқабасовтың «Қазақ хандығы тұсындағы әдебиет» 

(1999) сияқты зерттеулері ғылыми тұрғыдан тың деректемелерімен 

және әдістемелік жаңашылдығымен де құнды.

Қазақ  әдебиеті  тарихындағы  ХV–ХVІІІ  ғасырлар  ұлттық  әде-

биетіміздің бастауы болып табылады. Демек, осыған дейінгі кезеңді 

жалпы  түркі  халықтарына  ортақ  әдебиет  деп  бағаласақ,  Қазақ 

хандығы  тұсындағы  жағдай  жеке  ұлт  болып  қалыптасқан  халық 

әдебиетінің,  мәдениетінің  басталуына  негіз  болды.  Сонымен  қатар, 

жыраулар поэзиясында жырланған мемлекет құру, оны сыртқы жа-

удан  қорғау  мен  іргесін  нығайту  сынды  бірқатар  мәселелер  бүгінгі 

күнде де өз жалғасын тауып, поэзияда тәуелсіздікті жырлаудың биік 

белестерге көтерілуіне және дамуына әсерін тигізіп отыр. 

ХV–ХVІІІ  ғасырлардағы  жыраулар  поэзиясының  бүгінгі  қазақ 

әдебиетімен  ұқсастықтары  біршама  тұстарда  айқын  аңғарылады. 

Мысалы,  жыраулар  поэзиясында  тәуелсіздікті  аңсап,  оған  жететін 

күнді  күтумен  болса,  бүгінгі  қазақ  ақындары  ата-бабамыз  аңсаған 

тәуелсіздікті көзімен көріп, көк байрағы желбіреген сол бір ғажайып 

сәтті жыр өзегіне айналдырды. Елдің қамын, мемлекеттің нығайға-


136

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

нын  қалаған  жыраулардың  ой-арманын  кейінгі  ұрпақтары  ХХ  ға-

сырда іске асырып, егемендіктің дәмін татып, қуанышын өлең жол-

дарына қосуда.

Жыраулар  поэзиясындағы  елдің  бүтіндігін  сақтау,  мемлекет 

болып  қалыптасу  идеясы  –  ерекше  тақырып  ретінде  көрінді.  Ал-

тын Орда ыдырап, түркі халықтарының өз алдына жеке ұлт ретін-

де  қалыптасу  тұсына  дәл  келетін  жыраулар  шығармашылығында 

ел  мен  жерді  қорғау,  біртұтас  мемлекеттің  іргесін  қалау,  ешкімге 

тәуелді  болмай,  жеке,  дербес  болу  мәселелері  тереңнен

 

баяндала-



ды. Сонымен қатар жаңадан ел болып қалыптасу кезеңінде сыртқы 

жаулардың тұтқиылдан шабуыл жасауы ел билеушілері мен оның 

маңайындағыларға, қарапайым халыққа қатты соққы болды. Қазақ 

хандығы  құрылғаннан  кейін  елді  біріктіріп,  күш  жинау  арқылы 

сыртқы  жауға  тойтарыс  беру  қоғамның  алдында  тұрған  өмірлік 

мәні  зор  күрделі  мәселе  болды.  Осындай  мәселелер  жыраулар 

шығармашылығындағы  елдік,  мемлекеттік  мәселелерді  жырлауды 

басты орынға қойылуына әсер еткен. «Жеке отау тігіп, өз мемлекетін 

құрған  қазақ  елі  үшін  ХV–ХVІ  ғасырларда  ең  басты  мәселе  –  жаңа 

құрылған мемлекетті күшейту мен қорғау болды», [19] – деп жазған 

академик С. Қасқабасов тұңғыш мемлекеттің іргесін тіктеп, нығайту 

барысында жыраулардың ерекше еңбек сіңіргенін атайды. 

Жыраулар  сол  уақытта  мемлекеттің  бас  идеологы  болған,  сон-

дықтан  олардың  қоғамдағы  орны,  қызметі  мен  ролі  өте  жоғары 

деп  бағаланады.  Асан  Қайғы  бастаған  жыраулар  –  халқының  мұ-

ңын  мұңдап,  жоғын  жоқтағандар,  елінің  келешегіне  алаңдап,  ұр-

пақтарының болашағы жарқын болуын қалаған, ел басқару саясаты-

на араласып отырған елжанды ерен тұлғалар. Сонымен қатар олар 

хан мен халықтың арасын жалғастырушы міндетін де атқарды. Кей-

де  ханға  көпшіліктің  арман-тілегін  жеткізетін  дәнекерші  де  болды. 

Мысалы, Шәлгез жырау Би Темірге көпшіліктің ойын жеткізіп, оны 

хажылық  сапардан  тоқтатады:  «Темірдің  хажылыққа  бармақ  сапа-

рын айналасындағы қауым мақұлдамайды, бірақ бұл ойын Темірге 

айту  және  оны  тоқтату  тек  Шәлгездің  қолынан  ғана  келеді  деген 

тоқтамға бекиді де, Темірге ренжіп елден кетіп қалған Шәлгезді іздеп 

тауып  әкеп,  Темірге  жұмсайды»  [20].  Бұл  болған  оқиға  жыраудың 

қоғамдағы  орнын,  халықтың  оған  деген  сенімін  көрсетеді.  Ел  ерте-

ңін болжаған сәуегей жыраулар қиын-қыстау кезде хан-сұлтандарға 

ақыл беріп, күрмеуі қиын мәселелерді шешіп отырған.

Ерекше  атап  өтерлік  бір  мәселе,  Қазақ  хандығы  тұсында  туған 

шығармалар түркі әдебиетінің орта ғасырдағы әдеби жәдігерлерінде 

кездесетін  дидактикалық  мәселелерді  кеңінен  қамтып,  адамдық, 



3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі: 

қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (XV–XVIII ғғ.)

137 


иман,  елдік  пен  ерлік  тақырыбын  дамыта  жырлаған.  Демек,  арғы 

Қарахандар дәуіріндегі шығармаларда жырланған мемлекетшілдік, 

дидактика  мәселелері  жыраулар  поэзиясында  да  лайықты  орын 

алғанын көреміз.

Көне  түркі  шығармаларында  елдің  жеке  мемлекет  болу  үшін 

жүргізген әр алуан шайқастары, батырлардың көзсіз ерліктері жыр-

ланып келсе,  [12, 58 б.] орта ғасыр шығармаларында адамгершілік, 

адамдардың  бір-бірімен  қарым-қатынастары,  мораль,  этика  мәсе-

лелері  ақындардың  басты  тақырыбына  айналған.  Ал,  жыраулар 

поэзиясында  өзіне  дейінгі  туындылардағы  дидактикалық  мазмұн-

сипаттары сақталып, сонымен қатар заман шындығы мен дәуір сы-

рын  да  жыр  жолдарына  қосады.  Қазақ  хандығы  тұсындағы  туын-

дыларда  жаңа  құрылған  мемлекеттің  іргесін  мықтап,  оны  сыртқы 

жаулардан қорғау, халықты біріктіру идеясы дәріптеледі. Себебі, сол 

кездегі жағдайлар заманның шындығын бейнелеуді талап еткен.

Бүгінгі  қазақ  әдебиетіндегі  көркем  шығармалардың  көне 

түркі  дәуіріндегі  тас  жазбалар,  Қарахан  дәуірі  мен  Алтын  Орда 

тұсындағы  әдеби  жәдігерлер,  Қазақ  хандығы  кезіндегі  жыраулар-

дың  шығармаларымен  ұқсас,  мазмұндас  болып  келетін  тұстары 

біршама.  Атап  айтар  болсақ,  әр  дәуірде  өмір  сүрген  қай  ақынның 

шығармаларын  алып  қарасақ  та,  өзі  өмір  сүрген  уақыттағы  дәуір 

келбетін өлеңдеріне арқау етеді. Мұндай жағдай қазіргі қазақ поэзи-

ясын  да  аттап  өтпеді.  Жиырмасыншы,  жиырма  бірінші  ғасырдағы 

қазақ  әдебиеті  тәуелсіздік  алған  соң  жаңаша  арнаға  түсіп,  ұлттық 

поэзияға айналды. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы егемен ел 

болуды күткен арман-тілегі қабыл болып, өшкені жанды, жоғалғаны 

табылды. 

Қазақ хандығы тұсында жыраулар жеке ұлт болып, ел амандығы 

мен  сырт  жаудан  қорғану  сарынын  толғаса,  арада  екі-үш  ғасыр 

өткенде қазақ поэзиясында отаршылдықтан құтылып, тәуелсіз мем-

лекет  болғанын  жар  сала  жырлаған  көркем  шығармалар  көптеп 

жазылды.  Ақындар  өлең  табиғатын  жаңаша  түлетіп,  биік  сатыға 

көтерді. Мысалы, ақын Т.Медетбек «Қапалы ой» атты өлеңінде:

Күндердің күні болғанда

Айым мен күнім толғанда, –

Жарқырап жұлдыз көктегі,

Құйылып нұрдың төккені!

Ашылып тірлік көктемі,

Қара нар келіп шөккені!

Көріктей керіп өкпені

Гүлдердің қаптап кеткені!


138

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

Бостандық келіп жеткені [21, 25 б.] – деп «тәуелсіз ел» екенін бар-

ша дүниеге жар салады. Шемен болып қатып қалған үнінің шеші-

луіне бұл еркіндік өз әсерін тигізіп, бойына қуат бергендей сезіледі. 

«Ежелгі  түркі  дастандарының  ту  етіп  көтерген  негізгі  идеясы  – 

елдің тәуелсіздігі үшін жан аямай күреске шығу, өзінің ел-жұртын 

сыртқы  жаудан  сақтап  қалу,  халық  үшін  қанды  айқасқа  шыққан 

батырлардың  ерлік  істерін  мадақтау,  бұқара  халықты  үндеу»,  [10,    

16 б.] – дейді ежелгі-жыр аңыздарды зерттеген ғалым Н. Келімбетов. 

Мұндай  идея  ХV–ХVІІІ  ғасырлардағы  жыраулар  поэзиясын  да  ат-

тап өтпеді. Онда жаңа қалыптасып келе жатқан мемлекеттің іргесін 

нығайту,  сыртқы  жаулардан  қорғау  тақырыптары  кеңінен  қамтыл-

ған.  Бұл  кезеңде  өмір  сүрген  ақын-жыраулар  шығармаларында 

өмір  шындығын  тереңнен  толғайды.  «Бұрынғы  дәуірлерде  туған 

әдебиет үлгілері – біздің халқымыз ғасырлар бойы жасаған мәдени 

мұраның ажырамас бөлігі... Сонымен бірге халықтың өз тіршілігіне 

көзқарасын, арман-мұңын да бізге әдебиет шығармалары жеткізеді. 

Әр дәуірдің көркем туындысы халықтың сөз өнерінің өз кезіне тән 

ерекшеліктерін,  ізденістерін  танытады»,  [22]  –  деп  С.  Қирабаев 

айтқандай, осынау әдеби туындылар халықтың арман-тілектерінен, 

қуаныш-қайғыларынан, ұлт басынан кешірген тарихи жағдайлардан 

хабар  береді.  Демек  жыраулар  поэзиясының  басты  тақырыбы  – 

жеке  мемлекет  болып  қалыптасып  келе  жатқан  елдің  бірлігі  мен 

тұтастығын қалыптастыру, жауынгерлік рухты ояту. Бұл идеяны іске 

асыру  барысында  хандармен  қатар  жыраулардың  да  тарихта  алар 

орны ерекше. 

Ел  басқарған  Жәнібек  хан,  Тәуекел  хан,  Би  Темір,  Есім  хан, 

Абылай  хандармен  қатар  жүрген,  оларға  ақыл-кеңес  беріп,  жауға 

қарсы  қол  бастаған  жыраулар  өз  мүддесін  қарапайым  халықтың 

тағдырынан жоғары қояды. Сөз болып отырған дәуірдегі жыраулар 

тек хандардың жанында ақылшы болып, айналасындағы оқиғаларды 

сырттай  бақылап,  алаңсыз  сарайда  өмір  сүрген  жоқ.  Олар  елінің, 

жерінің амандығы үшін қауіп төнген сәттерде ұрыстарға қатысқан, сол 

жорықтарда батырлық көрсеткен жауынгерлер де бола білді. Мыса-

лы, Қазтуған, Доспамбет, Жиембет, Марғасқа жыраулар − жыраулық 

өнерді  батырлықпен  ұштастырған  үлкен  тұлғалар.  Әсіресе,  До-

спамбет жыраудың толғауларында майдан алаңындағы айқас, оның 

нәтижесі  сол  қалпында  шынайы  бейнеленген.  «Кірмембес  ауыр 

қолға  бас  болып»  деген  жолдар  жыраудың  соғысқа  қатысып,  бас-

шы  болғанын  айғақтайды.  Сонымен  қатар  жаралы  жанның  қайғы-

қасіретін әсерлі сипаттаған жолдар кездеседі:


3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі: 

қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (XV–XVIII ғғ.)

139 


Сақ етер тиді саныма,

Сақсырым толды қаныма.

Жара бір қатты, жан тәтті,

Жара аузына қан қатты [23, 36 б.].

Демек,  ханның  да,  қарапайым  халықтың  да  ой-арманын  ұш-

тастыра білетін, қиын кезде жанынан табыла білетін, соғыс кезінде 

қалың  қолды  бастап  шығатын  жыраудың  орны  бөлек.  Мұндай  бір 

туар тұлғалар еліміздің болашағы үшін қай кезде де қажет болған. 

Қазақ  хандығы  тұсындағы  әдебиет  деп  аталатын  бұл  дәуірдегі 

ақын-жыраулар  мұрасы  толығымен  жетпеген.  Олар  туралы  мәлі-

меттерді  тарихи  оқиғалар  мен  қолымыздағы  шығармалары  арқы-

лы нақтылауға болады. Мысалы, ХVІІ ғасырда өмір сүрген Марғас-

қа  жыраудың  өмірі  мен  шығармашылығы  сол  тұстағы  қазақ  ханы 

Еңсегей  бойлы  Ер  Есіммен  байланыстыра  қарастыруға  негіз  бар. 

Жыраудың  туған,  қайтыс  болған  жылдары  туралы  нақты  деректер 

жоқ. Бүгінгі күнге жыраудың «Ей, Қатағанның хан Тұрсын...» деген 

жалғыз өлеңі жеткен.

Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз толғауларында дер-

бес  ел,  ұлт  болып  қалыптасу  тұсындағы  жағдайлар  үнемі  назарда 

болды. Ал, Марғасқа мен Жиембет өмір сүрген дәуір – жеке мемле-

кет болып қалыптаса бастаған тұстағы қазақ халқының сыртқы жауға 

қарсы күрес кезеңі. 

Демек,  ежелгі  жазба  жәдігерліктер  мен  орта  ғасырлық  әдеби 

туындыларда  қылаң  беріп,  тамырлана  бастаған  тәуелсіздік  идея-

сы  орта  ғасыр  жырауларының  дауылпаз  жырларымен  сабақтаса 

келіп, бүгінгі ұлттық поэзияның өзегіне айналып отыр. Бұл туралы 

С.  Қасқабасов:

 

«Жалпы,  қазақ  жыраулары  тарихи,  қоғамдық  және 



рухани тұрғыдан алғанда сонау Түркі қағанаты заманына меңзейді. 

Әйгілі  Йоллығ-тегіннің  жазбалары  оның  Күлтегін,  Білге  қаған  мен 

Тоныкөк уақытында елдің бірлігін, бек пен қағанның атақ-абыройын 

ардақтаған  жырау  екенін  дәлелдейді.  Қазақ  жыраулары  ежелгі 

ұстаздарының  дәстүрін  толық  сақтап,  дамыта  әрі  өз  дәуірлерінің 

талап-талғамына,  болмысына  сәйкес  өз  заманындағы  сөз  өнерін 

тақырып пен мазмұн, идея мен түр жағынан байыта түсті», [24] – деп 

тұжырымдайды. 

Сөйтіп,  жыраулар  өз  шығармаларында  идеалды  әміршінің 

бейнесін  жасады.  Сонымен  қатар  адамдар  жоқшылық  көрмей 

бақытқа кенелген утопиялық қоғамды суреттеді. Өздерінің монолог 

түрінде айтылатын толғауларында жыраулар маңызды мемлекеттік 

мәселелермен  қатар  заман  мен  адам,  заман  мен  қоғам,  тұлға  мен 


140

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

тобыр, сондай-ақ имандылық пен қайырымдылық, өмірдің өткінші-

лігі мен адамның опасыздығы, өлім мен өмірдің қайшылығы сияқ-

ты  моральдық,  этикалық,  фәлсафалық  проблемаларды  көтеріп, 

қоғаммен байланыстыра жырлап отырды.

Ғалым пікірлерінде жазылғандай, жыраулар қазақ хандарына – 

өз билеушілеріне біресе жақтас болып сарай, орда маңында, бірде 

олармен қырбай, араз ұлысбегі не адуын батыр, қолбасы әрі жырау 

әрі тайпа көсемі, би тұлғасын да – қалың бұхара арасында бой көрсет-

се де, олардың басты мақсаты біреу: ол – Қазақ жұртының азаттығы 

мен жерінің бүтіндігі, халықтың бірлігі мен елінің амандығы. Сол се-

бептен де туған халқы олардың даңқын көкке көтере дәріптеп, асыл 

сөздерін  ауыздарынан  қағып  алып,  қастерлі  заттай,  киелі  дұғадай 

қадірлеп, көкейлерінде жаттап, ұрпақтан ұрпаққа мирас еткен.

Ұлттық  әдебиет  тарихындағы  жыраулық  поэзияның  баста-

уын  сонау  түркі  қағанаты  кезеңіне  меңзейтін  әр  түрлі  жазба-

ескерткіштер, Орхон Енисей, Күлтегін мен Тоныкөк жазбаларынан 

бастасақ, ХV–ХVІІІ ғасырлардағы қазақ хандығының құрылып, халық 

мәдениетінің өзіндік келбеті айқындала бастаған тұсы – жыраулық 

поэзияның нағыз дамыған кезі болды. Қазақ әдебиеті тарихындағы 

жыраулық  поэзияның  генезисі  сонау  Орхон,  Енисей  жазбалары-

нан  бастау  алғанымен,  анық  дамыған  кезеңі  ХV  ғасырда  Қазақ 

хандығының шаңырақ көтеріп, еліміздің тарих мәресіне көтерілген 

кезіне тұспа тұс келеді. Себебі, дәл осы кезеңде болып жатқан тари-

хи оқиғалар, дәлірек айтқанда Қазақстан мен Орта Азия елдерінің 

болашақ  өмірінде  шешуші  рөл  атқарған  қалыптасу  процестері 

сияқты  қоғамдық  өзгерістер  ақын-жыраулар  шығармашылығына 

айрықша  шабыт  алып  келді.  Сондай-ақ,  Хандық  дәуірдің  тірлік-

тынысын сөз етуге қоғамда өз орны бар сұңғыла сөз иесінің ғана ба-

тылы баратын. Өйткені, ол дәуірдегі бітіп бермейтін шапқыншылық 

жорықтардың  болуы,  түйіп  айтқанда  этностық  мағынасы  орныға 

қоймаған  халықтар  өмірінде  тарихи  тұрақтылықтың  болмауы 

сияқты себептерден келіп, жоғарғы талаптарды көтере алатын сер-

гек ойлы әдебиет өкілі болуы шарт еді. Осы талаптардың барлығы 

дуалы  ауыз  жыраулардың  бойынан  табылды.  Сол  себепті  ақын-

жыраулардан  ұлы  хандардың  өзі  қаймығып,  дүйім  жұрт  аузына 

қараған. Ел басына күн туған қиын-қыстау сәттерде қарасы бар, ханы 

бар, жырау ақылына құлақ түрген. Осы тұрғыдан қарағанда жыра-

улар бірінші кезекте ел қамын ойлаған саясаткер бола алды, қоғам 

қайраткері қызметін атқарды. Сонымен қатар жыраулар елдің оқ 

пен от шалған мазасыз кезеңінде ұрыс даласында жаумен айқасып 

батырлықпен  көзге  түскен  тұлғалар  қатарын  құрады.  Олардың 



3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі: 

қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (XV–XVIII ғғ.)

141 


көпшілігі  жауынгерлікпен  бірге  жаугершіліктің  ащы-тұщы  дәмін 

қолбасшы  болып  татты  деуге  болады.  Мысалы,  Доспамбет  сын-

ды  жыраулар  ел  тәуелсіздігі  жолында  ерлік  мұраттарды  бірінші 

орынға қоя отырып: 



Екі арыстап жау шапса,

Қан жусандай егілсе,

Аққан судай төгілсе,

Бетегелі Сарыарқаның бойында

Соғысып өлген өкінбес! [14, 37 б.] – деп жауға қарсы жорықта жор-

туылдап жүріп өшпес, жалынды жолдар қалдырса, Ақтамберді жы-

рау атақты «Күлдір-күлдір кісінетіп, күреңді мінер ме екеміз?!» атты 

толғауында өзінің топ бастаған қолбасшы екенін:



Құлаты тауға қол салып,

Садақтың оғын мол салып,

Бетпақтың ен бір шөлінен

Төтелеп жүріп жол салып,

Қолды  бір  бастар  ма  екеміз?!  [13,  48  б.]  –  деп  екпіндей  жырла-

ды.  Әрине,  Хандық  дәуір  күрессіз  күн  өтпейтін  мазасыз  заман 

болғандықтан да ұдайы ат жалында жүріп жорықпен күн өткізу – сол 

заманның өмір сүру салты болатын. Тіпті, бұдан бір ғасыр өткеннен 

кейін де елдің жарқын өмірі жолындағы соғыс жырларының үлгісі 

Махамбеттің: 



Беркініп садақ асынбай,

Біртіндеп жауды қашырмай,

Білтеліге доп салмай,

Қорамсаққа қол салмай,

Қозы жауырын оқ алмай,

Атқан оғы жоғалмай,

  ...Ерлердің  ісі  бітер  ме?!  [13,  88  б.]  –  деп  келетін  өр  рұхты, 

жалынды  жырларында  жалғасын  тауып  жатты.  Осыдан  көріп 

отырғанымыздай, Доспамбет, Ақтамберді, Махамбет т. б. сынды по-

эзия  өкілдерінің  шығармашылығында  жеке  басының  жайын  ғана 

күйттемейтін, керісінше ерлік пен елдік мұраларды бірінші орынға 

қоятын  автопсихологиялық  кейіпкер  бейнесінің  сомдалуы  үрдіске 

айналды. 

Бұқарашыл  жыраулық  поэзия  халықтың  ұлылық  үрдісін  тал-

ғаммен  таныта  отырып,  ұлт  негізінің  шынайылығын,  жақсы  мен 

жаман  жақтарын  қалт  жібермей  қадағалап  көрсететін  бірден  бір 

құрал  болды.  Жыраулар  өз  заманының  асқаралы  биігіне  айналған 


142

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

ұлы  тұлғалардың  бейнесін  сомдауда  олардың  сыртқы  тұлғасы, 

іс-әрекеттерімен  ғана  шектелмей,  заманауи  өзгерістерге  қарсы 

сыншылдық-аналитикалық  ұстанымдарды  күшейтті.  Сол  арқылы 

қоғамдық үдерістерді терең қамтыды. 

Алтын  Орданың  ыдырауы  барысында  өз  алдына  жеке  ел  бо-

лып  қалыптасқан  қазақ  хандығы  кезеңімен  тұспа-тұс  келген  жы-

раулар  поэзиясында  ел  бірлігін  сақтау  мен  елді  сыртқы  жаудан 

қорғау

 

мәселелері батыл жырланды.



 

Бұл орайда, жыраулар поэзи-

ясын зерттеуші ғалым Х. Сүйіншәлиевтің: «ХVІІІ ғасыр әдебиетінде, 

ең алдымен, сыртқы жауаға қарсы ерлік күреске үндеу, ел бірлігін 

сақтайтын батыл басшыны жырлау сияқты сарындар күшейді», [25] 

– деген сөзінің салмағы зор. 

Жаугершілік заманында ақындық өнерді батырлық, ерлік әрі өрлік 

қасиеттермен ұштастыра білген жыраулардың бірі – Ақтамбердінің 

әйгілі  «Күмбір-күмбір  кісінетіп»  деп  басталатын  толғауында  ұлт 

тәуелсіздігін аңсап, ерлікті дәріптеген ақынның батырларға тән өрлік 

келбеті мен кесек бітімі сомдала түскен. Жырау:

Күмбір-күмбір кісінетіп, 

Күреңді мінер ме екенбіз.

Күдерінен бау тағып,

Күреуке тон киер ме екенбіз.

Жағасы алтын, жеңі кез,

Шығыршығы торғай көз,

Сауыт киер ме екенбіз.

Сырттан сауыт киген соң,

Қоңыраулы найза қолға алып,

Қоңыр салқын төске алып,

Қол қашырар ма екенбіз, [26] – деп, елге тиген жаудан елін қорғап, 

еліне, жеріне қорған болып, еркіндікке ұмтылған қолбасшы ретінде 

көрінеді. Мұндай жыр жолдары Ақтамбердіге дейін де болған.

 

ХVІІІ 



ғасыр ақыны Доспамбет жырау:

Күдеріден бау тағып,

Кіреуке киер күн қайда,

Күмбір, күмбір кісінетіп,

Күреңді мінер күн қайда,

Толғамалы ақ балта,

Толғап ұстар күн қайда,

Алты құлаш ақ найза,

Ұсынып шаншар күн қайда,

Садақ толған сайгез оқ.

3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі: 

қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (XV–XVIII ғғ.)

143 


Созып  тартар  күн  қайда?!  [26,  33  б.]  –  сарынында  жазылған 

толғауы арқылы күрес майданын өз көзімен көріп, шайқастың қақ 

ортасында  жаумен  айқасқан  хас  батырдың  тұлғасын  сомдайды. 

Екі  ақын  толғауларындағы  олардың  ерліктерімен  қоса  суреткерлік 

шеберлігін  шындай  түсіп,  өрлік  пен  қайсарлық,  төзімділік  пен 

батырлықты  асқақтата  бейнелеудің  салмағын  арттырып  тұрған 

«күрең ат», «кіреуке тон», «жез сауыт», «ақ балта», «ақ найзаға», «сай-

гез  оқ»  сынды  бояуы қанық  бейнелеуіш  сөздер, тұрақты тіркестер, 

ұқсас  сарындар  мен  көркемдік  тәсілдер  бұдан  бір  ғасыр  өткеннен 

кейін  Махамбет  жырларынан  да  көрініс  беріп,  ұлттық  поэзияның 

дәстүрлі  желісінен  жаңылмай,  керісінше,  көркемдік  тәсіл  жағынан 

байи  түскендігін  дәлелдеді.  Бұл  туралы  Ә.  Дербісәлин  былай  дей-

ді:  «Толғаудың  дамуы  ХVІІІ  ғасырмен  аяқталған  жоқ,  ХІХ  ғасырда, 

әсіресе,  Махамбет  шығармашылығында  ол  идеялық-көркемдік 

жағынан ұсынса қол жеткісіз биік белеске көтерілді» [27]. Махамбет:

Желп-желп еткен ала ту,

Жиырып алар күн қайда?!

Орама мылтық тарс ұрып,

Жауға аттанар күн қайда?!

Арғымақтан туған асылды,

Баптап мінер күн қайда?!

Жалаулы найза қолға алып,

Жау тоқтатар күн қайда?! [26, 95 б.] – деп, батырларға тән өршіл 

рухта толғаса, Бұқар жырау:



Елдің болат ерлері,

Ердің алып күштері,

Ердің құнын алуға,

Ердің кегін жоқтауға [26, 111 б.]... – деп келетін толғауында ерлік 

поэзиясына тән рухты оятатын үндеу тастайды халқына.

Қазақ  халқының  төл  тарихында  орын  алған  қилы-қилы  тари-

хи  оқиғалар,  оқиға  кейіпкерлері  мен  батырлар,  ел  басқарған  хан-

төрелер, олардың ерлік, өрлік сипаттары мен бұқара халықтың мұң-

мұқтажы,  арман-тілегі  ұлттық  әдебиетте  бұрмаланбай,  дәлме-дәл, 

шынайы көрініс табуында жыраулар поэзиясының алар орны ерек-

ше.


Жыраулар  өздері  өмір  кешкен  кезеңде  орын  алған  әрбір  тари-

хи  салмағы  бар  оқиғаға  араласып,  олардың  барысын,  себеп-салда-

рын  дер  кезінде  жыр-туындыларына  қосып,  ұшқыр  ой,  қанатты 

сөздермен  шебер  сөйлете  білген.  «Олардың  бұл  туындылары  сол 

болған оқиғаның ізін суытпай, оқиға өткен жердің, сонда қатынасқан 


144

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

адамдардың  атын,  қылығын  ұмытай  тұрып  бейнелеуімен  бағалы, 

әрбір автордың сол оқиғалар мен тарихи адамдарға жалпы қатынасын 

білдірумен қатар осы орайдағы көркемдік ізденуін, өзіндік ой түзеуі 

дәрежесін танытумен қымбат» [20, 129 б.]. 

Сыпыра  жырау  өз  дәуірінде  өмір  кешкен  Тоқтамыс  хан  мен 

Едіге  би  арасындағы  жанжалды  тоқтату  мақсатында  хан  жағының 

жақтаушысы болады. Едіге бидің дегеніне жетіп, Тоқтамыс ханның 

тақтан тайған мезгіліндегі оқиғаларды жырау былайша суреттейді:

Сап-сап жүре, сап жүре,

Сай азамат қосылып,

Жауды жайқай ала алман,

Асылдан саба толтырып,

Әзелде қымыз іше алман.

 Ханның тақтан таюы, басынан бақтың ұшуы мен базары тарқаған 

дәуренін аңсау сарынында жазылған толғаулар қазақ әдебиеті тари-

хында  (әсіресе,  зар  заман  әдебиетінде)  көптеп  кездеседі.  Солардың 

бірі  орыс  хан  шөпшегі  Кіші  Мұхамедтен  тізе  бүккен  Орманбет 

ханның Ордадан шыққан мезгілін суреттейтін толғауында Құдабай 

ақын:

Тегінде ноғай, қазақ түбіміз бір,

Орманбет хан ордадан шыққан күнде,

Асан ата қайғырып, айтыпты жыр, – деп толғаса, Шалкиіз жырау 

бұл оқиғаны:



Балпаң-балпаң басқан күн,

Бай ұлынан асқан күн,

Орманбет би өлген күн,

Он сан ноғай бүлген күн, – деп, жырлайды. Жыраулар ел іргесінің 

сөгіліп, хан басына қара бұлт үйірілген заманның жеткенін айтып, 

сары уайымға салынады. Бұдан заманның қалпы көрінеді. Және та-

рихи  дерек  ретіндегі  ауызша  тарихымыздың  құндылығын  пайым-

даймыз. 

Қазақ  халқының  тарихында  тәуелсіздік  үшін  күрестердің  ең 

күрделісі  –  жоңғар  шапқыншылығына  қарсы  көтеріліс  екендігі 

тарихтан  белгілі.  Қазақстан  пен  Орта  Азия  территориясына  көз 

алартқан  жоңғарлар  ішкі  алауыздықпен  бас-басына  би  болып, 

бөлек-бөлек өмір кешіп отырған қазақ руларын бірінен соң бірін ба-

сып алып отырды. Тарихта «Қаратаудың басынан көш келеді» сынды 

мұңды жырларды тудырған «Ақтабан шұбырынды» қатарлы тари-

хи оқиғалар қазақ халқын бас көтертпестей жаншып, ауыр күйзеліс 

жағдайында түсірді. Сол кездерде пайда болған халық аузындағы:



3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі: 

қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (XV–XVIII ғғ.)

145 


Жылау, жылау, жылау күй,

Жылаған зарлы мынау күй. 

Қара орнынан айырылды,

Ел  қанаты  қайырылды,  –  деген  жыр  жолдары  айтулы  тарихи 

оқиғадан хабар беріп, теперіш көріп, елін, жерін тастап, бөтен елге 

қоныс аударуға мәжбүр болған халықтың күйінішін суреттейді. 

Бұл дәуірде қазақ халқына қысым көрсеткен тек жоңғарлар ғана 

болмады. Бір жағынан Еділ қалмақтары шабуылды күшейтсе, екінші 

жағынан Қоқандықтар бас көтере бастады. Осындай ауыр жағдайды 

басынан  өткеріп  отырған  қазақ  халқы  үшін  қандай  да  бір  алып 

күштің көмегіне жүгінуі қажет болды. Әбілқайыр бастаған қазақ хан-

дары  Ресеймен  бірлесе  отырып,  сыртқы  жаудың  соққысынан  аман 

қалуға әрекет ете басады. 

Осы  сынды  тарихи  оқиғалар  ұлттық  әдебиетке  де  әсер  етіп, 

жыраулардың  кейде  күңірене,  кейде  асқақтата  толғайтын  басты 

тақырыптарына  айналды.  Халық  мұңын  ханға  жеткізуші  от  тілді, 

орақ ауызды жыраулар жерін тастап, үдере көшкен халықтың мұң-

мұқтажын  жырларына  қосып,  тарихи  сәттерді  халық  жадында 

қалдырды.

Хан-төренің  саясатына  қасқая  қарсы  тұрып,  наразы  үнмен  тіл 

қата білгендердің бірі – Асан Қайғы. Жырау үшін туған жер бәрінен 

де  ыстық.  Данагөй  жырау  қазақ  хандығының  құрылғандығын  қол-

дағанмен,  Ноғай  ордасынан  біржола  бөлініп  кетуін  құптамайды. 

Атамекеннен  айырылған  елдің  ендігі  тағдырының  бұлыңғырлығын 

сезген жырау «нәлет біздің жүріске» деп налиды:



Еділ менен Жайықтың

Бірін жазға жайласаң,

Бірін қысқа қыстасаң,

Ал қолыңды маларсың,

Алтын менен күміске, [26, 23 б.] – десе, енді бірде:

Ай, хан, мен айтпасам білмейсің,

Айтқаныма көнбейсің,

Өзіңнен басқа хан жоқтай

Елеуреп неге сөйлейсің, [26, 24 б.] – деп, замана сынынан бейхабар 

ханның саясатын ащы сынға алады. Елінің болашақтағы тағдырының 

қауіп-қатерге толы болатындығын сәуегейлікпен жырлайды. Бұл ту-

ралы М. Әуезов: «Алғашқы рет келешек заманның құбыжығын сезіп, 

тұспалмен белгі беріп, болжал айтқан Асан Қайғы», [28] – дейді. 

Асан  Қайғы  толғауларынан  бастау  алған  осы  тектес  оқшау 

ойлы сарындар Бұқар, Тәтіқара, Марқасқа, Махамбет сынды ақын-


146

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

жыраулардың  заманындағы  әдебиеттің  туына  айналды.  Бұқар 

жыраудың жоңғарлар шапқыншылығынан кейін әлсіреген халықтың 

келесі  бір  ұрысқа  қарсы  тұрар  қауқарының  жоқтығын,  елге  тек 

тыныштық керек екендігін естіртіп, Абылай ханға наразы үн қатуы 

келесі шумақтарда айқын бейнеленген. Жырау: 



Ашуланба, Абылай...

Өтіңменен жарылма,

Өкпеңменен қабынба

Орыспенен соғысып, [26, 85 б] – деп, хан қаһарынан сексенбей, өз 

ойын еркін айтып, ел мүддесі тұрғысынан сөйлеп, ханға ескерту жа-

сайды.

Ш. Уәлихановтың айтуынша, Абылай хан «....өз тұсындағы қазақ 



хандарының ешбірінде жоқ шексіз билікті иеленген» [29]. Ал, елдің 

бірлігін  аңсап,  ел  басқарған  басшының  шалыс  қадамдарын  көтере 

алмаған халық ханға қарсы көтеріледі. Сол кездері шыққан Көтеш 

ақын:


Абылай Ботақанды сен өлтірдің,

Мейрамға не еді сенің жапқан жалаң?

Жанайды бұл күнде босатпасаң,

Болады ертең жесір қатын-балаң, [26, 108 б.] – деп халыққа сүйеніп, 

ханға сес көрсетеді. 

Абылай ханның атына қатысты айтылған наразылық толғаулар 

Тәтіқарада да кездеседі:



Жау жағадан алғанда,

Ит етектен шалғанда,

Ұрыстан ерлер ығысты,

 Абылай да жылысты [26, 95 б.], – дейді. 

Тәтіқара ақын айбарлы Абылайдай ел азаматының жаумен ұрыс 

кезіндегі жау әскерінен тайсалғандығын сынға алса, Марқасқа жырау:

Ей, Қатағанның хан Тұрсын,

Кім арамды ант ұрсын!

Хан емессің қасқырсың,

Қара албасты басқырсың [26, 109 б.], – деп, Тұрсын ханның опасыз 

ісіне қарсы тепсіне сөйлейді. 

Бұл не деген сөз? Әрине, ақын ең алдымен халық өкілі, ел қорғаны, 

сөз қорғаны екенінің дәлелі.

Бұқар  жыраудың  ел  бірлігін  көксеген  көп  толғауларының  ара-

сында  «Керей,  қайда  барасың...»  атты  белгілі  туындысының  орны 

бөлек.  Бөліне  көшіп  бара  жатқан  елді  тоқтатып,  қалың  жұрттың 


3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі: 

қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (XV–XVIII ғғ.)

147 


қабырғасы сетінемеуін ойлап, қайғырған қарт жыраудың мына бір 

сөздері соның айғағындай:



Керей, қайда барасың,

Сырдың бойын көбелеп.

Сен қашсаң да мен қойман,

Арғымақпен жебелеп.

Азаматым барында

Алысқалы келгенмін.

Жақсы болсаң, сенімен

Табысқалы келгенмін.

...Мен – арғын деген арыспын,

Азуы кере қарыспын.

Сен бұзау терісі шөншіксің,

Мен – өгіз терісі талыспын.

Абылай алдында сен бітсең,

Құдандалы таныспын.

Егер Абылай алдында бітпесең, 

Атасын  білмес  алыспын!  −  деп  толғанады.  (Осынау  ірі,  кесек 

мінездері  арқылы,  Абылай  секілді  ханды  да  қараша  халықты  да 

татулыққа үндейтін Бұқар сөздері аз емес. Жырау өлеңдері қашанда 

қазақ елінің еркіндігі мен ертеңін толғауымен құнды.

ХV–ХVІІІ ғасырдағы барлық жыраулар шығармашылығының өн 

бойынан  осы  сарындас  толғауларды  молынан  кездестіруге  болады. 

Бұл ойымызды Ж.Тілеповтің: «ХV–ХVІІІ ғасырлардағы қай жырауды 

алсаңыз  да,  олардың  елі  үшін  жанын  отқа  тоспайтыны  кемде  кем. 

Бұлардың көпшілігі халқының қамына бола ханмен де, қарамен де 

айқасудан тайынбаған» [30], – деген тұжырымы нақтылай түседі. Де-

мек, жыраулардың басты мақсаты – халықтың басын біріктіріп, қазақ 

жұртын қабырғалы мемлекет қатарына қосу болды. Осы жолда олар 

талай қиындықтарды бастан кешірді. Олардың алдаспан жырлары 

ханды да, қараны да аямады.

Жыраулар өмір шындығын ашып бейнелеуде ел басқарған хан-

сұлтандардың кемшіліктерін аямай сынға алып, шындықты ащы бол-

са да ашып айту арқылы ұлттық поэзиядағы Даттау түрін ұтымды 

пайдаланса,  сонымен  қатар,  жыраулық  поэзиядағы  жауға  қасқая 

қарсы тұра білген батыл басшының ерлігін жырлау, мадақтау үлгісін 

де  көркемдік  құрал  ретінде  пайдалануды  дәстүрге  айналдырған. 

Осыған қатысты бірнеше мысал келтіріп көрелік.Үмбетей жыраудың:

Жиырма жасқа толғанда,

Қалмақпен соғыс болғанда,


148

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

Шарыштың басын қаққанда.

Абылайлап шапқанда [26, 77 б.]..., – деген толғауы Абылай ханның 

айбынды келбетін көз алдымызға әкелсе, келесі:



Қалмақты қуып қашырдың,

Қалмаққа ойран салдырдың,

Қабанбай мен Бөгембай [26, 76 б.], – жыры арқылы елді жаудан азат 

еткен хас батырлардың ерлігін паш етеді. Ал, Бөгембайдың қалмақ-

қа қарсы тәуелсіздік күрес жолында мерт болған мезгілінде айтқан 

көңіл айту жырында ақын батырды «Алатауға», «Ордаға», «болатқа», 

«қорғасынға»,  «бүркітке»  балайды.  Ақын  үшін  батырдың  биіктігі 

жәй ғана биіктік емес – Алатаудай биік, тартқан оғы жай ғана оқ емес 

– қорғасындай оқ, тегеуіріні де бүркіттей екендігі әдемі суреттеліп, 

толғаудағы теңеулер жарасымды үйлесім тапқан. 

Осы іспеттес мадақ толғаулары Бұқар жырауда да кездеседі. Бұқар 

Абылайдың бойынан кереметтей ел басқарушылық қасиеттерін тани 

отырып, жырға қосады:    

Ай, Абылай, Абылай,

Ақ сұңқар құстай түледің,

Қылышыңды тасқа біледің [26, 91 б.] – деген жолдарда Абылайды 

сұңқар құсқа теңеп, жаудан қаймықпайтын әрі жеңбей қоймайтын 

ер азаматтың өр келбетін сомдауға ұмтылса, Бөгембай ерлігін тіпті 

асқақтата толғайды:



Қиядан қиқу төгілсе,

Аттың басын тартпаған.

Қисапсыз қол көрінсе,

Қорқып жаудан қайтпаған

 

[26, 69 б.].



Осы  ретте  белгілі  ғалым  Ж.  Тілеповтің  «Бұқар  мен  Үмбетей 

мұрасы  айырықша  еңселігімен  көзге  түседі.  Әсіресе  олардың 

Бөгембай мен Абылай қатынасқан істерді тізбелеп көрсету арқылы 

ХVІІІ  ғасыр  әдебиеті  дәрежесінде  адам  образын  жасағанын,  соған 

талпыныс қылғанын ескеру керек» [31, 53 б.], – деген пікіріне ден қою 

орынды. 


Тәтіқара  шығармаларының  негізгі  идеялық  тұғыры  тек  ел 

тәуелсіздігі мен ел тұтастығы мәселесіне, азаттық жолындағы ерлік 

мұраттарға  арналды.  Олай  болуы  заңды  да  еді.  Себебі,  ақын  өмір 

сүрген кезең – қазақ халқының тағдыры қыл ұшы, қылыш жүзінде 

тұрған  нағыз  жаугершілік  мазасыз  уақытқа,  нақтылап  айтқанда 

бір  жағынан  жоңғар  шапса,  бір  жағынан  қара  қытай  қыспаққа 

алып, енді бір тұстан орыс отарлауға бел шешіп кіріскен аласапы-


3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі: 

қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (XV–XVIII ғғ.)

149 


ран заманға сай келді. 

Осындай жау жағадан алғанда, бөрі етектен 

тартқан қиын-қыстау кезеңдегі ел

 тағдыры ұлы хандардың көреген 

саясатынан  кейін,  ержүрек  батырлардың  қолында  болатын.  Алты 

алашқа аты аян тұлғалы батырлармен бірге жау шебінде күн кешіп, 

не бір қырғын шайқастардың куәсі болған Тәтіқара ақынның ерлік 

мұраттарды  жырына  арқау  етпеуі  тіптен  мүмкін  емес  еді.  Сондай 

бір сәтте жауынгерлерге ерік, жігер беріп, намысын ояту мақсатында 

шығарған ақынның: 



Қамыстың басы майда, түбі сайда,

Жәнібек Шақшақұлы болат найза.

Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда,

Ер жігіттің ерлігі осындайда.

Бөкейді айт Сағыр менен дулаттағы,

Дәріпсәлі, Маңдайды айт қыпшақтағы,

Өзге батыр қайтса да бір қайтпайтын

Сары менен Баянды айт уақтағы [14, 75 б.], –

деген жыр жолдары қазақ елінің нағыз ерлік ұранына айналды. 

Осы  өлеңнің  дүниеге  келу  тарихына  тоқталатын  болсақ,  «Тәтіқара 

Бөгембай қолымен қалмаққа қарсы шабуылдарға қатысып, өзінің жа-

лынды жырларымен күреске аттанған. ...Мысалы оның «Қамыстың 

басы  майда»  деп  басталатын  өлеңінің  шығу  тарихы  осындай»  [32, 

31  б.]  деп,  Х.  Сүйіншәлиев  өлеңнің  шығу  тарихы  қалмақтармен 

ұрыс  кезінде  дүниеге  келгендігін  алға  тартады.  Дегенмен,  өлең 

1756  жылы  Цин  басқыншылары  қазақ  жеріне  басып  кірген  шақта 

туған  [33]  Қытайдың  Чжао  Хой  бастаған  әскерінің  тасыған  өзеннің 

«Күркіреуік»  деген  тұсына  таман  қазақ  жауынгерлерін  тығырыққа 

тіреген қысылтаяң сәтте шығарылған бұл өлең Тәтіқараның шұғыл 

әрекет қыла білген тапқырлығы мен батылдығы ғана емес, оның шын 

мәніндегі суырыпсалмалық өнерінің нәтижесі еді.  

Демек,  заман  талабына  сай  үнемі  хан  қасынан  табылып, 

жыраулығымен  қоса  көрегендігін  де  мойындата  білген  жыр 

сүлейлері  Сыпыра,  Асан  Қайғы,  Жәнібек,  Шалкиіз,  Жиембет, 

Үмбетей,  Бұқарлардың  туындылары  тарихи  салмағы  зор  тұлғалар 

Тоқтамыс, Әз-Жәнібек, Би Темір, Есім хан, Абылай хандардың ұлт-

тық әдебиеттегі шынайы бейнесін ұсына білуімен құнды болмақ. 

ХVІІІ  ғасырдың  екінші  жартысы  мен  ХІХ  ғасырдың  бас  кезеңі 

–  қазақ  әдебиеті  тарихындағы  жыраулық  дәстүр  кезеңінің  саябыр 

тартып,  ақындық  өнердің  алға  шыға  бастауымен  ерекшеленеді. 

Әдебиеттанушы ғалым С.Қирабаевтың сөзімен айтсақ, бұл кезеңде 

«Жыраулық  поэзияның  қалыптасқан  дағдылы  сөз  саптауы,  ел 


150

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

тағдырын  ту  қып  ұстап,  ерлікті  асқақтата  мадақтаған  биік  пафос-

ты  үні  сабасына  түсіп,  жаңа  ақындық  өнер  арқылы  күнделікті 

тіршілік-тің сан-саласына, жека адам өміріне, оның ісі мен қылығына 

қоғамдағы орны мен қызметіне үңілу»

 

[22, 35 б.] басымдық алды.



Тарихқа үңіле көз салғанда бұл дәуірде хандық дәуірдің азып-

тозғанын, бір кездегі асаудай еркін қазақ деген халықтың бодандық 

қамытына бойұсынып, біржола ресей отарына айналғанын көреміз. 

Сол  хандық  дәуірмен  бірге  жыраулардың  да  дәурені  озып,  ендігі 

жерде  Шал,  Көтеш,  Арыстанбай,  Орынбай,  Шөже,  Жанақ  сынды 

жаңа кезең ақындары бой көрсетеді. Әрине олардың да өлеңдерінде 

өздері  өмір  сүрген  уақыт  пен  қазақ  қоғамының  басынан  өткен 

сан-қилы  тарихи  өзгерістер  мен  оқиғалардың  шындығы  айқын 

суреттелді.  Заман  сұлбасы,  адам  тағдыры,  айтулы  тұлғалардың 

асқақ  образдары  ақындардың  шығармаларынан  да  мол  көрініс 

тапты.  Осының  бәрін  саралай  келгенде  қазақ  әдебиетінде,  оның 

ішінде  ХV–ХVІІІ  ғасырлардағы  жыраулар  поэзиясында  ұлттық 

тарихымыздың бірқатар бел-белестері шынайы бейнеленгеніне куә 

боламыз.  Ал  қазақ  әдебиеті  тарихын  зерделеу  арқылы  қазақ  елі 

төл тарихын тануға дереккөз ретінде пайдалануға болады. Себебі, 

мәңгілікке  бет  алған  елдің  әдебиеті  мен  мәдениеті  де,  тарихы  да 

мәңгілік боларына кәміл сенемін! Өйткені қазақтың ауызша тарихы 

академик А. Сейдімбек айтқандай, ұлт рухын тануға жол ашады. 

Қазақ  әдебиеті  тарихы  сөз  болғанда  атақты  Сүйінбайды  аттап 

өту  мүмкін  емес.  Ердің  ерлігін,  елдің  елдігін  жырлауда  одан  асқан 

ақынды табу да қиын. Сүйінбайдың 1847 жылғы жазда қырғыздың 

қырғи тілді шоң ақыны Қатағанды тізе бүктіріп, ойсырата жеңуі ел 

мерейін көтерген зор мәдени оқиға болды. Ақиық ақынның жырын-

да қазақ халқының барлық ру-тайпалары, елдің бүтіндігі мен бірлігі, 

азаматтардың  ірілігі  асқақтай  сипатталады.  Сүйінбайдың  Қарасай, 

Наурызбай, Өтеген сынды сайыпқыран ерлерді жырлай отырып, ел 

рухын көтеріп, қазақ тарихына тағы тәу еткізер шағы қандай ғанибет!

Бөрілі байрақ астында –

Бөгеліп көрген жан емен!

Бөрідей жортып кеткенде,

Бөлініп қалған жан емен!

Бөрі басы – ұраным,

Бөрілі менің байрағым.

Бөрілі байрақ көтерсе,

Қозып кетер қайдағым, [34, 125 б.] 

– дейтін Сүйінбайдың сөздері де ақындық, батырлық ұранға ай-

налып кетті. Бөрілі байрақтың астарында қазақтың ғана емес, барша 


3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі: 

қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (XV–XVIII ғғ.)

151 


түркі  жұртының  көпғасырлық  көне  тарихы  жатқан  жоқ  па!  Мұны 

таратып айта берсек, қазақ әдебиеті мен ұлт тарихының байланысты 

тұстары жарқырап ашыла түседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет